Тәуелсіз елге – тәрбиелі ұрпақ

 

 

Тақырыбы: Тәуелсіз елге – тәрбиелі ұрпақ

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

 

І.       Кіріспе

Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы.

 

 

ІІ.      Негізгі бөлім

а) Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ.

ә) Тәуелсіз елге — тәрбиелі ұрпақ

 

 

ІІІ.     Қорытынды

Бүгінгі білім — ертеңгі байлығым.

 

 

Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы

 

І. Еліміз егемендікке ие болып, Қазақстан өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп, бүкіл әлемге жер жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын шаққа жетті. Еліміздің елдігін танытты, оны жетілдіріп, дамытатын жас ұрпақ. Сондықтан да, егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді.

Білім негізі бастауышта болғандықтан, оның мұғалімі басты тұлға. Демек, бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылық ізденісті талап етеді.

Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім,  дұрыс тәрбие алуы – ең басты мәселе.

Бүгінгі күні қоғамымыздағы әлеуметтік өнер мен экономикада болып жатқан оң өзгерістер жеткіншек жастарды білім беру, тәрбиелеу саласына да жаңа міндеттер жүктеуде. Тәуелсіз еліміздің жылдар өте әлемдегі мойыны озық елдермен иық теңестіруі үшін де жан-жақты білімі бар, саясатқа, мәдениетке жетік зиялы қауым шоғыры мол болуын талап етеді. Ол зиялы қауым – бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар. Дана бабаларымыз ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегенді тегін айтпаса керек. Осыған орай бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасы мен ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі, дәстүрімен терең таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып оның шығармашылығын, рухани мүмкіндіктерін дамыту кездеседі.

Өйткені бүгінгі шәкірттер ертеңгі ел тұтқасы.

 

 

 

 

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ

 

 

ІІ. Болашақ ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, білім сапасы жоғары халқымыздың асыл қазынасын салт-дәстүрін сүйетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол етіп, отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің негізі мектептен басталатыны белгілі.

Болашағын ойлаған ел ұрпағын саналы, білімді, салауатты етіп тәрбиелеудің көздері анық. Қазақстан Республикасының «Білім мазмұны тұжырымдамасында» және «Білім туралы» заңында осы негізде әр халықтың тарихи, мәдени, дәстүрлері бүкіл адамзат, мәдениет дамуымен диалектикалық бірлікті қарастырып, ол мектептердегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады деп көрсетілген. Қоғамның алға басуы жас ұрпақты тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, іскерлікке баулуымыз қажет.

Менің тәрбие саласындағы шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Балалаларды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу жолдары».

Осы тақырыпты басшылыққа ала отырып, өзім жетекшілік ететін сыныпты еңбекті қадірлеуге, жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын құрметтей білуге, өз отанын сүюге баулыдым. Осы мақсатпен «Имандылық жарасады ұл-қызға», «Атаның сөзі – ақылдың көзі», «Ардақтайық ананы», «Тәуелсіз елге – тәрбиелі ұрпақ»,  «Өссе тілім мен де бірге өсемін», «Ол ақын болар ма еді?», тақырыбында диспут, ашық тәрбие сағаттарын өткіздім.

«Ардақтайық ананы» атты ашық тәрбие сағатымда сыныбымдағы көп балалы аналарды құрметпен шақырып диспут ұйымдастырдым. Сол ашық тәрбие сағатым республикалық басылым бетінен жарық көрді.

Осы баяндамада «Тәуелсіз елге – тәрбиелі ұрпақ» атты ашық тәрбие сағатымды баяндауды жөн көрдім.

І.      Сабақтың тақырыбы:«Тәуелсіз елге, тәрбиелі ұрпақ»

       

ІІ.     Сабақтың мақсаты:              

  1. Еліміздің тарихын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу. Тәуелсіздік алғалы 19 жыл ішінде Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар осынау азғантай жылдың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғаларды дәріптеу, саралау мерзімді даталарын білдіру.
  2. Елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.

 

ІІІ.    Сабақтың көрнекілігі:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Елбасының портреті. Желтоқсан құрбандары мен ғарышкер ағаларымыздың суреттері слайд түрінде

 

1.     1-жүргізуші:    Мақұлбек Аяужан

Құрметті қонақтар, ұстаздар!

Қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына        24 жыл. Егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанымызға 19 жыл толуына орай 4 сынып оқушыларының «Тәуелсіз елге, тәрбиелі ұрпақ» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

 

2.     2-жүргізуші:    Бишері Венера

Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі        1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 1000-да бар жоғы  18 минутта 26 жыл үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

 

 

 

3.     1-жүргізуші:    Мақұлбек Аяужан

1986 жылы 16 желтоқсан ызғарлы қыста қазақ елінің азаттық көктемі үшін солақай саясатқа алғаш рет бас көтеріп құрбан болған ұл-қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз.

Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

 

Бейтаныс бізге Колбин би,

Бізге патша болады.

Қайтпас, қайсар қазағым,

Оған қарсы шығады.

 

  1. Ән. Қарабауыр қасқалдақ.

        Орындайтын: Әмірхан Жасұлан

       

  1. Қайрат: Тұрсынхан Бауыржан          

Естідіңдер ме? – бұл не масқара!

Неге халықпен санаспайды. Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған. Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды. Жан-жақтан жатақханаларға, институтқа, қыздарға хабар барды ма екен?

 

Ортаға осындай сөздерді айтып сахнаға Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол рөлінде ойнаушылар шығады.

 

  1. Ербол: Зейілхан Рахат

Дүр сілкінді қайранда қоңыр аймақ,

Бағы жана ма? Қалама соры қайнап.

Ұран жазып, қып-қызыл ту көтерген,

Біз де шықтық алаңға «Елімайлап»

 

  1. Ләззат: Мақұлбек Аяужан

Сүймейтұғын болдық қой, күймей ғұмыр,

Көлеңкесіз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

 

  1. Сабира:         Амангелді Назерке

Бұл дегенің Қазақстанда беделдің қалмағаны,

Тілің құрып барады, білесің бе?

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

Міне, өз тәуелсіздігін алу үшін 1986 жылы 17 желтоқсанда астанамыз Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар» деген кінә тағылды.

 

  1. Айтан Жасұлан

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

 

  1. Нәсір Зарина

Әділдік пен шындықты,

Өтірік жала еткен күн.

Надан жасаған шындықтан,

Адамдар азап шеккен күн.

 

  1. Бөргелтай Жанна
  • Иә, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалды. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерімізді арамыздан ала кете барды.

 

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

Желтоқсан оқиғасының қаһарман батыры Қайрат Рысқұлбековтің түрмедегі кезінен көрініс. /түрмеде/

 

  1. Тергеуші: Жарылқасын Азамат
  • Сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?
Қайрат:   Тұрсынхан Бауыржан
  • Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ.

 

Тергеуші: Жарылқасын Азамат

  • Ақымақ, әкетіңдер, атыңдар. Көзін құртыңдар.

 

Қайрат:   Тұрсынхан Бауыржан

Бұл әділдік емес

Бас-аяғы сол болсын,

Басыңа түскен қатердің.

Ақтық сөзді енді мен,

Сотқа да бір айтайын.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бір де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!

«Қайрат» деген атым бар,

«Қазақ» деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең, атыңдар.

/Қайратты сүйретіп әкетеді/

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

Қарсы шыққан патшаға,

Қайрат, Ләззат, Сәбира

Міне, осындай жастарды,

Жер құштырып тастады.

 

/Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды 1 минут еске алайық/

 

Орыс халқында бақытсыздық болмаса, бақытқа қолын жетпес еді – деген сөз бар. Желтоқсан оқиғасы тұтас бір халықтың жанына түскен жара, маңдайына соққан тұяқ болғанымен, саяси-тарихи тұрғыдан алғанда мақтан етер жай.

 

  1. М.Шаханов: Тұрлыбек Бекжан

Әр дәуірдің өзіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймыз деп шарқ ұрдық.

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындық,

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

Ән: «Желтоқсан желі»

Орындайтын: Хор

 

  1. Тілеубай Динара

1990 жылы 25-қазанда Егемендік декларация жарияланды.     1991 жыл желтоқсанның 1-де республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты республиканың президенті етіп сайлады.

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

Осы жылдың 29 тамызында Семей полигоны жабылды.         2 қазан күні қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.

 

  1. Керімхан Сержан

Келді міне, ерлікті бағалар күн,

Әруағы қолдады бабалардың.

Ғарыш шарлап оралды, Тоқтар батыр,

Мұратына ие бол, ағалардың.

 

  1. Төлебай Жауһар

1992 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің салтанатты мәжілісінде Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері таныстырылды.

 

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Ән ұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағаңда қалып келген Елтаңба,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

Қазақтың ұлттық биі: Қаражорға

Қабыл алыңыздар!

 

  1. Дүйсенәлі Гүлдана

1992 жылдың 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданды.

 

Қайта туды қазағымның ай-күні,

Күннен күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден,

Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны .

Тіл дегенің тиегі ғой жырдың да,

«Ештен кештеу» түсінгендей жұртым да.

Шықпағанда Республика Тіл заңы

Елдігімде кетер ме еді құрдымға?

Алтын бесік – ағайын, жұрт, туғаным,

Дос бөліске қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.

 

 

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берейік.

 

Ән: «Ананың тілі»

Орындайтын: Тұрлыбек Бекжан

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

1993 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.

 

  1. Бөргелтай Жанна

Көк туым, көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен

Арманым, Ата заңым қабылданып.

 

  1. Есімхан Айсана

1993 жыл 13 қарашада Қазақстан Республикасы валютасы – төл теңгеміз қабылданды.

 

Алтын күннің түсіп бізге, шуағы,

Ақтарған жырдың қайнар бұлағы.

Ұлтымыздың бір белгісі – теңгеміз,

Асылдарым қарап одан тұрады.

 

  1. 1-жүргізуші: Бишері Венера

1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыран – ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

/суретін көрсетіп, тақпақтарын айтады/

 

  1. Сартбай Аида

Ұшқыш – ұшып келеді,

Аспанымның төрінде.

Аспанымды зерттейді,

Ұшқыш ұшып көгімде

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

Ән: «Сарбаздар»

Орындайтын: Ахмет Ләззат

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

 

Ұлы Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерей тойы 1995 жыл ЮНЕСКО – ның шешімімен 182 елде тойланып өтті.

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

Осы мерей той қарсаңында «өз сөзінде ел президенті Н.Назарбаев» Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс деген еді.

Биыл Абай атамыздың 165 жылдық мерейтойын республика жұртшылығы тойлап өтуде.

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

Абайдың әні «Желсіз түнде жарық-ай»

Орындайтын: Хор

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституция, Ата заңымызды қайта қабылдадық.

 

 

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

1996 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына 5 жылдығы атап өтілді.

 

  1. Ахмет Ләззат

1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» болып белгіленді.

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

1998 жылы «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болды.

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»

 

  1. Би: «Өзбек биі»

Орындайтын: Мақұлбек Аяужан

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы». Осы жылы Түркістанның 1500 жылдық мерей тойы атап өтілді.

 

  1. 2-жүргізуші: Бишері Венера

2010 жылы Отырар ауданының 75 жылдығы мен ұлы философ Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1140 жылдық мерейтойы тойланды.

       

Ән. Құт мекенім Отырарым

Орындайтын. Жарылқасын Азамат

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

2010 жылы Республика көлемінде әйгілі вальстің королі композитор Ш.Қалдақов атамыздың  80 жылдық мерейтойы туған жері Отырарда тойланды.

 

 

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағында кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы қырлы

Тыңдағанда көңілдің әсері бар – деп Абай атамыз айтқандай кезекті Шәмші әндеріне беремін.

 

Ән:   Арыстың жағасында

Орындайтын:   Есімхан Айсана

 

  1. Әмірхан Жасұлан

Тауды көрген күн көзімен таласқан,

Аспан көрген ай мен күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім – мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,

Көлді көрсең көңілді бір түнгі аспан.

 

  1. Ахмет Ләззат

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адал атта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат жүйрік қиял,

Тұранның ерлігіне ер жеткен бе? – деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай бүгінде қазақ елінің мәртебесі жоғарылап, шоқтығы биіктеді.

 

  1. Амангелді Назерке

Қандай дүние жетеді балауыңа,

Бәрі сенің жан отан қалауыңа.

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,

Қазақстан гербі де, жалауы да!

 

  1. Мақұлбек Аяужан

Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропа да Азия да емеспін мен.

 

Аралық пен жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тел өстім мен.

 

  1. Ахмет Ләззат

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

 

  1. Хормен.

Қазақстан туған бақ берекем,

Өмір бойы өзіңді мақтан етем.

Дариядай шалқыған ұлы жырсың,

Сол бір жырды мәңгілік жаттап өтем.

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

Желтоқсан оқиғасы аз ғана уақытта әлем назарын аударған, толқу күшпен басылғанымен оның мәні, маңызы енді ешуақытта ұмытылмақ емес. Өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.

 

  1. Мұғалім:

Балалар 1986 жылы желтоқсан оқиғасында қазақ жастарымыз көшеге  Ш.Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әнін ұран етіп айтып шырқап шыққан болатын. Сол әніміз араға жиырма жыл салып бүгінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранына айналып отыр.

 

  1. 1-жүргізуші: Мақұлбек Аяужан

Бұл әнұран сөздері дүниеге келіп, егеменді ел атанғанымызша біздің халқымыздың басынан небір сұмдықтар өтті. Соның бірі қазақ халқының ары мен намысына өшпестей таңба салған     1986 жылғы оқиға

 

Әнұран.

 

  1. Аяқтау:

Құрметті ұстаздар, қонақтар!

4-сынып оқушыларының дайындаған «Тәуелсіз елге тәрбиелі ұрпақ» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі білім – ертеңгі байлығым

 

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.

″Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға″, — деп Абай атамыз айтқандай, жас ұланға саналы тәрбие, сапалы білім беру, аянбай еңбек ету менің басты борышым деп білемін.

″Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп көріп, ұстап, татып  ескере, дүниедегі жақсы-жаманды ескере, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады″, — дейді        Абай Құнанбаев.

Қорыта айтқанда балаларға тәуелсіздігіміз ата-бабаларымыздың, аға-әпкелеріміздің ерен еңбектерінің арқасында келгенін саналарына ұғындыра білдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

  1. «Бастауыш білім» журналы №4 2005 жыл
  2. «Бастауыш мектеп» журналы №3 2006 жыл
  3. «Егемен Қазақстан» газеті

2003,2004,2006,2007,2008,2009,2010 жылғы тігінділері

  1. «Отырар алқабы» газеті. 2010 жыл тігінділері
  2. «Оңтүстік Қазақстан» газеті

2003,2004,2005,2006, 2010 жылғы тігінділері

  1. «Бастауыш білім» журналы №3 2010 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

  1. Жоспар ……………………………………………………………………………..2
  2. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы…………………………………………….3
  3. Тәуелсіз ел тірегі – білім ұрпақ……………………………………………4
  4. Тәуелсіз елге – тәрбиелі ұрпақ………………………………………..5-16
  5. Бүгінгі білім – ертеңгі байлығым…………………………………………17
  6. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………..18
  7. Мазмұны ………………………………………………………………………….19