Өздігінен білімін жетілдіру (ескертпелерімен бірге)

2297

 

Өздігінен білімін жетілдіру

(ескертпелерімен бірге)

 

 

 

Осы  әдістемелік құралда педагогтың өздігінен білім көтеру жұмысын ұйымдастыруға керек материалдар жиналған. Құралда өздігінен білім көтеру тақырыбынан  бастап  әдістемелік материалдармен қамтамасыз еткенше педагогтың іс-әрекетінің алгоритмі көрсетілген.  Парақтың шетінде көрсетілген жаднама – бұл кітап және мақалалардың жарнамасы, оқу мен өзін-өзі дамыту қабілетін анықтайтын тест жинақтары, жоба және портфолио, папкаларды құрастыру алгоритмдері мен  үлгілі нұсқалары түрінде берілген  пайдалы ақпарат.

Осы құрал әр білім беру мекемесінде істейтін педагогтардың өздігінен білім көтеру үшін және  осындай сапалы жұмысты қызығушылықпен ұйымдастыратын басшыларға қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ешкім  басқаға  өзінде жоқ нәрсені бере алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса,   басқаларды дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды. Ол ең алдымен өзі өзінің тәрбиесімен айналыспаса, басқаға да тәрбие, білім бере алмайды.

А.Дистервег

 

Өздігінен білім жетілдіру деген не?

     Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде  адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және  материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды.

А.Г. Мысливченко,

И.Л.Наумченко

 

Педагогтардың өздігінен білім жетілдіруін ұйымдастыру технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:

І кезең. –  таңдайтын. Бұл кезең  өз бетімен жұмыс істеуге  белгілі бір бағытты қарастырады; мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбына (өзекті мәселесіне) сай жұмыстың мақсатын таңдау;  жеке алған тақырыбын қалыптастыруы, өз әрекеттерінің жүйелілігін ұғуы.

ІІ кезең – үйрететін.Бұл кезеңде педагог таңдап алған өзекті мәселе бойынша психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысады.

ІІІ кезең – практикалық  Бұл кезеңде эксперимент жасау, жұмыстың жаңа әдістерін қолдану, педагогтық дәлелдерді жинап, оларды іріктеу және талдау жүргізіледі. Практикалық жұмыспен қатар әдебиеттерді зерттеу бірге жүзеге асырылады.

ІҮ кезең – теорияны ұғып, жинаған педагогикалық дәлелдерді жалпылау және талдау. Бұл кезеңде оқыған педагогикалық әдебиеттерді ұжыммен талқылауды ұйымдастыру тиіс;қалалық ӘБ, кафедраның немесе ӘБ отырысында өздігінен білім жетілдіруінің барысы туралы шығармашылық есеп беру;ашық сабақтарға және басқа да жұмыс түрлеріне қатысып, талдау.

Ү кезең – қорытынды бақылаулы. Бұл кезеңде педагог өзінің жеке жұмысын қорытындылайды, бақылауларды жалпылайды, нәтижелерін белгілейді. Соның ішінде ең бастысы —  жүргізілген жұмыс, белгіленген дәлелдер, олардың талдауы, нәтиженің теориялық негіздері, жалпы қорытындылардың және жұмыстың алдын ала жоспарын анықтау.

Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау  құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.

Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына  оқитын әдебиеттер тізімі,  өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп  түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.

Өздігінен білім жетілдіру барысында жиналған материалды бөлек тақырыптарға бөліп және  карточкалар, арнайы дәптерлер, тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық күнделігі түрінде орынды қолдану қажет.

 

Өздігінен білім жетілдірудің мақсаты:

  1. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру – адамның әлемін арандаттырып, құрастыратын, білім меңгеруге деген тұрақты қызығушылығын туғызатын  белгілі әрекеттің түрі .

2.Жолшыбай өздігінен білім жетілдіру. Мақсатты әрекеттпен айналыса отыра, адам әрі қарай білім мен біліктерін  қолдана алатын   барлық жаңалықты біле бастайды.

  1. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру. Адам өзіне өзі белгілі бір салада мақсат қояды. Бұл мақсат келесі ізденістерін жүзеге асырады, нәтижесін талдауда, оның шешімдерін қоюында дербестікті көрсетеді.

 

Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?

Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар  қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.

Өздігінен білім жетілдірудің мағынасы танымдық  белсенділікті қанағаттаныру, педагогтың өзін-өзі үздіксіз білім  алуындағы сұранысын білдіріледі.

Өздігінен білім жетілдіру негізгі принциптері үздіксіздік, мақсаттылық интегративтік, жалпы және мамандық мәдениеті, қарым-қатынасы  мен  төменгі баспалдақтан жоғарыға өтетін перманенттік, нұсқалылық және т.б.

Өздігінен білім жетілдіру кезінде педагогтар әр түрлі формаларды қолданады:

1) арнайы білім дайындығы (жоғары білім алуы немесе екінші мамандығы)

2) квалификациясын көтеру (курстарға бару)

3) өздігінен білім жетілдірудегі жеке жұмысқа қажетті көмек:

— ақпараттық құралдар

— есептік техника

— кітапханалар

— музейлер, көрмелер, театрлар, клубтар

— экскурсиялар

— ғылыми, техникалық, көркем және спорттық қоғамдар

— зерттеулер, эксперименттер, шығармашылық іс және тапсырмалар

— ғалымдар мен атақты адамдармен кездесу

-алдыңғы тәжірибе  және өзінің практикалық әрекетінің жалпылауын ұғыну және т.б.

Мұғалімнің  ғылыми-әдістемелік тақырыппен жеке жұмысының алгоритмі:

1) Жеке  ғылыми-әдістемелік жұмыстың тақырыбын таңдау;

2) Әдебиеттермен танысу;

3) Нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу;

4) Зерттеу мәселелері бойынша прогрессивтік педагогикалық тәжірибені зерттеу;

5) Әдебиеттің картотекасын құрастыру;

6) Әдебиеттен үзінділер жазып алу;

7) Тақырыпты нақтылау және жеке ғылыми-әдістемелік жұмыстың алдын ала жоспарын жасау;

8) Таңдап алған тақырыпты дәлелдеу;

9) Өзектігі мен жаңашылығы;

10) Іздену әрекеттің әдістері мен құралдарын таңдау;

11) Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру;

12) Жеке жұмыстың күнтізбелік жоспарын жасау;

13) Педагогикалық әрекеттің дәстүрлі технологияларын, моделдерін таңдап, жасау;

14) Өз педагогикалық әрекетінің практикасына инновацияларды кіргізу;

15) Ғылыми-әдістемелік тақырып бойынша жұмыстың жеке тәжірибесінің нәтижесін талдап, бағалау;

16) Жұмысты әдебиетті рәсімдеу, әріптестер алдында алған нәтижелер туралы есеп беру.

 

Бастапқы деңгей  жас мұғалімде  құжаттармен, балалар ұжымдарымен, ата-аналармен жұмыс істегендегі нақты білік, дағдыларын қалыптастыруын болжайды. Осы кезеңде тәжірибелі жетекшімен жеке жұмыс та жетеді..

Бұл кезең оқытушының имиджін құрастыратын кезең болғасын, жас маманның дистанциялық олимпиадалар, сайыстар, ӘБ пен мектеп ішіндегі шығармашылық топтарда жұмыс істеуін қолдайды.

