Жоғары оқу орындарында «Ақпараттану» пәнін бейінді-бейімдеп оқытудың теориялық моделі

32

Жоғары оқу орындарында «Ақпараттану»  пәнін бейінді-бейімдеп оқытудың теориялық моделі

 

Жарасова Г.С., п.ғ.к., доцент, С.Торайғыров атындағы ПМУ

 

Жоғары білім беру жүйесіне қазіргі заманда қойылып отырған талаптардың бірі – студенттің өз бетінше жұмыс жасауын тиімді ұйымдастыру арқылы  теория мен практиканың ұласуын қамтамасыз етіп білім беру. Осы талапты кредиттік оқыту технологиясы қағидаларын сақтай отырып студенттердің ақпараттық мәдениетіне ие болу құзыретін қалыптастыру жолдарының заманауи бағыты ретінде бейінді-бейімдеп оқыту әдісін ұсынамыз.

Алдымен, ұсынып отырған әдіске анықтама берейік.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бейінді оқыту былай анықталады: бейінді оқыту  — білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Орта білім беру жүйесінде білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдауға арналған бейін алды даярлық қарастырылып, бейіндік мектеп білім беру ұйымдарының негізгілері қатарында орын алады. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді. [1]

Жоғары оқу орындары Болонье үрдісіне қосылуымен қатар енгізілген кредиттік оқыту технологиясының негізгі міндеттерінің бірі оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу, білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру болып табылады [2]. Олай болса, жоғары оқу орны үшін де бейінді оқыту және төменде қарастырғалы отырған бейімдеп оқыту өзекті мәселе болып қала береді.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сүйенсек, білім алушылардың өзбетінше жұмысын белсендіруде бейімдеп оқыту  (адаптивное обучение) ерекше орын алады. Бейімдеп оқыту технологиясы міндетті және қосымша әдебиеттерді оқу, оқыған материалдарды рефераттау, әртүрлі деңгейдегі есептерді шығару, лабораториялық және практикалық жұмыстар орындау, қойылған мәселелер бойынша ауызша пікірталас, оқытушымен жеке жұмыс, білімді бақылау сияқты іс-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл технология бойынша оқыту үдерісі үш кезеңді қамтиды: жаңа материалды түсіндіру, білім алушылардың өздік жұмысын орындауы бойынша жеке жұмыстар және білім алушылардың өзбетінше жұмыстары. [3, 4]

Сонымен, жоғары келтірілген анықтамалар негізінде жоғары оқу орындарында бейінді-бейімдеп оқыту әдісін былайша анықтауымызға болады: бейінді-бейімдеп оқыту әдісі — білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, олардың өзбетінше жұмысын белсендіруде бағытталған, саралау және даралау үдерістерін қолданып оқытуды ұйымдастыру.

Осы анықтама негізінде жоғары оқу орындарында «Ақпараттану»  пәнін бейінді-бейімдеп оқытуды ұйымдастырудың теориялық моделін ұсынамыз:

Мақсаты
Нарықтың ағымдағы және болжамды күйімен анықталатын, болашақ айналысатын кәсібінің мәселерін шешуде ақпараттық технологиялар мен ақпаратты өңдеу әдістерін өз бетінше қолдана білу құзыретіне ие тұлғаны қалыптастыру
Кіріс  параметрлері Қағидалары Іргелілік Оқыту мақсаттарына сәйкестік Дидактикалық изоморфтылық Кәсіби бағыттылық Мазмұны Кредиттік оқыту технологиялары Ақпараттық-білім ортасы Шарттары Шығыс  параметрлері
студенттердің орта мектеп курстарындағы білімдері: информатика;

математика;

физикадан

 

студенттердің жеке тәжірибелері

 

оқу бағдарламасының мазмұны

студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді қүруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқыту қазіргі бағдарламалық жабдықтарды, есептеуіш техникаларды, ақпараттарды беру және байланыс жүйелерін қолдану жұмыстарын тәжірибелік түрде жүзеге асыра алу;

 

есептерді шешуге арналған алгоритмдерді және блок-схемаларды өңдеу әдістерін игеру;

 

жаһандық және локальды желілер, жаңа ақпараттық технологиялар дамуының перспективалары мен негіздерін білу және оларды пәндік аймақтарда қолдана алу

қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игеру
компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және аппараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игеру
Әдістері
Дамытушылық, түсіндіруші-иллюстративті, проблемалық, программалық және модульдік оқыту әдістері
Формалары
Проблемалық дәріс

Дәріс-визуализация

Дәріс-конференция

Дәріс-консультация

Практикалық сабақ

Тәжірибелік практикум

Құралдары
Нақты оқыту құралдары (оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық және көрнекі құралдар);

— идеалды оқыту құралдары (жаңа білім алуда қолданылатын студенттердің бұрынғы алған білімдері);

— виртуалды оқыту құралдары (бағдарламалық құралдар, пакеттер және т.б. мультимедиа өнімдері, оның ішінде студенттер өздері әзірлегендері – ҒЗЖ, жобалар және т.б.)

