БІРІНШІ ДЕҢГЕЙ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫМЕН МЕКТЕПТЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

 

БІРІНШІ ДЕҢГЕЙ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫМЕН  МЕКТЕПТЕ

 ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Әлемде қай сала болмасын он жылда бір реформа жасалып тұрады екен. Қарқынды бет алған білім саласындағы өзгерістер десаясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды, оларға нені оқыту керек?» деген сауал өзінен-өзі туындайды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Құзырлы мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы зерттеулерден білуге болады. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі көңілге сай оқыту тұрады. (Frost, 2011). Мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған бас, қол, жүрек сияқты  қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Бұл дана Абай философиясындағы адамға үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек дегенге саятын секілді, менің ойымша. Яғни, ыстық қайрат дегені қол, нұрлы ақыл дегені бас, жылы жүрек болса да түсінікті. Бағдарлама идеясымен жұмыс жүргізгенде ұқлы ақынның айтып кеткен ғибрат сөздерін еске түсіріп,  ата-бабаларымыздың жаңашылдықты әуел бастан-ақ болжағанына қайран қаламын.

Алдымен ата-ана, оқушы, әріптестер сауалнамасы нәтижесімен, мектеп әкімшілігімен ақылдаса отырып, №123 Т.Жүргенов атындағы орта мектептің  даму жоспарына сындарлы оқытудың теориясына негізделген әдістерін  енгізудің жоспарын жасап алдық. Мақсаты:

  • Мұғалімдердің сабақ беру әдістемесіне сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін енгізу, дамыту;
  • Әріптестерге сын тұрғысынан ойлауды дамыту модулін  сабақ үдерісінде нәтижеге бағыттай қолдануды игерту, іс-тәжірибелерінде пайдалануға қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру;
  • СТО әдіс-тәсілдерін мұғалімдердің тәжірибелеріне кірістіру арқылы оқушылар өз пікірін еркін жеткізуге, сыни ойлауға үйренеді;
  • Оқушылар алған білім, дағдыларын практика жүзінде пайдалануға дағдыланады.

Нәтиже және табыс критерийлері:

  • Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерін  өз сабақтарында қолданады;
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, ынтасы жоғарылайды;
  • Оқушылардың және мұғалімдердің сыни ойлау дағдылары дамиды;
  • Білім берудің мазмұны жаңашылдыққа қарай бейімделеді;
  • Оқушылар мектепте меңгерген білімдерін практикада жүзеге асыратын тұлға болып дамиды.
 

Мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізілетін басымдық

 

Өзгеріс

енгізудің                          мақсаты

 

Нені жетілдіру

қажет?

 

Жетілдіру үшін

жасалатын

әрекеттер

 

 

Уақыт

шегі

 

Күтілетін

нәтижелер

 

Жауапты

 

 

 

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып  оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру.

 

 

 

Мұғалімдерге СТО –ға үйретудің тәсілдерін  оқытуда тиімді пайдалануды меңгерту, өзара тәжірибе алмасу, іс-тәжірибелеріне енгізу арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру.

 

Сабақтарда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін  енгізу  және тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.Тренингтер                                            өткізу,                                           сұхбат,

сауалнамалар алу алу (мұғалімдер,

оқушылар,

ата-аналар),  алу, әңгімелесу (сұхбат).

Коучинг пен

тәлімгерлік.

Сабақтарға қатысу,

талдау, талқылау

дәлелдеме жинау,

мониторинг,

рефлексия.

2013-2014

оқу

жылы

Мектеп

мұғалімдері

сын тұрғысынан

ойлау модулінің

әдіс-тәсілдерін

меңгереді және

сабақтарына

енгізеді.

 

 

І деңгей

мұғалімдері

С.Құлманқұлова

Л.Рысбаева

Ғ.Нұрмахатов

М.Есаханова

Г.Қанатбаева

А.Искакова

 

 

 

 

Мектептегі оқу үдерісіне енгізу  кезеңдері

 

Іс-шаралар

(атқарылатын жұмыстар)

 

 

Мақсаты

 

Уақыт шегі

 

Ресурстар/

біліктілікті жетілдіру

 

Күтілетін

нәтиже

 

 

Ескерту/

қосымшалар

І кезең

 

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімдермен тренинг өткізу. Білім саласындағы инновациялық идеялармен, бағдарламаның 7 модулімен, мазмұнымен, басымдығымызбен таныстыру.

 

Қазіргі оқыту жүйесіндегі реформаларға талдау жасай отырып, сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізу, тиімділігін көрсету, топтарда жұмыс жасауға дағдыландыру.

 

 

ҚыркүйекҚараша

 

Мектеп дирекциясы

І деңгей

мұғалімдері

С.Құлманқұлова

Л.Рысбаева

Ғ.Нұрмахатов

М.Есаханова

Г.Қанатбаева

А.Искакова

ІІ деңгей мұғалімі

Д.Ілиясов

Мұғалімдер

Әріптестер білім саласына енгізілетін өзерістер туралы ақпарат алып, маңызын түсінеді, СТО әдістерін тәжірибеге енгізуге алғашқы қадам жасайды.Енгізетін өзгерістен мұғалімдердің тыс қалып қалмауын ескеру.
ІІ кезең

 

Практикалық кезең

Мұғалімдердің сабақтарында СТО әдіс-тәсілдерін қолдануға көмек беру, кәсіби қолдау, коучинг, менторинг үдерістерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыру.

 

Сабақтарға ену арқылы кері бйланыс жасап, оқушы, мұғалім пікірлерін ескере отырып әдістердің қолданылу тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.Желтоқсан-АқпанМектеп әкімшілігі

 

І деңгей

мұғалімдері

С.Құлманқұлова

Л.Рысбаева

Ғ.Нұрмахатов

Ж.Манасбаева

Д.Ілиясов

М.Есаханова

Г.Қанатбаева

А.Искакова Мұғалімдер

 

Мұғалімдерге жүйелі кәсіби қолдау көрсету нәтижесінде сын тұрғысынан ойлау модулі әдіс-тәсілдерін тәжірибелерінде қолданып, нәтижесін талдайды. 
ІІІ кезең

 

Қорытындылау кезеңі

Жүргізілген жұмыстарға рефлексия жасау, сәтті, сәтсіз тұстарына талдау, әрі қарай дамыту жолдарын талқылау.

 

 

 

Сауалнама нәтижелеріне қарай отырып алдағы уақытқа іс-әрекетті жоспарлау.

 

 

Наурыз-МамырМектеп әкімшілігі

І деңгей

мұғалімдері

С.Құлманқұлова

Л.Рысбаева

Ғ.Нұрмахатов

Ж.Манасбаева

М.Есаханова

Г.Қанатбаева

А.Искакова

IIдеңгейлі мұғалім Д.Ілиясов

Мұғалімдер

 

Сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін мұғалімдердің іс-тәжірибесіне енгізу арқылы оқушылардың ооқуға деген ынтасы артады, білім сапасы жоғарылайды.Диаграмма, графика, сызбаларды көрсету арқылы әріптестерді одан әрі ынталандыру

Іс-әрекеттегі зерттеуді мектептің даму жоспарына енгізген басымдығымызға байланысты  «Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып  оқушылардың білім сапасын қалай арттыруға болады?» деген зерттеу сұрағын қойып алып, өзім жетекшілік ететін 8 «Б» сыныбында  ағылшын тілі пәні бойынша зерттеу жүргіздім.

Мәселе: Ағылшын тілінде ауызекі сөйлегісі келеді, бірақ грамматикасын толық меңгермегендіктен,  әдіс-тәсілдер, ойындар арқылы қызықтырып, білім сапасын арттыру.                    Берілген материалды меңгертуден басқа грамматиканы үйретуге уақыт жеткіліксіз. Сондықтан мен проблеманы  грамматикалық тапсырмалар қамтылған ойындар өткізу арқылы шешуге тырысамын.

Теориялық алғышарттар  (негізгі идеялар):

-Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін жүргізу арқылы оқушылардың оқуға қызығушылығы артады;

— Өз сыныптастарымен жақсы ынтымақтастық қарым-қатынаста болады;

-Ойын барысында грамматикалық тапсырма орындау арқылы ойланып, сұрақтың шешімін табуға деген құлышынысы артады. Соның нәтижесінде бір тәсіл арқылы бірнеше грамматикалық материалды ұғынуға мүмкіншілік туады.

Пән мұғалімдерімен (әсіресе орыс тілі пәнінің мұғалімі) пікірлесе отырып, сыныпқа психологиялық-педагогикалық сипаттама

Оқушылар саны: 16

Сыныптың құрамы: ер балалар-4, қыз балалар-12

Сынып жетекші А.Искакова 4 жылдан бері жұмыс жасаудамын. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы. Бір-біріне қиын тұста жәрдем береді. Сынып ұжымы аудан, мектеп көлеміндегі іс-шараларға, қоғамдық еңбекке белсенді түрде араласады.

Сыныпта оқуға ынталандыру: оқушылар ағылшын тілінде оқуы жоғары деңгейде, сұрақтарға жауап беріп, ойларын жеңіл сөздермен жеткізе алады. Сабақта алған білімдерін өмірде көрсетіп жүр. Соның  нәтижесінде көптеген жоба, сайыстардың жеңімпаздары.

Үлгерімі: Сыныпта 5 «үздік», 6 «жақсы», 5 «қанағаттанарлық» деңгейдегі оқушылар бар.

Тәртіп: сынып ұйымшыл, көпшіл, тәртіпті. Бірақ кері тартатын оқушылар кездеседі. Шыдамсыздық танытады. Түскен топтарының құрамына қарап, жақтырмаушылық сезімдері ішінара көрініп жатады. Тартыс көп.

Оқуға көзқарасы: Сынып оқушылары жаратылыстану пәндерінен гөрі гуманитарлық пәндерге бейім, әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі

Қызығушылықтары: Сынып оқушыларының бір тобы ән салып, би билегенді ұнатса, екінші бір  тобы өлең шығаруға дағдыланған. Ал кейбіреулері компьютерде презентация жасап, сабақ өтуде алдына жан салмайды. Бос уақыттарында спортпен шұғылданады.

Сыныптағы қарым-қатынас: Сынып ұжымынан шеткері қалып қоятын оқушы жоқ.Тұйық мінезді Б.есімді қыз баланы достары өз орталарына тартып, үнемі қолдау көрсетіп отырады.

Оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілген өзгерістер:

-Сабақтың кезеңдеріне сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қамтып отыру;

-Тапсырманы орындау барысына оқушылардың түгелдей қатысып отыруын қадағалау;

-Ойын барысында тапсырмаларды дұрыс орындады ма, жоқ па? Сөйлемнің грамматикалық құрылымы дұрыс па, жоқ па? Сұрақ қоюда сұрақ түрлері ескерілді ма? Барлығын назарда ұстап, қателіктерін сыныптастары тарапынан жөндеп отыруға ықпал жасаймын.

-Оқушылардың бір-бірін бағалауды формативті бағалау арқылы енгізу.

Деректерді жинау әдістері:

-Оқушылар арасында сауалнама жүргізу;

-Мониторинг;

-Кері байланыс парақтары (жазбаша);

-Фотосуреттер;

-Видеоматериал;

-Оқушы жұмыстары.

Негізгі қорытындылар:

-Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы анағұрлым артқан;

-Грамматиканы меңгеруде біршама қолжетімділік байқалады.

Қиындықтар және шектеуші факторлар:

-Сынып ішінде шу көбейіп кетті;

-Әр әдісті жүргізгенде, шарты бойынша орындап, орналасуда бейтараптық болды;

-Баға әділетсіздігі туындады;

-Сынып бөлмесінің қолайсыздығы.

Іс-әрекеттегі зерттеудің екінші сатысын жүргізу үшін қажетті нәрселер:

-Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдері грамматиканы меңгертуде қаншалықты тиімді болғаны туралы ойлану;

-Осы тәсілге сай болатындай етіп грамматикалық тапсырмалар ұйымдастыру;

-Осы тәсілді қолдана отырып болашақта басқа да сыныптарда жүргізіп көру.

