Зат есім

81

Сыныбы: 2-сынып  Пәні : Қазақ тілі

 Сабақтың тақырыбы Зат есім.

Сабақтың мақсаты: білімділік:Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру.Зат есімді сөйлем ішінен тауып,оған сұрақ қоябілуге үйрету.

дамытушылық: зат есімнің ерекшеліктерін меңгерте отырып,өздік жұмыс  істеу және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік:оқушыларды ізденімпаздыққа,ұйымшылдыққа,сауатты,

таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,тіл дамыту,көрнекілік.

Сабақтың түрі:экологиялық-ертегі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: презентация,суреттер,ереже,компьютер.

 

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

(оқушылар орындарынан тұрып)

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

ІІ.Үй  тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Қызығушылықты ояту.

-Балалар,біз бүгін қазақ тілі пәні бойынша дәстүрлі емес,экологиялық-ертегі сабағын өтеміз.Сендерге ертегі қатты ұнауы мүмкін.Сендер мені мұқият тыңдаңдар.Ертегіде жануарлар да,құстар да,ағаштар да,айналадағы қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді.Ертегі кейіпкерлерімен бірге бүгін біз де сөйлесеміз,пікірлесеміз,бір-бірімізге көмектесеміз.Олай болса ертегіні бастайық.

Үнтаспадан:

— Ерте-ерте –ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті.

20 жасында ер жетіп,30-ында бұғанасы бекіп,40-та кемеліне келіпті де,50-ден асқан соң қартая бастапты.Кейбір бұтақтары сынып,қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті.Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?

Терек:

-Ух,жаным-ау,жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым.Тесіп жеп барады,бұтақтарым сырқырайды,жапырақтарым сыздайды,жәрдем ете

көріңдер-деп,терек күні-түні зарлай береді.Оның дауысын естіп бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.   (көгершін суреті,сөзі)

 

Көгершін:

-Терек ата,ауруыңыз жаман екен.Мен дәрігердің кім екенін білмеймін дегенмен іздеп көрейін,-деп ұша жөнеледі.

Мұғалім:-Балалар көгершінмен бірге Теректің ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық.Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.

М: Балалар,біз қандай үлкен тарау өтіп жатырмыз?

О: Сөз таптары.

М: Сөз таптары дегеніміз не?

О: Тілімізде бірнеше сөз табы болады.Олар-зат есім,етістік,сын есім,сан есім.

 

 

 

Сөз таптары

(экраннан көру)

 

 

 

 

Зат есім           етістік      сын есім   сан есім

 

 

Мына суреттерге назар салайық.Суреттегі заттарға сұрақ қояйық.

Кім? Кімдер? Не? Нелер? (сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олай болса балалар бүгінгі сабақта сөз таптарының бірі зат есіммен танысамыз.    (ереже).(түсінік беріледі),дәптерге сабақтың тақырыбы жазылады.

Мұғалім:

— Біз теректі емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз.Алғашқы тапсырманы орындадық.Енді көгершінмен бірге әрі аттанайық.

Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де,оған келіп болған жайды баяндайды. «Терекке жақсылық жасай көр»,-деп өтінді.Сауысқанның  көмектесуге уақыты болмады.Олай болса біз көмектесіп мына тапсырманы орындап жіберейік..

Оқулықпен жұмыс.

1-деңгей.

1-жаттығу.Сөздерді оқып,кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Мұғалім.

Ақ көгершін одан әрі ұшып кетті.Оған қарлығаш кездеседі.Оған да мән-жайды хабарлайды.Бірақ қарлығаш көмектесе алмайтынын айтты.Қарлығаш үшін біз көмектесейік.

 2-деңгей.

2-жаттығу.Суреттегі бейнеленген заттардың атауларын жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерді қатыстырып сөйлемдерді құрастыр.

ІУ.Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз (төмен отырады)

Өсіп-өніп толамыз (қолдарын жаяды.)

Күнге қарап табынып (күн жасайды)

Көкке қолды созамыз. (аспанға қолын көтеру).

Қарлығаштай самғаймыз,

Бір отырып,бір тұрып

Жаттығулар жасаймыз.

У.Ақ көгершін әрі қарай ұшып кетіпті.Қалың тоғайдың маңына жақындағанда аққуды кездестіреді.Аққуға мән-жайды хабарлайды.Ол бірақ көгершіннің ұсынысына  көмектесе алмайтынын айтады.Аққу үшін біз көмектесіп жіберейік.

3-деңгей.

3-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Зат есімдердің астын сыз.

Мұғалім:

Көгершін одан әрі ұшып кетіпті.қалың тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған бұлбұлдың үнін естиді.Ол бұлбұлға да Теректі емде дегенді айтады.

Бұлбұл:

-Кешір,Көгершін!Маған ренжіме менің өз кәсібім бар.Менің әнімді ормандағы аңдар,құстар тіпті адамдар да жақсы көреді.Мен үшін адамдардан көмек сұра дейді. Кәне,Бұлбұлдың тілегі бойынша тапсырма орындайық.

4-деңгейлік тапсырма.

 Зат есімдерді қатыстыра отырып «Құстарды қорғайық» атты шағын әңгіме құрастыр.

Мұғалім.

Көгершін ұшып келе жатып сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады.Ол құс Көгершіннің тілегін орындап,онымен бірге Терекке келіп,оның құрт ауруын жазған екен.

Балалар,ол қандай құс деп ойлайсыңдар?

Балалар:Тоқылдақ,тоқылдақ!

Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар,бұл тоқылдақ еді.

Мұғалім:Олай болса бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады?

Балалар: Тоқылдақ-орман дәрігері.

Балалар: Содан бері әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен.Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан,шіруден сақтайды.Табиғатқа қамқорлық жасасақ,біздің денсаулығымызға пайдалы.

УІ.Сабақты бекіту:

Табиғат – ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

УІІ.Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма:  144-бет.5-жаттығу.

Ережелерді жаттау.