Инновациялық мәдениет — қазіргі мұғалімнің кәсіби компоненттілігінің құрамдас бөлігі

100

Инновациялық мәдениет — қазіргі мұғалімнің кәсіби компоненттілігінің

құрамдас бөлігі

 

Жылдан-жылға қарыштап алға дамыған коғамымызда мұғалімнің рөлі өсіп келе жатканы даусыз. Мемлекетіміздегі білім саясатың жүзеге асыратын мектеп десек, ал мұғалім — мектептегі ең басты тұлға екендігі айдан анық. Казіргі мұғалімнің  кәсіби біліктілігін көрсететін бір өлшемі — инновациялық мәдениеті. Ал инновациялық мәдениет дегенді қалай түсінеміз?

Біріншіден, қазіргі заманғы білім беру ісіндегі болып жаткан жаңалыктардан хабары мол, өз  пәнін жетік білгеннің үстіне, жаңа озық  тәжірибеден өз қажетін тауып, өз керегіне жарата білетін, кәсіби шеберлігін ұштай жүретін, жаңалыкты сезіне білетін, оны өз пәнін окыту әдістемесіне батыл енгізе білетін жан.

Екіншіден, инновациялық мәдениет, ең әуелі мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасынан көрінеді. Үлкеннің  кішіге бұйыруы, ақыл  айтуы, не «осыны істе» деген үзілді-кесілді талабымен емес, оқушыны өзіне тең тұтып жасы кіші болганымен, ой-білігі қатарлас, әріптес ретінде қарауынан — мұғалімнің мәдениеті, ішкі жан дүниесінің байлығы байқалып тұрады.                                                                                  Үшіншіден, мұғалім білікті де білімді болса, оны шәкірт тез танып, сыйлайды. Сыйластық қарым-қатынастың бұзылуы, меніңше, оқушының мұғалім тапсырмасын орындамауынан, орындағысы келмеуінен басталады. Мұғалімнің  инновациялық мәдениетінің үшінші шарты — өз талабын орындата алуы. Берілетін тапсырманың оқушы таным-түсінігіне лайық, орындай алатындай, шамасы келетін, басқа сабақтарға дайындалуға үлгермей қалмайтындай, өзі қызығып орындайтын тапсырмалар болуы керек. Төртіншіден, өз сабағында жаңа технологияны қолданатын, оқытудың белсенді әдістерін (интерактивті әдістерді) ұтымды пайдаланып, шәкірттерімен бірлесіп, ынтымақтаса сабақ өткізу де осы инновациялық мәдениетке жатады.

Инновациялық мәдениет — педагогика кеңістігінде жеке тұлғаны қоғам  талабына сай дамытуға, оны әлеуметтік тұрғыдан қабілетін арттыруға тәрбиелеу, үйрету, бағыттау, білім мазмұнын өмір талабына сай жаңашылдандыру, мұғалім мен оқушыныц қызметін өзара біріктіру процесі болып табылады. Инновациялық мәдениет :

Мұғалімнің алдында отырған шәкірттерін өзімен тең  ұстауы;

  • әміршілік-әкімшілік жүйеден арылуы;
  • мұғалімнің білімділігі, ұстамдылығы;
  • шәкірттің жан-жақты дамуына жан-тәнімен қызмет етуі;
  • психология мен педагогиканы тереңбілуі, зерттеуі;
  • технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілуі, іс-тәжірибесінде қолдануы.

Ал инновациялық мәдениеттің жетекші компоненттерінің бірі — оқытудың, педагогикалық технологиясы болып табылады. Неге бүгінгі күні педагогикалық  технологияларға көп көніл бөлінеді?

Себебі технология — оқушы мен ұстаз үшін бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Казіргі кезде жаңа оқыту технологиялары көп таралуда. Кез келген технологияны сол қалпында оқу процесінде қолдану мүмкін емес. Бұл үшін, ең бірінші, мұғалімнің өзіне психологиялық дайындық керек.

Екіншіден, тиісті база, тәжірибе, осы технологияға қатысты білім керек. Осыньң бәрі біріккен жағдайда ғана нәтижелі білім беруге болады. Жаңа формация мұғалімі озық технологиялармен, шығармашылықпен жұмыс істей білгенде ғана мақсатына жетеді. Дәл бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің үрдісіне енгізіліп, үлкен қолданыс тапқан жаңа отандық 4 педагогикалық технологияға тоқталайық»

  1. Доцент Н.А.Оразақынованың«Сатылай комплексті талдау — төл технологиясына» келсек: мұнда мұғалім мәселе қояды, ойлаудьң жолдарын ашады, әрекеттің барысында бағдар береді, жетелейді. Оқушы белсенді субьектіге айналады.

Мақсат: оқушының байқампаздығын, ойлаудьң практикальқ әрекетін дамыту. Бастапқы мазмұны: заңдылыктарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорытады.

Оқытудың формалары: бірлескен, ұжымдық әрекет.

Оқытудың әдістері: баяндау, проблемалық, шығармашылық, зерттеушілік. Бақылау-бағалау:  оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі бақылау, бағалау, сын, пікір айту.

Қазіргі таңда бұл технология 8 пәнге енгізілген. Соның ішінде қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикальқ құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастьтрады. Сатылай комплексті талдау дегеніміз — оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, комплексті меңгертіп, оларды ұлттык құндылыктарды бағалай, қолдана білуге машыктандыра оқыту.

  1. Профессор Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының

ерекшеліктері:

  • сынып оқушыларының жаппай жұмыс істеуіне жетелеу. Бос іспен айналысатын оқушының болмауы. Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.
  • қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады және пәнді оқып-үйренуге тиянақты қызығушылығы пайда болады.
  • ізденіс-дағдысы қалыптасып, шығармашылыққабілеті дамиды.

Технолгия 4 деңгейден тұрады:

І деңгей. Оқытушылық деңгей. Бұл деңгейде оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру.

Мұнда заңдылықтарды, ережелерді, формулаларды білу қажет етіледі. Тапсырмаларды берілген үлгі бойынша орындай алады.

II деңгей. Алгоритмдік деңгей – базалық  минимум білімге сәйкес. Мұнда I
деңгейдегі білімін толықтыру, тапсырмаларды орындай, құрастыра алулары,
күрделі материалдарды жүйелей білуі, алған білімдерін басқа тапсырмаларды
орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергендігі ескеріледі.

III       деңгей. Эвристикалык деңгей — материалды саналы түрде меңгеру. Бұл
деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық
ізденіс, әр түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын,
салыстыра білуі қажет етіледі.

IV      деңгей. Шығармашылық деңгей — өз бетімен оқу материалдарын меңгеру.
Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыда зерттеу
жұмысын өткізуге баулу, оқушыға кішігірім болса да жаңалық ашқандай әсер
беруі тиіс, өзі жаналық ашқанмен бірдей.

  1. «Оқу мен  жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

педагогтің бағыттауымен оқушылардың өз бетімен білімді игеруі,
практикалық іскерліктерін қалыптастыру. Оқушылардың сын тұрғысынан
ойлау қабілеттері дамыған сайын, оларды 4 параметрдің көрсеткіші өседі:
жекеден-жалпыға,  дифференциалдан-сенімділікке,               интуициядан-

логикалыққа, бір перспективадан-көптеген перспективаға. Бұл керсеткіштерді өсіру үшін:

  1. өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін дамыту;
  2. ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білу;
  3. проблемаларды шеше білуін;
  4. пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптарсыру;

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына: бағытталған оқу, хаттардын түрлері, кластер тұрғызу, кубиктер, «ми шабуылының» түрлері, т.б.әдіс-тәсілдері жатады.

СТО — жеке тұлғаньң танымдық процесіне, еріктік процесіне, сезімдеріне, эмоцияларына әсер етіп, төмендегідей нәтиже көрсеткішіне жетелейді:

  • оқушыда белсенді іс-әрекеттің пайда болуы;
  • басқалармен қарым-қатынас жасай білуі, басқаларды тыңдай білуі;
  • қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
  • топтық тұжырымға кіре білу;

— топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу, қорғай білу;

  1. М.Жанпейісованьң «Модульдік оқыту технологиясы». Бұл
    технологияда пән мұғалімдері мамандықтарға сәйкес ерекшеліктерді ескеріп,
    сағат санын өзгертуге ерікті.

«Модульдік оқыту технологиясы» — оқушылардың жеке, топтық, ұжымдык түрде өз беттерінше, өзара жұмыс істеуіне, яғни өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуға және бірін-бірі бағалауына құралған. Бұл технология оқушылардың көбірек сөйлеуіне, тіл жаттықтыруына, сөздік корын байытуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға тиімді.

Бұл жаңа технологиялар оқушы ізденісіне, шығармашыл тұлга ретінде дамуына, ұлттық менталитетті бала бойына қалыптастыруға, зерттеу бағытындағы жұмыстарға, оқушының жеке басы, ішкі дамуы, өзіндік оқуына бағытталған.

«Мұғалім болу оңай — ұстаз болу қиын» деген сөз бар.

Ендеше, қатардағы мұғалімнен білікті ұстаз болу бақытына апарар бірден-бір жол — оның бойындағы кәсіби компоненттілігінің құрамдас бөлігіне айналған — инновациялық мәдениеттіліктің жоғарғы биігінен көріну.