География сабағына арналған PISA тапсырмалары.

268

 

Тақырыбы: География сабағына арналған PISA тапсырмалары.

 

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін реформалау құзырлылық ұстанымына және әлемдік білім беру кеңістігіндегі оқытудың озық әдістемелері мен амал-тәсілдеріне негізделген. Осыған орай оқушылардың білімін бақылау, бағалау жүйесін, ұлттық емтихандар алынып отыр. Ойткені құзырлылық сипатындағы тесттер, тапсырмалар оқушылардың игерген білімдері мен дағдыларың сыртқы ортадағы өзгерістерге сәйкес кіріктіре алу қабілеттерін анықтайды және дамытады.

Отандық мектептегі білім беру жүйесінің мақсаты мен мазмұнын жаңартуының негізін 2009 және 2012 жылдары Қазақстан мүшесі саналған PISA (Programmer for International Student Assessment) халықаралық зерттеулер құрайды.

PISA халықаралық зерттеуінің міндеті – білім беру саясатында ғылыми дәлелденген және жасампаздық шешімдерді шығару үшін білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде обьективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.[1] Көптеген елдерде негізгі білімді оқушылар 15-жаста аяқтайды, яғни бағдарламада ортақтық бар. Осылайша 15-жастағы білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы PISA халықаралық зерттеуінің басты бағыттарының бірі болып отыр. Аталған зерттеу қазақстандық оқушылардың халықаралық зерттеулердегі көрсеткіштерін арттыруға негізделген. Сондай–ақ жаратылыстанудан білім беру, ғылыми-жаратылыстану сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Жаратылыстану сауаттылығы  он бес жастағы білім алушының жаратылыстану құбылыстарын суреттей,түсіндіре және болжай білуіне, ғылыми аргументтер мен қорытындыларды интерпретациялай білуіне бағытталған. Сонымен оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыруда PISA тапсырмаларының атқаратын ролі зор. Логикалық сипаттағы тесттер оқушылардың білімді жете меңгеру мен оларды өмір жағдайларында қолдана білу қабілеттерін анықтауға арналған. География сабағында PISA критерийлерін қолдана отырып, проблеманы талдау, “ойлан, жүппен жұмыс істе, бөліс», «мен-сен-біз» т.б стретегияларын қолдану арқылы іске асырылады.  Ұйымдастыру түрі: жеке,жұптық,топтық,ұжымдық.

 

 

І-нұсқа

 

6 сынып

Мазмұндық білім:  Жер жүйесінің құрылымы.  Атмосфера.

&25  Атмосфералық қысым

 

Сұрақ 1

Ауаның негізгі салмағы жер бетінің  төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы  5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның  қысымы биіктік бойынша өзгереді.

 

Асқар ата-анасымен  Астана қаласына  ұшақпен баруды жөн көрді.Ұшақ  әуежайдан көтерілерде  стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм  екендігін  хабарлады.  Ұшақ  5000 м  биіктікке көтерілгенде  Асқар  ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады.

Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз  және  қорытынды шығарыңыз.

Әрбір пайымдауда  «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

 

Жер бетіндегі  ауа қысымы 750мм,  5000 м  биіктіктегі ұшақ  сыртындағы ауа қысымын анықтау арқылы келесі қорытындылардың қайсысын дұрыс деуге  болады? Иә  немесе Жоқ
250мм,биіктік артқан сайын қысым төмендейді. Иә/Жоқ
250мм, биіктік артқан сайын қысым артады Иә/Жок
250мм, биіктік артқан сайын қысым өзгермейді. Иә/Жок

Жауабы:  250мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді.

 

Сұрақ 2

Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам шамамен 15 000 см² , оған  түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?

А.  Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.

В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.

С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем  келеді.

Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы  мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ.

Жауабы: А

 

ІІ-нұсқа

Мазмұндық білім: Атмосфера

Сынып 5

Тақырып: &27 Бізді қоршаған ауа

Сұрақ 1

Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10-12%-дан артпауына алып келді.

Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын  көріп,сезінеді?

А. 100%

В. 51%

С. 21%

Жауабы: С

 

Сұрақ 2

Ауаның қасиеттерін мөлдір, иіссіз, түссіз екенін Айжан дүниетану сабағынан біледі. Бірақ Айжан ауаны  естіп, сезініп және көргісі келді.

 

Қай тәжірибені  жүргізгенде:

1-тәжірибе: Үлкен суы бар ыдысқа стақанды түбін жоғары көтеріп қисайта түсіргенде;

2-тәхірибе: Үрленген шарды қысып ұстап тұрып ауасын шығарғанда;

3-тәжірибе: Үрлеген шарды бетіне тақап тұрып ауасын шығарғанда;

Айжан  ауаны көреді,  естиді,  сезінеді?  Тәжірибе қорытындысын тұжырымда.