Мұғалім мектептен тыс та жұмыс істей алады: мұрағаттарда, музейлерде, кітапханаларда,, өндіріс және басқа да мекемелерде. Осындай жұмыс – мұғалімдердің өздігінен білім жетілдіру дайындығына, жұмысты жоспарлауға деген маңызды дағдыларына, жұмысты ұйымдастыру мен өзін-өзі бақылау, ақпаратты өндеу және талдау біліктілігіне, жалпылауларды жасау, керек түзетулерді кіргізуге қажет оқыту әдісі

Бірақ өнімді деңгейдің кезінде, анық нәтиже  алуы болжамданатын кезде, ал мұғалімнің әрекеті санат түрінде бағаланған кезде, жоғарыда айтқаны міндетті болады.

Сонымен «Жаңа формацияның педагогы» деп үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, өзін-өзі көрсете біле алатын педагог туралы айтылады. Өздігінен білім жетілдіру жұмысында динамика маңызды.

Осындай педагогты дамытуын қалыптастыратын үдерістер ұзақ мерзімді және де сағатпен өлшенбейді. Осы үдерістерді тоқтату, дамуға деген қалауын жоғалту – деградацияның басы. Неменеге үйрену, нені дамыту деген маңызды болмайды:компьютерде презентацияларды құрастыру немесе гитарада ойнау. Бұл әр түрлі білім беру модельдері болу мүмкін: «Білім беру және демократия», «Білім берудегі әлеуметтік теңсіздік», «Білім берудегі ақпарат технологиялары», «Білім беру үдерісті басқару», «Оқытылатын ерекшеліктері мен оларды оқыту», «Ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу әдістері», «Мультимедиялық жүйелер», «Компьютерлік графика» және т.б. Ертең ол – тамаша мұғалім – міндетті түрде сабақтарында өз білімдеріне орын табады.

Мәселе басқада: өзін-өзі дамытуға керек бос уақыттың жоқтығы және өткізілетін курстар туралы ақпараттың жеткіліксіздігі.

 

Өзін-өзі жетілдіру бағдарламасы

Мектепті реформалаған жағдайларда оқу мекемелерінің жалпы  қазіргі тәрбиелеу мен оқыту технологияларын қолдануға көшу үдерісінде мұғалімнің мамандық шеберлігінің  өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыс қоррекциаланады.

Мұғалім бір бөлігі өздігінен білім жетілдіру үдерісі болатын даму тәртібіне кірісу керек.

Педагогтың өздігінен білім жетілдіру үдерісіндегі әрекеттері:

  • Өзін-өзі өзгертудің қажеттілігі туралы шешім алуы;
  • Жетілдіру бағдарламасын жасау;
  • Бағдарламаны жүзеге асыру жұмысы;
  • Бағдарламаны немесе барысына керек болса, коррекция жасау;
  • Бағдарламаорындау туралы өзін-өзі талдау;
  • Өз алдына жаңа мақсат пен міндеттер қою;
  • Өзін жетілдіру мен өзінің өсу бағдарламасын жасау — педагог әрекетінің негізгі кезеңі.

Бағдарлама құру принциптері:

  • ғылымилылығы;
  • болжамдылығы;
  • өзектілігі;
  • оптималдылығы;
  • шындылығы;
  • тұтастығы;
  • бақыланылатыны.

Өздігінен білім жетілдіру бағдарлама бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері:

∙  Жаңа технологиялар бойынша оқытуға рационалды өтуге өзінің мүмкіндіктерін, өзінің іс-әрекеті, проблемалық талдауы, өзін -өзі диагностикалау.

∙  «Мен болашақтамын», «Менің жетістіктерім» жалпы қонцепциясын қалыптастыру;

∙  өзін-өзі дамыту стратегиясын таңдау, өздігінені жүргізілетін  жұмыстың негізгі бағыттарының жаңа қалпына көшу;

∙  әрекеттің міндеттері мен кезеңдерін анықтау;

∙  жақындағы мақсаттарды ( күтілетін нәтиже) нақтылау;

∙  өзін-өзі жетілдіру бойынша әрекеттер жоспарын құрастыру:

∙  өзін-өзі бағалау;

∙  әріптестермен тәжірибе алмасу.