Жылдың басында алынған сауалнамамен салыстырғанда, оқушылардың жауаптарында әлдеқайда алшақтықтың барын байқадым:

МәселеКелісемінЖартылай келісемінКеліспеймін
1Әртүрлі қызықты тапсырмалар арқылы сыныптастарыммен әрекеттестім1141
2Жеңімпаз болу үшін тапсырмаларды тез орындадым1042
3Сабақта мен көбірек сөйлеп, достарыммен пікірлесуге мүмкіндік туды853
4Мен достарымның көмегіне жүгіндім943
5Сыныптастарымның бағалауынан, мұғалімнің мадақтауынан келесі сабаққа деген ынтам артты1132
6

 

Көп уақытымыз тиімсіз іс-әрекеттерге кетті1312
7Сабақтан жалығып кеттім412

Айтылған үдерістің барлығын тәлім алушым  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ажар Қалдыбаевамен бірге жүргізіп отырдым. Оның да сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін кірістіріп, сол арқылы білім сапасының жоғарылуына, оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығының  артуына ықпалын тигізді. Осы орайда, тәлімгерлік жоспарын жасап, тәлім алушымның кәсіби шыңдалуына титтей болса да септігімді тигіздім. Мысалы, жоспардың наурыз айы бойынша атқарған жұмыстар төмендегідей:

Тәлімгерлік бағдарламасының жалпы мақсаттарыТәлімгерлік ете отырып тәлім алушының кәсіби дамуына көмек беру, әдістемелік қолдау, тәлім алушы сабақ беретін сыныптардағы оқушыларды   сыни ойлауға үйрету және олардың білім сапасының артуына ықпал жасау.
УақытыТәлімгерлік мазмұныТәлімгерлік мақсатыТәлімгерлік нәтижесіТабыс критерийлері

Сіз қалай анықтадыңыз?

Іс-әрекет мәртебесі
НаурызКоучинг жүргіздіруТәлім алушыны тек оқушымен емес, әріптестермен де жұмыс жүргізуге дағдыландыру.Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері артады.КоучингОрындалды
Тәлімгер мен тәлім алушы арасында кәсіби әңгімелер жүргізу.Сабақ біткеннен кейін талдау жасау.Оқу үдерісінің сапасын арттыруда тәлім алушының оқыту әдістемесіндегі сын тұрғысынан ойлау әдісін қалай пайдаланғанын, нәтижесін анализдеу.  Оқу үдерісіндегі үлгерім динамикасын бақылау. Оқушылардың кері байланыстарын бейнежазбадан көру.

Қысқаша сараптамалық есеп

Өткен сабаққа қалай талдау жасау керектігі туралы пікір алмасады. Кері байланысты жүргізудің  техникаларын үйренеді, тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен әлсіздіктерін түсінуге және өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді.Пікір алмасу.видеожазылымды көру.Орындалды.
Тәлім алушының үздік шыққан жұмыстарын басылым бетіне жариялауЖас маманның тәжірибесін басқа әріптестеремен бөлісуге, ашықтыққа, жариялылыққа бағдарлауЖұмысының жетістігі, нәтижесінің болғанынан стимул қалыптасады, одан әрі тәжірибесін үздіксіз жетілдіреді,

дамытады.

Өзіндік білім дамытуОрындалды

 

Аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан семинар, конференция сияқты әдістемелік көмек беретін шараларға қатысуына ықпал жасау.Тәжірибе алмаса отырып, тәлім алушы өзін-өзі басқаруға үйренеді.Кәсіби құзыреттілігі дамиды.Тәжірибе алмасуОрындалды
«Портфолио талаптары» тақырыбында семинар өткізу (барлық жас мамандарға)Жас мамандарға бағдарлама идеясына сәйкес портфолио жасау ерекшеліктерін үйретуЖеткен жетістіктерін жинақтап, портфолио әзірлейді.СеминарОрындалды

            Іс-әрекеттегі зерттеу тек сабақ беріп, тәлімгерлік жүргізумен шектелмейді. Желілік қауымдастық жұмыстарының нәтижесі, «Lesson Study» тәсілі арқылы сабақты зерттеу, коучингтер жүргізу де іс-әрекеттегі зерттеудің нысандары болып табылады. Сондықтан іс-әрекеттегі зерттеуді бір баяндамаға қамту әрине қиындау дүние. Мектебімізде осы жұмыстардың барлығы жүйелі жүргізілді, кемшіліктер де кетіп жатты. Соның барлығын қорытындылап, «Сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдалана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырдық. Оған аудан және мектеп мұғалімдері, «Сырағаш.kz» желілік қауымдастық мүшелері де қатысты. Аудандық семинардан  кейінгі тыңдаушылармен жүргізілген сауалнама қорытындысындағы кей сұрақтар нәтижесіне қарасақ,  оң алға қадам басушылықты аңғарамыз. Семинарға қатысушы мұғалімдер саны: 45.   Сауалнамаға қатысқан мұғалім саны:   37.

