Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бір пәндік сабақтарды ұйымдастырудың әдіс – тәсілдері өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы және өткізу әдістемесі

256

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бір пәндік 

сабақтарды ұйымдастырудың әдіс – тәсілдері өзіндік жұмысын

 ұйымдастырудың маңызы және өткізу әдістемесі

 

ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Презинтіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениетімен дәстүрін, салты мен рухани өмірінің көзі.»Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана біздің ауыл мәселелеріне ,соның ішінде оның мектебіне  өте сирек қарауымызды талап етеді.деп көрсеткен.  Ауыл  жинақты мектепте бала тұлғасы қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік факторлар – ауыл мектебінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени, тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты ауыл мектебі мұғалімінің негізгі мақсаты – өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араластырып, жалпы мәдени дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу дағдысын жетілдіріп, болашақта үлкен орта жағдайына бейімделу қабілетіне тәрбиелеу болып табылады. Міне, осындай тұлғаны қалыптастыруда мұғалім оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, біріктірілген сыныпта отырған әртүрлі жастағы оқушылардың мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, олардың өздігінен білім алуға қызығушылығын ояту, білім, білік, дағдыларын одан әрі дамыту міндетін жүзеге асырады.

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту жүйесінің дидактикалық негіздерінің негізгі тұжырымдары – дидактиканың басты категорияларын тану және әдістемелік жүйеге тірек ретінде алу болып отыр. Ол категориялардың, яғни білім беру, оқу, оқыту, білім, білік-дағды, мақсат-міндеттер, білім мазмұны, оқыту формасы, оны ұйымдастыру жолдары, әдістері, оқыту тәсілдері және оқытудың нәтижесі сияқты маңызды дидактикалық ұғымдарды шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің терең

түйсінуі пәннің сапалы оқытылуының кепілі деп айта аламыз..

Біріктірілген сыныпта әрбір сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау – ұстаздан кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты талап етеді. әдістердің кейбіреуіне тоқталсақ, ұжымдық оқыту әдісі,т.б. соның ішінде топпен жұмыс жасау:

  • оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан сабаққа бар ықыласын салады:;
  • оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды;
  • бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында ынтымақ бірлікті, әдептілік қасиеттерін қалыптастырады. Әр топтың жұмыс нәтижесін бағалайтын нақты бір жүйе дайындап алу шарт. Оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.

Шағын жинақты мектептегі бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру барысында кез келген оқыту әдістерін тиімді қолдана білу арқылы сапалы білімге қол жеткізу мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан мұғалім жоғарыда көрсетілген әдістерді толық меңгеріп, өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі керек

Біріктірілген сыныптардағы оқу үдерісі, негізінен, мұғалім басшылығымен орындалатын және оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмалардың кезектесіп келуі арқылы жүзеге асырылады.

1-сыныптан бастап оқушыларды өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету керек. Алғашқыда шығармашылық тапсырмалар көлемі жағынан үлкен емес, ұқсату сипатына ие болады, яғни балаларға үлгі бойынша тапсырмалар беріледі. Біртіндеп тапсырмалар күрделене түседі және шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға ұласады. Оқыту процесінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, т.б. жұмыс істеуге үйренеді.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде әдеттегі мектептердегі негізгі талаптарды басшылыққа алу керек:

  • өзіндік жұмыс бағдарламаның талаптарына сәйкес келуі;
  • оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуы;
  • шығармашылық жұмыс – оқушы үшін интеллектуалдық дамуының алғышарты болуы тиіс, бұл жағдайда ол саналы түрде орындауы қажет.

Үлгісі және мазмұны бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлі болуы оқушының шығармашылығын қалыптастыруға негіз болады. Оны ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасын сақтау: өзіндік жұмыс тексерілуі және бағалануы тиіс. Шығармашылық жұмыс тек білімді бекіту кезінде ғана емес, сонымен бірге сабақтың басқа да сатыларында орындалуы тиіс. Оқу үлгерімі нашар оқушыларға ерекше көңіл бөлу керек мүмкіндігіне қарай оларға қосымша тапсырмалар беріп, түсіндіру, ал озат оқушыларға қосымша күрделі тапсырмалар даярлау қажет. Бұл тапсырмаларды алдын ала тақтаға, плакатқа немесе жекелеген карточкаларға әзірлеуге болады.. Мысалы, математика сабақтарында шешуі бар мысалдарды кері әрекет жолымен тексеруді пайдалануға болады. Тапсырмаларды шешу кезінде балаларды тапсырманы әртүрлі тәсілдермен тексеруге үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін өзара тексеру тәсілін қолданған тиімді. Оқушылар өзіндік жұмысты тексеру үшін бір-бірінің дәптерлерімен алмасады.

Шағын жинақты мектептерге арналған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығынан бірнеше сыныппен жұмыс жасау

барысында өзіндік жұмыстардың көптеген түрлері қолданылады. Сондықтан дидактикалық материалдарды (әртүрлі кестелер, карточкалар, тапсырмалар) оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей етіп дайындау керек.

Шағын жинақты мектептердегі өзіндік жұмыс – оқу қызметінің арнайы бір формасы немесе оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі болып табылады.

Шағын жинақты мектептердегі оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар төмендегідей:

  • оқушылардың өзіндік жұмысын басқа түрлерімен ұштастыра білу;
  • өзіндік жұмыстың шарттары оқушылар орындай алатындай болуы;
  • өзіндік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт бөлу,
  • басты назарды орташа оқитын оқушыларға аудару қажет болған жағдайда қосымша түсіндіру, ал жақсы оқитын оқушыларға қиындығы жоғары тапсырмалар дайындау;
  • мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыратын көптеген дидактикалық материалдар (әртүрлі кестелер, карточкалар) дайындау;.

