Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген психопрофилактикалық жұмыстар

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген психопрофилактикалық жұмыстар

 

Психолог Д. Ахметов

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған.Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің бәсекегеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.

Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін,оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте  оның білімділік деңгейімен айқындалады деп тұжырымдалса, Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген

Еліміздің әлеуметтік жағынан дамуы оның азаматтарының адамгершілік және шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты. Қоғамдағы жетістіктердің негізгі күші – адам, оның білімі, шеберлігі, еңбектегі табандылы-ғы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері. Еңбектің қай түрі болмасын адамның психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық, жан-жақты ескеріп, соған сәйкес ұйымдастырылса ғана жақсы нәтиже берері сөзсіз. Адамның жан дүниесімен сырласып,оның психологиясын зерттеп жүрген ммамандар, психологиялық көмектің әрбір тұлға үшін аса қажет екенін айтады.

Қазіргі білім беру жүйесін қайта құру мен ұйымдастырудың басты жұмыс жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерге қолдана білуге жағдай жасау мәселесі қойылған. Атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек» деген қағидасын қазіргі заманға лайықталып айтылғандай. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесінде қолдану және психологиялық қызмет көрсету психологтың көмегімен іске асырылады. Психологтың жұмысы балалардың белгілі жастағы психикалық жаңа түзілімге, сонан соң олардың дамуындағы потенциалды мүмкіндіктерін пайдалануға негізделіп құрастырылады. Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсер ететін қоғамдық жағдайлардың да мазмұны өзгеруде.Психолог кәсіби кеңес кезінде өзіндік бағаны дамытуда және жеке тұлғаның барлық оңтайлы (жақсы) қасиеттерін көрсетуге, өзіндік анықталудың объективті дамуына көмектесу керек. Кеңес беру кезінде «сенімділік» жағдай туғызып және кеңесті әдепті,өнегелі түрде өткізуі керек. Жеке адамды қоғамның қажеттілігі мен талаптарына сай бағыттау керек. Психологиялық көмек пен түзету жүмыстары психологтың белгілі бір жастағы баланың психологиялық дамуын ескере отырып, адамның ішкі дүниесіне әсер етуге негізделіп жүргізіледі.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу, олардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, мұғалімдер ұжымында психологиялық қызмет ұйымдастыру.

Міндеттері:

  • оқушылардың мектепке бейімделуін түзету мақсатында және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында арнаулы бағдарламалар жасау.
  • Балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау.
  • Оқушылардың дамуындағы”дағдарыс”, “өтпелі”, “қиын” кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу
  • Үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық коррекциялық жұмыстар
  • Кәсіптік бағдар беру, бейіналды дайындық жұмыстарын ұйымдастыру
  • Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер беру;

Мектептегі қызметтің методологиясы негізінен жеке тұлғаны дамыту теориясына негізделеді. Оның өзі іс әрекет теориясынан, таным теориясынан дамыту теориясына жол ашады. Бұның өзі  негізгі құндылық қарым қатынасты құрайды. Бұл қарым қатынас мектеп әкімшілігі, мұғалім, ата-ана, оқушы арқылы жүзеге асады.

     Психологиялық жұмыс әрекетінің негізгі бағыттары:

  • Психологиялық диагностика
  • Психологиялық профилактика
  • Психологиялық түзету, дамыту
  • Психологиялық консультация
  • Психологиялық білім көтеру

Мектептегі психологқа қойылатын талап өте көп және жоғары, оны орындау психолог шеберлігіне, біліктілігіне, шығармашылық ізденістеріне байланысты.  «Баланы жан-жақты білу керек»  деген белгілі педагог К. Д. Ушинский көрегендігі, педагогикалық іс әрекеттің психологиялық қызметтің тығыз қарым қатынаста болатындығының айқын дәлелі. Оқу тәрбие үрдісін жақсарту үшін мектепте психологиялық орталық құрылып,  ол орталық  мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерімен, оқушылар парламенті, мектеп дәрігері, кітапханашы,  «Жас психологтар клубы», құқықтық орталық,  ата-ана, 12-жылдық эксперимент алаңы, қоғамдық ұйымдар, сынып жетекшілер, жас мұғалімдер мектебімен бірлесе еңбек етеді. Қазіргі  уақытта оқу тәрбие процесінің  сапасына  үлкен талап қойылады. Осыған байланысты әр мектептегі алдына белгілі мақсат пен міндет қояды, ал сол мақсат пен міндетті сәтті тарату төмендегідей шарттарға байланысты:

  • Педагог мамандардың кәсіби біліктілігі жоғарғы деңгейде болуы керек.
  • Оқу тәрбие процесінің мақсатын педагогтар мен ата-аналардың бірдей түсінуі.
  • Үздіксіз өзгермелі қоғамда жеке тұлғаның қабілеті мен қажетіне лайық құзырлы білім мен тәрбие беруі.

Психопрофилактикалық жұмыстар

  • Оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың арасында психологиялық-педагогикалық білімді насихаттау.
  • Мектеп оқушыларына арналған психологиялық үйірмеге жетекшілік жасай алады.
  • Психологиялық диагностика көмегімен тұлғалақ дамудағы кері өзгерістерді анықтайды және анықталған өзгерістерді болдырмау мен бейтараптандыру жөнінде педагогикалық ұжымға ұсыныстар әзірлейді.
  • Психологиялық диагностика көмегімен педагогикалық босаңсып кеткен балаларды анықтайды және олардың  дамуын түзетудің жеке жоспарын жасауға көмектеседі.
  • Мектеп бойынша жайлы хал-ахуал туғызу бойынша жұмыстанады.

 

Жеткіншектермен жүргізілетін психопрофилактмкалық жұмыстардың мазмұны:

Жеткіншектермен психопрофилактикалық жұмыстар жүргізу үшін мектеп психологы жеткіншектердің өзіне тән психологиясын жақсы білуі керек.Олар 11-16 жас аралығындағы оқушылар.Бұл кезеңді  психологг-ғалымдар олардың ерекшеліктеріне қарай «қиын кезең», «дағдарыс кезеңі», «өтпелі кезең» деп сипаттайды.Бұл кезеңнің өзіне тән психологиялық ерекшеліктері :

  1. Бала қиялға берілгіш, еліктеу қасиеті жоғаоы болады.Олар ересектерге,өз құрбыларына еліктейді.
  2. Бұл кезеңдегі дағдарыс өзге кезеңдегі жас дағдарысымен салыстырғанда күрделі мазмұнда өтеді, осы кезеңдегі жас дағдарысына үлкен жауапкершілікпен қарамаса жеткіншек «қиын окушыға айналу мүмкін»

 

Жеке тұлғаның шығармашылық ойын дамытуға бағытталған шаралар

Жаттығулар

  1. «Миға шабуыл» және жылдамдық әдістемесі.

Жылдамдық. Бір сәтте бірнеше шешім табу қабілеті ретінде кез келген іске шығармашылықпен келуге жағдай жасайды.

1-жаттығу.

Жай заттарды ерекше қолдану. Бір затты қолданудың түрлі тәсілдерін ба-рынша көбірек ұсыну қажет. (мысалы: ескі тері тон) Бұл жаттығуда ұсынылған ойлардың көптігі мен олардың ерекшелігі бағаланады.

2-жаттығу.

Таңқаларлық жағдайлар.Керемет бір жағдайдың нәтижесінде адам сіріңке-нің қорбындай-ақ болып қалады. Ол өзінің бойына шақ үй, тамақ, қарым-қаты-нас жасайтын орта, көлік табуы қажет. Жаңа ойлардың саны мен оның ерекше-лігі бағаланады.

  1. «Ойды тиянақтауға қабілеттілік»

Идеяларды ойлап табу қаншалықты ерекше болса да – бұл істің біткенін білдіреді. Идеяны дамыту, жетілдіру және оны соңына дейін жеткізіп тиянақтау мен бекіту аса қажет.

3-жаттығу.

Жарнама жаймасы.

Тапсырма. Өзі жасап шығарған өніміне, фирмасына жарнама жаймасын жасау.

