Ақпараттық – коммуникативті технологиялар

109

 

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік

стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте–мөте қажет.

 «Н.Ә.Назарбаев»

            Адамзат ХХІ-ғасыр есігін — әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында  ашты.

         Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы – «Әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру»- стратегиясының маңызы ерекше болса, биылғы- «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтар тасқынын әкелуде. Сонымен қатар әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.

         Ақпараттық – коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» — деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі — бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік — ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу — тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта әсіресе, жаратылыстану — ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек. Олар өзіне сүйеніш, қолғабыс нірсе есебінде қолдануы керек» — деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

Әр түрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді. Интерактивті оқыту құралдары, мұндағы интерактивті сөзі- «inter-бірлесу», «act-әрекет жасау»-бұл нақты уақыт режимінде қолданушы мен ақпараттық жүйе арасында диалог құрушы құралдар. Сонымен, Интерактивті  тақта дегеніміз -бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге  немесе баядамашыға екі түрлі құралдарды: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал болып табылады.                               

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу — ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

Ұлы Абай: «Адам баласы…. көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог классиктердің пікірлерімен ұштасады. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин шәкірттердің барлық сезім мүшелері- көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттығулар арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау береді.

Интерактивті құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді.Алайда,кез келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет.       

Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылымы да өзгереді. Дербес жағдайларда, интерактивті құралдар (интерактивті тақта,панель) индуктивті оқыту әдісінде  қолданылуы мүмкін. Интерактивті құралдарды қолданатын сабақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына тәуелді екенін ескертіп кеткен жөн. Интерактивті құралдарды пайдалану,кез келген сабақты  серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші  минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді.                                                                                                                                      Интерактивті тақтамен жаттығулар орындау барысында оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау қажет.                    Оқушылардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс.

Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау үшін интерактивті тақтаны пайдалану бақылаудың дәстүрлі әдістері мен құралдарында табылатын көптеген кемшіліктерді жояды. Бұл компьютердің бақылаулық дәстүрлі құралдарының алдында келесі артықшылықтары негізінде мүмкін болып табылады.

  1. Ол оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді. Түстерді, графикаларды, мультипликацияларды, дыбысты, бейнетехниканың барлық заманауи құралдарын қолдану қызметінің іс жүзіндегі жағдаятын жасауға мүмкіндік береді.
  2. Компьютер оқу мотивациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Дұрыс шешімдерін кеңейтіп, сонымен қатар педагогтардың оқушыға жиі қолданатын насихаты мен сөгіс жариялауын қолданбай отырып, оқу есептерінің ұсыныстарын реттеуге мүмкіндік береді.
  3. Оқу материалдарын ұсынумен бірге жауаптарды тіркеп қана қоймай, оқушылардың жауаптары мен сұраныстарын талдау мүмкіндігі;

 Жұмыс барысында  оқушылар тарапынан жасалатын қателерге диагностика жүргізу мүмкіндігімен  кері байланыстың болуы- оқытудың дәстүрлі түрлерінің  негізгі  кемшіліктерінің бірі мұғалімнің  оқу  қызметінің аса маңызды сәттерін бақылауға алуына  мүмкіндіктерінің жоқтығынан болады.

Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.
2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
3. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
5. Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады.
6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.  Білімді игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір сабақ үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.

Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі, нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

  1. Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы жөн.
  2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.
  3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы қажет.
  4. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы қажет.

          Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады.

         Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты болады.

         Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұны жаңарту-бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр. Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді.

         Бұл туралы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев  «Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған, әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты» — деген еді.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек.

Қазіргі таңда мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты- білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс -тәсілдерін іздестіру,жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Бәрінің алдына қойған өзекті мәселесі: — «Озық педагогикалық тәжірибені қолдана отырып, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырып, нәтижелі білім сапасына қол жеткізу». Оған қол жеткізу үшін ең алдымен жаңа ақпараттық технологияларды еркін пайдалана білу керек.

Ақпараттық технология дегеніміз – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бап, 7 – тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.

Осындай барлық жағдай жасалып отырған бүгінгі заман ұстаздарына талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны дамыту, яғни Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиісті.