12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

118

 

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

 

12 жылдық білім беру  жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер  мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті,өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді,тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті,шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.

Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңарту-үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі,бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 10 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың сапалы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі: ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына; өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне; адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына; әр елдің экономикалық, мәдени,саяси өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру. 12 жылдық оқытудағы мақсаттары: қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; өзін-өзі дамытуға; жоғары білімді шығармашыл, ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру; жеке тұлға интеллектісін байыту; бала тұлғасындағы рухани және дене мүмкіндіктерін ашу. Қоғам алдында,білім беру жүйесіне қойылған міндетке сәйкес, білім беру жүйесі оқушы тұлғасын үйлесімді дамытуға бағытталған жалпы білім беретін мектептің жаңа үлгісін таңдауға бағытталып отыр. Мұнда баланың қоршаған дүниемен қарым-қатынасында рухани адамгершілік құндылықтарының интеллектісінің,танымдық белсенділігін,іс-әрекетінің негізін қалауға бағдарланған бастауыш мектепке ерекше көңіл бөлінеді.Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты болып отыр.

Бүгінде  жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандатрқа сәйкес білім беру мәселесі ркспубликамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірбиеге,отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып,ұлттық  ерекшеліктерді ескере,оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының  ой-өрісін дамытып,алған білімдерін өз тәжірбиесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін,ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірбие дәлелдеуде. Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқылануда. Мұндағы біздің басты ұстанымымыз-тұлғаның жеке дамуына негізделген,жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау ,нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс,адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 12 жылдық мектептің негізгі мақсаты-оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.Қазіргі кезде қоғамдық әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңалықтар болып жатыр.

Инновациялық процестер ғалымдар мен практик-ұстаздар арасында кең өріс алуда. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетті көрсету үшін зерттеуге дайындау және жеке оқу жетістіктерін есепке алу мақсатында портфолиосын жинақтау қажет. Әр ұстаз оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп,сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз. Қазіргі білім беру саласындаоқытудың озық технологиялары қолданылып жүр. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,адамгершілік, рухани қалыптасуына,өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін дамытып, оқу –тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруна көмектеседі. Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне  қажетті әдіс, тәсіл-амал, дидиактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланады. Бірінші сынып оқушысын мектеп өміріне енгізу ең таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» деген үмітін ақтау бүкіл мектеп ұжымы мен ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа-баланың сауатын ашуы, тілін сындыруы. Яғни, өзінің ойын толық айтуымен қатар оқуға, жазуға үйренуі. Сауаттылыққа үйретуде балаға әріп таныту мен дыбыстарды ажыратуды меңгерту, тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты игерту мұғалімнен ерекше дайындықты және үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің III съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадраларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып,дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа буыны білім деңгейі  жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес,әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл-уақыттың талабы» деген еді. Олай болса, мектеп  оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату қазіргі мектеп мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауда, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Осы орайда, жаңашыл педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады. В.Занковтың «Дамыта оқыту» жүйесі, Эрдниевтың «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы. Д.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» техгологиясы, С.Ковалевтың «Ойын арқылы оқыту» технологиясы т.б.

Бірінші сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның-ойлауын тыйғаның» -деген қағида бекер айтылмаған. Оқушының әр қадамы ойынмен ғана алға жылжиды, дамиды,жетіледі. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді. Мұндағы ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім,білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, қайталау және пысықтау. Ойын кезінде баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп,таным қабілеті артады,мінез-құлқы қалыптасады. Ойынды ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне тікелей байланысты. Бала ойын үстінде білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып,пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.Әр ұстаз оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап,жаңа заман талабына сай, озық  ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп,сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.

Пайдалаған әдебиеттер :