Оқушылардың оқу машығының тексерілуіне жаңаша көзқарас

898

 

Оқушылардың оқу машығының тексерілуіне жаңаша көзқарас

Бастауыш сыныптарында ана тілі пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады.

Жеке оқушылардың дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық, дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынысын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.

Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту.

Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы ұзтаз Ж. Аймауытовтың ана тіл пәнінің алдына мақсаты оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру керектігін алға тартады.

Дәстүрлі түрмен мұғалімдермен тексерілетін оқушылардың оқу жылдамдылықтары оқушылардың бойында берілген мәтінді 1 минут ішінде неғұрлым көп оқып шығу деген ұғым қалыптасып қалған. Ал мұғалімнің сен «жақсы оқисың» немесе «жаман оқисың» деген сөзі оқу деңгейін білдіретін ұғыммен сай келеді.

Сөйтіп оқушылар жақсы оқу үшін өздерінің алдына мәтінді белгілі бір уақыттың ішінде тез суылдатып оқып шығу мақсатын қойып, мәтіннің не тіліне, не мазмұнына, не кейіпкерлер бейнесі мен шығарманың идеясына мән бермейді. Сөтіп оқылған  шығарманың мазмұны ашылмай оқушыларда түсініксіздік тудырады.

Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралап оқу өкінішке орай жүзеге аспайды.

Оқу машығын қалыптастырудың мақсаты – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің  мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзі дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді. Шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және тусініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да, оны тыңдаушы да ештеңе түсінбейді.

Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Осы кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан жылдам оқу – оқушы үлгерімінің негізгі фокторы. Әдетте кімдер тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабіліті де, ақыл ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.

Кітап оқудың бастысы қанша кітап оқығаныңда емес, керісінше, оқыған кітаптарыңның қаншасын түсінгеніңде.

Оқу жылдамдығы дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде оқылған мәтіннің көлемі. Мәтін көлемі – бет, сөз, буын түрінде анықталады.

Халықаралық салыстырмалы (PISA) зерттеуінің негізгі мақсаты да оқушалардың мәтінді қандай жылдымдықпен оқитыны және түсінетіндігін тексеру болып табылады.

Мектебіміздің бастауыш саныптарында оқу жылдамдықтарын тексеру кезіндегі оқып шыққан мәтін бөлігінің мазмұнын қабылдаулары төмен болғандықтан, мектебімізде оқышылардың оқу машықтарын жетілдіру және оқу дұрыстығын қалыптастыру үшін оқушылардың оқу машықтарын тексеру мен бақылауды жаңа  үлгіде қарастыру қажет болды.

Сондықтан мұғалімдермен бірігіп әдістемелік бірлестік отырысында «Оқушылардың оқу машықтарын тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулық» әзірленді.

Мәтін оқуды бағалау         

Мектепте оқу әрекетіне байланысты оқушылардың төменгідей білімі мен білігі терсеріледі:

  • Оқу кезінде (дауыстап немесе іштей) оқығанды қабылдау дағдысы;
  • Мәнерлеп оқу, мәтінді мазмұндап беру, прозалық және поэзалық шығармаларды жатқа айта алуы.

Әдебиеттік оқу бойынша бағаларды қорытқанда келесілерді ескерту қажет:

  • Оқылған мәтін бойынша оқушының түсінігі;
  • Оқу тәсілі, оқу дұрыстығы, оқу мәнерлілігі;
  • Сөйлеу дағдылары және мәтінмен жұмыс істей алуы.

