Мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру

Мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным  процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте  қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының   даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп  білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп  ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей  мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субьективті талдап бала дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балаларға  жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын жалғастырады. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды  қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру  боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ПМПК, ТДТ, ППТК, ППТК сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша 5 түрлі куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін  мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.  Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген ( оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі)  қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.  Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында  мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі  қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның  балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.

Инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған құқықтық құжат

  • Республикада арнайы білім беру үшін басты және тарихи маңызды болып 2002 ж. “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық және түзету көмегін көрсету туралы” заңын қабылдауы болып табылады. Бұл заң актісінің қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылысы бар балаларға оң көзімен қарай бастағанын көрсетеді.

49 бап. Ата-аналар және басқа да заңды өкілдері:

  • Баланың ерекшелігін және жеке қабілетін, қалауын ескере білім беру мекемелерін таңдауға;
  • Психологиялық- дәрігерлік -педагогикалық кеңесте өз балаларын тәрбиелеу және оқыту мәселесі бойынша кеңестік көмек алуға құқылы.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері

Инклюзивті білім беру —  жалпы орта мектептерде  мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқыту

Инклюзивтік білім беру негізінде –

Барлық адамдарға  тең қарым- қатынас

Балалар арасында дискриминацияны болдырмау,

Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға     арнайы жағдай жасау.

Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-нң Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білі беру мәселесі шкет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қароай АҚШ пен Еуропа өздернің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді.  Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардыжалпы білім беретін ортада  біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар,, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсатиорлық құралдармен жарақтандыру арқылы  «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада  мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі –жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты:

  • Жаңа құралдарды қолдану қызметімен балаларды үйрету
  • Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны қолдану.

Оқытуда басқа құралдармен салыстыру бойынша компьютерлік  технологиянының артықшылығы:

  • Жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі; білімді меңгеру тәсілімен тек қана оның теңдестік темпі үшін әр балалға қамтамасыз ету мүмкіншілігі;
  • Дербес өнімді қызметтер мүмкіншілігін ұсынуда;
  • Кепілденген жүйелік көмекті қамтамасыз ету;

Әртүрлі елдерден түзету педагогика саласындағы жетістік талдауы пайымдау негіз береді, бұл арнайы білім беруде компьютерлік технологияның рольі шегінен шығуда. Компьютерлік технологияны дамытуда терең және кешенді ауытқуы бар балалар үшін өзара іс-қимылды қабілетті қамтамасыз ету мен қоршаған ортамен қатынас, бірегейлі құралдар болып табылатындығын мойындаған. Компьютерлік технология арқасында мүмкіндіктер пайда болды:

  • Баланы оқыту қызметін ынталандыру жағдайында басқа құралдармен мүмкін емес:
  • Тек қана осы технология базасында ғана мүмкін, жаңа жолға шығу жолын оқытуды құру;
  • Технология әзірлеуде оқыту мен дамыту арасындағы арақатынасты анықтау;
  • Дәстүрлі оқыту мен түзетулер міндетін шешуге тиімді әдісінен аса мәнді болып табылдады;
  • Сапалы жеке оқытудағы жаңа әдістерді әзірлеу;

Оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері:

  • Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамсыз ету;
  • Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету,
  • Кең таралағн білім көздерінен ақпаратты іздестіру,
  • Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;
  • Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;

Компьютер білім беру саласында түрлі қызметтер атқарады;

  1. Оқыту пәні ретінде;
  2. Педагогикалық меңгеру жүйесінің компаненті (сыңары) ретінде;
  3. Білім беру мекемелерін басқару сыңары ретінде;
  4. Ғылыми –педагогикалық қызмет ретінде;

Оқыту құралдары ретінде компьютермен жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке, сыныппен. Психологиялық сипаттамаға сай беріліп отырған бағдарлама оқуға деген ынталандыруға қалай әсер етуін, қызығушылығын жоғарлату немесе төмендету оқушыларға өзіндік күшіне сенімсіздік тудырмау қажет. Белгілі ғалымдар Ж. Пиаже («Психогенездік білім» 1961) және Л.С.Выготский («Оқыту үрдісінде балалардың ақыл-есінің дамуы» 1935) ұйымдастырылған жаңа білімге немесе жаңа әрекетпен оқыту бойынша қызмет жағдайында ғана педагогтар оқыту үрдісін тиімді дамытуына үміт  артатындығын өзінің жұмыстарында жазды. Демек кез-келген оқыту , тек білім беруден басқа түзете-дамыту жұмыстары болатын көрнекті — тәжірибелік  сиқырлы іс-әркет, ол виртуалыдық іс-әрекет деңгейіндегі  компьютермен жұмыс істеу. Жоғарыда атап өткендей мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыта оқытудың негізіг жүйесі инклюзивті білім берудің  практикалық адымы неғұрлым ерте ғылыми теориямен  өзіндік үндестігін тапса, онда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген оң көзқарас оңалар еді. Сондай-ақ инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның ішінде компютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа  ақпараттық технологиямен қаматамсыз етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмақ емес. Өз тәжірибемді ортаға сала отырып, әріптестерімен тәжірибе алмасу бағытында  мынадай жағдаяттық сұрақтар қойғым келді?

Жағдаяттық сұрақтар

  1. Танымдық процестері 15-20 минутқа жұмыс істеуге қабілетті баламен қалай жұмыстанар едіңіз ?
  2. Қалыпты балалармен бірге оқып жатырған психикалық дамуы тежелген немесе жеңіл түрде зияты зақымдалған оқушымен қалайша жұмыстанар едіңіз?
  3. Қалыпты балалармен мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқудың тиімді және тиімсіз жақтары неде деп ойлайсыз?
  4. Сыныптағы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасымен қандай бағытта түсінік жұмыстарын жүргізесіз? (оқуы, тәртібі, бала бойындағы кемшілікті түзете дамыту жұмыстары бойынша)
  5. Мерекелік іс-шаралар, спорттық жарыстар, үйірмелер баланың дамуына оң ықпал береді деп ойлайсызба және бұл бағытта жұмыстану жоспарыңызда барма?

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы»  Астана, 2010 ж
  2. А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж
  3. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж  №343 заңы
  4. Дефектологиялық сөздік .

 

БҚО

Бөкей Орда ауданы

Бисен Жәникешев атындағы ЖББОМ дефектологі

Кулбаева Гүлжан