Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары.

 

Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары.

 

Бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  жаңа қарқынмен дамуы,  ғылыми-техникалық  прогрестердің  жетістіктері, еліміздің  өркениетті  елдер  қатарынан  көрінуі білім беру жүйесіне  де  ықпал етпей  қойған жоқ.

ХХІ  ғасыр информациялық  қоғам табалдырығына  аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің  жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі  қолға алынды.  Заман талабы оқу үрдісінде  компьютерлік  технологияны енгізу, оны кең көлемде  қолдануды қажет етеді.

Компьютерлік  технологияны  қолдану оқытуға арналған  программалық  жабдықтарды (электрондық оқулықтар т.б.) сабақта тиімді қолдану  пән мұғалімдерінің  мол тәжірибесін, ізденісін, әдістемелік  шеберлігін  қажет етеді.  Өз тәжірибемде  оқушылардың  қазақ тіліне деген  қызығушылығын арттыруда мүмкіндігімше компьютерді  пайдаланамын.

Оқу жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені  бәрімізге  мәлім. Осыған орай  менің   тәжірибемде  сабақтың  қалыптасқан  дәстүрлі  түрінен  басқа,  дәстүрлі  емес сабақтар  түрлері  де  пайда болуда.  Олар  көбінесе  оқытудың  жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда.  Ондағы мақсатым-әрбір сабақтың  оқу — тәрбиелік  мүмкіншіліктерін  ескере отырып,  оны  жаңа  сапалық  сатыға көтеру.

Бүгінде  оқыту жұмысын  осылай  ұйымдастыру мен әдістің  жаңалығы басқа  ұстаздардың  жаңа жағдайға байланысты  оқу-тәрбие  процесін шығармашылықпен  пайдаланудың  негізгі  өлшеміне айналуда.

Оқытудың  жаңа инновациялық  әдістері  мені  пәнге  байланысты   жаңа технологияларды  пайдалануға итермелейді.

Инновация деген ұғым  латын тілінде жаңарту,  жаңалық,  өзгеріс енгізу деген  түсінікті  білдіреді.  Оның  мәні – білім беруге және  өздігінен  білім алуға  негізделген  қабілетті  дамытады.

Қазіргі  таңда оқушы- ақпаратпен  қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның  білімдік  қабілеттерін  дамыту үшін біздер,  мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп,   жаңа білімді  ескі  білімге  байлап  беру керек»-деп мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту  процесіне жаңа көзқараспен  қарау  керек.

Сын тұрғысынан ойлауды үйренген  оқушы «Оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, оқушы-басты тұлға, жаңа тақырыпты  ақпарат көзі – компьютерден  оқып,  қажетті  мәліметтерді дәптерлеріне  түсіріп,  мұғалімге бере алатындай  түсінікпен  келуі,  техникалық оқыту амал әдіс-тәсілдері  оқушы мен  ұстаз біртұтастығын қажет етіп,  екеуін де  тынымсыз  ізденімпаздыққа баулиды.  Баланың  қандай  да болмасын шығарманы оқуына  бетбұрыс жасап,  одан әрі  зерттеуіне,  ізденуіне бағдар көрсетеді. Техникалық оқыту амал әдіс-тәсілдерінің  қазақ тілі  пәніне  ықпалы,  әсері  шексіз.  Ол баланың  еркін ойлауына,  үздіксіз жұмыс  жасауына жол ашады.

Компьютерлік оқытудың негізгі мақсаты — оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Компьютерлік оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналалары қолданылады.  Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.

Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

— оқу материалының бөлшектенілуі,

— оқушының белсенді өзіндік жұмысы,

— тұрақты тексеру,

— оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,

— техникалық оқыту құралдарын пайдалану,

— оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

— оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

— оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

— берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Мақсатымыз мына әрекеттер арқылы жүзеге асады: сыни ойлау,  еркін  сөйлеу, ізденіс,  белсенділік,  ой бөлісу,  тұлға аралық қатынас.

Күтілетін  нәтиже:

  • Оқушылар көркем,  мәнерлі  сөйлеуге  төселеді;
  • Шығармашылық жұмысқа  белсене  араласады;
  • Дүниетанымы кеңейеді;
  • Мазмұндаманың барлық түрін қызығып орындайды;
  • Білім сапасы артады.

Ал дәстүрлі сабақ кезінде  оқушылар белсенділігі  төмен  болатындығын білеміз,  өйткені бірсарынды  сабақтар  оқушыларды  жалықтырады.

ТОТ (техникалық оқыту тәсілдері) әдістерін  оқып-үйрене келе  және оны тікелей  тәжірибемде  қолданғанда байқағаным,  бұл әдістің білім беру жүйесіне, әсіресе қазақ тілі  пәнінен тиімді  жақтары көп деген  шешімдемін.

ТОТ стратегиялары және  ізгілендіруді  көздейтін  оқытудың  жаңа технологияларын  енгізе отырып,  өзін дамыта алатын  үнемі  жетілдіру арқылы  өз бағыт бағдарын  айқындай  алатын  оқушы тұлғасын қалыптастырады.

Осы  технологияны сабақта пайдаланғанда мен  мынадай  нәтижелерді  күтемін.

  • Өз қабілеттеріне қарай  мемлекеттік  стандартты  сапалы  білім;
  • Еркін әрі  сыни  ойлай білетін,  белсенді  және білікті;
  • Өзін-өзі тани алатын, өзіне сене  отырып, біліміне жауапкершілікпен қарайтын;
  • Оқу процесі кезінде  алған  түрлі мүмкіндіктерін өзекті  мәселелерді  шешуде  таңдай және  қолдана алатын;
  • өз мүмкіндігінше сенімді және  жоғары  баға беретін;
  • қазақ тілін еркін меңгерген;

Танымдық  белсенділігі жоғары,  өз- ісіне  сныи тұрғыдан  қарай  білетін тұлға болады.