«Құзырлық тапсырма – білім алушының дағдыларын қалыптастырудың негізі»

78

«Құзырлық тапсырма – білім алушының дағдыларын қалыптастырудың негізі»

 

Әлем өзгеруде. Қазіргі жаһандану заман талабына сәйкес әлемдік білім жүйесінде өзгерістер енгізілуде. Сондықтан да,  Қазақстанның білім беру жүйесінде де өзгеріс болуы заңдылық. Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттыру мақсатындағы деңгейлік курстардың оқытылуы – соның  дәлелі.

Әлемдегі жаңа өзгеріске менің де қол жеткізгім келді. Сол себепті мен жаңаша өзгерістерді өзім жұмыс жасайтын  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде  тәжірибеде  соңғы жылдары  үнемі қолданып келемін.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда  мен сабақтарымды  Неге?  Қалай? Не үшін? сұрақтары негізінде бастау арқылы ой- толғаныс сұрақтар (ашық сұрақтар), кесте арқылы жұмыс,  зертханалық жұмыстар, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, диалогтық жұмыстар негізінде тұлғаның  айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, проблемалық мәселелерге жауап беру, бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі арқылы олардың өз бетінше жұмыс жасауына, ойлануына, өзін, жолдастарын, айналасындағыларды құрметтеуге, сыйлауға, тыңдауға, өзі туралы басқалардың ойын білуге; кемшілік жақтарын жою жолдарын іздеуге бағыттап, білім алушыға  сабақ үстінде тек  білім беріп қана қоймай, ертеңгі күніне  қажет  болатындай  тәрбиелік  құндылықтарды қалыптастыруға ұмтыламын. Ол үшін күнделікті сабақтарымда  білім алушыларға құзырлық тапсырмалар  беріп  отырамын.

 

Ол  құзырлық  тапсырманы  жасауда  негізгі  мына құзырлық  түрлерін  ескеруге тырысамын. Олар:

  1. Жалпы- мәдени құзырлық
  2. Оқу- танымдық құзырлық
  3. Ақпараттық құзырлық
  4. Коммуникативтік құзырлық
  5. Орындаушылық құзырлық

Жасалатын тапсырма мазмұны  аталған құзырлық түрлерінің  1-2 немесе барлығын қамтуы мүмкін.

Құзырлық тапсырманың құрылымы:

  1. Ынталандыру. Ынталандыру- оқушының осы тапсырманы орындау үшін жасайтын қызметін көрсетеді.

2.Тапсырма. Тапсырманың дұрыс орындалуына  нақты түсінік беріледі.

3.Нұсқаулық. Жұмыс жасау алгоритімі көрсетіледі.

4.Дерек көзі — тапсырманы табысты орындауға арналған ақпарат.

5.Моделдік жауап – оқушыға өз жауабының дұрыстығын тексеру үшін берілетін тапсырманың дұрыс жауаптары.

6.Бағалау критерийлері — берілген тапсырма негізінде балдық жүйемен бағалану арқылы жасалынады.

7.Баға – балдық жүйені  бағаға  айналдыру

Физика  пәні бойынша  құзырлылықтар:

-дүниені  ғылыми  тану  әдістерін  білуі,  байқау  мен  іс-тәжірибелерді  өткізу,  өлшеулерді  өткізу,  эксперименттік  жұмыс  нәтижелерін  өңдеу  және  түсіндіру;

-физиканың  негізгі  заңдары  мен  түсініктерін  білуі,  түсініктердің  физикалық  мәнін  түсінуі,  физикалық  құбылыстар,  заңдар  мен  теориялар  жөнінде  білуі;

-қазіргі  астрономияның  және  астрофизиканың  негізі  идеялары,  аспан  денелерінің  табиғаты,  ғарыштың  құрылымы  мен  эволюциясы  жөнінде  білімнің  болуы.

 

Құзырлық тапсырмалардың тиімділігі:

  1. Білім алушыға дайын білім бермей, білімді тапсырманы өзі орындау арқылы алуы;
  2. Білім алушы алған білімінің негізінде жаңа білімді іздену барысында алады;
  3. Білім алушының оқу дағдысы зерттеушілік сипат ала отырып, пәнді өзінің меңгеруіне жол ашады;
  4. Білім алушының білімі нақты бағаланады, оқушы өз білім деңгейін біліп, саралайды.

Ұстаздың  шығармашылық — ізденіспен, жауапкершілікпен ұйымдастырылған  сабағы оқушының өз бетімен жұмыс жасауына , ізденуіне, болашаққа деген талпынысын арттыруға жол ашады.  Бұл тұрғыда «Физика» пәні сабақтарымда құзырлық тапсырмаларды кеңінен пайдаланамын. Бұл тапсырма түрін   үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіну және сабақты қорытындылау кезеңдерінде пайдаланып келемін. Құзырлық тапсырма  құрылымында  түсінік, ынталандыру, берілетін тапсырма, нұсқаулықтар, дерек көздері, бағалау жүйесі жүргізіліп отырылады.

Мысалы, мен өзімнің сабақтарымды  мынадай төмендегідей  бағытта өткіздім.

  1. 12 жылдық эксперименттік алаңындағы 12 «А» сыныбымен өткізген «Электромагниттік индукция заңы» тақырыбында «ой қозғау» бөлімінде серпілген сауал стратегиясын қолдандым.  Бұл  стратегия барысында оқушылар арасында интербелсенділікті дамытумен ғана шектелмей, оны өмірде қолдануына үйреттім. Оқушылар өз білетіндерін еске түсіріп, қағазға жазып, талқылау жұмысын жүргізді. Осы бағытта оқушылардың сөйлеу дағдыларын, өз ойын нақты дәлелдермен негіздеуді бірқалыпқа келтірдім.
  2. Практикалық жұмыс орындауда қорытындылау бөлімін сызба, кесте түрінде құзырлық тапсырма беріп келемін. Кесте толтыра отырып, оқушы мәлімет берудің маңызын, сыни ойлауы қалыптасады. Мысалы, төмендегі кестеде берілген тапсырмалар:
Сұрақтар Ток күші Кернеу Кедергі
Белгіленуі
Формуласы
Өлшем бірлігі
Өлшеуге арналған құрал
Құралдың сұлбада белгіленуі
Құралды электр тізбегіне қосу

 

  1. «Лоренц күшінің жұмысы. Өздік индукция құбылысы» тақырыбында сабақтың жинақтау бөлімінде постер қорғау жұмысын орындаттым. Бұл жұмыста өзінің нәтижесін берді. Топтық жұмысты орындау барысында оқушылардың өзара талқылауы, зерттеу жұмысын жүргізуі, АКТ – ны қолдану, оқушының өзіндік білімін сараптап, өзін-өзі бағалауға үйретті.
  2. Зертханалық жұмыс орындауда оқушылар теорияда түсінген білімдерін жинақтап, тәжірибеде қолданады. Қолдану аясында білім алушылар қоршаған ортадағы құбылыстарды салыстыра отырып, бағалау барысында түйінді идея, жобалар ұсынады.

Құзырлық тапсырмаларды орындау барысында оқушы білімін бағалауда критериалды бағалау жүйесі бойынша 100 балдық жүйесін пайдаланамын. Әр берілген тапсырмаға балл беріледі. Оқушылар балл жинау үшін берілген тапсырмаларды орындайды.

«5» — 90 – 100 балл

«4» — 75 – 89  балл

«3» — 47 – 50 балл

«2» — 50 балдан төмен

Құзылық тапсырмаларды  орындауда оқушылар мақсатқа жетуде өзі үшін жұмыс жасайды. Оқытудың мақсатына жету бойынша жұмысты ұйымдастырудың тәслі-  дербестік. «Физика» пәнінен  құзырлық тапсырмаларды орындау  кезінде білім алушылардың мынандай  бағыттарда  дамығанын байқадым.

  • білім алушылар өз бетінше түсініктерді, терминдерді, сызбаларды,тақырыптарды, ғаламторды пайдалану негізінде берілген тапсырмаларды  нақты орындай бастады;
  • өзін таныту мен өз әрекетін іске асыру дағдысы қалыптасты;
  • шығармашылық қабілеттері дамып, дәл ойлай білуге және ізденуді үйренді;
  • тәжірибелерді өз бетінше жасауға үйренеді.

Мынадай әдістермен білім алушыларға дәріс беру,  жеке  және топпен жұмыс істеу өте тиімді; әр баланың деңгейі толық көрінеді; мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс күшейеді; нақты бағалауда жеңілдік туғызады.

Бала үшін: қоршаған ортада өзін еркін ұстайды; өз ойларын толық,нақты жеткізеді;  өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады; өзін –өзі бағалайды және өмірде өз білімін қолдана алады.

Назарларыңызға рахмет!