Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеу

67

Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеу

 

Анықтама сатысы.  Гуманизм –адам өмірінің рухани негіздерін құрайды,ойластырады,болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолында екі түрлі,бір-біріне қарама –қарсы ағыстар бар.Бір ағыс  қаталдыққа жетелесе ,екіншісі – мейірімге талпынады.» деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар.Рух – адам бойындағы күш – қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен  бірге жасайтын игі істердін қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық  үлгісі қалыптасуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда  көп нұсқалық  қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. В.Г.Белинский; «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе,Д.И.Менделеев; «тәрбиесіз білім –есуастың  қолындағы қылыштай» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ  ұрпағымыз тәрбиеден ғана  рухани байлық алып, тәрбие арқылы  ғана  Адам болып қалыптасады.Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Қазір ортамызда «Қиын балалар»,жасөспірімдер, ата –анасы  көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға  душар болған жастарымыз көп. Біздің мақсатымыз –оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу.М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы –жастарымыз  дұрыс тәрбиеге наннан да артық  душар».Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көрсетсе, адамдар неге бірін- бірі тәрбиелемеске? Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның  тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я.А.Коменский «тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.

Ендеше, тәрбие — ауадай қажет. Оқушы жастарды гуманистік рухта тәрбиелеу алдымызға мынадай міндеттер қойды:

  • оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;
  • оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;
  • оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;
  • оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білікдағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;
  • оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;
  • оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру.

Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы белсенділігін арттыру

 

«Оқу мен жазу арқылысын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймыз.

Ой қозғау стратегиясында «Бұл туралы не білетінімізді есімізге түсірірейікші?» деп 2-3 минут ойландыру бұрынғы білетінін ой елегінен өткізіп, ойлана білуге бастайды.  Не жазарын білмей, есіне қиындық келтірген оқушыларға қасына барып, баяу ғана берілген тапсырмаға байланысты сұрақтар беріп, мысалы, «Оның түсі қандай деп ойлайсың? Қайда тіршілік етеді? Неге ұқсайды?» деп бағыт беріп отырдым.

Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір-бірін тыңдамай, сыныпта шу көбейді. Барлығы да жазғандарын тақта  алдында оқығысы келіп асығыстық танытты. 3-4 сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында  жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір-бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.

Ой толғанысында  оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренді. Алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді.