Ағылшын тілі сабағын өлеңдермен өрнектеп өткізу

118

Ағылшын тілі сабағын өлеңдермен өрнектеп өткізу

 

     Білім берудің практикалық, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін кешенді түрде іске асыру оқушылардың санасына ғана емес, сонымен қоса оның эмоциялық сферасында да әсер ету арқылы іске асырылуы тиіс.

     Грамматикалық материалды, жаңа лексиканы енгізу, тілдік материалды бекіту барысында тыңдауға арналған жаттығулар мен тапсырмалардың тіл үйрену процесі барысында берері мол. Соның ішінде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру барысындағы музыканың алатын орнына тоқтала кетейік. Атақты педагог Ян Амос Каменский музыканы түсінбейтін адам сауатсыз деп айтуға болады деген сөзі бар. Ежелгі Греция мектептерінде мәтіндерінде әнмен үйретсе, Индияда арифметиканы әнмен оқытады.

      Шет тілін үйрету барысында да музыканың ықпалы мол. Олай болса тіл үйренудегі музыканың әсеріне тоқтала кетейік.

А) Ән тілдік қарым қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құралып, оқушының сөз қорының  кеңейіп, бекуіне ықпал етеді, Ән тыңдау кезінде таныс лексика жаңа контексте кездесіп, оны қолданудың қарқыны өсіп, студеттің есінде тез сақталады. Әндерде жер су атаулары, географиялық атаулар, тілдік реалиялар, поэтикалық сөздер жиі кездесетін болғандықтан, студенттің тілдің стилистикалық ерекшеліктерін түсініп, сезінуіне ықпал жасалады.

В) Әнмен жұмыс барысында грамматикалық құрылымдардың қарқыны арта түсетіндіктен, оқушының грамматикалық құрылымдарды еске сақтауы жеңілдей түседі. Әндер заман талабына сай жазылып, сілтемелер беріліп , мазмұнын талқылауға арналған тапсырмалармен толықтырылады.

С) Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы жаңа лексиканы қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады, дұрыс артикуляцияны қалыптастырады.

Д) Әнмен жұмыс барысында эстетикалық тәрбие қалыптасып, оқушылардың  шығармашылық қабілеттері ашылады. Сонымен қоса сабақтағы психологиялық климат ретке келіп, тілдік әрекет қарқындатылып, эмоционалдық көңіл күй көтеріліп, оқушының тілге деген қызығушылығы  арта түспек.

Е) Әнмен жұмыс оқушының монологты, диалогты және ауыз екі сөйлеу тілінің дамуына ықпал етеді.

Шет тілі сабақтарында берілетін әндер мұқият  таңдалып  алынуы тиіс. Ән сабақтың  негізгі тақырыбы бола  алмайды, оны  негізінен жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде қолданамыз және әнге берілетін тапсырмалар оқушының  деңгейіне қарай таңдалып алынады.

 

      Сабақ барысында әрбір мұғалім текстің өлеңді түріне де көңіл бөліп отыру керек. Ол да практикалық міндетті шешумен бірге оқушыларды эстетикалық жағынан тәрбиелеуге, шетел тілі сабағының қызықтылығы мен әсерлілігін жақсартуға мүмкіндік туғызады. Өлеңді текспен жұмыс істеу бірнеше кезеңнен тұрады.

Біріншіден мұғалім өлеңдегі таныс емес, қиын  сөздерді көрнекі құрал,  ия болмаса аударма арқылы түсіндіреді. Оқушылар өлеңнің жалпы мазмұнын түсінген кезде өлеңді магнитофон таспасынан тыңдайды. Кейде мұғалім өлеңді өзі оқып береді. Соңынан оқушылар қиын сөздер мен күрделі сөз тіркесін дыбыстық жағынан меңгеру мақсатымен мұғалімнің соңынан бәрі бірдей әрі жекелей қайталап айтады. Өлең жолдары өте қиын болмаса, толық жатталады, біршама қиын өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқуға алдын ала дайындық жасалады. Ол үшін мұғалім өзі оқушыларға дауыстап, мәнерлеп оқып беруге міндетті. Өлеңдермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың сөздік қорын дамуы, поэзияға деген қызығушылығы пайда болады. Үйге өлеңді оқу немесе жатқа айту, өлең түріндегі әдеби аударма жасауға тапсырма беріледі. Сабаққа қажетті өлеңді таңдау сол кезде өтіліп жатқан лексикалық және грамматикалық материал мазмұнымен, оқулықтағы тест немесе ауызша әңгіме тақырыбымен, сондай-ақ қызыл даталы күндермен байланысты анықталады.

      Көктемгі аналар мейрамы қарсаңында өзімнің шығарған өлеңімді төменгі сынып оқушыларына ұсынамын. (әнімен)

 

My dear, dear mummy

I love you very much

I want you to be happy

Today and every day

Be happy, be happy

Today and every day

Be healthy, be healthy

Today and every day

Моя родная мамочка

Я так тебя люблю

И в этот  день прекрасный

Спасибо говорю

За счастье, за ласку

Спасибо говорю

За счастье, за ласку

Спасибо говорю

 

      Табиғат пен қоршаған орта, экология мәселелерін қозғаған кезде пысықтау сабағында оқушылар төмендегі «The world is Beautiful» өлең шумақтарын «Песня крокодила Гены» деген орысша өлеңнің әніне салып, тез әрі оңай жаттап алуға тырысады.

 

                                                 The world is Beautiful.

  1. Our world is very-very beautiful

    Don’t pollute the air and the land

    Everything will be so very wonderful,

    If you help the nature every day

 

                           Refrain:  Let’s keep the world so clean

                          (2 times)  Keep so clean, keep so clean

                                          Never forget to plant

                                          Many-many trees

 

 

  1. Our world is very-very beautiful

    Don’t destroy the forests and the grass

    Try to keep the land so clean and very nice

    For the world is our native land.

 

                                     Refrain (2 times)

 

 

 

 

 

Жаңа жыл қарсаңында төменгі сыныптың оқушыларына «The New Year Tree was born in wood» атты өлеңді ұсынуға болады. Сөзін аударған өзім.

 

  1. The New Year Tree was born in wood

    It also grew in wood

   The New Year Tree was evergreen        (2 times)

   In winter, summer too                      

 

  1. And now the hare cowardly

                            Was jumping by the tree

                             And now and then the angry wolf    (2 times)

                             Had trotly run away

 

  1. And now it is so beautiful

                       It comes to visit us

                       And brings so many-many joys         (2 times)

                       To each of boys and girls

     

     Ұстаздар мерекесі қарсаңында оқушыларға төмендегі «They are teaching us school» (Учат в школе) өлеңді үйретуге  болады.

1.They are teaching us to read

They are teaching us to read

They are teaching³

They are teaching us to know              (2 times)

More and more from books at school

They are teaching³

  1. They are teaching us to write

Letters, words and sentences

They are teaching³

They are teaching us to make   (2 times)

Different sentences from words

They are teaching³

3.They teaching us to do

Different sums with numbers too

They are teaching³

They are teaching us to know              (2 times)

Different languages at zchool

They teaching³

  1. They are teachinh us to learn

Almost all the subjects too

They are teaching³

They are teaching us to be       (2 times)

Very kind and more polite

They are teaching³

 

     Оқытудың бұл саласында шетел тілінің пәнаралық байланысты кеңейе түседі. Жалпы поэзия тіл ұштауды былай қойғанда баланың ішкі жан дүниесін байытады және адамның, табиғаттық әдемілігін, сұлулығын кеңінен көруге үйретеді. Соны мен қатар балаға үлкен сезімдік әсер береді. Ал бұл шет тілін оқуда өте қажет нәрсе.

     Бағдарлама бойынша 9-сыныпта Ұлы Британияның құрамындағы елдерді, сол елдердің географиясы мен саяси құрылымын, т.б. өтеміз. Сонымен қатар, Шотландия елін бейнелейтін мәтіннен кейін осы елдің ұлы ақыны Роберт Бернстің 

«My Heart’s in the Highlands»  деген өлеңі берілген және орыс тілінде С. Маршактың аудармасы бар («И горах мое сердце»). Әдеттегідей оқушыларға үй тапсырмасы ретінде жаттап, мәнерлеп оқып, лажы барынша қазақ тіліне аударып көріңдер дегенмін. Сабаққа жасап келген аудармалардың арасында ең жақсысы төменгідей болып шықты:

My Heart’s in the Highlands, my heartis not here,

My Heart’s in the Hihglands, a-chasing the deer

A-chasing the wild deer, and following the roe-

My heart’s in the Highlands wherever I go

Farewell to the Hihglands, farewell to the North,

The birthplace of valour, the country of worth

Wherever I wander, wherever I love

The hills of the Highlands for ever I love

My Heart’s in the Highlands, my heart is not here,

My heart’s in the Hihglands, a-chasing the deer

A-chasing the wild deer, and following the roe-

My heart’s in the Highlands wherever I go

 

В горах моё сердце (С. Маршак)

В горах моё сердце, доныне я там

По следу оленя лечу по скалам

Гоню я оленя пугаю козу,

В горах моё сердце, а сам я внизу

Прощай моя родина, Север прощай

Отечества славы и доблести  край

По белому свету судьбою гоним,

Навеки останусь я сыном твоим

Прощайте, вершины, под кровлей снегов,

Прощайте, долины и скаты лугов.

Прощайте, поникшие в бездну леса,

Прощайте, потоков в лесных голоса.

 

Оқушылардың аудармасы былай болып шыққан:

 

Жүрегім менің таулы өлкеде, жаным менің осында,

Жүрегім менің таулы өлкеде, еліктерді қууда

Үркітемін мен жабайы, елік пен ешкіні

Жүрегім менің таулы өлкеде, мейлі мен қайда барсамда

Қош болыңдар таулы өлкелер! Қош айтамын Солтүстікке!

Абыройлы туған жер мен мәртебелі еліме

Кең өлкені еркін кезіп қыдырамын

Сүйіп өтем мәңгілік, таулы өлкенің далаларын

Қош болыңдар қар жамылған биік таулар

Қош бол енді жасыл желек дала менен шалғындар

Қош болыңдар орман және ағаш толы асулар

 

       Бұл жерде оқушы автордың көңіл күйін түсініп, соны бізге ана тілінде толық жеткізіп отыр және үлкен шығармашылық жұмыс атқарды деп есептеймін. Себебі, өлең аудару кезкелгеннің қолынан келмейді. Бізге қазір заманның талабына байланысты қазақша аудармалар өте қажет. Ал Р. Бернстің классикалық ақын екенін ескерсек, ол ешқашан метеп бағдарламасынан қалмайды.

       Ағылшын тілін оқыту процесінде өлеңдермен өрнектеп өткізуде төмендегідей әдістемелік принциптерге бағынышты болуға тиістіміз:

  1. Пайдаланатын өлең мазмұны жағынан сабақтың және тілдік материалмен да өмірмен байланысты болуы керек. Сондай-ақ олардың мазмұны да өмірмен байланысып, тәрбиелік мәнге ие болуы керек.
  2. Өлеңді текстпен жұмыс істеу оқушылардың оқу процесіне белсенді араласуын қамтамасыз етуге негізделуі тиіс.
  3. Жұмыстың бұл түрі сабақтың көп уақытын алмауы керек, өйткені ол оқушылардың жеңіл ермегіне айналып, көңілін бөліп, оқу материалын меңгеруге кедергі жасайды.
  4. Өлеңді текстпен жұмыс істеуді жоспарлағанда кез келген мүмкіндікті пайдаланып, көрнекі құралдарды барынша молайту қажет. Осының бәрін айта отырып, шетел тілін оқыту процесінде, қай тәсілмен жұмыс істесек те көрнекі құралды сабақта көп пайдалануымыз керек. Сонда ғана сабағымыз әсерлі болып, жандана түседі.

      Жалпы өлеңдермен жұмыс жасаудың нәтижесі үлкен. Өйткені ол оқу барысында сезімдік және шығармашылықтың кеңеюіне, сөздік қорының дамуына, ең ибастысы оқушылардың поэзияға деген қызығуының пайда болуына ықпал етеді.

 

      Зерттеулер анықтағандай білім берудің жаңа технологияларының белгілі бір пәнді меңгеру барысында дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда берері мол және студенттердің интеллектуалды ептіліктерінің қалыптасуына әсерін тигізері анық. Олай болған жағдайда жоғарыда қарастырылған мәселелер шет тілі сабақтарын қызықты, тартымды және жоғары шығармашылық деңгейде өткізуге септігін тигізері анық.