Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі

61

Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі

 

Павлодар облысы, Ертіс ауданы,

Қызылжар ауылы,

Қызылжар ЖОББМ

физика  және математика пәнінің мұғалімі

Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы,II санат,

Кембридж бағдарламасы бойынша үшінші (негізгі) деңгей

 

Эпиграф:

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.

В.М. Сухомлинский

 

Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.

Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Математикалық ойын дегеніміз — тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.

Ойын — 2 немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.

Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды — дидактикалық ойындар дейді.

Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту

Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.

Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.

2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.

2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі

3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі

4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі

 

 

Дидактикалық ойындардың сапалылығы:

Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.

Сонымен қатар ұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.

Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.

Педагогтың бала ойынындағы рөлі

Педагог— ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы — баланың досы.

 

“Көңілді тапқырлар” математикалық сайыс

 

      Мақсаты:  Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету  есептеу дағдысын жетілдіру. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Қазақтың ұлттық ойындарын математика пәнімен сабақтастыру.

I кезең. «Бәйге ойыны»

II кезең. «Жамбы ату ойыны»

III кезең. «Көкпар ойыны»

IV кезең. «Ақсүйек ойыны»

V кезең. «Сақина салу ойыны»

      1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Математика жанкүйерлер!

      2-жүргізуші:  Қазақтың ұлттық ойындарын біздің ата – бабаларымыздың келе жатқан  мұра деуге болады. Ал ұлттық ойындарымыздың саны көп. Осы ұлттық ойындарды сабақтан тыс қолдану арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруға, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, салт – дәстүр арқылы ой өрістерін дамытуға болады. Осы мақсатпен бүгінгі өткізетін (ойын — сабағымызды) “Көңілді тапқырлар” яғни, математика пәнімен қазақтың ұлттық ойындарын сабақтастыру. Балалардың ой – өрісін дамыту үшін қазақтың ұлттық ойындарының бірнеше түрімен таныстыра отырып, тапсырманың мақсатын анықтаймыз.

      1-жүргізуші:         Жиналған ылғи дарындылар,

Жүрекке от, көздерінде жалын бар.

Сайысатын топты халайық,

Қол соғып, қарсы алайық.

 

      2-жүргізуші:         Олай болса, бұл не тұрыс,

Кешімізді бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділ қазыларды шақырамыз.

 

      1-жүргізуші:        Әділ қазылар мен таныстыру

      2-жүргізуші:   Сайысымыз V кезеңнен тұрады

         1-жүргізуші: Сайысты қай топ бірінші бастауын білу үшін «Ханталапай» ойынын ойнаймыз.

«Ханталапай»  ойыны қалай ойнатылады? (Әр топ басшылар шығып алдарына шашылған асықтарды таласа жинайды, қай топ көп асық жинаса, сол ойынды топ бірінші бастайды)

        2-жүргізуші:

I кезең. Бәйге ойыны – ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады. Озып келгендер бас жүлдеге ие болады.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білімен өнер жарысып,

Жігіттің бағы жанар ма?

 

Бұл кезеңде әр топқа жеке сұрақтар қойылады, жауап нақты тез болу керек. Қай оқушы қасындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

        1-жүргізуші:       Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп – қисап, сан – цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім оларды бермек үшін   —  деп  ойнымыздың  «Жамбы ату» деп аталатын II кезеңді бастайық.

     «Жамбы ату»  ойыны қалай қай жерде ойналады? (Жамбы ату – бұл жігіттердің ат үстіндегі ойыны. Ойынға әркім өз атымен, өзінің садағымен келеді. Күні бұрын жамбы ілініп, оны ататын жер дайындалады. Жамбының биіктігі 4-5 метрдей ағаштың басына ілінген. Ойыншылар 50-60 метр адымдай жерде көмбеде тұрып, кезектесіп әрқайсысы 3 реттен жамбыны садақпен атады).

Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауап берсе сол ұяшықтағы ұпай саны қосылады. Ойынды бірінші кезең бойынша көп ұпай жинаған топ бастайды.

       2-жүргізуші:      Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізердей келе отырып «Көкпар»  деп аталатын III кезеңді бастайық.

       «Көкпар»  ойыны қалай ойнаады? (Көкпар ойыны – көптеген жігіттердің қатысуымен өтетін аттылардың ойыны. Ойынға бауыздалған қозы немесе лақтың біреуі пайдаланады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Көкпарды көмбеге бұрын әкелген ойыншы жеңімпаз атанбайды, сол ойыншының тобы ұтқан болып есептеледі. Жеңімпазды анықтау үшін ойынды 3-5 реттен қайталауға болады).

Бұл ойынды екі топқа бірдей тапсырма беріледі қай топ бірінші болып уақытында аяқтаса «Ақсүйек»  деп дауыстайды. Әр дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады.

1-жүргізуші:      Қиындықтан сірә де біз қашпаймыз,

Алғырлықпен, тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – деп ойынымызды «Ақсүйек» IV кезеңмен жалғастырайық.

      «Ақсүйек» ойыны қалай ойнатылады ?

(Ақсүйек ойыны – бұл ойынды кешке айдың жарығымен ойнаған. Оған 6-дан 30-ға дейін адам қатысуға болады. Олар топ – топқа бөлініп өздерінің жетекшісін сайлаған. Қай топ ойынды бірінші бастаса сол топтың жетекшісі «Күн көзінде ұзақ уақыт» жатқан мал сүйегін құлаштап алысқа лақтырған. Оны тапқан адам «Ақсүйек» деп айқайлап, белгілі межеге қарай жүгіруі керек. Ал «Ақсүйек» ұстаған адамның қарсыласы қуып жетсе, ол сүйекті беруге міндетті).

Бұл ойында геометриялық фигураларды құрастыру. Дайын қиылған бөліктерден фигура құрастыру. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

     2-жүргізуші: Соңғы кезең «Сақина салу» ойыны мақал-мәтелдерді дұрыс шешіп, бос орынға сандарды дұрыс тауып қоямыз.

«Сақина салу» ойыны қалай ойналады?

(Жігіттер мен қыздар орындыққа дөңгелене отырады, отырған ойыншылардың арасынан қырынан бір кісі өтетін бос орын болу керек. Ойын жүргізуші ортаға шығып алақанын қапсыра, қолын созып отырған ойыншыларға сақина тастай бастайды. Сақина кімге тастайтыны оның еркінде, әйтеубір кімнің алақанына салып жібергенін білдірмеу керек. Сақина тастап болған соң жүргізуші ортаға келіп «ақшамшығымды берші» — деп дауыстайды. Осы сәтте сақина алған ойыншы қасындағыларға білдірмей «менде» деп орынан атып тұрады). Дұрыс шешім 1 ұпай.

     Сонымен, бүгінгі сайысымыз өз  мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы екі топтың ұпай сандарын есептеп жеңімпазды анықтап, марапаттайық.

     Қорыта айтқанда дидактиклық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.

Көрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне кең тараған еңбегінде: «ойын адамзат әрекетінің Жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы» Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.

Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі» Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу-қуаныш. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Равновесие Нэше, свободная энциклопедия
  2. Қазақтың ұлттық ойындары
  3. «Математика және физика» журналы №1-2009, №2-2005, №2-2006, №2-2009, №3-2004
  4. Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения»

(«Значение» 1949-90 стр)