Салауатты өмір салты.

 

Салауатты өмір салты.

Ауырып ем іздегенше

Ауырмаудың жолын ізде.

 

Бірінші байлық -денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтында да сыңайлымыз.

Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз.

Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дерітке шалдығып санымызды соғамыз.

«Тәннен жан артық еді,- дейді Абай атамыз –тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жан бізді жас күнімізден билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық , ешнәрсеге көңілмен қарамадық  көңіл айтып тұрса сенбедік».

Денсаулық – тән, рухани және  әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру , интеллект өрісін биіктеу, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа  қызмет етеді десек қателеспейміз.

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты , салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе де болады.

«Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі» — деп тегін айтпаған.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кемуі салдарынан қимылдың кемуі \гиподинамия/ дене салмағының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің –шылым шегу, ішімдік пайдалану, нашақорлық көп таралуы. Егеменді еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі — адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден  бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық..

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ .

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Дене шынықтырумен айналысып, таза ауада серуендеп, әрқашан жаман ойдан аулақ болып. Табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, қажетімізге дұрыс пайдалануды, денсаулығымызға зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

ЖББОМ №24 дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қапышева Сара Қалиоллақызы.