«Қазақ тілі мен әдебиетінен білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеудің білім беру сапасын арттырудағы рөлі»

 

 

Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиетінен білім сапасын диагностикалау мен мониторингілеудің білім беру сапасын арттырудағы рөлі»

 

 

Қайырлы күн бүгінгі тамыз маслихатына қатысушы қонақтар мен әріптестер! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеңіс тілеймін. Қашанда қазіргі заманға сай тұлға дайындап, тәрбиелей берулеріңізге тілектеспін.

Мен өзімді таныстыра кетсем 2010 жылы «Болашақ» Университетін үздік аяқтап, өзім түлеп ұшқан аялы мектебімде қызығы мен шыжығы қатар жүретін еңбек жолымды бастадым.

Қазіргі қоғам талабы-оқыту мен үйретудің әдістемелерін жақсарту және жаңа технологияның озық тәжірбиелерін қолдану керектігін көрсетіп отыр.

Бүгінгі біздің алға қойған мақсатымыздың бірі-оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білім сапасын салыстыра отырып,  үлкен нәтижелерге қол жеткізу. (3-слайд)

Осы орайда шешілуге тиіс міндеттеріміз:

  • Қазақ тілі мен әдебиеттің білім сапасын алдағы көрсеткіштермен салыстыра отырып, оқушы білімін нақты бағалау;
  • Үлгерімі нашар және қабілетті оқушылармен жекелей жұмыс жасау;
  • Оқушыны алдағы уақытта жақсы оқуға, жоғарғы баға алуға, күнделікті сабаққа үнемі дайындалып келуге ынталандыру; (4-слайд)

Негізгі пән ретінде осы тәжірбиенің ұтымды жақтары:

  • Мұғалім жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білім сапасын салыстыра алады;
  • Өсу мен төмендеудің себебін анықтап, сол бойынша жұмыс жүргізіледі;
  • Тоқсан сайынғы жасалатын мониторинг бойынша анализ жасап, тарауды, тақырыпты қалай меңгергенін бақылау арқылы жұмыстар жүргізіледі; (5- слайд)
  • Қосымша сабақтарда осы саластыруды пайдалана отырып, үлгерім сапасы төмен делінген тақырыптарды қайталау арқылы оқушы білімінің олқы жерлерін жан-жақты толықтыруға болады;
  • Уақытша оқытқан не жаңадан келген мұғалім тоқсан сайынғы жыл бойғы мониторингіге қарап оқушының білім сапасын байқай алады;
  • ҰБТ-де де осы әдістің пайдасы зор. Әр алынған тестерді салыстырып, анализ қорытындысына сай тапсырма жұмыстарын орындауға болады; (6-слайд)

Осы тәжірбиені қолдана отырып, бір жылғы еңбегімде мынадай көрсеткіштерге қол жеткіздім:

Ең алдымен өзім сабақ берген 5-сыныпқа тоқталып өтейін, І тоқсанда қазақ тілі пәнінен сапа 75% болса,   ІІ тоқсанда 88% -ға жетті. Көрсеткіш IV тоқсанда да  88% -ға жетті. (6 слайд).  Аталмыш сыныпта  тоқсандық бағасы төмен болған оқушымен қосымша сабақтарда жекелей жұмыс жасалды. Тақырыптық тексеріс жүргізіліп, әр тақырып бойынша қосымша жаттығу жұмыстары жасалды. Өтілген тақырыптар талданып, оқушы деңгейіне сай үлестірме қағаздардағы тапсырмалар орындалды. (7-слайд)

Өзім жетекшілік еткен 7-сыныптың І тоқсандағы білім сапасы 75%  болса, жыл соңында бұл көрсеткіш 88%-ға жетті.  Әр тоқсан сайынғы маниторингіні талдап, оқушы білімінің олқы жерлерін анықтап, соның орнын толтыру басты мақсат болып көзделді. Бұл сыныпта да аптасына бір рет қосымша сабақ өткізіліп, оң нәтижелерге қол жеткіздік. (8-слайд)

Кеудесінде Отанға деген оты жалын атқан ақиық ақынымыз М. Жұмабаев «мектебімізді таза, сау, берік,  һәм өз жанымызғы қабысатын, үйлесетін етіп құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ келешегіміз күңгірт»,-деп артына қалған ұрпағына келелі кеңес беріп кеткенді. Осы орайда қоғамның саналы азаматын тәрбиелеп шығаруда білім мекемелері мен жаны ізгі ұстаздардың еңбегі зор. (9-слайд)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев: «бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын елеулі түрде қайта қарау талап етіледі және оны бүгіннің өзінде жасау қажет»,-деп атап көрсетті.  Өз мақсатына жету үшін ұстаздың қолында екі қаруы болуы керек. (10-слайд). Бірі-терең ғылыми білім, екіншісі- сол білімін оқушы  бойына дарыта алатын әдіс-тәсілі. Осы екеуін ұштастыра білген мұғалім ғана жаңа заман көшіне ілесе алады. Бірақ қалай дегенде де, қай ұстаз үшін практикалық тұрғыдан дәлелденген, мазмұны жағынан ұлттық құндылықтарға бай, тәжірбиеде көп қиындық туғызбайтын өз ғалымдарымыздың технологиялары деуге болады. Осы тұрғыда ең басты үш технологияға тоқтала кетсек: Н.А.Оразахынованың  «Сатылай кешенді талдау технологиясы», Ж.Қараевтың «Деңгейлік-саралап оқыту», сондай-ақ М.Жанпейісованың «Модульдік  оқыту технологиясы». Осы әдіс-тәсілдер мұғалімдер үшін «біліктілі құралы» болмақ деп айтуға болады.

Осы уақыт ішінде маған және оқушыларыма  қолайлы болған әдістердің бірі  модульдік оқыту технологиясы, деңгейлеп оқыту, сөйлем талдау барысында сатылай кешенді талдау. (11- слайд)

М.М. Жанпейісованың модульдік оқытуда ойын түрлері арқылы, түрлі сызба, кесте және тағы басқаларын пайдаланып оқушыны жалықтарып алмай,  әрі уақыт үнемдеп,  ойын жүйеллі түрде жеткізіп, практикалық істерге, яғни жаттығу жұмыстарына көп уақыт арнау арқылы оқушының біліктілігі жүйелі түрде диагностикаланады.

Деңгейлеп оқыту кезінде әр оқушының деңгейіне сай тапсырма жұмыстары беріледі. Оқыту мақсатын деңгейлей көрсете отырып, түрлі топтарға арналған оқу үдерісіндегі түрлі жұмыс формалары бсты назарға алынады. Тұлғаны қоршаған орта танымдық ерекшеліктеріне негізделіп, білім берудегі қолданыс аясында бұл жаңашылдық-ең қолайлы.

Сабақ үстінде оқушы өзінің қаншалықты түсініп, ұғып отырғанын сезгенде және өзіне-өзі сеніп, есеп бергенде ғана оқыту ісі жемісті болмақ.  Оқушыларды осындай ыждағаттылық жолына тәрбиелей алған мұғалімнің ісі де сәтті болады. Сабақтың тиімді жоспарын жасап, таңдап алынған әдістерін бәрін бір ізге салу мұғалімнің білімі мен біліктілігіне байланысты. Сабақ үстінде оқушылар қай  нәрсені де оқушылар дұрыс таңдау үшін есту, түйсіну, көру деген сияқты қабылдау ерекшеліктерін ойластырып, сол нәрсенің баршамен  байланысын  сездіре отырып түсіндіру  басты мәселе етіп көрсетіледі. Сабақтың жүйелі болуы оқушыға жан-жақты ойлауға, одан практикаға көшу ақиқатын байқатады. Бір-бірімен байланыссыз түсіндірілген сабақтар, сан алуан ұғымдар, құрғақ жаттығулар-шындық болмысты анықтай  алмайтыны, білім дағдысын қалыптастыра алмайтыны өмірде анықталған мәселе.(12- слайд). Өздеріңіз көріп отырғандай жыл бойында «жақса» баға алып келген оқушы жыл аяғында «өте жақса» деп бағаланды. Тоқсан сайын мониторинг жасалып, одан анализ яғни диагносткасы жасалып талданды. Оқушыны ынталандырып,  оқушы білімін шыңдауда бұл тәсіл өте қолайлы.

Үлгерімі төмен оқушылармен қазақ тілі сабағынан қосымша диктант түрлері белгілі бір тақырып негізінде құрылған жаттығу жұмыстары, кітаппен жұмыс жүргізілді.  (13- слайд)

Алдымызда отырған әр оқушы-жеке тұлға. Осы әр оқушының өзіндік жеке ерекшеліктерін, қабілетін айыра біліп. Оны дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты талап етеді. Сапа саннан шығады, десекте әр сыныпта 7-8 оқушыдан отырған сыныптардың оқушылар арасынан қабілетті оқушыны табуға болады. Ол үшін шығармашылық бағыттағы жұмыс көбейу керек. Яғни оқылған шығарманы құрылысына талдау, авторларын талдау, кейіпкер әрекетіне деген көзқарасын анқытау.

Осы орайда әр оқушының қабілетіне сай жазба  жұмыстарының мынадай түрлерін ұсыну: айтылған ойға өз пікірін қосу, мәтіндегі оқиғаны түрлі сарында  аяқтау, кейіпкерге мінездеме беру, тілдік байлықты нығайту үшін синоним сөздерді, нақыл сөздерді пайдалану. Белгілі бір ақын-жазушының бір шығармасын басқада шығармаларымен салыстыру , газет-журнал бетіндегі кейбір әңгімелерді басын сыныпта оқып, соңын үйден оқып келуін тапсырам. Осындай салмақты істердің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Пәнге қызығушылығы артты,  білім сапасы да жоғарлады.

ҰБТ – қа дайындық кезінде мен осы әдісті жиі пайдалану арқылы, әр оқушының тақырып бойынша білім сапасын анықтап сол бойынша тапсырмалар орындатқызып отырдым.  Жыл басында қазақ тілінен 25 сұрақтың ішінде 12-13 баллды көрсетсе,  жыл соңында бұл 21-23 баллдық көрсеткішке көтерілді. Әр алынған сынама тестке және әрбір оқушыға маниторинг жасалып, (14-слайд) білім сапасы анықталып талданды. Және талдау қорытындысына сай жұмыс жүргізілді.  Оқушыға қойылған қатал талап пен сұраныс, қоян-қолтық жұмыстың нәтжесі оң шешім тапты. Аудандық тесттан 100 пайыз сапа көрсетті. «Не ексен,  соны орасың», демей ме атам қазақ. (15 слайд). ҰБТ деген үлкен жауапкершілікті талап ететіні баршамызға мәлім. Оған бір ғана мұғалімнің еңбегі аздық етеді. Сондықтанда бұл жетістікке жетуіме мектеп басшылығының дұрыс талап қоя білуімен қатар осыған дейін білім берген ұстаздардың да еңбегі зор.

Тыңдағандарыңызға  көптен-көп рахмет!  Қазақстанның келешегін дарынды оқушылармен бірге қалайық. (16 слайд).