Сүт қалай ұйықтады?

Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?

Сабақтың білімділігі:  Оспанхан Әубәкіровтің  өмірбаянымен  таныстыру, ертегінің мазмұнын ашу,сүт тағамдарымен тереңірек таныстыру.

 Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларға бағыт-бағдар бере  отырып, өздіктерінен жұмыс істеу,  өз ойын әдеби тілмен өрнектей    білуге машықтандыру.

Сабақтың тәрбиелігі:  Ертегі арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу,төрт түлікті құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

  Сабақтың көрнекілігі: О.Әубәкіров суреті,әр бөлімге байланысты суреттер, «Сөз құрап жаз» кестесі,

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.  2.Психологиялық дайындық.  3.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 3Кіріспе әңгіме.Оқушылардың қызығушылығын ояту.

-Бүгін Оспанхан Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» деген шығармасымен таныс боламыз.

Шығармамен таныспас бұрын авторымен танысып алайық.

  1. Сергіту минуты.
  2. Оқулықпен жұмыс.

1.Ертегінің мазмұнын түсіндіремін.

2.Өлеңді нақышына келтіре оқып беремін.

3.Оқушыларға тізбектей оқытамын.

4.Тыйым сөз: Кісіге қарап есінеме.Есіней қалсаң,аузыңды қолыңмен қалқала. (Оқушыларға өздері білетін тыйым  сөздер айтқызу.)

  1. Ертегімен жұмыс.Тауып оқу.

  1.Ертегіден  ел-жұрттың сөзін тауып,әуеніне сай оқы.

         2.Ертегідегі мақалды тауып оқы.

         3.Әженің іс-әрекетін тауып оқы.

         4.Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып оқы.

  Ертегіні бөлімдерге бөлу (3 бөлім)

 Бөлімдерге ат қою. 1-бөлім: «Сүттің ұйықтап қалуы».

                                  2-бөлім :«Сүттің тасуы».

                                  3-бөлім :«Қалтаға құюы».

Бөлімдерге сәйкес суреттерді ілемін,өз сөздерімен ертегіні баяндатамын.

Өмірмен байланыстыра отырып, «Құрттың дайындалуы» туралы айтамын.Сабақты қорыту:                                                            

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма: Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу