Электрондық оқулықтардың алатын орны

Электрондық оқулық

 

Қазіргі заман талабына сай болашақ мұғалімдерді даярлауда электрондық оқулықтар тиімді болып отыр. Мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – бүгінгі күннің талабына айналғаны сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда  электронды оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді.

      Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және  пайдалану. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықтарды пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмай отыр.Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтежиесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік туғызады.

      Мұғалім үшін электорндық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе.Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжіребиесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

      Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электорндық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электорндық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.

      Электорндық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында .Кейін сынақ не эмтихан тапсырылуы тиіс болса,онда бір материалды үш түрлі құрылымда беруге болады.

  1. Мазмұндау — мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, графика т.с.с түрінде беру.Сонымен қатар мұнда аннимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтерді де қолдану.
  2. Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін, граффик түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.
  3. Өзін — өзі бақылаудың тесттік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі.Тесттік жүйе көбіне алған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін.

     Барлық пәндер үшін «Информатика» пәнін оқытуда «Word редакторын оқыту» электрондық оқулығын құруға  «Microsoft Power Point» қолданбалы праграммасын қолдануға болады. Microsoft Power Point праграммасы арқылы презентация жасауға болады.Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар.

     Жалпы жағыдайда презентация – баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау,дипломдық немесе курстық жұмыстарды қорғау, жаңа сабақтарды түсіндіру,пікірталастар жүргізу т.с.с.қызмет түрлерін ұсыну.Бір сөзбен айтқанда, идеяларды ,өндірілген өнімдерді, қызмет түрлерін ұсыну – осының бәрі презентация болып табылады.

      Кез келген жаңа  идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын ролі зор.Біздің мақсатымыз – презентация даярлаудың техникалық  құралымен таныстыру.Презентация өткізуде көрнекі құралдар(графиктер,диаграммалар,фотоматериалдар т.б.) кеңінен қолданылады.Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы «интерактивті тақталардың» мектептерде көбеюі презентация даярлау қажеттігін туғызады.

      Ал презентация өткізудің ең бір қолайлысы – интернет. Бүгінде интернетте автоматты режимде жұмыс істейтін көптеген презентацияларды көруге болады. «Sabak.kz» форумының «Флипчарт» бөлімінде Қазақстанның түпкір – түкпіріндегі ұстаздардың сабақтарын қалаған уақытта көріп, тәжіребие алмасуға болады.

      Екінші жағынан алғанда презентация деп – айрықша текті электрондық құжаты айтады.Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжаты экранға шығаруды басқарудың айрықша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді.Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті және дистанциялық түрде өтеді. Осы тектес құжаттарды арнаулы праграммалық құралдардың көмегімен дайындайды.

       Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі – «Microsoft Office» дестесімен бірге қойылатын Microsoft Power Point қолданбалы праграммасы. Бұл презентация даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып табылады. Power Point құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез келген кезеңінен ұсынып, көрсетуге болады.Сондай — ақ  интернет сайттарына флипчарт ретінде жіберуге болады.Ол үшін Power Point- та жасалған жұмысты «экспорт» жүйесіне келтіріп, көрестсе де болады.

       Power Point-тағы құжат – слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады.Презентациядағы слайдтар саны шексіз көп бола алады.Құжаттағы әрбір слайдтың өзінің жеке нөмірі болады, слайд құрылғанда ол автоматты түрде нөмірленеді.

        Құжаттағы слайдтар сызықты тізбектеле орналасады. Слайдтарды жою,кірістіру, орын ауыстыру немесе көрсету олардың сызықтық құрылымын бұзбайды.Слайдтар әр текті обьектілерден тұрады.Слайдта орналастырылатын барлық обьектілер Power Point ішкі құралдарымен де, сыртқы қолданбалы праграммалардан да құрылып, безендірілу мүмкіндігіне ие болады. Microsoft Office дестесіне кіретін барлық қолданбалы праграммалар сияқты Power Point праграммасында презентацияны даярламас бұрын, сізде оның мазмұнды бөлігі дайын болуы қажет. Компьютер автор үшін презентацияның мазмұнын, мақсатын, құрылымын анықтай алмайды, ол тек сіздің идеяларыңызды жүзеге асыруда қолданылатын техникалық құрал болып табылады.