  1. 2.                            3

                                    

Жауабы:

 1-тәжірибеде –көреді. Стақаннан біртіндеп шыққан көпіршікті байқауға болады, ал көпіршіктің ішінде ауа бар.

2- тәжірибеде-естиді. Үрленген шарды біртідеп қысып тұрып ауасын шығарса ауаның даусы естіледі.

3-тәжірибеде-сезінеді. Үрленген шардың ауасын бетке тақап тұрып шығарса ауаның лебін тері арқылы сезінуге болады.

Тәжірибенің қорытындысы :  Бізді әрдайым айналамызда ауа қоршап тұратындығын байқадық, және ауа газ тәріздес зат екен.

 

Сұрақ 3

Сынып 6

Тақырыбы:  &29 Атмосфералық жауын-шашын

Жаңбыр,қар,бұршақ  Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды  атмосфералық  жауын-шашын дейді.  Жауын-шашынның түрлері:  жаңбыр,қар,бұршақ.

 

Сіз күз бен көктемде кей күндері  мектепке келе жатып жер бетін қырау шалғанын, кей күндері  электр желілерін  қылау басқанын, ал жазда ерте тұрғаныңда  ағаш жапырақтарын,  шалғынды  шық басқанын  байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан пайда болса жауын-шашынның  басқа  түрлері   қырау, қылау, шық  қалай пайда болады?

Қырау,қылау,шықтың пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па? Иә/Жоқ
Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды. Иә/Жоқ
Ылғалдың барлық түрі тек бұлттан бөлініп тарайды. Иә/Жоқ
Жаз күндері күндіз булану күшті жүргендіктен пайда болады. Иә/Жоқ

 

Жауабы: Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды.

ІІІ-нұсқа

Қауіптер

Мазмұндық білім:  Жер жүйесінің құрылымы

Атмосфера

6 сынып

Тақырыбы: &30 Жел

Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі  ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Адам желдің күшін өте ерте заманнан пайдаланып келеді.

 

 

Сұрақ1

Адамзаттың желді пайдалануына үш мысал келтіріңіз.

________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

Жауабы:  1.Қуат көзі ретінде (Энергетикалық мақсатта)

  1. Жер астынан су тарту үшін
  2. Спорттық мақсатта (желкенді қайықпен, парашютті спорт)
  3. Ұн,астық (бидай) тарту үшін
  4. Желкенді кемелермен саяхаттау үшін
  5. Егінді суғару үшін, егістікке су жіберу үшін

Ескерту: Осы мағыналас жауаптардың кез-келген үшеуі қабылданады.

Сұрақ 2

Желдің пайда болуының себебі – ауа қысымының  жер бетінде әркелкі таралуы.

«Бриз» және «Муссон» сөздерін пайдаланып, олардың пайда болу үдерістерін түсіндіріңіз. Екеуінің ұқсастығын табыңыз. Бриз желі адамға пайдалы ма?

________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

Жауабы: Бриз – құрлық пен судың үстіндегі ауаның  әр-түрлі жылынуына байланысты  бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін жел.

Муссон — құрлық пен теңіз арасында тұрақты соғатын маусымдық жел.

Ұқсастығы екеуіде — құрлық пен су айдыны арасында соғатын жел. Бриз желі айналасындағы құрылықтағы күндізгі аптап ыстықты бәсеңдетеді. Бриз французша жеңіл жел,яғни теңізден соғатын жанға жайлы самал жел. Рекреациялық — емдік қасиеті бар, теңіз жағасында демалуға, денсаулығын нығайтуға, таза ауамен тыныстауға пайдалы.

 

Сұрақ 3

Желдің адамға тигізер пайдалы және пайдасыз жағын  талдаңыз.

Желдің зиянды әрекеттерінен адам өмірін қорғаудың қандай жолдарын ұсынасыз?

______________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

Жауабы: Пайдалы жағы:  ауаны  алмастырып тазартуы, таза әрі арзан   қуат                     көзі, жел диірмені, спорттық мақсатта пайдалануға болатындығы

Пайдасыз жағы: Апатты дауылдар-тайфун, боран, шаңды дауыл.

Қорғану жолдары:  Ауа-райын алдын-ала болжай білу керек.

Алыс жолға табиғат аясына шығарда алдағы ауа-райы жайлы                 ақпараттармен танысу керек. (Теледидар. ғаламтор, газеттерден)

Апатты дауыл жақындағанда қауіпсіз жерге кетуге тырысу қажет, үлгермесе тығылатын пана жер тезірек табу керек.

Шаңды, құмды дауылға тап болғанда адам басын, бетін бүркеу керек.

Ескерту:  Осы мағыналас жауаптар қабылданады.

 

ІY-нұсқа

Қоршаған ортаның ластануы

 6 сынып

& 24  Атмосфераны қорғау  (77-бет) 

Сұрақ 1

ХХ-ғасырда  адамның шаруашылық әрекетінің  әсерінен  атмосфера үлкен мөлшерде  ластана бастады.Атмосфераның ластануымен күресу адамзаттың алдындағы аса маңызды  мәселелерге айналып отыр.

 

Ауаны көлік түрлерінің ішінде ластаушы көздердің  ең негізгісі қайсысы?

А. Автомобильдер

В. Темір жол көлігі

С.Ұшақтар

Жауабы: А

 

Сұрақ 2

Ресейде  түрлі  транспорттан ауаға шығаратын ластаушы заттардың көлемі 17 млн т жылына, соның 80 %  автокөліктен шығады екен.

Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат  ауаны  ластаушы зат болып табылады?

Әр жолдан  «Иә» немесе  «Жоқ»  жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат  ауаны қалай ластаушы зат болып табылады?

 

Иә немесе Жоқ
Көмірқышқыл газы Иә/Жоқ
Қүқірт қышқылы Иә/Жоқ
Метан газы Иә/Жоқ

Жауабы: Көмірқышқыл газы

 Сұрақ 3

Автомобиль көлігінің ауаны ластауын тоқтату үшін қандай шаралар  тиімді

болар еді?  Өз ойыңды, ұсынысыңды жаз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауап:   Сумен, сутегімен, этил спиртімен ,күн батареясымен жүретін таза экологиялық автомобильдерді көптеп шығарып қолдану.

Жанар-жағармаймен жүретін көліктерден бас тарту.

Велокөлікпен жүруді өмір салтына  айналдыру.

Ескерту:  Осы мағыналас жауаптардың барлығы қабылданады.

 

 

 

Сұрақ 4

Үйде краннан ағып тұрған су құбырлармен жеткізілген. Не үшін су құбырларын жердің астымен өткізеді?

________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

Жауабы:  -Қыста ауа температурасы өте төмендеп кететіндіктен

-Қыста жер бетіндегі тым суынған ауаның құбырдағы суды қатырып тастамауы үшін.

-Ауа температурасы өте төмендегенде су бір күйден екінші күйге,   яғни    сұйық күйден қатты күйге өтпес үшін.

-Су құбырына қалың төселген (жауып жатқан) топырақ қыста өте суық ауадан ,аяздан қорғайды.

(Осындай мағыналас жауаптардың қайсысы болса да  қабылданады)

                                      

V-нұсқа

Ғылым мен техниканың шекаралары

5 сынып

&12  Ай-Жердің серігі

\

 

             

  1. 2.                                       3.

 

Сұрақ 1

Аспан денелерінің бірі — Ай белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді.  Сен жалғыз өзің ешқандай тіршілік белгісі жоқ аралға тап болдың. Айдың көмегін қалай пайданар едің?

______________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

Жауабы:  Толысу құбылысын пайдаланып, су қайтқанда балық, тағы басқа теңіз өнімдерін теріп тамақтанар едім.

Сұрақ 2

Ай мен Жердің арақашықтығы — 384 000 км. Айдың диаметрі Жерден 4 еседей аз.

Жоғарыда көрсетілген суреттердің  қайсысында күн тұтылу құбылысын байқауға болады?

А. 1-сурет

В. 2-сурет

С. 3-сурет

Жауабы: В

 

Сұрақ 3

Ғаламшарлар секілді Ай да салқын дене.

Айжан ата-анасымен қонақтан үйлеріне  түн ауа қайтты. Ай жарқырап үйге қайтар жол ағараңдап анық көрінеді. Айжан ай неге жарық, ол салқын дене емес пе деп ойлады?

Неліктен ай салқын дене бола тұра  бізге жарық болып көрінеді? Түсіндір.

________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

Жауабы: Ай күн сәулесін қабылдай алмайды, оның орнына тек шағылыстыратын қабілеті бар.(36-бет 5сынып Жаратылыстану  Алматы «Атамұра»-2010)

Сұрақ 4

Қазақта өмірде өзіңнен кейін ізің қалсын деген қанатты сөз бар. Бұл әрине рухани өмірдегі адмгершілік іздері жайлы айтылған. Ал жер бетінде біздің  аяғымыздың ізі көп дегенде бірнеше күн ғана сақталса, ай бетінде ғарышкерлердің ізі ғасырлар бойы сақталады.

Ай бетінде ғарышкерлердің ізі жүздеген жылдар бойы сақталуының себебі не?

________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

Жауабы: Себебі Айда жел де, жауын-шашын да болмайды. (37-бет 5сынып Жаратылыстану  Алматы «Атамұра»-2010)

Сұрақ 5

Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін  зиянды сәулелерден және ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрды құрамында нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды матадан тігеді.

Ғарышкер скафандрды кигенде неге (неліктен) терлеп кетпейді?

Ғарышкер скафандрды кигенде терлеп кетпес үшін келесі жағдайлардың қайсысы жасалған? Иә/Жоқ
Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай жағдай жасалған. Иә/Жоқ
Скафандр өте жұқа тігілген. Иә/Жоқ
Скафандрды тігуге қолданатын маталар ерекше болып келеді. Иә/Жоқ

Жауабы:  Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай жағдай жасалған. 37-бет  5сынып  Жаратылыстану  Алматы «Атамұра»-2010

 

 

Қоршаған ортаның ластануы

8 сынып

& 36  Топырақты қорғау

 

 1-сұрақ

 

Нитрат-өсімдіктің өсуін, жасыл массасының ұлғаюын қамтамасыз етеді.Табиғатта топырақ құрамында нитрат өте аз болады. Егер топырақта нитрат көп болса тамыр арқылы көтерілген нитраттар өсімдіктің кез-келген бөлігінде жинақталады.

Төменде берілгеннің қайсысы топырақтағы   нитраттың көбеюінің басты себебі болып табылады?

А. Топыраққа азот тыңайтқышының енгізілуінен

В. Топыраққа органикалық тыңайтқыштардың еңгізілуінен

С. Мелиорация шаралары дұрыс жүргізілмеуінен

Д. Топыраққа әк енгізілу салдарынан

Жауабы: А

 

2-сұрақ

Аз мөлшердегі нитрат адам ағзасында әрдайым болады. Нитраттар ағзаға көптеп түскен кезде олар нитритқа айнала бастайды, содан кейін қанға түскен кезде метгемоглобинемия (оттегі жетіспеушілік) тудырады, А витаминін бұзады, қалқанша безінің, жүректің, жүйке жүйесінің қызметін бұзады. Ағзадағы нитраттар мен нитриттер біртіндеп канцорогенді затқа айналады.

Адам ағзасына нитраттың көптеп жүйелі түсуі арулардың қайсысының пайда болу қаупін жоғарылатады?

Адам ағзасына нитраттың көптеп жүйелі түсуі аурулардың қайсысының пайда болу қаупін жоғарылатады. Иә немесе Жоқ
Бронхит Иә/Жоқ
ВИЧ инфекциясы Иә/Жоқ
Рак ауруы Иә/Жоқ

Жауабы: Бронхит

3-сұрақ

Тышқандардың ағзасындағы нитрит мөлшерін анықтау үшін тәжірибе жасалды. Барлық тышқанды үнемі  басқа көкөністермен бірге  сәбіз және  қырыққабатпен қоректендірді. Тышқандардың бір тобы үй жағдайында өсірілген көкөністермен қоректендірілсе, екінші тобы дүкеннен алынған көкөністермен, үшінші тобы жылыжайда өсірілген көкөністермен қоректендірілді.Төртінші тобына дүкеннен алынған көкөністерді жақсылап жуып, сәбіздің  түбірін, қырыққабаттың өзегін тазалап барып қоректендірді.

Тәжірибе қорытындысында қай топтағы тышқандардың ағзасында нитрит өте аз (шектен аспаған) немесе жоқ  болып шықты?

А. Бірінші және төртінші топта

В.Үшінші топта

С. Үшінші және екінші топта

Д. Бірінші және үшінші топта

Жауабы: А

 

4-сұрақ

Қазіргі кезде экологиялық жағдай үлкен проблемаға айналып отырған заманда, күнделікті тамаққа пайдаланатын ауыл шаруашылық өнімдерінің сапалық құрамы қандай  деген сұрақ  туып отыр. Жылдар бойы жүйелілікпен, яғни тамақпен бала кезден бастап адам ағзасына енген  нитрат  түрлі ауруларға душар  етеді.

Балалар рационынан қандай жемістерді шектеу керек.

Төмендегі берілгендердің ішінен балалар рационынан қандай жемістерді шектеу керек? Иә немесе Жоқ
Ерте жиналған жылыжайлық жемістерді Иә/Жоқ
Күзде дүкеннен сатып алынатын жемістерді Иә/Жоқ
Үй жағдайында өсірілетін өсімдіктерді Иә/Жоқ

Жауабы: Ерте жиналған жылыжайлық жемістерді

Интернет мәліметі:

http://www.orleu-almobl.kz/