Озық ойлы оқушы

83

Тақырыбы:  Озық  ойлы  оқушы

Сыныбы:  4-сынып

Мақсаты:

   1)  Оқушылардың    негізгі   пәндерден   алған    білімдерін    тереңдету.   Тапқырлыққа,  ізденімпаздыққа  жетелеу,  ой — өрісін,   тіл    мәдениетіне  деген   сүйіспеншілігін  арттыру.

2)  Жастарды  елін , жерін,  оның   дәстүрін   сыйлауға,    халқымыздың  болашағын   гүлдентер  тәрбиелі, білімді  болып  өсуіне  ықпал  ету  және тәрбиелеу.

3) Білімді,  дарынды,  озық   болуға   жетелеу   және   пәндерге   деген   қызығушылығын ояту.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивтік  тақта, слайдтар

 Барысы:

 Жоспары:

І.Ұйымдастыру  кезеңі

Кіріспе  сөз.

Сайысқа  қатысушыларды  таныстыру.

ІІ. Сайыс  шарттары

  1. Бәйге сайысы
  2. Тіл-өнер сайысы
  3. Төрт жұмбақ сайысы
  4. Жорға сайысы

ІІІ. Қорытынды. Қазылар  алқасының  шешімі

Жүргізуші:

   Бүгінгі   сайыс  барысында  оқушыларымыздың  ой-өрісін,  білімдерін,   ептілігін   сарапқа  салатын  боламыз.

Біреу  озса  сайыста, біреу  артта  қалады,

Ренжімей  тараса, озбағандар жарады.

Жарыс  заңы  ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат  болу  шарты  сол-еңбектену, жалықпау.

Ендеше  ерінбей, үнемі  ізденіс  үстінде  жүретін  алғыр  оқушыларымызды шақырайық.

Асыл  тастан, өнер жастан

Шығады  деп  дарынды.

Халық  айтса  қалт  айтпайды,

Әрқашанды   нанымды, — дей  келе  сайысымызды   бағалайтын   әділқазы- лар   алқасымен  танысыңыздар.

Білім  деген  биік  шың

Бақытқа  сені  жеткізер.

Білім  деген   ақылшың

Қиындықтан    өткізер, — деп    сайысымыздың    алғашқы   шарты   «Бәйге»   кезеңін  бастаймыз.  Бұл   кезеңде  10  сұрақ   беріледі.  Әр  сұрақтың   дұрыс   жауабына   10 ұпайдан    беріледі.  Сұраққа  бірінші   болып   қол     көтерген   ойыншы  жауап  береді. Егер  ол ойыншының  жауабы  дұрыс  болмаса, онда  сұраққа  екінші  болып  қол  көтерген  ойыншы  жауап  береді.  Ол  ойыншы- ның  да   жауабы   дұрыс   болмаса , сұрақтың   жауабын   жүргізуші   айтады.

Сонымен,  ойыншылар,  ойын   шарты    түсінікті    болса      сайысымызды  бастаймыз.

1-сайыс. «Бәйге  сайысы»

1-сұрақ.   Қай   жылы,  қай   күні   Қазақстанның    мемлекеттік  тәуелсіздігі  жарияланды?      (1991 ж.)

 

2-сұрақ.   Көкжиек   тұстарын  тұсбағарсыз  қандай   жұлдызға  қарап  бағдар- лауға  болады?   (Темірқазық  жұлдызы)

 

3-сұрақ.  Амалдардың   орындалу тәртібін   айт.  (Жақшасыз   өрнекте    алды- мен  солдан  оңға  қарай  көбейту  мен  бөлу, содан  кейін  солдан  оңға  қарай  қосу  мен   азайту  орындалады.  Жақшалы  өрнектерде  алдымен    жақшаның  ішіндегі  амалдар   орындалады.)

 

4-сұрақ.  Теңдеу  дегеніміз  не?  (Құрамына енетін  әріптің  мәнін  табу  керек болатын теңдік)

 

5-сұрақ.   Ғалым  болмай  немене

Балалықты  қисаңыз?

Болмасаң  да  ұқсап  бақ,

Бір ғалымды  көрсеңіз.

