Сызу және бейнелеу өнері сабағында ақпараттық- коммуникативтік технологияны пайдалану өзектілігі.

106

Сызу және бейнелеу өнері сабағында ақпараттық-   коммуникативтік технологияны пайдалану өзектілігі.

Адамзат ХХІ-ғасыр есігін — әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында – ашты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы – «Әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру»- стратегиясының маңызы ерекше болса, биылғы- «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтар тасқынын әкелуде. Сонымен қатар әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.

Ақпараттық – коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

« Адам мақсатқа,ең алдымен,өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді »

Әл-Фараби

Мектеп қабырғасында Cызу бейнелеу өнері пәнін ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.

  • Сызу бейнелеу өнері пәнінің тарауына арналған электрондық оқулықтар:
  • оқу материалы (кескіндер; кестелер; графиктер; бейнелер);
  • өзіндік білімді тексеру жүйесі;
  • өзіндік бақылау жүйесі;
  • бейнелеу өнері тест сұрақтары;
  • сурет терминдері;
  • сызу тест сұрақтары;
  • сызу көрнекілігі,сызбалар

Мектеп психологымен бірлесіп жүргізілген диагностика нәтижесінде сыныптың   оқушыларының кейбіреулерінің көру арқылы есте сақтайтындығы, кей оқушылардың есту арқылы есте сақтайтындығы анықталды.. Қазіргі кезде ақпараттық технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз.Сабақта көру арқылы есте сақтайтын оқушылар үшін үнемі  пәндер бойынша оқу ақпараттарын меңгеруін күшейту мақсатында электронды оқулықтар бар. Сондықтан көру арқылы есте сақтайтын оқушыларға ақпаратты-коммуникативтік технологиясын таңдап алдым.

Мысалы, 9 сыныптағы электрондық оқулықтағы тәжірибелерін, тестік   анықтамалар мен есептерін, термин сөздерді оқушыларға қолданып көрсетемін.

Сабақтың тақырыбы: . «Өзара перпендикуляр үш жазықтық »

Мақсаты:

Пәнаралық байланыс;инферматика,геометрия,бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, электронды оқулық, мультимедиялық жүйе, қосымша әдебиеттер.схемалар

Электронды оқулықты іске қосып анықтамасын, өткен сабақтың формуласын, өлшем бірлігін, тестік сұрақтарды барлық оқушыларға беріп, жауаптарын партаға таратылған қосымша қағаздарға түсіртемін.

.    3. Оқушылардың жауабын аралап жүріп тексеріп бағалаймын.

ІІІ. Жаңа  сабақ:. «Өзара перпендикуляр үш жазықтық »

1).Оқулықтағы суреттерді экранға проекциялай отырып жаңа сабақты түсіндіремін.

2) электрондық оқулықтағы  анықтама сызба, бейне көрсетілімді  көрсету арқылы      сабақты пысықтаймын.

Практикалық бөлімінде

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау және дәптерлеріне сызу

3). Оқулықтағы Y-фронталь,W-профиль, H- горизонталь үш проекциясын сызу арқылы сабақты бекітемін..

4). Қорытынды Сұрақ-жауап

5). Бағалау парағы «оқушы өзіндегі бағалау парағын толтырады».

 

Білетін едім Білдім Білгім келеді?

6). Үйге тапсырма беру,оқушыларды бағалау

Сондай – ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін арттырады. Әртүрлі сызбаларды көрсетуде мысалы «аксонометриялық проекция» тақырыбында  түрлі -түсті сиямен ерекшелеп көрсетумен қатар, сызғыш, транспортир, қажетті кескін суреттерді  тез тауып сызып қолдануға болады.

Сабақ тақырыбы;Портрет жанры

Қызығушылығын ояту мақсатында. Компьютерден жеңіл музыка жіберу арқылы

-Кәне;балалар бәріміз көзімізді жұмып,өзімізді мектепте емес ну орманда жүрміз деп елестетейік.Жан-жағымызда әр түрлі талдар,сол жақта ақ қайың ,оң жақта шырша,емен,артымызда қарағай, шетен.Не деген керемет талдар!Елестеттік пе ?Енді көзімізді ашып тыңдаймыз.Бұл сиқырлы орман,әр тал жеке адам.Өзіне тән мінезі бар,өзіне тән келбеті бар.Біздер бүгін мейрімді сиқыршылармыз.Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адам бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады ?

-Портрет.

Оқушылар компьютердегі сақталған портет жайлы мәліметтермен танысады.Осы жерде біздерге уақыт үнемдеуге, плакаттардан құтылуға. Жаңа технология көмекке келеді,қолмен жазу,сызу жұмыстарын жеңілдетеді

Композициялық орналасуына байланысты үшке бөлінеді.

1.Иық бөлігіне дейінгі портрет.               Осыған қосымша

2.Бел бөлігіне дейінгі портрет.           4.Қимыл-қозғалысқа арналған портрет.

3.Толық фигуралы портрет.               5.Мінез-құлыққа арналған портрет.

6.Салтанатты портрет.

7.Әзіл-сықаққа арналған портрет.

8.Топтасқан портрет.

-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы қандай сабақта кездеседі.

Әдебиет пәні.Экрандағы слайд арқылы жазылған мәтінді талдайды.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне,

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне.

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара.

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл-өлеңмен берілген портрет.Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,қара торы жігіт.Қыр мұрынды қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы ,мұрты бар.Жасы 25-30 шамасында».

Практикалық бөлім .

Компьютерден бастың салу жолдарын көрсетіп ,оқушыларға көрсетемін.

Сурет салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын қадағалаймын.

Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық – коммуникативтік мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.

Сызу бейнелеу өнері сабақтарында  ақпараттық – коммуникативтік технологияны тиімді пайдалану —  артуына әкеледі .Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі. Сабақтан тыс шаралар негізінде  Облыстық техникалық шығармашылығы орталығында сабақ бердім

З.М.Шепель. «Технология –бұл өнер,шеберлік,ептілік,іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» десе,М.Чошанов «Технология-бұл дидактикалық жүиенің құрамды бөлігі»деген анықтама берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу
Оқушының пәнге деген қызығушылығының артуы

 

 

 

 

Мұғалімнің пед технологияны игеруі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорыта келе ,көбіне біздерге практика жүзінде қолмен сызу ,сурет салу көрме ұйымдастыру керек болады сондықтан,бірге жүріп отырған дұрыс деп ойлаймын.Дегенмен қазіргі жағдайда технология заманында автокад,фотошоп,

пайдалану керек.

Ақпараттық – коммуникативтік технология көмегімен орындалатын жұмыстар өзінің кез келген формасында тиімдірек орындалады, адамның дамуына әсерін тигізеді.Ақпараттық технологиянық артықшылығы ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады,өз бетінше оқып – үйренуі жүзеге асады,нәтижесін бірден көруі, жіберген немесе дұрыс меңгермеген тақырыптарды қайтадан оқу мүмкіндігі, оқу үрдісін басқару мүмкіндігі,бұрын алған білімдерін кеңейтеді.

Қаулы:Компьютер,интерактивтік тақта. Сызу, бейнелеу өнері электрондық оқулықтармен жұмыстансын.