«Жас ұрпақтың толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетін тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелердің, мектептің, жанұяның, үкіметтік емес мекемелердің өзара байланысы»

194

 

 «Жас   ұрпақтың  толеранттылық  пен  ұлтаралық  мәдениетін  тәрбиелеуде  мектепке  дейінгі  мекемелердің, мектептің, жанұяның, үкіметтік  емес  мекемелердің өзара  байланысы»

 

Тəрбие – педагогикалық процесте өте маңызды, əрi күрделi де ұзақ мерзiмдi қажет ететiн құрамдас бөлiгi екендiгi мəлiм.Егемен  еліміздің  тірегі-тәрбиелі, білімді ұрпақ.

Тәрбие — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын іс-әрекет. Мектеп барлық кезде оқушыларды елжандылыққа, елін, халқын, туған жерін сүю және қорғау сезімдерін дарытып және дамытып  келеді.

1996 жылы  ЮНЕСКО  «Толеранттылық  жылы»  деп  жариялады. Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев  2009  жылы  26  қарашада  Қазақстан  халықтарының ХҮ   ассамблеясында  оқыту  жүйесі  мен  тәрбие   жұмыстары  арқылы  Қазақстан  қоғамында  толеранттылықты   және  азаматтық  сәйкестікті  дамыту  қажеттілігін  атап  көрсетті.Толеранттылық тәрбиені дамытуда әрбір ұрпақ елжанды болуы керек.

Осындай ұрпақ  тәрбиелеу жолы ашықтықты, рухани және мәдени мазмұнға бай ұлтаралық татулықты, толеранттылықты қамтамасыз етуге бағытталған сара жол болуы  қажет.

«Адам — елдің  байлығы».Өйткені  білімді де білікті  адам  ғана   ел  намысын  көрсететіні  анық. Ол балабақшадан,  мектептен, отбасынан  алған  тәрбиеден   бастау  алмақ.

Индивид пен қоғамның мәдениетінің даму деңгейінің сипаттамасы ретінде, адамның өзімен және өзгелерімен үйлесімді қатынаста өмір сүруін сипаттайтын мәселе – толеранттылық болып табылады. Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia — шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.

Толеранттылық  проблемасы  мынадай  мәселелермен  тығыз байланыста  анықталады: ұлтаралық  қарым- қатынас, ұлтаралық  қарым- қатынастарды  тәрбиелеу,  дінаралық  қарым-қатынас,  этномәдени  білім беру, көпмәдениеттілік,  көптілділік,  т.б.

Толеранттылықтың  көрініс  беруі  салалары  бойынша  мынадай   бағытта  ажыратылады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамның еркін дамуы мен жалпы өмір сүруіне деген күреске қажетті принциптер мен құндылықтарды алға қою бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелерімен тікелей байланысты.

Саяси мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық орнығып болды деу қиын. “Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Педагогика рухани мәдениетті, шыдамдылықты, төзімділікті, толеранттылық тәрбие қалыптастыруды бала өмірінің алғашқы жылынан

балалар бақшасында бұл процесс мектепке дейінгі балалардың жаста жүзеге асады.Адамның рухани мәдениет дамуында ұрпақтан ұрпаққа көшкен, дамыған,біздің адамгершілік ең саналы адамгершілік қасиетіміз  болып есептеледі, өйткені Тәуелсіз мемлекетіміздің одан әрі гүлдене беруіне үлес қосу, толеранттылық  тәрбие осынау ортақ міндеттерге сәйкес мектепке дейінгі балаларды тәрбиеленеді.Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, қарым-қатынас жасауға, жеке басының қоғамдық бағытын моралдық дамуы

мектепке дейінгі мекемелер , жан-жақты дамуын, олардың мектепке

«Балалар бақшасындағы тәрбие программасын» жүзеге асыруда басты рол атқарады. Сонымен  бірге  үкіметтік  емес  ұйымдармен бірлесе  отырып , солардың бірі  дін    өкілдерімен  бірлесе жасаған жұмыстар  нәтижесінде  әрбір  жеке  тұлға  бойына  имандылық  пен  инабаттылық , адамгершілік  қасиеттерді, төзімділік пен шыдамдылықты  дарыта отырып, толеранттылық  тәрбиені  дәріптейміз.

Толеранттылықтың жекелеген аспектілері қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне де арқау болды: Г.К.Искакова, М.А.Кучерова, П.И.Мамедова, Б.А.Тұрғынбаева, Ж.Наурызбай, К.Сүюнова, Қ.Қожахметова, Қ.Бөлеев т.б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, С.Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г.А.Уманов ұлтаралық қатынастар педагогикасының теориялық негіздерін қарастырды.

Отбасындағы толеранттылықты зерттеуге көп көңіл бөлген ғалымдар Л.В.Байбородова, О.С.Ковалева, М.И.Рожков, М.А.Ковальчук, Т.А.Куликова, М.А.Коренева және т.б.

Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан — тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан — тәрбиелік орта.Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.

Ата-ана – толеранттылықтың үлгісі бола білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың берген үлгілері үлкен мәнге ие. Ең негізгісі бұл бала бойында толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет жасау стилі жатады.

Толеранттылықты қалыптастыру күрделі үрдіс.

 

Осы педагогикалық -психологиялық  тәрбиені бере  отырып, біз қоғамда толериантты ұрпақ тәрбиелейміз.

Осы тәрбиені бере отырып, қоғамда мынадай ата-ана тәрбиелеп, толерантты тәрбиені дамыта аламыз.

Мұнда да мектеп психологы мен сынып жетекшінің көмегінсіз болмайды. Ең алдымен психологтың көмегіне жүгінеріміз анық. Яғни тұлғаның толеранттылық деңгейін диагностакалаусыз оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау мүмкін емес.

Біз ғылыми зерттеу жұмысын  Маңғыстау  облысы,  Бейнеу  ауданы  Абай  атындағы орта мектепте  практика  барысында  оқушылар мен ата-аналар арасында толеранттылық деңгейін анықтау мақсатында диагностика жүргіздік.

П.В. Степановтың «Егер сіздің аяғыңызды басса …..» әдістемесін оқушылар арасында пайдаландық. Толеранттылық және интолеранттылық деңгейін -анықтау мақсатында 7-8  сыныптан   50 оқушыға сауалнама өткізілді. Оқушылар арасында өткізілген бұл сауалнамалар нәтижесінде оқушылардың толеранттылық деңгейі жақсы деңгейде екені байқалды.

Осы орайда оқушылардың басқаның көзқарасына деген шыдамдылығын және оған құрметпен қарау деңгейін анықтау үшін «Толеранттылық» тестін жүргіздік. Бұл тестің басты шарты: ойланбастан, тез жауап беру болып табылады. Бұл тестте оқушылардың қоршаған ортасына деген қатынасын анықтауға арналған сұрақтар қолданылды. Оқушылардың берген жауаптары олардың өз көзқарастарын нық қорғай алатындығын, диалог жүргізуге дайын екендіктерін көрсетті. Дегенмен кейбіреулері өз көзқарасын біреуге жүктейтіндігін немесе басқа адамдармен тіл табысуға кедергі болатындай мінездер танытатындарын жасырмады.

Соныңда ата-аналарға біздің тарапымыздан төмендегідей кеңестер ұсынылды:

— егер баланы тұрақты сынап тұрса, ол жеккөруге үйренеді.

— егер бала дұшпандықта өмір сүрсе, ол басқыншылыққа үйренеді.

— егер баланы келекелесе, ол тұйық болып өседі.

— егер баланы жиі кінәласа, ол өмір бойы кінә сезімімен өмір сүреді.

— егер бала шыдамдылықта өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.

— егер балаға дем берсе, ол өзіне сенуге үйренеді.

— егер баланы мақтаса, ол мейірбан болуға тырысады.

— егер бала адалдықта өссе, ол әрдайым әділ болуға тырысады.

— егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.

— егер де бала оны түсініп, оны құрметтейтін ортада өмір сүрсе, ол өмірде жақсылықты көріп, таба біледі.

Жоғарыдағыдай іс-шаралар өз кезегінде жалғасын тауып отырса, онда әлемде, мемлекетте, ұлттар, адамдар арасында түсінушілік, мейірімділік, достық, төзімділік қасиеттері жетіліп, ал шиеленістер болған жағдайда дұрыс шешімі табылып, сыйластық қарым-қатынас орнары сөзсіз. Сонда ғана әлемдегі барлық халықтар татулықта, бейбітшілікте өмір сүре алады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, отбасында оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі күнде шешімін қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екенін дәлелдеп отыр.

Қорытындылай  айтатын  болсақ, мемлекетімізді толерантты мемлекеттер қатарына  қосқымыз келсе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдаудағы айтқанындай «Мәңгілік ел » болу үшін  біз  осы мемелекетіміздің болашағы  жас ұрпақты толерантты етіп  тәрбиелеуіміз керек. Ал, енді  біз біздің  келешегіміз  жас ұрпақты толерантты етуіміз үшін ең бастысы олардың ата – анасымен тығыз байланыста, бірлесе отырып  жұмыс  жасауымыз  керек.

Сонда ғана біз  толерантты ұрпағымен  көрінер  толерантты  мемлекет бола  аламыз деп  ойлаймын!

        

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Педагогика. Ш.Құрманалина, Б.Мұханова, Ә.Ғалымова.
  2. Тәрбие теориясы.Р.Қоянбаев.
  3. Дала мен қала  газеті. 2011ж. №41
  4. Қазақстан мектебі  журналы
  5. Педагогика және оқушы  психологиясы журналы
  6. Интернет материалдары