Педагогикалық технологиялар мен білім беру мазмұнын үйлестірудегі мұғалімнің шеберлігі.

84

Педагогикалық технологиялар мен білім беру мазмұнын үйлестірудегі мұғалімнің шеберлігі.

 

Мақсаты: Үрдіс пен нәтижеге сай қызметкерлердің кәсіби мәдениетіне педагогикалық бағыттың өсуіне ықпал жасау.

 

       Ұстаз дегенің өзі-биік атауға  тең. “Болмасаң да ұқсап бақ, бір  ғалымды көрсеңіз!”-деп ұлы данышпан Абай Құнанбаев айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі-адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы ,қазір жаңалықтар легімен енген соңғы технология, технологиялық дәуір ,осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті,ұшқыр ойлы, Отанын жан-тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбилеу және осыған жетелеудің өзі  педагогикалық шеберлік демекпін.
Педагогикалық технология  — бұл қатысушыларға жағымды жағдай туғыза отырып, нақты қорытындыға жету мақсатымен білім беру үрдісін жобалау (жоспарлау), ұйымдастыру, бағыттау және оқушылар мен мұғалімнің қосыла жасаған іс-әрекеттерінің үрдісті жүйесі.
Мұғалім шеберлігінің төрт негізгі бөліктерін атауға болады: балалардың жеке және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру шеберлігі, өз ой-пікірін мақұлдату шеберлігі, білім беру және  тәжірибе қалыптастыру шеберлігі және педагогикалық техниканы меңгеру техникасы.

Мектеп алды даярлық тобында ойын технологиясын қолданамын Өйткені осы жастағы балалар  өзінің күш-жігерін жаттықтырып,еңбек дағдысын,қоршаған орта туралы түсініктерін ойын арқылы қабылдайды.Сондықтан да ойынның сан алуан түрлерін қолдану тиімді. Ойынның өзі дидатикалық,сюжеттік-рөлдік,қимылды және театыр ойындары деп бөлінеді.Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: “Ойын баланың жетекші әрекеті” деген сипаттама береді  өйткені ойын баланы ақыл-ой  жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп,бойын өсіреді. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, балалар қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алады.

 

 Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар жүзеге асырылған:

Оқушыларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.

Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады.

Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын жарыс элементтері енгізіледі.

Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын қорытындысымен байланыстырылады.

 

 

Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?

  • Қисынды ой-қабілетін дамытады
  • Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді
  • Сөздік қоры баийды, тілі дамиды
  • Зейіні қалыптасады
  • Байқампаздығы артады
  • Өзара сыйластыққа үйретеді
  • Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды
  • Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды
  • Сабаққа қызығушылығы артады.

Ойын ұйымдастыру формасына қарай:

Жалпы сыныптық, барлық оқушылар қатысады.

Топтық

Жеке

Дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Дидактикалық ойындар оқу процессінде екі түрлі мақсатпен қолданылады:

Оқу танымдық.

Ойын ойнау мақсатында.

Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру, қайталау, жаттығу сабақтарында пайдалануға болады. Дидактикалық ойындар оқушылардың ой -өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, өтілген тақырыпты саналы да берік меңгеруге әсер етеді.

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар:  «Саңырау телефон», «Кім тез?», «Не артық?», «Кім болам?», «Орнын тап»,  «Қарап ал да есіңе сақта», «Қай әріп жоғалды», «», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» т.б. ойындар
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.

Рөлдік ойындар:

Мектепалды даярлық сыныпта рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын – оқушылардың тілді үйренуге деген сезімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап өздерін және бірін-бірі бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады.

Педагогикалық ойындардың тиімділігі:

         Оқушының ойын жетілдіреді.

  • Тілін дамытады.
  • Сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырады.
  • Ой — өрісін дамытады.
  • Ойлау қабілетін арттырады.
  • Материалды зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі
  • Адамгершілік қасиеттер қалыптасады.
  • Шығармашылығы артады.
  • Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.

 

Қорытынды:

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,-дегендей

Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесем “Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс:ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет.Өйткені олар жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді. Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет- егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету-мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен,шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да,ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.