Жеке тұлғаның өзіндік санасы мен өзін дамытуы.

Мақсаты: Психологиялық диагностика және өзіндік сананы дамыту.

Құрал-жабдықтар: өз мінез-құлқын, ақыл-ойын, өмірге деген көзқарасын өзі бағалау туралы диагностикалық бланкі «Мен кіммін?» әдістемесіне арналған карточкалар.

І Ұйымдастыру кезеңі.

Тринингі жүргізуші қатынасушыларды тапсырмамен таныстырады: өзін-өзі барынша ашу, өз «Менін» сезіну, эмоциясын сыртқа шығарып жеңілдену. Трнинг кезеңінде тәртіптің принциптері мен қағидалары «Осында және енді» сезімге көңіл бөлушілік, өзін-өзі ашу және шыншылдық. Тринингтің әрбір қа-тысушысы өз белгісін ұсыну керек, ол төс белгісі, сөз, бейне болуы мүмкін.

ІІ Өмірге деген өз көзқарасын бағалауға диагностика жасау.

Қатынасушыларға бланктер таратылып мынадай нұсқаулар беріледі: «Менің сізден өтінерім», өздеріңізге тән қасиеттерді басқалардың айтуынша емес, өз ойыңызбен бағалаңыз. Міне-құлқыңыз сізді қанағаттандыра ма? Өзі-өзі баға беру негізінде өз түсінігін зерттеп білу жатыр.

Баға мынадай параметрлермен беріледі:ақыл,денсаулық,бақыт,мінез, ерік, дербестік,қабілеттілік,сыртқы пішін,жағымдылық,құрылымдылық белсенділігі.

Өзін-өзі бағалау қырынан қарағанда ара іспеттес болып келсе тұлғаның ұс-тамсыздығы немесе тұлғаның қалыпты дамуы болмаған жағдайда топ ішінде өзін солай ұстауынан деген пікір жасалады. Бұл адамның өзін-өзі бағалауында айтарлықтай нашар көрсеткіш те, жаңалығы да болып табылмайды, адамның дәл көрсетілген уақыттағы өзгеруінің себебін анықтап, табу керек. Бұл тәсіл тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

ІІІ Өз ақыл-ойын бағалау.

Нұсқау: ақыл-ой туралы берілген он тұжырымның ішінен өзіңіздің ыңғайыңызға келетін біреуін таңдап алып, сол жағыңыздағы санды сызып қойыңыз.

1Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді1
2Мен азғана интеллектуалдардың бірімін2
3Мен ақылды деген адамдардың қатарына жатамын.3
4Менің ақыл-ойымның деңгейі жоғары4
5Мен ақыл-ойы жағынан өзімді қоршаған адамдардың үздік тобына жа-тамын5
6Ақыл жағынан мен ең қарапайым адаммын6
7Менің ақыл-ойым ортадан төмен7
8Жалпы мен барынша зерек адамдардың қатарына жатамын8
9Мен зеректігі төмен адамдардың бірімін9
10Мен кез-келген топта ақыл жағынан төменмін10

Нәтиже зеректікті зерттеу объектісінің мәліметтерімен салыстырылады7

ІҮ «Тұлғаның өзін-өзі бағалау» тесті.

Нұсқау: Өзіңіздің жеке пікіріңіз бойынша сіздің мінез-құлқыңыздың ерек-шеліктерін,сіздің тұлғаңызды анық ашатын 16 ұғымды тізімнен көшіріп алыңыз Сонан соң осы 16 сипаттың ең маңыздыларын 1,2,3 және т.б. 16-ға дейінгі сан-дармен белгілейтіндей етіп жазыңыз.

Қосымша 1.

Енжарлық, ұқыптылық, белсенділік, дархан, өктем, содыр.

Сақ, қылжақ, жасық, жауапсыз, еренсіз, жүрек жұтқан, мінезсіз, салдыр-са-лақ, парасаттылық, биіктік, қорқулық.

Сыпайылық, ұрысқақтық, риза болу, қызбалық, төзімділік, кеңпейілділік, сенімділік, көңілділік, ұқыптылық, әсершілдік, қозушылық, тәкәпарлық.

Қызбалық, мақтаншақтық, дөрекілік,іскерлік,бейбастақ, өктемшілдік, жай-дарлылық, тәртіптілік, сенгіштік.

Сараңдық, қаталдық, шапшаңдық.

Күншілдік, жанашырлық, зиялылық, ақылдылық, даралық.

Қырсықтық, мықтылық, ұйымшылдық, сыншылдық, мәдениеттілік.

Сүйкімділік, жалғандық, екіжүзділік, құлық, тез сенгіштік, білуге құштар-лық, құбылмалылық.

Сылбырлық, көп сөйлемеушілік, меланхолинтік, кекшілдік, секем алғаш-тық, адамгершіліктік, ерлік.

Шыдамсыздық, табандылық, ұқыпсыздық, дербестік, алға ұмтылушылық, өзін құрметтеу.

Ү Жаттығу. «Мен кіммін»

Қатысушылардың бірнешеуіне өзінің «Мен» образы төңірегінде, белгісі, жазбалары, қимылдық бейне, би, ән төңірегінде ойлануға уақыт беріледі.

Басқа қатысушылар осы бейненің бұл адамға қаншалықты сай келетінін талқылайды.

Жеке тұлғаның сыпайылық, әдептілік қасиеттерін дамыту

тақырыбында жүргізілген психолрофилактикалық жұмыстың жоспары

І Кіріспе

1) Сыйпайылық, ізгілік туралы ертегі айту.

Ертеде өте алыс елде бір қала болыпты. Бұл өте мұңлы қала еді,өйткені он-да не күн жадырамаған, не бақшалар гүлдемеген, не гүлдері бүршік атпаған. Кі-сілердің көңілдері жабыраңқы,қайғылы, ал балалары жылап жүреді екен, өйтке-ні аналары оларды еркелетіп,жылы да мейірімді сөздер айтпайтын.Өйткені өмір лері қуанышсыз еді. Күндердің күнінде бұл қалаға үрлеме шармен бір ауылдан сиқыршы ұшып келеді. Ол бір өте биязы, сыпайы еді. Ол қаланың көшелерімен өтіп жүріп, барлық кісілерге мынадай сиқырлы сөздер айтады, «рахмет»,«өтіне-мін», «рахым етіңіз». Оның сөздерімен адамдар күлімдей бастайды. Адамдар биязы,сыпайы ізетті бола бастағаннан кейін,олар күннің жарық шашқанын, бақ-шалардың гүлдегенін, гүлдердің бүршік атқанын көреді.

Бұл ертегіден біз нені байқаймыз?

Адамдарға қандай сиқырлы сөздер айтты?

ІІ Негізгі бөлім.

2) Талдау. Мыналар жайында сұхбаттасу.

а) Әдептілік туралы нені білеміз?

ә) Неге әдепті болу керек?

б) Қалай әдепті болуға болады?

Сыпайылық деген өзіңді-өзің ұстай білу және жақсы мәнерге ие болу. Сү-йіспеншілік танытып әре ескерте білу. Шын мәніндегі ізеттіліктің түйіні тек қа-на елдің ішінде сыпайы болу емес, үйде де, достармен де, барлық жерде де, кез-келген уақытта сондай болу.

3) «Сиқырлы сөздер» ойыны (мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқу-шы оны әдепті түрде айтуы керек).

Мысалы: «Әсел, дәптерді бер» — «Әсел, өтінемін, дәптерді берші». Топқа кез-келген өтініш айту, олар сиқырлы сөз қосып әдепті түрде айту.

4) Нақыл сөз айту. «Ізеттілік – адамгершілік қасиеттердің анасы». Нақыл сөздің мағынасын ашу, ізеттілікті неге анамен теңейтінін түсіндіру.

5) Мұғалім.

Келесі сөздерді іштерінен қайталауды сұрайды (музыка ойналып тұрады) «Мен сыпайымын, қарапайым болуға тырысамын, өзімді өзгеден артықпын деп есептеймін. Мен әдепті баламын». Келесі осы сөздерді хормен қайталайды.