 

Әдістемелік тақырып

Әдістемелік тақырып — Бұл педагогтың шешетін мәселесінің сыртқы рәсімдеуі (Мысалы « интегриролданған сабақтары»), Әдістемелік тақырып оқу жүйесінің жетілдіруінебағытталған.

Әдістемелік тақырыптың жасалу әдісін, формасын таңдау

зерттеудің әдісі мен формасы Жұмыс рәсімдеу түрі Көрсету, қорғау орны
Оқулықтарды зерттеу.                                                        Өз іс-әрекетін талдау.

Жаңа тәсілдерді  жүзеге асыру.

Қолдану практика мен теорияны  зерттеу.

Сабақтардың моделдерін құрастыру.

Өзінің көрнекілігін құрастыру.

Шығармашылық топпен, жұппен құрастыру.

Кілтті идеяны іздеу.

Мәселені қою.

Болжамды құрастыру.

Сабақты құрастыруына жағдай туғызу.

Реферат. Баяндама.

Стендтік баяндама.

Ғылыми мақала.

Аңдатпа.

Бейнематериал.

Модификациаланған (авторлық) бағдарлама.

Арнайы курс.

Оқыту әдістемесі  бойынша дәрістер циклы.

Ашық сабақтар циклы.

Әдістемелік ұсыныстар.

Педагогтардың тәжірибе алмасу бағдарламасы.  Педагогтық шеберхананың жұмысына басшылық ету.

Ашық сабақтар ( облыс, қала, мектеп).

ӘБ.

Ғылыми-әдістемелік кеңес. Педкеңес.

Ғылыми-практикалық конференция (облыс, қала).

Әдістемелік конференция (мектеп).

Практикалық семинар (қала).

Зертхана (қала).

Алдыңғы педагогикалық тәжірибе жинағы (облыс, қала, мектеп).

Ғылыми-әдістемелік журнал.

Шығармашылық жұмыстар сайысы (қала, республика).

 

Зерттейтін тақырып мұғалім жаңа әрекет жүйесіне көшкенде, жаңа сапаға әкеледі.

Зерттеу тақырыбы болжайды:

∙  мәселенің болуын;

∙  диагностиканы (нақты сынып, нақты оқушы);

∙  болжамды қалыптастыру (егер өзгертсем, не болады…);

∙  жаңа сабақтарды моделдеу (эксперимент жүгізу);

∙  қайталау диагностикасы (не өзгерді).

 

ЕСКЕРТУ

Жас мамандарға арналған:

∙  Оқыту йындар тиімділігін көтеретін  тәсілдер.

∙  Тыңдамайтын балаға қолданатын әдістер.

          5 жылдан аса істейтін тәрбиешілерге:

∙  Нұсқаулық білім берудің жағдайларында және оның сапасы мен тиімділігін көтеру мақсатымен оқу-тәрбие үдерісінде жобалау тәсілдерін меңгеру.

∙  Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдауын қалыптастыру, алған білімдерін практика жүзінде қолдана білу, шығармашылық қабілеттерін белсендіру.

Тәжірибелі шығармашылық жұмыспен айналысатын тәрбиешілерге:

∙  психолого-педагогикалық ғылымның және әлеуметтік қоғамның сұранысының дамуы ның беталысындағыөзінің іс-әрекетінің  қайта жобалау қабілетінің дамуы.

∙  Педагогтың шығармашылық  потенциасын көрсету.

∙  Өз жетістіктерін жариялау.

∙   Зерттеу іс-әрекетінің дамуы.

Арнайы білімі жоқ педагогтарға:

∙   Балалармен жұмыс істеу әдістемесін меңгеру.

∙  Педагогикалық іс-әрекеттің  бейімделуі.Өздігінен білім жетілдіру тақырыбы болу мүмкін:

∙  Педагогқа қиыншылық туғызатын мәселе;

∙  Бар тәжірибе сін толықтыру.

Педагогтың мамандық өздігінен білім жетілдіруі табыстығы тікелей аға тәрбиешілердің көмегі және қолдауына байланысты. Тәрбиешіге әдістемелік жұмыс қажет:

∙  тақырып, мақсат пен міндетті таңдауда

∙  Өздігінен білім жетілдіру жоспар құруда

∙  Жоспарды жүзеге асыруда

∙  Өзінің жұмысының талдауы мен нәтижелілігінде

Тақырып бойынша жұмыс кезеңдері

Өздігінен білім жетілдіру тақырыбы жұмыстың кезеңдерін көздейді. Бірінші — өздігінен білім жетілдіружоспарын  бес жылға жоспарлау. Жоспарда кезеңдер  әр жылға бөліну, талдау жұмысы, ӘБ жиналған материалдардың презентациясын көрсету, семинарларда, конференцияларда, пән бойынша баспа өнімдерінің нәтижелері көрсетілу қажет.

І жыл – тақырыпты таңдау, еліміздегі, аймақтағы, қаладағы әріптестер жасаған АТҰ жұмысымен танысу;тақырып бойынша  библиография ны бекіту; мақсат пен міндеттерді қою ӘБ отырысында сөз сөйлеу
ІІ жыл – теориялық материалдар жинақтау; келесі жұмыстың ғылыми негізін құрастыру; практикалық бөлімге деген  әдістерді жинақтау. Педагогикалық кеңесте  баяндама жасау
ІІІ жыл – нақты оқиғаға теориялық материалды жинау(сынып, пән бойынша); таңдаған әдісті практикалық түрде қолдану; мониторинг, сауалнама. Қалалық ӘБ, семинарда сөз сөйлеу
ІҮ жыл – Теориялық материалға сүйене отырып, алған тақырыбы бойынша өзінің жұмыстарын құрастыру; қолдануы, коррекция, нәтижесінің жүйелілігі, ұсыныстар. Қалалық, республикалық конференцияда сөз сөйлеу, ашық сабақтар.
Ү жыл – Тақырып бойынша материалдарды жүйелеу, шығармашылық жұмыс түрінде құрастыру,ғылыми жетекшіден рецензия алу, қорғауға дайындалу. Қалалық, аймақтық  конференцияда сөз сөйлеу, ашық сабақтар.

Өз педагогикалық тәжірибесін көрсету: қалалық, республикалық  конференцияда сөз сөйлеу, педагогтарға арналған шебер-класс, арнайы ғылыми-әдістемелік журналдарда басылу.

 

 

Мұғалімнің  өздігінен  білім  жетілдіру  папкасын  рәсімдеу

Титулдық бет

∙  Мұғалімнің аты-жөні

∙  Туған жылы

∙  Лауазымы

∙  Білімі

∙  Қай оқу орнын бітірді

∙  Бітірген жылы

∙  Диплом бойынша мамандығы

∙  Санаты

∙  Аттестациясы

∙  Педагогтық өтілімі

∙  Осы мекемедегі еңбек өтілі

∙  Курстық дайындығы

∙  Мектептегі қоғамдық жұмысы

∙  Оқу жүктемесі

∙  Сабақ, үйірме, факультатив  кестесі,

∙  Сыныптан тыс жұмысы

∙  Марапаттауы

Жаңа оқу жылында мектептің мақсаты мен міндеттері

Нормативтік құжаттар

∙  Сөйлеу тәртібі

∙  Профильдік оқыту концепциясы

∙  ӘБ әдістемелік нұсқаулары

∙  Пән бойынша нұсқаулы-әдістемелік хаттар

∙  Пән бойынша оқу әрекетінің нәтижесін бағалау шкаласы

∙  Сабақты бақылау бағдарламасы

∙  Сабақты өздігінен бағалау картасы

∙  Сабақтың тиімділігін бағалайтын критерийлері

∙  Сайыстар, көрмелер т.б. туралы ережелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жыл