Шағын жинақты мектепте біріктірілген сынып оқушыларының білімін бақылау және тексеру мұғалім үшін күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. Мұғалім біріктірілген сыныптармен бір уақытта жұмыс істегенде оқушылардың өздігінен орындау жұмыстарын үнемі бақылап отыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайлар кездеседі. Сол себепті мұғалім оқушыларды өзін-өзі бақылауға үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін оқушылардың өзара бір-бірін тексеру тәсілін пайдаланған дұрыс. Оқушылар бір-бірімен өзара дәптерлерімен алмасып,

өздігінен орындаған жұмыстарын тексереді. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың өзін-өзі тексеруі және бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие процесінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелік – мұғалімнің бір мезгілде екі, үш, тіпті төрт сыныпқа қатар сабақ беруі. Шағын жинақты мектеп мұғалімдері күрделі жағдайда жұмыс істейді: олар түрлі сыныптарға арналған оқу бағдарламалары бойынша дайындығы әртүрлі оқушыларға бір мезгілде сабақ жүргізуге тура келеді. Шағын жинақты мектеп мұғалімінің қызметі әдеттегі мектеп мұғаліміне қарағанда қиын әрі күрделі. шағын жинақты мектеп мұғалімі күн сайын 8, 12 сабаққа дайындалады.

Дегенмен, бір уақытта бірнеше сыныптармен жұмыстың бір сыныптың жұмысымен салыстырғанда өз артықшылықтары да бар. Мысалы, шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылар саны аз болғандықтан, мұғалім үй тапсырмасы мен жаңа тақырыпты әрбір оқушыдан сұрауға, балалардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндігі болады, дәптерлерді тексеруге уақыт аз жұмсалады. Осы орайда  мұғалімдер бірнеше сыныппен қатар жұмыс кезіндегі қиыншылықтарды жеңе отырып, мектеп алдында тұрған оқыту-тәрбиелеу міндеттерін табысты шешеді.

Біріктірілген сыныптардағы сабақтың бірінші минутынан бастап оқушылардың көңілін аудару көп еңбекті қажет етеді.

Тарих сабақтарында ребус және сөзжұмбақтар ойындар,хронологиялық кестелер жемісті қолданылады. Математикада ойын оқушыларға геометриялық фигуралар, яғни шеңбер, шаршы, тікбұрыш туралы толығырақ түсінік қалыптастыруға ықпал етеді. Әдебиет және дүниетану сабақтарында саяхат жасау және ізкесушілер ойындары табысты пайдаланылады..

Осыған сәйкес, білім беру үдерісінде қазіргі таңда қолданысқа енгізілген негізгі педагогикалық технологияларды: ойын арқылы оқыту, , жобалау және зерттеу сын тұрғысынан ойлауды дамыту, пайдаланып мұғалім өз тәжірибесінде шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, сапалы білімге қол жеткізеді.

Мектебімізде мұғалімдеріміз біріктірілген сыныптарда жоғарыда аталған педагогикалық технологияларды, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, бірпәндік сабақтарды ұйымдастыруда кеңінен қолдануда. Бірпәндік оқу жүйесі іс жүзінде  сабақтарды жүргізуге екі сыныпта қатарынан оқытуға мүмкіндік береді. Мысалы айта кетсек:

Ана тілі пәнінен біріктірілген 2,4-сыныптарға арналған бірпәндік сабақ жоспарларының үлгілері

 

  2-сынып 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жалқау немере Мен таңдайтын мамандық
Сабақтың мақсаты:

 

 

 

1.      оқушыларға «Жалқау немере» ертегісі туралы түсінік беру

2.      жалқаулық тәрізді жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

3.      оқу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту

1.Ө. Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» өлеңі туралы түсінік беру

2. Оларға өз мамандықтарын таңдай білуге бағыттау, бағдар беру

3. оқу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, мақал мәтелдер, сиқырлы таяқша, мамандық иелерінің суреттері
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ситуация
Сабақтың барысы

1.Қызығушылықты ояту, психологиялық жаттығу

«Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып мадақтау». Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «Сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып мадақтайды да, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осымен жалғаса береді. (Ондағы айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл – сенің дауысың қандай керемет! Гүлнур – сенің жүзің сондай мейрімді көрінеді! Марат , маған сенің ақкөңілділігің ұнайды! т.б.) Балалар бір –біріне рахмет айтып тарасады.

Үй тапсырмасын тексеру
1.Слайд «Даланың дәмі»              Д. Қасенов оқу

2. Әңгіме құрастыру

3. Сурет салу

1. Кубизм әдісі

2. «Өсіп келе жатырмын» Т.Айбергенов мәнерлеп оқу

3.Шығармашылық тапсырма

2. САРАЛАНҒАН БӨЛІМ — Оқулықпен жұмыс 
3. ОЙ ТОЛҒАНЫС- БЕКІТУ КЕЗЕҢІ
1. Ертегі не туралы?

2.Әжесінің егін егу туралы ойына немересі қалай жауап берді?

3. Әжесі мен немересі неліктен ашықты?

4.Немеренің еңбек етуіне не әсер етті?

5. «Еңбектің наны тәтті» деген мақалды қалай түсінесің?

6. Ертегі бөлімдеріне бөліп ат қой

1.Өлеңде қандай мандықтардың аты аталады?

2.Осы мамандықтарға тағы қандай мандық түрін қосасың?

3.Өлеңде Күләш пен Әміре деп кімдерді айтып отыр?

4.Өлеңде өз таңдаған мамандығың бар ма?

5. Эссе жазу «Мен таңдаған мамандық»

Үйге тапсырма
«Жалқау немере» түсініп оқу Озық тапсырма: Реферат жазу

«Мен таңдаған мамандық» мәнерлеп оқу