6) «Балық аулау» ойыны

Ойынның тәртібі түсіндіріледі.Оқушылар дөңгеленіп отырады. Бір-бірімен балық аулауға не алып баратындығын айтады. Егер де «сиқырлы сөз» қосып айтқан ойыншы болатын болса, ол ойыншы балыққа бірге барады. «Сиқырлы сөз» қосып айтпаған ойыншы балыққа баруға алынбайды. (сиқырлы сөз: өтіне-мін, рұхсат болса, рахмет, рақым етіңіз)

Бұл ойын жеке тұлғаны ізеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелейді.

Қорытынды бөлім.

7) Сурет салу. Ізеттілік жоқ болған қаланы бір топқа, келесі топқа ізеттілік бар, сиқыршы келгеннен кейінгі қаланы салу.

Сыпайылық, ізеттілік, әдептілік қасиеттерді дамыту туралы жүргізілген психологиялық тренингіні қорытындылау.

 

Психопрофилактикалық жұмыс

Тақырыбы: Кикілжің және одан құтылу жолдары.

Мақсаты: Тұлғаның өзін реттеуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектесу.

Білімділігі: Кикілжің туралы түсінік беру, одан құтылу жолдарын үйрету.

Дамытушылығы: Ой-өрістерін кеңейту. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Мейірімділікке,әділдікке, достыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, парақшалар.

Әдісі: Түсіндіру, тренинг

Жүру барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІ Сұраққа жауап беру.

Оқушылар арасындағы қарым-қатынас, достық?

Адамның денсаулығы жақсы болуы үшін оның көңіл-күйінің көтеріңкі болуы-ның маңызы зор.

— Сендердің көңіл-күйлеріңді түсіретін қандай жағдайларды айта аласыңдар?

кикілжің деген не? Ол денсаулыққа қандай әсер әкеледі? Кикілжіңнен қалай шығуымыз керек? –деген мәселелермен танысамыз

Мұғалім кикілжің – бұл келіспеушілік,ол басқа адамның пікірімен келіспе-ген жағдайда пайда болады. Адамдардың көңілін таба білу, дұрыс қарым-қаты-нас жасау – ең үлкен өнер. Дұрыс қарым-қатынас жасау үшін басқа адамның пі-кірімен келіспеген жағдайда пайда болады. Жанжал денсаулыққа кері әсер ете-ді. Айналадағы адамдарға мейрімді, қамқор және әділ болуың керек.

Қыздар мен балалардың арасындағы қарым-қатынас мәдениетті және ша-рапатты болуы керек. Достықты сақта, сынып істеріне қатыс, басқалардың пікі-рімен егер тіптен келіспесең де санас. Өз пікіріңді жолдастарың түсінетіндей етіп жеткізуге тырыс. Өз тәртібіңді де қадағала.

ІҮ. Топпен жұмыс.

  1. Өздеріңнің соңғы ұрыс-керістеріңді еске түсіріңдер.
  2. Ол кикілжің неден басталады?
  3. Кикілжің кезінде өздеріңді қалай сезінесіңдер, қандай күйде боласыңдар?

Ашулану

Қорқу                                      Шошу

Өкіну                                      Ауыру

Уайымдау

 

Ү. «Миға шабуыл» стратегиясы

Аталған себептер денсаулыққа қандай әсер қалдырады?

Қан қысымы көтеріледі.

Жүрегі шаншиды.

Басы ауырады.

Дірілдейді, қалтырайды.

ҮІ. Топпен жұмыс.

Кикілжіңдерді рөлге ойнап көрсету.

1) анасы мен баласының арасындағы түсініспеушілік

2) достар арасындағы келіспеушілік

3) аға мен қарындас арасындағы реніш, өкпе

4) ұстаз бен шәкірт арасындағы кикілжің (5 минут уақыт беріледі)

ҮІІ. Құтылу жолдары.

1) өз-өзіңді тоқтата білу

2) кейінірек сөйлесейік деп ұсыныс жасау

3) шешім қабылддау

4) өз қателігін мойындау

5) кінәлі болсаң кешірім сұрау

Кикілжің болған жағдайда әркім өз-өзін ұстап, көңіл-күйін, сезімін басқару керек.

1) көңіл көтеру (әзіл, күлкі)

2) ән, музыка тыңдау

3) мезгілімен ұйықтау

ҮІІІ. Суретпен жұмыс (өздері орындайды).

ІХ. Қорытындылау.

Кикілжің деген не?

«Егер сен күлсең, бар әлем сенімен бірге күледі, ал егер сен жыласың сен жал-ғыз жылайсың» деген нақыл сөзбен бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз. Психопрофилактикаға арналған жұмыс.

 

 «Ақылды болу дегенді қалай түсінесің?»

 

Мақсаты:       Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу,оқушылардың

адамгершілік   қасиеттерді күнделікті өмірде қолданылуын әдет —

дағдыға  айналдыруына тәрбиелеу.

 

Міндеттері:    — Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;

— Оқушыларды  әртүрлі адамгершілік  қасиеттермен таныстыру;

— Оқушыларға мейірімділік пен қатігездікті айыра білуге,жақсы

қылықтарды үйренуге,жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.

 

Кіріспе.

Эпиграф.

Жақсылыққа-жақсылық әр кісінің ісі,

Ал жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі.

 

Ашық әңгіме.

Жетекші топ мүшелеріне  арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған сөйлем

әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен  қағазды кезектесіп алады,онда жазылған ойды аяқтауы керек.

«Жақсы қасиет» деп қандай қасиетті түсінесің?

«Жаман қасиет» деп______________________?

Адамдардың бойындағы қасиеттер______________________?

Ақылды болу деп______________________?

Ақылсыз болу деп______________________?

 

Түйін.

Оқушылар өз ойларын айтуға дағдыланды,өзіндік ой-пікірі қалыптасты.Тез ойлап,шешім шығара білуге,шын көңілден жауап беруге үйренеді.

 

  1. «Ой қозғау».

 

 

Жақсы адам деп қандай қасиеттерге лайық адамды

айтады?Күн сәулесінің шуағына жақсы адам  деп

қандай адам туралыайтатындарын жазу.

Мысалы:мейрімді,ақкөңіл,сыпайы,т.б.

 

Түйін.

Жақсы адам Күндей айналасына жылу береді.

 

 

 

  1. «Мен және айна» жаттығуы.

Бұл ойында оқушылар бір-біріне қарап отырады. Әр жұптағы оқушылар біреуі жағымсыз қасиет айтса,оны екіншісі жағымды қасиетке айналдырып айтады.

Мысалы:жалқау- еңбекқор,ұялшақ-батыл,т.б.

Түйін.

Бұл  ойында  жаман  қасиеттерден аулақ  болуға, жақсы қасиеттерді  үйренуге  үйретеді.

  1. 4. Жағдаят талдау. Жалғаймын деп үзіп алма,

Түзеймін деп бұзып алма.

Сен мектепте жаман баға алдың, сен ол туралы ата-анаңа айтасың ба?

Топ мүшелерінің өз пікірлерін тыңдау.(шыншылдық,адалдық қасиеттерді айту).

Сенен парталас көршің көрші түрде сызғыш сұрады,сенің әрекетің?

(ізеттілік,сыпайылық қасиеттер туралы айту).

Даладан  сен қанаты сынған құс көрдің,сен не істейсің?(мейрімді болу).

  1. «Бірге ән айту». «Біз тамшымыз» сергіту сәті.

Біз тамшымыз2мұхиттағы,

Біз теңіздің2 толқыны.

Біз  келіңіз2

Сен және мен

Екеуміз бір жанұя боламыз.

Бір жапырақ2 бір бұтақпыз

Бір бақшаның 2 гүліміз.

Топтың мүшелері бір-бірінің қолдарынан  ұстап дөңгеленіп тұрады да, өлеңді мағынасына қарай көрсету арқылы орындайды.

6.Ауызша волейбол ойны.    «Менің жақсы қасиетім».

Балалар бір-біріне допты лақтырып жібереді де,өзінде бар жақсы қасетті

айтады.

Түйін.

Топ мүшелері бір-бірінің жақсы қасиеттерін білуге,бір-бірін жақсы тануға көмектеседі.

 

.

7.Құпия сурет.                     Біз нені байқап тұрмыз?

Ақ кеңістікті көрмей көбі қара нүкте көріп тұрмыз деп жауап

берді.  Дұрысы: ақ кеңістіктегі қара ноқат.Ақты аңғармай,қараны

тез қабылдайды. Адам бойынан әрдайым кез-келген жағдайда

жақсыны таба  білуден гөрі,адамның кемшілігін көре білу жеңіл.

Топ мүшелерін адамның жақсылығын көре білуге,жақсы

қасиеттерді дарыта білуге үйрету.

  1. «Адамгершілік жүрегі».

Әр топ мүшелері өздерінің қолындағы жүрекке «ақылды

болуымыз үшін не істеуіміз керек,қандай қасиетттерді

бойымызға дарыту керек?» деген сұраққа

Жауап жазып,адамгершілік жүрегіне ілу.

 

9.Күн шуағына жылу береді,ал адам жылы сөз айту арқылы бір-біріне жылу

береді. Шын жүректен бір-біріне  жақсы тілек айтып қортындыланады.

 

 

Қорытынды

Қазіргі заманғы мектептердің өсіп келе жатқан тұлғаны қандай бағытта да-мытатындығы, жеке тұлғаның потенциалдық және шығармашылық мүмкіндік-терін аша алуы еліміздің дамуы мен гүлденуіне қатысты. Қоғамда, жанұяда және мектепте балаларға қандай жағдай туғызатындығымыздың Қазақстанның болашағы үшін маңызы зор.

Мектеп оқушысының жеке тұлғасының дамуы негізгі проблема бола отырып, біздер осы оқушылардың мемлекет тарапынан кепілдік беріп отырған ҚР-ның «Балалардың құқықтары туралы» Заңын жүзеге асыру оқу орындарының тікелей міндеті екенін басшылыққа аламыз. Оқушы тұлғасының шығармашы-лық сапасын көтеруде мұғалімдер олардың құқықтарын ескере де құрметтеу-мен қатар, олардың міндеттерін де ұмытпаған жөн. Оқыту мен дамыту арқылы оқушы санасын көтеру деңгейге жеткізу қажет. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылы-мы дәлелдеп берген. Белгілі педагог К.Д.Ушинский «Егер мұғалім әр баланың жан-жүйке ерекшеліктерін жақсы білсе, онда осының өзі тәрбиелеу үшін құрал болып табылмақ» – деген. Ендеше, балалардың жеке ерекшеліктерімен санасу – ұстаз парызы. жеткізе алады деп ойлаймын. Балаларға психологиялық жас ерекшелігі жағынан алып қарағанда, өне бойы бірдей болып кездесе бермейді, әрбір оқушының өзінше азды-көпті өзгешелігі бар. Оқушынң психикалық даму ерекшеліктерін жете білу, оларды оқу тәрбие жұмысында пайдалана білу білім нәрімен сусындатуға, үлгілі тәрбие беруге, се-німді, білімді, адал ұрпақ яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Тәуелсіз ел ата-нып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Ал бүгінгі күні ұстаздың басты мақсаты — өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Абай атамыздың «Ұстаздың еткен жалықпас, үйрету-ден балаға» деген нақыл сөзін естен шығармай, жалықпай, үлкен төзіммен, ал-дымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, өмірде өз орнын таба білетін адамның қажеттілігін қалыптастыруына, жақсы тәрбие, терең білім беру үшін жұмыстанамыз.

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Көшекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. Алматы, 2002 ж.
  2. Исабекова А.И. Мектеп оқушыларымен жүргізуге арнал-ған психологиялық тренинг. 2003 ж.
  3. Ж.Сатыбалдиева. Психопрафилактикаға арналған бағдар-лама. 2003 ж.

4.Жарықбаев Қ. Психология. Алматы. 1996 ж.