Менің тәрбиеге көзқарасым (Эссе)

114

 

Менің тәрбиеге көзқарасым

(Эссе)

 

Мектептегі  тәрбие жұмысының  тиімділігі мұғалімнің  теориялық және практикалық  дайындығымен және  практикалық дайындығымен және жеке басының келбетімен,әлеуметтік белсенділігімен және ұйымдастырудағы жаңашылдығы мен анықталатындықтан, педагогтардың кәсіби даярлығын ғылыми негізде үздіксіз жетілдіру қажеттігі туындайды.

Сынып мұғалімінің  тәрбие жұмысын ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру үшін,ең алдымен «тәрбие», «тәрбие жұмысы», «сыныптан тыс тәрбие жұмыстары», «тәрбие әдістері» ұғымдарымен  тығыз тәуелділікте болады,яғни тәрбие саласымен айналысатын мамандар бұл ұғымдардың мәнін, құрылымын,мазмұнын және өзара байланысын меңгеруі қажет.

Педагогика тарихындағы тәрбие мақсаты туралы ойларға жүгінсек,тәрбие мақсаты өте қозғалмалы  және өзгермелі нақты тарихи сипат алады.Белгілі  жүйені басшылыққа алған тәрбие жұмысында  ғана тәрбие процесі нәтижесін бере алады.Тәрбие жүйесінде  сыныпта және сыныптан тыс  тәрбие жұмысы ерекшелігі балалардың тұлғалық және жас ерекшелігіне  қарай анықталады. Сыныптан тыс жүргізілетін  тәрбие жұмыстарының мақсаты-сабақ үстінде жүзеге асырылатын  тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету,олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу,қоршаған ортаға  қызығушылығын ояту,қоғамдық белсенділігін  шыңдау және  бос уақытын ұйымдастыруды көздейді.

Қоғам өзгерген сайын тәрбие мазмұны да өзгеріп, оны ұыймдастырудың формалары мен әдістері өзгеріп,сан алуан болып отырады.Сыныптан  тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары ман әдістерін санап шығу мүмкін емес.

Мектептегі тәрбие жұмысына мұғалімнің даярлығы  туралы Я.А.Коменский баланы тәрбиелеуде көп нәрсені біліп,оны практикада  жүзеге асыруы  тәрбиелеу өнерін меңгергені.Балаларды тәрбиелеудің  мақсатын, принциптерін,әдістерін білуін және оны жүзеге асыруда  жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлді.Ұлы педагогтың бұл көзқарасы  педагог мамандарды қайта даярлауда қажет.Д.Дидроның айтуынша, мұғалімнің  дайындығы өз пәнін, тәрбие жұмыстары туралы  терең білімінің болуы, мұғалім жанының адалдығы,төзімділігі басты сапаларының  бірі деп санады.

Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес,өскен орта ,көрген үлгі, өнегесінен. «Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет»- деп М. Әуезов айтпақшы, жас ұрпаққа сапалы білімі мен саналы тәрбиелі беруде  мектептің ерекше орын алатынын білеміз. Мектеп -өткен  мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасындағы дария. Ал мұғалім сол дариядағы заман талабына сай ағыс пен қайық есуші. Оқу- тәрбие үрдісіндегі жаңа, озық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы мұғалімдік бейнесін анықтап алса, яғни ескегі мықты болса, қандай болмасын толқындарға қарсы тұрып, жағаға жетеді.

Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен. Дей тұрғанмен, ерекше тұлға ретінде сынып жетекшінің рөлі зор. Өйткені ол- балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай- ақ, баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең  негізгі болып табылатын сынып жетекшіге от басы мен қоғам ең қымбат азаматтарының тағдырын тапсырып отыр, яғни, сынып жетекшінің  еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады.

Біздің мұғалімдік мамандығымыздағы тұлғалық сапа кәсіби сапалардан ажыратылмайды.  Міне,  осы екі сапаны  дамытуда  сыныптың маңызы ерекше.  Мен  үш жылдық тәжірибемде төмендегі әрекеттер арқылы  жұмысымды нәтижеге  бағыттадым:

-Сыныбымның оқушыларына сабақта, сабақтан тыс оқу жұмыстарында білім алуға жетекшілік жасап, қажет жағдайда оқушыларыма оқу көмегін ұйымдастырып;

-Сыныбымда әр кез татулық ахуалының бұзылмауын қатаң  назарға алып;

-Сынып ұжымын жеке оқушыны зерттеп, әр қайсысына мінездеме беріп;

-Сыныбыма сабақ беретін мұғалімдердің сынып пен жұмысын үйлестіріп;

-Сынып оқушыларымен оқу тәлім-тәрбие  жұмыстарын жүргізу арқылы;

-Оқушырымның  ата-аналарымен жұртшылық пен барынша жақсы байланыс

байланыс жасауды;

-Сынып бойынша белгіленген іс қағаздарын толтыруды;

-Ең бастысы,  баланы әр қырынан тануды үйрендім.

Менің сыныбымда 15 оқушы бар.  Әлеуметтік деңгейлері әр түрлі. Барлығын тең көремін,  бірақ оқушыларымның арасында керағар пікірлер қалыптасқан.

Басында осы жағдай қиындық әкелген. Тәрбие сағаттар мен әңгімелерді  «Достық», «Теңдік» тақырыптарына  арнап, сол арқылы сыныпта ауыз бірлікті тату ұжым қалыптастыруға тырыстым. Көп уақыт өтпей еңбегім нәтиже бере бастады. Осы ситуациядан шығу арқылы  мен сынып жетекшіге  қойылатын талаптың да жоғары екенін  білдім.

Нәтижеге жетудің бір жолы ол-іс- әрекетті дұрыс жоспарлау. Сынып жұмысын жоспарлау барысында тәрбие міндеттерін нақты, дәл белгілеп, балалардың жеке, жас ерекшеліктерін олардың тәрбиелік деңгейі мен өмірдің талабын еске ала отырып, атқару керектігін білдім.