Оқушылардың оқу машығын тексеру үдерісінің тәртібі

  1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығының қалыптасуын тексеру бірнеше күн өткізілуі мүмкін.
  2. Оқушылардың оқу машығын тексеру үдерісі өтетін аудиторияда бастауыш сыныптың екі мұғалімі болуы керек. Оның бірі – ұйымдастыру міндетін атқаратын, сол сыныптың мұғалімі, екіншісі – сол сыныпта сабақ бермейтін, экзаменатор роліндегі басқа мұғалім.
  3. Ұйымдастырушы мұғалім оқу машығын тексеру үдерісі өтетін аудиторияға оқушылардың бір-бірден қатысымын ұйымдастырады.
  4. Тексеруге қатысатын оқушыларға тексерісте оқылатын мәтінді алдын ала оқытуға рұқсат етілмейді.
  5. Оқуға берілген мәтінді оқушы соңына дейін оқиды.
  6. Экзаменатор-мұғалім оқуды бастауға дейін уақыты белгілеп оқушыға бастауды рұқсат етеді. Мәтін оқылу кезінде мұғалім тексеру парағына сәйкес өзіне белгілер қойып отырады. 1 минут уақыт шыққан кейін экзаменатор-мұғалім өзіне соңғы оқылған сөзді белгілеп алады.
  7. Оқушымен мәтін толық оқылғаннан кейін экзаменатор-мұғалім оқылған мәтіннің түсінік деңгейін тексеру үшін мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды.
  8. Тексеру үдерісі аяқталғаннан кейін, оқушы аудиториядан шығарылады. Мұғалім 1 минутта оқылған сөздерді санап, жіберілген қателерді жүйелеп, қорытынды бағасын шығарады.
  9. Мәтін оқу үстінде оқушыларға ескерту жасауға, 1 минут уақыт аяқталған соң тоқтатуға, басқа оқушылардың алдында оқушының оқу деңгейіне ауызша баға беруіне және оқу аяқталғаннан кейін баға шығаруға (ауызша немесе журналға) болмайды.

 

Оқу машығының нормасы

Баға І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан IV тоқсан
1-сынып
 “5” 25 сөзден артық 35 сөзден артық
“4” 20-25 сөз 26-35 сөз
“3” 10-15 сөз 20-25 сөз
“2” 10 сөзден аз 20 сөзден аз
2-сынып
 “5” 45 сөзден артық 50 сөзден артық 55 сөзден артық 65 сөзден артық
“4” 35-40 сөз 45-50 сөз 50-55 сөз 60-65 сөз
“3” 35-34 сөз 40-45 сөз 25-39 сөз 45-50 сөз
“2” 25 сөзден аз 30 сөзден аз 35 сөзден аз 40 сөзден аз
3-сынып
 “5” 60 сөзден артық 65 сөзден артық 70 сөзден артық 75 сөзден артық
“4” 40-55 сөз5 55-60 сөз 60-65 сөз 65-70 сөз
“3” 25-39 сөз 35-49 сөз 40-54 сөз 45-59 сөз
“2” 30 сөзден аз 35 сөзден аз 40 сөзден аз 45 сөзден аз
4-сынып
 “5” 75 сөзден артық 85 сөзден артық 90 сөзден артық 100 сөзден артық
“4” 65-70 сөз 75-80 сөз 85-90 сөз 95-100 сөз
“3” 45-59 сөз 55-69 сөз 65-74 сөз 70-84 сөз
“2” 45 сөзден аз 55 сөзден аз 65 сөзден аз 70 сөзден аз

 

Есте сақтаңыз! “Оқу – ол тек оқушы меңгеретін пән ғана емес, сонымен қатар осы арқылы басқа пәндерді де танып, білім алатын құралы”


Оқушылардың оқу машықтарын тексеру парағы

Күні:___________________      Сынып:                    

Авторы_____________________       ___________________  мәтіні бойынша

 

Оқушының аты-жөні Оқу қарқынының нормасы Оқу қарқыны Оқу тәсілі Оқу дұрыстығы Мәнерлеп оқуы Мәтін бойынша түсінігі
Қателер классификациясы
Буындап оқу Сөздерді толық оқу Сөздерді тіркестіріп оқу Әріп тастау Буын тастау Сөз тастау Жол тастау  еркін бірліктерді қосу Бірліктердің орнын ауыстыру Әріпті қайталау Буынды қайталау Сөзді қайталау интонация  екпін 1-сұрақ 2-сұрақ 3-сұрақ
                                       

 

 

Оқу машығын тексерген _____________________