        Презентация даярлау мынадай кезеңдерден тұрады:

  • презентацияның мазмұнын, мақсатын жоспарлау;
  • оның құрылымын даярлау;

Файл – Құру (Файл — создать) командасының көмегімен презентацияны даярлау (создать презентацию) сұхбат терезесі ашылады. Соның ішінен Автомазмұн шебері (мастер автосодержания) операциясын таңдаймыз.Ондағы үлгілерді толтырып, ары қарай (далее) батырмасын басу арқылы келесі жұмыс кезегіне көшеміз.

Әрбір слайдтың төменгі колонтитулында презентацияның тақырыбын көрсету керек.Тақырып презентация тақырыбымен дәл келуі тиіс.Экранның сол жағында барлық слайдтардың таңбалары мен онда орналасқан мәтін көрсетіледі. Автомазмұн шеберімен жұмыс істеген кезде дайын толтырылған үлгі ұсынылады.Үлгіге өз мәтініңізді енгізуге болады.Бұл кезде мәтіндік редактордағы барлық (әріптің өлшемін,түсін, оның орналасуын анықтайтын) амалдар қолданылады.

Power Point праграммасында мәтінмен жұмыс істеудің ең маңызды құралы – орфографияны тексеру құралы. Power Point-та  кестелер бірнеше әдіспен құрылады:

  • слайдтар өрісінде кестелер мен шекаралар (таблицы и границы) аспаптар панелінің көмегімен тікелей қолмен салу арқылы;
  • кестені қосу (добавить таблицу) аспаптар панелінің көмегімен жолдар мен бағандар санын көрсету арқылы;
  • сыртқы праграммалардан (Excel ,Word) алмасу буферінің көмегімен көшіру және кірістіру арқылы;

Слайдта диаграммалармен жұмыс істеуге де болады.Ол үшін Power Point праграммасының аспаптар панеліндегі диаграмманы қосу (добавление диаграммы) батырмасы арқылы немесе  Excel-де тұрғызылған дайын диаграмманы алмасу буферінің көмегімен кірістіруге болады.

        Сыртқы қолданбалы праграммаларда құрылған графиктік  бейнелер – иллюстрация деп аталады.Дұрыс таңдалып алынған иллюстрация кез – келген стилдегі презентацияны жақсартуға септігін тигізеді. Қарапайым иллюстрацияларды Clip Art, Corel Draw, Adobe Photoshop, Paint праграммаларының көмегімен дайындайды.

      Power Point  праграммасындағы слайд обьектілерінің шығу реті – анимация деп аталады.Слайдтағы әрбір обьектінің анимация параметрлері өз алдына жеке алынады.Топталған обьектілер бір обьекті болып есептелінеді де, анимация оларға бірге жасалынады. Мәтіндік обьектілердегі әрбір азат жолды, әріпті жеке анимациялауға да болады.

      Қорыта келе, электорнды оқулықтың құрамында:

  • титул беті;
  • мазмұны;
  • аннотация;
  • оқу материалыңың толық мазмұны (схемалар,кестелер,графиктер, иллюстрациялар);
  • автор жөнінде мәлімет;
  • праграммамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс;

Оқытудың компьютерлік құралдары дидактика мен әдістемесінің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз.Яғни оны оқу үрдісінде пайдалану негізінде:

  • оқытудың сапасы артады;
  • оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
  • уақыт үнемделеді;
  • мұғалімдердің оқыту барысындағы сабақ түсіндіру,бақылау алу, бағалау,білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс- әрекетке көшуіне алып келеді;
  • түрлі иллюстрациялар пайдаланылады;
  • түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырулар жеделдетіледі;

Сонымен, болашақта мұғалімдердің электорндық оқулықтарды қолдануы -шығармашылықпен жұмыс жасауға, белсенділікті арттыруға т.с.с мүмкіндіктердің көп екенін көріп отырсыздар.

       Олай болса, әр ұстаз қауымы осы жаңа ақпараттық технологиялардың қыр – сырын жетік игеріп, жеке электорндық оқулықтар шығарып, болашаққа нық қадам басуларыңызды тілеймін!

Табыстарыңыз жемісті болсын құрметті әріптестер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қараша 2008 жыл.