Өлеңнің  авторы:   (Абай)

 

6-сұрақ. 1 ғасырда  неше жыл  бар?  (100жыл)

 

7-сұрақ.  Сөйлем  мүшелерін  ата. ( Бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер)

8-сұрақ.  Бауыржан Момышұлының  туғанына биыл  неше жыл болды? (100жыл)

9-сұрақ. Атырау  облысының   әкімі.    ( Бергей  Рысқалиев)

10-сұрақ. Қазақстанның   жер  көлемі  қанша?  (2 млн. 724 мың  шаршы  км)

 

2-сайыс. «Тіл-өнер  сайысы»

Жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытты  үнемдеп,

Кім  шығады  қанеки,  «Жауабын  мен білем» деп.

«Тіл-өнер» сайысында мақал-мәтел немесе  жұмбақтың  шешімін  тауып,  сол  сөздің  орысша,  ағылшынша  аудармасы  дұрыс  айтылса   20 ұпай,  тек  орысша  немесе  ағылшынша  аудармасы  үшін  10 ұпай  беріледі.

Бірінші  болып   қол   көтерген   ойыншының   жауабы    дұрыс    болмаса,   онда    екінші   қол    көтерген  ойыншы  жауап  береді. Егер  жауап  дұрыс  болмаса, онда  жүргізуші  өзі  жауап  береді.

Мақал:  Кімнің  баласы  болма,

Адамның   баласы  бол.       (Атаның-дедушка-grandfather)

 

Кім  басыңа  қарайды,

Дұшпан  аяғыңа  қарайды.          (дос-друг-frand)

 

Нешеу   ала   болса,  ауыздағы   кетеді,

Төртеу  түгел  болса, төбедегі  келеді.          (алтау-шесть-six)

 

Адам  болатын  кім   алысқа  қарайды.  (бала-мальчик-boy)

Ас атасы-не             (нан-хлеб-bread)

 

 

 

 Жұмбақ:  Тіл жоқ  өзінде,

Сөзі  бар  ізінде.   (қаламсап-ручка-pen)

 

 

Қабат-қабат  қатталған,

Асыл  сөзбен  апталған.

Парағы  бар  сөйлейтін ,

Ол  қазына  өлмейтін.         (кітап-книга-book)

 

Үстінде  екі  тауы  бар,

Өзі  үлкен  жануар.         (түйе-верблюд-camel)

 

Жүргізуші:  Бірінші,  екінші  сайысымыздың   қорытындысын   шығара  отырып  азғантай  балл  жинаған   3 сайыскеріміз    ойыннан   шығарылады. Сайыскерлерге қатысқаны  үшін   рахмет  айта  отырып,  алғыс  хаттармен   марапаттаймыз.  Қол соғып  шығарып  салайық.

    Көркемсөз:  «Ғылым   таппай   мақтанба»  А.Құнанбаев. 

 

3-кезең .  «Төрт  жұмбақ»

Бұл    сайысымызда  негізгі  4 пәннен  сұрақтар  беріледі, ұпайы  аз  ойыншы  ұяшықты  таңдайды.

  1. Сол жақтағы 30  математика   пәні

Бір қариядан  қанша  балаңыз  бар деп сұрағанда берген жауабы  мынадай: «Ұл мен қыздарымның  саны  бірдей, әр  ұлымның  3 қарындасы  бар.»  Қарияның  неше  ұл, неше  қызы  бар?        (3ұл, 3қыз)

2.Ортадағы  30   дүниетану  пәні

Арал  өзеніне  құятын өзен.   (Сырдария)

  1. Оң жақтағы 30  қазақ  тілі

Құрамында жіңішке, жуан  буын араласып келген  сөз    айт.

4.Сол  жақтағы   40 ана  тілі

«Күлпаш»  кімнің   шығармасы?   (Б.Майлин)

5.Ортадағы  40 математика

Сарбаздар  әр  қатарға 5-тен  бөлініп, 7 қатарға сап  түзеп тұрғанда, соңғы   қатарға 1 сарбаз жетпей  қалды.Барлық  сарбаз  нешеу  болған?   (34)

6.Оң жақтағы  40 дүниетану  пәні

Картаға  тура  қарап  тұрғанда  оның  жоғарғы  жағы  қай  тұсты  көрсетеді?  (солтүстік)

  1. Сол жақтағы 50 қазақ тілі

Мәтін  дегеніміз не?  (Екі  немесе  одан  да көп өзара  байланысқан  сөйлем)

  1. Ортадағы 50 математика пәні

Петя  шоколад плиткасын  бөлген. Ағасына  5 кішкентай кесектен  тұратын  жолақ бөліп  берді,  сосын әпкесіне  7 кішкентай  кесектен   тұратын жолақ  бөлді.  Бүтін шеколад  плиткасы  неше  кішкентай  кесектен  тұрған?  (40)

  1. Оң жақтағы 50 дүниетану  пәні 

Физикалық  картада  қыратты  қандай  түспен  бейнелейді?   (сары)

  1. төмендегі 60 дүниетану  пәні 

Александрия  манары  қайда  орналасқан?  (Ніл  өзенінің  сағасында  Фарос аралында).

 

Сайыс  ережесі  бойынша  ұпайы  аз  3 оқушымен қоштасамыз. Оқушылардың  қатысқанына  рахмет  айта  отырып  алғыс  хатпен  марапаттаймыз. Қол  соғып  шығарып  салайық.

Көркемсөз: «Жасымда  ғылым  бар деп  ескермедім»  А.Құнанбаев

4 кезең  «Жорға»  сайысы

Сонымен  ақырғы  айналымға  да  жетіп  қалдық. Келесі  кезекте   «Жорға»  сайысы. Менің   қолымда  15  сұрақ  бар.  Соған  тез  жауап  беруіміз   керек. Әрбір  дұрыс жауабы  үшін  10  ұпайдан.

1.Жоңғар  хандығына  елшілік, мәмлегерлік  жолмен  3 рет барған  би. (Қазыбек  би)

 

2.Ой тікелей білдірілмей, тұспалдап, жанамалап  айтылатын  шығарма. (мәтел)

 

3.42 әріптің  жүйелі тізбегі  қалай  аталады?  (әліпби)

 

4.Жалқы  есім айт.

 

5.Сөз бен сөзді  байланыстыратын  қосымша. (Жалғау)

 

6.Күрделі  етістік  айт.

 

7.Денені  не  қаптап  тұрады?  (тері)

 

8.Адам,жануарларға, өсімдік  өміріне  не  қажет? (қорек, су, ауа, жарық,жылу)

 

9.Өкпеден  сыртқа  шыққан  ауада  не  көп  болады?  (көмірқышқыл  газ)

 

10.Қанның   ағзаны  аралап  қозғалуы  дегеніміз  не?   (қан айналымы)

 

  1. 3 санының кубы нешеге  тең?  (27)

 

  1. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт.

 

13.59:8=7   бөліндісінде  қанша  қалдық  қалады?  (3)

 

14.Бір  ғасырдың  10-нан  бір  бөлігі  қанша? (10жыл)

 

15.Хеопс  пирамидасы  қай жерде? (Мысырдың (Египет)  астанасы-Каирдың  оңт.)

 

Жүргізуші:   Міне, біз «Мыңнан  тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан   озық  ойлы  оқушымызды  анықтайтын  кезге  де  жеттік.   Ендігі   сөз   кезегін  әділқазыларға береміз. (Жеңімпаз  оқушы  анықталады.)

«Келешек  білімді ұрпақ  қолында» екендігін  Елбасымыз халқына жолдауында  атап   көрсеткен  болатын.   Еліміздің   ертеңі,  Тәуелсіз    Қазақстанның    кемел болашағын келешекке  жеткізер  осынау  озық  ойлы  ұрпағы  бар елдің   жалауы  ешқандай  еңкеймек  емес. Алдағы  уақытта  да  тек  қана  биіктерден  көріне  бер деген   ізгі  ниетпен  біз  сайысымызды  аяқтаймыз.

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаБіріккен сөз
Келесі жазбаЗат есім