ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ СЕЗІМІН ТӘРБИЕЛЕУ- ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ БАСТАПҚЫ ҚАДАМЫ.

Тақырыбы:

ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ СЕЗІМІН ТӘРБИЕЛЕУ- ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ БАСТАПҚЫ ҚАДАМЫ.

 

Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман,

қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана- қабілетінде, түсінік- талғамында, мінез- құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.

Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-

жақты өнегелі тәрбие беру- қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.

Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің

қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан- от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі- Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт- дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.

Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат

болып қалыптасуын қамтамасыз ету- бүгінгі таңда ең басты мақсат болып табылады.

Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ — ұлттық сана- сезімі оянған,

адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс.

Осы мақсатты іске асыруда «Қазақстан Республикасындағы білім беру

мекемелерінің 2006 –2011жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006- 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және  Павлодар облысының білім беру ұйымдарында 2006- 2011 жылдарға арналған «Тәрбие» кешенді аймақтық бағдарламасын басшылыққа аламыз. Бұл бағдар-ламаларда саналы таңдау жасайтын және Отан, қоғам, өз отбасы игілігіне, жеке басына бағытталған дербес шешім қабылдай алу қабілетінен көрінетін азаматты тәрбиелеуді, берік адамгершілік негізге ие, солай бола тұра өзгермелі жағдайларға бейімделуге қабілетті және жаңа идеяларға зерек, үнемі жетіліп отыратын тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі,

өнегелі тәрбие беру- қазіргі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгер-шілік, елжандылық және де толып жатқан кісілік қасиеттер мектеп қабырғасында қалыптасады.

Мектептегі өскелең ұрпақтар- болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің

көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт. Сонымен қатар,

тәуелсіздігіміздің тірегі- білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты

мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтары-мыздың көп болуы әбден керек- ақ… Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан- 2030» Жолдауынның «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «… біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп үміт артып отыр /5. 176 б/.

Отан- бұл сөз адамның ең қымбатты, терең және күшті сезімін білдіреді.

Отанға деген сүйіспеншілік, Отан үшін барлық қиындыққа дайын болу, қоғамның дамуын да рухтандыратын қайнар бұлақ. «Патриотизм»- ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот болу мүмкін емес. Біздің ата- бабаларымыз Отанын сондай сүйіп, оны барлық жаулардан қорғап, бүгінгі ұрпаққа сый ретінде ұсынды десек болардай. Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі қоғамдық ой- пікірлердің әсер етуімен қалыптасады.

Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты- Қазақстан Республикасының

жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын, Елтаңбасын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап орындау, құқықтық- саяси және этикалық әдет- ғұрып мәдениетін тәрбие беруді оқушы бойына сіңіруді қалыптастырады.

Мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеттері төмендегілер болуы тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Коституциясын, мемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Әнұран, Туы) құрметтеуге тәрбиелеу;
  • Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеу;
  • Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу
  • Оқушылар бойында мінез- құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту.
  • Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін білу;
  • Өз өлкесінің мәдени құндылықтарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметін білу;
  • Мектепте өз өлкесінің (облыс, аудан, ауыл , мектеп) тарихын насихатау мақсатында мұражай жұмыстарын жандандыру.
  • Оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру;
  • Мемлекет пен құқық жайлы білімдерді меңгерту.
  • Құқық білімінің алғашқы негіздеріне сай мектеп Жарғысына, оқушылардың мінез –құлық ережелерін  енгізу;
  • Құқықтық жаппай оқуды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу;
  • Оқушылардың мінез- құлықтарымен жүріс – тұрыстарын заң талабына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет – ғұрыпқа тәрбиелеу
  • Азаматтық белсенділігін қалыптастырып, заңды және тәртіпті бұзушылыққа қарсы күресу.
  • Оқушылардың өзін- өзі тәрбилеуіне басшылық жасау .

Әр мектепте оқушыларға азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті арттыраттыратын, патриоттық тәрбие беретін іс- шаралар жоспарлы түрде болуы тиіс /Слайд 1/.

Сонымен қатар оқушылармен тәуелсіз еліміздің жаңа Конституциясы мен

мемлекеттік нышандарын оқыту кезеңдерінде адамдардың құқықтарға заңды түрде баянды ету, өз елінің толыққанды азаматы азаматы екендігін, олардың алған құқықтық білімдерін қолдану тұрақты өмірлік принциппен идеялық- сенім бағытында тәрбиелеу- мектеп мұғалімдерінің басты міндеті.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы- ол

оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы мемлекеттік белгілер Қазақстан Республикасы тәуелсіз деп жарияланысымен көп ұзамай 1992 жылы қабылданды. Мемлекеттік белгілерде Республикамыздағы ел- жұрттың, алдымен тұрғын халықтың төл тарихының ұшқындары мен мемлекеттің, барлық халықтың мүддесіне сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысы бейнеленген. Сонымен қатар әлемдік өркениетке қол созған ақ пейіліміз аңғарылған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі-

шаңырақ. Шаңырақ- мемлекеттің түп- негізі- отбасының бейнесі. Шаңырақ- Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті тәріздес. Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар- дала дүлділі, ер- азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар- қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол- өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп- өркендеуін, раухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет- бейнесін паш етеді. Бес бұрыш жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жұлдызы бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы- Қазақстан

Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран баейнеленген. Ағаш сабы бекітілген тұста- ұлттық оюлармен кестелен-ген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою- өрнек- алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі аспан тәріздес көк түсті болып келеді. Көк түсті құрметтеу халқымыздың көне тарихынан белгілі. Тілімізде «көгеру», «көктеу», «көк шықты» деген сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар өмір сүру, жаңарып- жасару, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді білдіреді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Бұлармен қатар, тудан қазақтың ою- өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін- қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Осының бәрі жаңа даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның оның халықтарының барлық жағынан гүлденіп, өркендеп, мақсатқа жетуіне көк түсті Ел Туы сәттілік тілеп тұрғандай сезімге бөлейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны- Қазақстан

Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігінің белгісі. Әнұран- тек салтанатты

музыка мен сөз ғана емес, бұл ерекше музыка және дана сөз. Әнұран сөздері мен әні айтушыны жігерлендіріп, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұялатады. Әнұранда қазақ халқының ерлігі, даңқы, намысы, еліміздің кеңдігі, бірлігі, достығы туралы айтылған.

Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006- 2011

жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006- 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Павлодар облысының білім беру ұйымдарында 2006- 2011 жылдарға арналған «Тәрбие» кешенді аймақтық бағдарламасының «Атамекен»-атты кіші бағдарламасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын зерделеуге ерекше мән берілуі тиіс екені айтылған.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2005

жылғы «9» сәуірдегі № 227 бұйрығына 1- қосымшасында  «Білім беру ұйымдарында салтанатты іс- шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республика-сының мемлекеттік нышандарын қолдану рәсімі туралы» Ережеде Білім беру ұйымдарында мемлекеттік нышандарын орналастыру, қолдану  тәртібі анық көрсетілген.Осыған орай білім беру ұйымдарындағы барлық қызметкер жұмыс барысында осы Ережені міндетті түрде басшылыққа алуы тиіс.

Мемлекеттік рәміз ұлттың мәдени эмблемалар кешені болып табылады.

Мемлекеттік рәмізді дұрыс пайдалану азаматтық сана- сезімді және қауымдық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мектептерде мемлекеттік рәміздердің тарихымен, мазмұнымен

таныстыру және саяси және рухани мәнін пайымдау үшін  жастардың азаматтық міндеттері туралы дүниетанымын кеңейту, тереңдету мақсатындағы іс- шараларды ұйымдастыру жолдары, бағыттары, интерактивті әдістер қолданылады / Слайд 2 /.

Жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған

еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін және жалпы құқықтық мәдениетін арттыру және Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру шаралары» туралы 1995 жылдың 21 маусымдағы қаулысын орындау мақсатында мектепте 1-11 сыныптарда оқу жылынан бастап жылына 10 сағаттық бағдарлама негізінде «Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру шаралары» өткізілуі тиіс / Слайд 3,4,5 /.

