Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары

944

Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе бөлім  

Тілге көзқарас –елге көзқарас.

 

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Үштілділік қазіргі заман талабы.

2.2 Үштілідік білім беруді жүзеге асыру шарттары.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі»

 

І. Кіріспе

— Қазақстандағы тәуелсіз жолындағы күресі қазақ тілінің қоғамдағы лайықты орнын талап етуден басталған болатын. Қазақ тіліне мемлекет мәртебесіне әперу оңай болған емес. Осы жолда қаншама тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сөйтіп, елім, тілім деп күрес майданына шыққан көптеген асыл азаматтардың зор қажыр-қайратының арқасында туған тіліміз өз тұғырына қонды. Бұл істердің қай-қайсысының болсын басы-қасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев болғанын тағы жақсы білесіңдер. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік тілімізде оймен бірге жетіліп, қолданыс аясын кеңейте түсті. Оның әрбір сатысынан Мемлекет басшысының қолтаңбасын көтеруге болады. Елбасы дәстүрге айналған жыл сайынғы Жолдауларында да, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында да мемлекеттік тіліміздің тірегі ретінде қазақ тілінің өрісін кеңейту, ел халқының мемлекеттік тіл аясына ұйысуын қадағалап, осыны ұдайы айтып келеді. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрғандағы мақсаты да ел халқын тұтастандыру болатын. Ол, әрине, мемлекеттік тіл арқылы іске асады. Сондықтан Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарын бұрынғыдан да қарқынды жүргізіп, өзге ұлт өкілдерінің мемлкеттік тіл аясында топтасуына ұйытқы болғандары жөн дегім келеді.

«Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі жансақтықтарға жол беріп алып жатамыз. «Үш тұғырлы тіл» — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес» — дейді.

 

2.1. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі. Дәлірек айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл идеясын дамыту үшін мемлекет тарапынан еліміздің әр азаматына көптеген жағдайлар жасалынған.

Биылғы жылғы Елбасының дәстүрлі Жолдауынан кейін тіл саясатында да біраз тың өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, ұлттық терминологияны дамыту, мемле­кеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасын әзірлеу, ағылшын тілін үйретудің курстарын ашу, мемлекеттік қызметке қабылданатын үміткерлерге мем­лекеттік тілден тест тапсыру, қолданыстағы тіл туралы заңнамаларға “Тілдердің үштұғырлығы”, дәлірек айтқанда – үш тілдің бірлігі бойынша өзгерістер енгізу және тағы басқалар.

“Үш тілдің бірлігі” мәдени жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу.

Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Өйткені, мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Міне, осы бағытта еліміз, ең әуелі, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш салып отыр. Бұл мәселе тек қана қазақ халқының ғана емес, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің де алдында тұрған міндет.

Еліміздегі ең жоғарғы лауазым – Президенттікке үміткер тұлғаға қойылатын талаптың бірі – мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін тексеретін сынақтан өту. Осындай қатаң талап неге мемлекеттік құ­ры­лымның басқа да лауазымды тұлға­лары­ның алдына қойылмайды?! Мемлекеттік тілге деген шынайы құрмет жоғарыдан бастау алып, қарапайым халыққа үлгі болса, қазақ тілінің тұғыры беки түсер еді.

Әрбір маманның, қызметкердің өз қызметі шегінде, өзінің кәсіби біліктілігінің аясында мемлекеттік тілді меңгеру межесі нақты айқындалып, жаңа міндеттер жүктелуі тиіс.

Осы арада айрықша тоқталатын мәселе, тілдің тағдырын тек заңмен, басқа да міндеттеу шараларымен, шешу мүмкін емес. Тілге қажеттілік тудыру керек.

Бүгінгі таңда тіл саясатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық және ғылыми-лингвистикалық базаны одан әрі жетілдіру, мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау жүйесін дамыту, терминологиялық базаны қалыптастыру, тарихи атауларды қалпына келтіру, т.б. салалар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 

2.2. Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен, саяси-экономикалық батыл қадамдарымен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген, енді алғашқы 30-дың қатарына кіргізуді мақсат еткен әлемдік деңгейдегі, ірі саясаткер.
Жалпы Мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат — 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуы керек.  Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл жетуге болатын мақсат екеніне көзіміз жетеді. Бұған «Қазақстан-2030» даму стратегиясы куә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы  бұл болашақ ұрпақтың қамы. Болашақ бүгіннен басталады , ел болашағы – ертеңгі азамат, бүгінгі жас ұрпақ. «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» — деген болатын Елбасы.
Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып, сондай-ақ жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлініп жатқаны жасырын емес.

Елбасы Қазақстан-2050 Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм туралы ой қозғайды. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. «Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Сондықтан да өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек.» Осы мақсатта «Қазақстан тарихы» және жаңадан енгізілген «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәндері — оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту,  сонымен қатар қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған моральдық – адами құндылықтарын меңгеруге ұмтылысын тәрбиелеуге бағытталған. Бұл мәселе 1997 жылғы  Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» даму стратегиясының өзінде ұсынылған болатын. Шынымен де қазіргі қоғаммен оның өткенін байланыстырушы тарихи сана қалыптаспайынша патриотизмді қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан да тарихты объективті оқыту және оны насихаттау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен,,интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді.

Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы  мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық  технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпараттындырудың қажетті шартына айналып отыр.

Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.

 

ІІІ. Қорытынды.

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үш тұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Қорыта айтатын болсақ,  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

 

 

Пайдаланған әдебиет

 

  1. Америка ғалымының көзқарасы. Идея триединства языков в Казахстане правильна и будет способствовать развитию страны. // Казинформ. -15 мамыр. — 2008жыл.
  2. Кузьмин С. С., Шадрин Н. Л. Русско-английский словарь пословиц и поговорок. – М.: Русский язык, 1989.
  3. Колпакчи М. А. Дружеские встречи с английским языком. — Ленинград, 1978.
  4. Тен Т. Трудности перевода. //«Карав» газеті.
  5. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 28 сәуір. — 2007 жыл.
  6. Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н.. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» баспасы, 1981.