Кім жомарт? Не жомарт?

Сабақтың тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт?

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың өлеңді дұрыс, саналы түрде түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа ала отырып, оқу дағдыларына үйрету.2.Өзіндік пікір, көзқарастар, көзқарас қалыптастыра отырып, оқушылардың бойында әділдік сезім, жолдастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сөздік қорларын дамыту.3. Оқушыларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекілік: М.Әлімбаевтың суреті, тақырыпқа сәйкес келетін суреттер,Қайқауыс суреті

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. а). Топтарға бөлу (Зигзаг әдісі )
  2. Оқушыларға өзін- өзі бағалау бетшесін үлестіру

3.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жаңа сабақ

Қайқауыс суретін көрсету

-Бұл кім?- Қабуснама ережесін сұрау-Бүгінгі сабағымызда тағы да Қайқауыстың Қабуснамасынан үзінді беріліпті оқимыз.

Мақал- мәтелдерді хормен оқыту (Түсінгендерін сұрау)

Қарама-қарсы сөздерді табу

Мұзафар Әлімбаев туралы семантикалық карта:

Кім жомарт? Не жомарт? Өлеңін оқу, түсіндіру

5.Сергіту сәті

Әр топ 1 сұрақ- жауаптан оқу

8- тапсырма

Үзілісте балалардың барлығы асханаға тұра жүгірді. Ақшасы жоқ Асан ғана сыныпта қалып қойды.Бірге оқитын Мұрат оған өзіне алған бәліштің жартысын әкеліп берді. Мұраттың іс-әрекетіне баға беріп көр. (әр топ пікірлерін айту)

Шығармашылық жұмыс

-Балалар енді өзіміз ойымыздан осы өлеңді жалғастырып көрейік

6.Қорытынды:- Өлеңнің авторы кім?

-Өлеңнен не туралы білдік?

-Негізгі ойларың қандай?

-Жомарттық деген не?

7.Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы “Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу.

Өлеңде өздеріңе ұнаған жомарттардың бірі туралы әңгіме жазу

  1. Өз-өзін бағалау қорытындысы бойынша бағалау.