Сонымен қатар оқушылардың Ата заңымыз- Қазақстан Республикасының

Конституциясының негізгі бөлімдерімен, баптарымен таныстыру және білімдерін кеңейту, тереңдету мақсатында  1-4 сыныптарда 4 сағаттық, 5-9 сыныптарда 6 сағаттық, 10-11 сыныптарда 8 сағаттық жеке оқу пәндері негізінде оқу жылынан бастап «Конституция сабақтары» өткізіледі.

Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген

құрметті күшейту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру және насихаттау мақсатында әр түрлі тақырыптарда сынып сағаттарын өткізуге болады. Атап айтсам: 1-4 сыныптарда «Еліміздің мемлекеттік нышандары», «Сен және сенің құқығың», «Біздің жаңа Заңымыз», 5-8 сыныптарда «Қазақстан: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты»,  «Менің Отаным- Қазақстан», «Қазақстан Республикасының жаңа Заңы және мемлекеттік нышандар», «Отанды қорғау- әр азаматтың міндеті», 9-11 сыныптарда «Мен- тәуелсіз мемлекет азаматымын», «Туған жерді сүю- парыз, күзетінде тұру- парыз», «Мемлекет. Құқық. Этика» және т.б. Сондай- ақ «Мен өз елімнің патриотымын ба?», «Қазақстандық патриотизм деген не?» атты пікір- сайыс, «Өз елінің патриоты болу — міндетіміз», «Ұрпағының мәңгі есінде», «Қазақстанның даму кезеңдері» атты ауызша журнал , «Ата Заңым- айбарым», «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» атты ертеңгілік, «Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе?», «Заң білмеген зардап шегеді» атты сұрақ- жауап және пәнаралық байланыс негізінде «Қазақстан еліне саяхат», «Менің ауданым. Менің көшем. Менің аулам» атты танымдық ойындар ұйымдастырып өткізілсе, онда жас ұрпақтың қабілеті мен таланты ашылып, шығармашылық ойлау қабілеті жетіледі, өзіне деген сенімі артады.

Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз

мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде және жоғарыда аталған іс- шараларды өткізуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, ерлікке мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырларды атап өтуге болады. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатын ел қорғау, батырлық істер жайында туған мақал- мәтелдер халықтың ой- тілегі, арман- мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан- ақ көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес.

Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен,

халқымызға бағыт- бағдар беріп отырған Қазыбек бидің:

Біз қазақ мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,- деп қазақ елінің ешкімге барып

соқтықпағаны, «Жаным- арымның садағасы»- деп адамгершілік рухты биік ұстағанын жырласа, ал ХХ ғасырдың өр ақыны Ж. Молдағалиев:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,- деп еліне, жеріне деген

сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін асқақтата дәріптейді. Мазмұны батырлық, ерлік, ар- намысқа берік, қайтпас ер, жауына мейілінше қатал, өз еліне мейірімді, оны қорғауға әрқашанда дайын, өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін көркем шығармалар арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені кеңінен беруге болады. Мұндай шығармалар оқушыларды ерлік ісіне, табандылыққа, ақылдылыққа,елін, жерін сүйетін намысына беріктікке, отаншылдыққа үйретеді.

К.Д.Ушинский айтқандай, «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық

болуы тиіс»- дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу- біздің басты міндетіміз болмақ. Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт- дәстүрі, тарихи ата- бабаларымыздың ерлігі- Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс- әрекеттеріміз, іс- шараларымз арқылы көз жеткізуіміз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006- 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы. Астана, 2006.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006- 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2006.
  3. Павлодар облысының білім беру ұйымдарында 2006- 2011 жылдарға арналған «Тәрбие» кешенді аймақтық бағдарламасы. Павлодар, 2006.
  4. Білім беру ұйымдарында салтанатты іс- шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану рәсімі туралы Ереже.
  5. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан- 2030». Алматы. «Білім», 1997, 176- бет.
  6. Т.Р.Шаймерденов. Тәрбие тағылымы. Павлодар, 2002.
  7. Қазақстан мектебі- ғылыми- педагогикалық журнал, № 9, 2003. № 5-6, № 9-10, № 11-12, 2005.
  8. Бастауыш мектеп- республикалық ғылыми- әдістемелік және педагогикалық журнал. № 9,10, 2005.