Нәтижесі
Келесі құзыреттерге ие студенттер: заманауи техниканы еркін пайдалана білу, өз кәсіби іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды қолдану, қазіргі ақпараттар ағымын сараптай және өңдей білу

 

Студенттерді «Ақпараттану» пәнін оқыту барысында олардың өзбетінше әрекетін жандандыру құралдары ретінде келесі виртуалды оқыту құралының бір түрі болатын әртүрлі тақырыптарға орындалатын жобаларды атап өтуге болады. Мысалы, 1 курс студенттері Microsoft Office пакетінде келесі жобаларды орындау арқылы кәсіби құзыреттерін де қалыптастыруға болады.

1 жоба. «Ақпараттық бюллетень». Студенты создают газету с помощью программы Microsoft Word бағдарламасы көмегімен студенттер газета әзірлейді. Жоба бойынша тапсырмалар:

1) баспа әрекетіне қатысты этикалық сұрақтарды зерттеу: авторлық құқық, плагиат және цензура;

2) мақалалар жазуға қойылатын талаптар мен журналдар стилін оқып үйрену;

3) ақпараттық бюллетень құрылымын әзірлеу, оны безендіру.

2 жоба. «Маркетингтік жоспар». Microsoft Word, Excel, PowerPoint бағдарламаларын қолданып студенттер жаңа тауар немесе қызмет көрсетудің маркетинг жоспарын әзірлейді. Жоба бойынша тапсырмалар:

1) жарнамалауға тауарды таңдау;

2) әртүрлі жарнамалық материал әзірлеу (жарнамалық буклет, флаер, пресс-релиз);

3) тауар немесе қызмет көрсету түрінің презентациясын әзірлеу.

3 жоба. «Табысты мансап портфолиосы». Студенттер Microsoft Word, PowerPoint және Access бағдарламалары көмегімен бос орындар қорын құрып, жұмыс іздеу дағдыларын дамытады.  Жоба бойынша тапсырмалар:

1) мансаптық мақсаттарын айқындап, болашақ жұмыс орнын анықтауды бастау;

2) бос орындар қорымен жұмыс істеу: құру, жіктеу, іздеу;

3) жұмысқа орналасуға қажетті резюме құрастыру;

4) өз мансабына қажетті портфолио дайындау.

4 жоба. «Авторлық жоба». Студенттер әртүрлі қолданбалы бағдарламалар, бейнелерді өңдеу, аудио және видеоақпараттарды өңдеу арқылы өз қызығушылығы, бейімі, мүмкіндігіне қарай авторлық жоба әзірлейді. Жоба бойынша тапсырмалар:

1) аудиториялық және аудиториядан тыс уақыттағы әс-ірекеттерінде ақпараттық технологияларды қолдану;

2) өзінің қызығушылығына сәйкес ақпараттық өнім әзірлеу.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында нақтылап көрсеткен міндеттерінің бірі — кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстарын  құруды тиімді іске асыруда, біз ұсынып отырған жобалар тізімі өз мазмұнындағы тапсырмалар арқылы бәсекеге қабілетті тұлғалар қалыптастыруға оң ықпал етері айқын.

Жоғары оқу орындарының бакалавриат мамандықтары үшін оқу жоспарларымен «Ақпараттану» пәнін 3 кредит көлемінде жалпы білім беру пәні ретінде оқыту қарастырылған. Сондай-ақ, бұл пән бағдарламасы барлық мамандық үшін бірдей құзыреттілікті қалыптастыруды көздейді. Демек, біз ұсынып отырған бейінді-бейімдік оқыту әдісінің сұлбасы осы саладағы барлық педагог-ғалымдарға қызықты болары сөзсіз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы.
  2. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «_20_»_сәуірдегі № __152__ бұйрығымен бекітілген.
  3. Качалова Л.П., Телеева Е.В., Качалова Д.В. Педагогические технологии. – Шадринск, 2001. – С.65-70
  4. Границкая А.С. Особенности перехода к АСО в средней школе // Границкая А.С. Научить думать и действовать. – М., 1991. – С. 92-96