ҰЛТТЫҚ ТАРИХ – ОТАНСҮЙГІШТІК ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

174

 

ҰЛТТЫҚ ТАРИХ – ОТАНСҮЙГІШТІК ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан тарихын оқып үйренудің қажеттілігі туралы: «Бұл – тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елігінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең  кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын дейді. Бұл — әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл — әрбір азамат тарих қойнауына  ойша тереңдеу арқылы өзінің ата – бабалары қалдырған  осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» —  деген..

 

Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсінуінің, маңызы зор болмақ. Өз халқына деген, өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігі, өз халқы өмір

сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуын мектеп қабырғасында үйрету, әр баланың ұлттық рухта қанаттануының негізі болмақ. Ұлттық рухты бойына сіңіре отырып, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының байлығын меңгеру барысында, патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік  қалыптасады.

Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар – ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ болмақ. Сол себептен де жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге мектепте ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын-жырауларының мұралары, билер мен шешендердің тәлімдік сөздері негізгі құрал болмақ.

Мектеп қабырғасынан бастап ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет.
Қазіргі кезде қазаққа осындай идеалогия керек, өз жерінде өгейсіп, басқа ұлттарға жасқана қарайтын қазақты сол тұнғиықтан суырып аларлық бастама керек ақ. Жаның ұлтжанды болсын, бірақ оны әркімнің біле беруі шарт емес. Халқын сүйген адам еш уакытта мақтаншақтықты сүймейді, ол үшін бүкіл әлемге жар салып мен халқымды сүйемін, ұлтжандымын деудің реті жоқ. Ұлтжандылық – елін сүю, халқын сүю, халқын жоғары дәріптеу. Ұлтжандылық – белгілі тәрбие арқылы келеді, сондықтан да елін сүйетін әрбір адам Ұлтжанды болу керек деп ойлаймын.
Ұлттық рухта оқушыны қоғамдық өмірге даярлау, шығармашылық белсенділігін арттыру, әлемдік өркениеттің адамзатқа тән құндылықтары негізінде, жоғары имандылық қасиеттерге, ұлтжандылық пен елжандылыққа, азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, оқушыдан қоғам талап ететін лайықты мінез-құлық ерекшеліктерін айқындап, жат қылық, жағымсыз әдеттен аулақ болуға тәрбиелейтін басты мекеме – мектеп болып табылатыны белгілі.
Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

  • жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
  • ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

 

  • жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастардың, тастанды жетім балалардың,

«қиын балалардың, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталардың, нашақорлыққа салынған жастардың, тағы басқаларды бірте-бірте жоюда, олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы болады Республикамыздың әрбір азаматы ұлтына,нәсіліне, сенімі мен намысына, саяси көзқарасымен, ұстаған бағыт – бағдарына т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «туған елім, Отаным» деп тануын мектептен қалыптастыру қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану – қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Олай болса , мектеп қабырғасынан баланың сана – сезімін, сол ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін меңгеру негізінде дамыту арқылы, ұлттық құндылықты жастайынан бала бойына сіңіре білсек, еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ. Жаңа Қазақстан – жаңа ғасырда қандай болмақ, несімен ерекшеленбек дегенде – ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен дегім келеді.
Ғалым Н.Елікбаевтың пікірінше: «біріншіден, тарихи қалыптасатын, ұлттық өмір сүру ізімен жалғасқан дәстүрлі қасиет болғандықтан, ұлттан тыс бола алмайды; екіншіден, кез-келген ұлтқа еңбек сіңірген өзге ұлт өкілдері сол ұлтқа бүтіндей беріле алмайды; үшіншіден, отансүйгіштік сезімді тек биологиялық деп қарау ғылымға жат нәрсе, оны жануарлардың инстинктімен шатастыруға болмайды. Отансүйгіштік қасиет  биологиялық емес, ол тарихи, саяси әлеуметтік, идеологиялық дәстүрлі, күрделі құрылым»-деген  екен.

Бүгінгі қазақ патриотизмі  ол мынадай принциптерге сүйенуі тиіс:
— өз ұлтын, ана тілін, мұсылман дінін, туған жерін жанындай сүйетін, қорғай білетін;
— өз ұлтын әлемге танытатын;
— өз халқына деген отансүйгіштігі, бауырмалдығы жоғары;
— отандық өнімдерді, ұлттық тағамдарды әрқашан тұтынатын;
— өз елінің ырымдары мен тиымдарын берік ұстанатын;
— өз елінің салт-дәстүрлерін қастерлейтін және үнемі насихаттайтын;
— өз елінің отансүйгіштік тақырыптағы әндерін тыңдайтын;
— мемлекеттік рәміздерді қасиет тұтатын және қорғай білетін;
— отансүйгіштік ой-санасы жетілген, ары таза;
— қазақ батырларының ерлігін, үлгі-өсиетін өнеге тұтатын болуы керек.

Осыларды бойға дарытпай тұрып,келер ұрпақты патриоттық тәрбиеге лайықты қалыптастыру,алтын бесік елі мен кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар ақыл қайратын жұмсайтын нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсіру мүмкін емес.Қазіргі өсіп келе жатқан жас буындарда Отанымыздағы әлеуметтік саяси құбылыстарға дұрыс көзқарас қалыптастыра білсек, жаңа мазмұнды сана- сезім, іс әрекеті аясында олардың жалпы патриоттық ой пікіріне ықпал етер еді..

Қай заманда болса да адамзат өз алдына – есті, еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді қояды. Соның ішінде қазақ халқы өз ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы ғана  қалыптасады.

 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін» — дейді. Осы ұлағатты пікірді өзіме ту ете ұстап, ел тарихын, халық тағдырын ойлайтын егемен еліміздің патриот азаматтарын  тәрбиелеуде өз үлесімізді қоса берейік дегім келеді.

                                                        Қолданылған әдебиеттер

1. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. «Этнопедагогика» – Астана, 2005ж.
2. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ. «Педагогика. Көрнекі дәрістер жинағы» –

Алматы, 2009ж.
3. Білімдегі жаңалықтар ақпаратты-әдістемелік журналы № 3  19  2007ж 21 бет
4. Білімдегі жаңалықтар ақпаратты-әдістемелік журналы № 4   16  2006ж. — 47-48

беттер.

5.«Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-

2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің

Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200

  1. 6. «Қазақ Совет энциклопедиясы». Алматы 1978ж

7..Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынында» Алматы 1999ж

8.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» Алматы

2000 ж.

9..Сәрсенбаева.М. «Халықтық тәлім тәрбие мұраты-ұлтымыздың айнасы»/Кәсіптік    мектеп.-2005.-№4-5.-25-27б.