Гумеров М «Көк кептер

69

Сабақ тақырыбы: Гумеров М «Көк кептер»

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: мәтінге түсінік бере отырып,оқуға , кейіпкердің іс-әрекетінің мәнін ашуға үйрету,оқырмандық көз қарасын қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбителігі: шығармаға байланыстыра отырып балаларды адамгершілік қасиеттерді тани білуге, адал достыққа баулу, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Автор суреті, қима қағаздар, көгершіннің суреті. Венн диаграммасы

Сабақ барысы: ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа тақырып

Әуелі авторға келсек Гумеров М (1925- 2002) жылдар аралығында өмір сүрген. Башқұрстанда туған 1937 жылы Қазақстанға көшіп келген. Ұлты татар болғанмен шығармаларын қазақ тілінде жазған. «Ана мен бала» , «үш күн, үш түн» , «жоғалған кілт» шығармалары бар.

Бүгін біз автордың «Көк кептер» шыармасымен танысамыз.Бұнда қандай жаман әдет жайында айтылғанын шығарманы оқу барысында білетін боламыз.

Ой қозғау : Көгершіннің суретін көрсету, сұрақтар сұрау

  • Бұл қандай құс? Ненің нышаны ретінде алынады?

а) Мәтінді мәнерлеп оқып беру

ә) Тізбектей оқу.Түртіп алу жүйесі бойынша түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеу.

б) Сөздік жұмысын жүргізу

Мәтінмен жұмыс жасау.

— Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер? Олар не істеді?

— Нүсіпбек пен Аймағанды сипаттайық (Венн диаграммасы)

— Сен шала жансар кептерді қалай құтқарар едің?(ретімен айту)

-Егер балалар Нүсіпбек пен Аймағанның орнында сендер болсаңдар қайтер едіңдер?

-Нүсіпбек пен Аймаған арасындағы достықты қалай деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті.

Сонымен балалар бүгінгі сабақтан біз не ұқтық? Шығармадағы айтпақшы ең негізгі ой не? (балаларды тыңдау)

Біз осы шығарма арқылы бір-бірімізбен адал дос болу, достыққа опасыздық жасамау, досын қиын жағдайға қалтырмау керектігін білдік. Сонымен қатар Аймаған сияқты тентек болмай құстарды, табиғатты қорғау біздің борышымыз екнін түсіндік.

Бағалау.

Әрбір баланың сабаққа қатысуы, үй тапсырмасын орындап келуі бойынша бағалау

Үйге тапсырма: «Көк кептер» мәтінді мазмұндап келу.