Оқушылардың табыстық кепілі, педагогтың педагогикалық шеберлігі және кәсіби құзіреттілігі

428

                                     Тақырыбы

     Оқушылардың   табыстық  кепілі, педагогтың   педагогикалық шеберлігі     және кәсіби  құзіреттілігі    

Кіріспе                                             

Мақсаты: — өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалау.

Білімді, білікті, өздігінен тығырықтан   шығар  жол   таба   білетін  іскер  адамды тәрбиелеу,оқушылардың    еліміздің    әлеуметтік    экономикалық  және  саяси  өміріне   белсенді   қатысуға  құзіретті  тұлға  болып қалыптасуына  ықпал ету.

Міндеттері: 1 .Тәуелсіз  мемлекетіміздің   уығы болып табылатын   қоғам мүшелерін,яғни жас ұрпақты  тәрбиелеу, тиянақты білім беру,оқушының  өз бетінше жұмыс істеу  тиімділігін  арттыру.

  1. 2. Жекелей,жұппен,топпен жұмыс істеуге   үйрету.
  2. 3. Өз білімінің нәтижесін бағалай білуге  дағдыландыру.Оқушының   жеке, құзіретті   тұлғасының қалыптасуына  көмектесу.

Күтілетін   нәтижелер:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

-Дарынды, өнертапқыш;

-Ізденімпаз, талапты;

-Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек

           —  өз ойларын анық, ашық  жеткізе  алатын

— өз бетімен шындыққа ұмтылатын

-көпшілік  алдында  сөйлеуді  меңгеретін   құзырлы тұлға шығады

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады

«Ұстаз  ..  жаратылысынан  өзіне айтылғанның    бәрін жете түсінетін, көрген,естіген   және аңғарған  нәрселердің   бәрін жадында сақтайтын   ,қорқыныш пен жасқану дегенді   білмейтін ержүрек болуы тиіс».

Мұғалім  идеалы-  білімнің құндылығын айқын түсінетін  «мәдениеті жоғары   адам»,  өз пәнінің жетік шебері ,педагогика мен психологияны  терең меңгерген ,жеке тұлғаға бағыттылған   педагогикалық әдістерді қолдана алатын ,өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге   деген қажеттілігі  мол болуы тиіс.

Кәсіпқой мұғалім  өз пәнін жетік біліп қана қоймай,әрбір қатынасуышының  орнын    білуі  керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызыметкерлерінің ІІІ сьезінде: «мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін, жаңа формацияның педагогы қажет», — деген.

Қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;
  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
  • Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
  • Білімді, шебер, іскер болуы тиіс

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшелігі — өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тындаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы — өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

-Дүниетаным қабілеті жоғары;

-Дарынды, өнертапқыш;

-Ізденімпаз, талапты;

-Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.

Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдісті пайдалану үшін, алдымен мұғалім өзі оқып, біліп, зерттеп, зерделеп тиімділігін өз шеберлігіне қарай тандауы керек. өйткені, технологиялардың өзі мұғалімнің қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.

Негізгі бөлім

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны  меңгеруімен өлшенеді.  Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де  кең болмақ.

Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі.  Құзырлылық белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады [1].

Ұстаздың  шеберлігі-талантты  қажет ететін   ерекше бір өнер емес,ол   басқа да мамандарды  шеберлікке үйретуде  қажет болатын мамандық.Жас ұрпақ тәрбиесінде   бүкіл ғұмырымен  қажыр қайратын   және бойындағы асыл   сезімдерін   бағыттаған   мұғалімдерді   айтуға болады. «Ұстаз дегеннің өзі — биік атауға тең. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!»- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.

Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» — деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:

— сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;

— дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

— сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;

— мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, әліппеге дейінгі кезеңнен бастап түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Атап айтсам, «Адасқан әріптер» ойынында әріптерден сөз құрау тапсырылады. «Қандай сөйлем?» дидактикалық ойынында оқушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. «Не артық?» ойыны барысында ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады. Сондай — ақ, сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге 2  2  ой-өрісін дамытуды да көздедім. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Шығармашылықтарын дамыту мақсатымен грамматикалық ойындар, ұлттық мазмұнды ойындар, сөзжұмбақтар, ребустар, шарада, анаграммалар, грамматикалық лото, домино ойындарын қолдандым. Лото ойнау принциптерін басшылыққа алып әріп, буын, сөз лотолары қолданылады. Лотоның бұл түрлерін ойнау жолдары бірдей болғанымен, көздеген мақсаттары әртүрлі. Ойын барысында оқушылар карташадағы, сурет бойынша әріптерден немесе буындардан сөздер құрайды. Лото ойыны үстінде балалар әр сөздегі дыбыс, әріп санын дұрыс табуға, сөздегі буын санын дұрыс ажыратуға, тұтас сөздерді дұрыс оқуға дағдыланады. «Сөзтізбе» (чайнворд) ойынында бір оқушы бір сөз айтады, балалар сол сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз тауып жалғастырады. Мысалы: ат, таға, аспан, нан, т.б. сөздер. «Өзгертпе сөз» (анаграмма) ойынында берілген сөздегі әріптердің орнын өзгерту арқылы жаңа сөз жасайды. Мысалы: пана-апан, маса-сама, т.б. сөздер. «Тумасөз» (метаграмма) мұнда жаңа сөз жасау үшін пайдаланылатын сөздің бір әрпі өзгертілуі қажет. Мысалы: түлкі — күлкі, тоң — тон. Сонымен қатар, дайын ұйқасқа өлең шығару; аяқталмаған ертегі, әңгімелерді өзіндік шығармашылықпен аяқтау; оқушылардың бір–біріне немесе шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруі тапсырылады.

Нәтижесінде тапсырмалардың  түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға; өз идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландырады7

Оқушыларға тіліміздің байлығын, оның көркемдігі мен өрнегін, ойды анық та айқын жеткізе білу тәсілдерін үйрету   негізі бастауыш                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              сыныпта қаланады. Қазақ тілі оқулықтарында берілген жұмыстар көбіне грамматикалық заңдылықтарды игеруге бағытталған,   ал тіл заңдылықтарын игерту, тіл дамыту мақсатын көздеген тапсырмалар жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен    сын тұрғысынан ойлау технологиясының  пайдасы көп деп ойлаймын .Өйткені  өзім әр сабағымда осы технологяның   элементтерін пайдаланып отырамын. Осы технологияны қолдану нәтижесінде:

  1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
  2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
  3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
  4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
  5. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
  6. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Сын тұрғысынан ойлау бойынша сабақ кезеңдерінде:оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды; мәселені шешу жолын іздестіреді;

жаңаны өздері табады;   ақылдасады, кеңеседі.

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар да қолданылады.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. Сондықтан интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.

Қорыта келгенде, кәсіби, шығармашыл шебер ұстаз оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.

Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілі — бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Бүгінгі заман талабы — жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы қажет.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ .

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы 2007
  2. Тоғымбаева А.Ә. Педагогтың кәсіби құзырлылық моделі. «12 жылдық білім»журналы 2006 №3
  3. Қазбекова Н.Т. Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудыңэлементтерін қолдану 12 жылдық білім журналы 2006 №1
  4. Алимова Қ. «Дамыта оқыту» мәселесінің педагогикада зерттелу жайы

Бастауыш мектеп №4 2009

  1. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық Алматы 2007