Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

97

 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.

           Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға  арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда  мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың  қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

Функционалдық сауаттылықтың факторлары:

  • Ғылыми зерттеуді қамтамассыз етіледі;
  • Білім беру жаңартылады;
  • Маниторинг, бағалау өзгереді;
  • Техникалық база жаңартылады.

      ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің  сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта мен өз сабағымды  Блум таксаномиясы негізінде құрастырамын. Себебі Блум таксаномиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.

Мақсаттар жүйесі Оқушылардың когнитивтік іс — әрекеті
Білу Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері
Түсіну Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.
Қолдану Алған білімді қолданады
Талдау Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады
Жинақтау Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.
Бағалау(сыни өзіндік пікір) Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.

С. Торайғыров «Туған еліме»

Біліктілігі Оқушы іс-әрекеті
Білу Зат есім дегеніміз не?
Түсіну Жұмбақты оқып шешуін тап. Шешуіне қатысты екі сөйлем құра. Сызбаға зат есім жайлы білгенінді жаз
Қолдану Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра
Талдау Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімді тап, жалқы, жалпы зат есімдерді ажырат.
Жинақтауы Артық сөзді тап.Кітап, дәптер,қайшы, сотка
Бағалауы Шағын эссе жаз

Сенің атын кім? Сенің сүйікті жануарын бар ма? Ол үшін не істей алатындығынды ойландың ба? Жануарларды қорғауға сенің тигізер үлесің қандай?

Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында бес жолды өлең, сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып төңірегінде өлеңдер құрастыру жұмыстарын жүргіземін.

Мысалы 1 «Бес жолды өлең»

Кім? Әже

Қандай? Қамқоршы, нәзік

Не істейді? Мәпелейді, аялайды, тәрбиелейді

Түйін Мені әжем мәпелеп өсіреді.

Синоним Адам

Мысал 2 «Сөз ойла, көп ойла»

Балықшылар (бал, балық, бақа, лақ, ара, шар т.с.с.)

Мысал 3 «Өлең шығарайық»

Жеріміз ….

…… қазақпыз

Еркіндік ….

…..   жырлаймыз.

Бұл жұмыстардың соңында свот талдау жүргізіп, қорытынды жасаймын.

«Бес жолды өлең»  стратегиясы бойынша свот талдау (алғашқы)

Strength (мықты жағы) Weakness (әлсіздігі)
Оқушылар бес жолды өлең құрылымын жақсы түсінді           Екі сын есім, үш етістік жазуда  кейбір оқушыларға қиындық тудыртты
Opportunities (шешу жолы) Threatening (қауіп)
Алынған зат есім бойынша алдын ала сөздік жұмыстар жүргізу. Кейбір оқушылардың сөздік қорларының аздығы

Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «балық сүйегі», «өрмекші», «әдебиет үйірмесі» әдістерін қолданамын.

Мысалы1: «Әдебиет үйірмесі»

Баяндаушы-әңгімені мазмұндайды

Зерттеуші- әңгімедегі негізгіні анықтайды

Сілтемеші- сөздіктермен жұмыс жүргізеді

Сұрақ құрастырушы- сұрақтар даярлайды

Дәнекер- өмірмен байланыстырады

Бейнелеуші-әңгімедегі негізгі кейіпкерді  суреттейді.

Мысал 2: «Балық сүйегі»

 

Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин

  Оқу тапсырмасы
Білу Ы. Алтынсарин туралы не білетініңді балық сүйегіне жаз. Өлеңді мәнерлеп оқып шық.
Түсіну Сарай не арба сөздеріне сипаттаманы балық сүйегіне жаз.
Қолдану Кәзіргі уақыттағы көлік түрлерін балық сүйегіне жаз.
Талдау Айшылық алыс жерлер, көзді ашып жұмғанша сөйлем құра
Жинақтау Өнер, білім жайлы мақал жаз
Бағалау Өлеңді кәзіргі өмірмен салыстыр, дәлелде.

Ғылыми жұмыстарға сабақтан тыс уақытта дайындық жұмысын жүргізу жолы:

  1. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын өзіңе ұнайтын бір тақырыпқа топтастыру /кластер/ жаса                                                                                                                                                      Өзіңнің жаныңа жақын тақырыпты белгілеп,                                                                                                                                                текст марке рімен бояп қой./
  2. Өзіңнің зерттеу жұмысыңның мақсатын жаз

/бұл зерттеу жұмысы саған не үшін қажет?/

  1. Зерттеу міндеттеріңді жаз
  2. Зерттеу жұмысын кіммен жүргізгің келеді?

/белгілеп қой/

       

          Өзім

         Досыммен  бірге

         Ұжыммен

Ата-анаммен

Неге?

5.Осы тақырып бойынша ақпараттарды қайдан алуға  болады?

-теледидардан

-кітапханадан қарауға

-бақылауға

— интервью жүргізуге

— интернеттен

  1. Зерттеу тақырыбың бойынша кітаптардан, журналдардан алған ақпараттарыңды жаз
  2. Компьютермен /интернетпен /жұмыс жаса. Одан қандай жаңа ақпарат алғаныңды жазып қой
  3. Интервью жүргіз. /сұрақтарыңды дайындап ал/

Интервьюді кімдерден алу керек?

— арнайы мамандардан

     — жоғарғы сынып оқушыларынан

     — досыңнан

    — ата- анаңнан

     —  мұғалімдерден

  кез келген азаматтан т.б.

9.Тақырыбың бойынша бақылау жүргізіп, бақылағаныңды жаз

Бақылау жүргізген

уақыты

Бақылау жүргізу барысындағы өзгерістер Өзіңнің ойыңды

жаз

 

  1. Эксперимент жүргізіп көр, қандай да бір
 

 

өзгерістер болса дәптеріңе жаз

11.Қорытынды шығар

12.Зерттеу жұмысынан кейінгі туған ойлар

 

Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырамын.