«Мектепке дейінгі кезеңде балалардың сөйлеу тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы»

195

 

Баяндама

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі кезеңде балалардың сөйлеу тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы»

 

Тіл – адамның қатынас құралы болса, сөйлеу тілі негізінде ойлаудың өзіне тән ерекшелігі жасалып, адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс орнайды. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Мектепке дейінгі кезең-ағзаның барлық бөліктеріні және жүйелерінің қарқынды дамып қалыптасу кезеңі. Осы мектепке дейінгі кезеңде баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным мен іскерлігі қалыптасады. Балалар арасындағы сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылыс. Көптеген тәжірибиелерге сүйенсек, сөйлеу тілі бұзылған балалардың белсеңді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Халқымыз «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Өнер алды-қызыл тіл», -деп тіл құдіретіне табынса, қолдың да маңызын «Он саусағынан өнер тамған», «Бес саусағынан бал тамған», «Көз-қорқақ, қол-батыр» деп бағалаған, бұның өзі адамның ішкі жан-дүниесін білдіреді.

Бұл ғылыми түрде дәлелденген тұжырым. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзасының белсенді нүктелері қол саусағында орналасатынын дәлелдеген болатын.

Балалардың дыбыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті – психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатынына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет. Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйену қажет:

— Ойын жаттығулары баларға қызықты, тартымды болуы қажет, ересек

пен бала арасындағы қарым-қатынас сенімділікке құрылуы қажет.

— Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделігі қарай ойысады.

Қолдың саусақ қызметін анықтайтын бірыңғай ұғым әдебиетте кездеспейді. Десек те оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойын тренингі, массаждар. Саусақ гимнастикасы күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса, онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да

 

тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек. Мысалы: Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданылады. Саусақ қозғалыстары әр түрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады.

Ол екіге бөлінеді:

1) Отырып ойнайтын саусақ ойындары.

2) Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері

қатысып секіру, бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге

орындалады.

Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың да маңызы бар. Қазіргі таңда массаж – ғылыми тұрғыдағы әдіс, ол бүкіл ағзаны, дене және ой қызметін қалыпты ұстауда және қалпына келтіруде көптеген ауруды емдеуде және сауықтыруда маңызы зор. Массаж үлкенге де, кішіге де қажет. Ең алдымен массаж дені сау адамдарға жақсы көңіл-күй мен әртүрлі аурулардың алдын алу үшін керек.

Дамуында әр түрлі ауытқушылықтар бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әр түрлі массаж қолданылады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әр түрлі вибромассажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Жалпы массаж жасауға қажетті ұсыныстар:

1) Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше жақсы музыкалық

сүйемелдеумен өткені жақсы.

2) Баланың терісі-құрғақ, таза, ал массаж жасаушының қолы да таза,

жылы, жарақатсыз, тырнағы алынған болуы керек.

Массаж ұзақтығы 10-12 шарадан тұратын бір цикл, күн сайын немесе күн аралы. Алғашқы уақыты 2-3 минуттан басталады.

Жалпы тіл кемістігі бар балалардың ұсақ моторикасын дамытуда сондай-ақ әр түрлі жұмсақ конструкторларды құрастыру, моншақты жіпке тізу, бау байлау, мозайкаларды құрастырумен айналысса ойы сабақталып тілге сөз оралу сәті жиі болады.