 а)мүлдем білімім болған жоқ ә)жалпы түсінігім болды

 

б)білімім мен білігім толық  емес болдыв)білімім мен білігім едәуір толық  болдыг)жауап беру қиын
1.Сіздің біліміңіз бен біліктілігіңізде жетіспеушіліктер болып па еді?  13-35%10-27%7-19%7-19%

 

 а)толығымен қанағаттандырды ә) негізінен қанағаттандырдыб) ішінара қанағаттандырдыв)қанағаттандырмайдыг) жауап беру қиын
3. Ұсынылған семинар  нысаны Сізді қаншалықты қанағаттандырды? 16-43%14-38%5-14%2-5%

 

  а) едәуірә) орташаб) елеусізв) мүлдем болған жоқг) жауап беру қиын
5. Осы семинар мазмұнының Сіз үшін жаңалық үлесін бағалап көріңіз.34-92%2-5%1-3%00

 

  а) әрине ә) ішінараб)қолданбаймынв) жауап беруге  қиналамын
9. Алған біліміңіз бен білігіңізді тәжірибеде қолдану ойыңыз бар ма?22-60%13-35%2-5%

 

 а)  пайдалы  ә) пайдасызб) жауап беру қиын
10. Осы  семинар Сіз үшін қаншалықты пайдалы болды? 37-100%

Бірлескен оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Мектеп ұжымындағы мұғалімдер арасындағы жағымды қарым-қатынас жағдайында іс-әрекеттегі зерттеу өз мәнінде жүргізілді. Іс-әрекеттегі зерттеу маған не берді? Әріптестерім мен айналамдағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерімді көрсеттім. Мұғалімдердің тәжірибелерін өзгертуге көмек бердім. Зерттеушілікпен айналысуыма мүмкіндік туды. Белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларым қалыптасты. Мектеп үшін мұғалімдерге тәлімгерлік ету арқылы көшбасшылар саны арттуымен, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер арасында ынтымақтастық орнауымен, мектеп оқыту үдерісіне сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерді енгізілуімен, желілік қауымдастық жұмыстарына тартылуымен тиімді болды. Коучинг, тәлімгерлік, “Lesson Study”, Желілік қауымдастық арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсетілді. Ал оқушылардың сабаққа деген ынтасы сын тұрғысынан ойлау модулі әдіс-тәсілдерін қолданғаннан кейін артты, өз пікірлерін еркін жеткізуге, топтарда бірлесе жұмыс жасауға, тақырыпты өз бетінше меңгеруге, алған білімдерін практика жүзінде пайдалануға  дағдыланды. Іс-әрекеттегі зерттеу барысында кедергілер де кездеспей тұрмайтыны анық. Ауыл балаларының бойындағы ұяңдық, сабақ жоспарын құрудағы,  сын тұрғысынан ойлаудың идеяларын енгізуді жетілдіруде, тапсырмалар дайындауда қиындықтар туды, тәжірибе кезеңінің ұйымдастыру кезеңге сәйкес келуі, уақыт тапшылығы, “Lesson Study” жүргізуде 3 оқушыны бақылағанда, өздерін қолайсыз сезінуі т.б.

Үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесi -бұл көп деңгейлiлiгiмен, iзгiлiктiлiгiмен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетiн динамикалық даму жүйесi.  Қазіргі білім беру жүйесінің талабы бойынша мұғалім, заман талабына сай  жан-жақты  дамыған, жеке тұлғамен жұмыс істей алатын, өз білімін жаңа технологиялармен жетілдіріп отыратын, педагогикалық шеберліктің қыр-сырын толық меңгерген, құзырлы маман иесі бола алады. Сондықтан болашақ мұғалімдерді даярлауда, алдымен мұғалімнің құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында жоспарлар құрылып, сапалы білім берудің жолдары ұйымдастырылуы керек деген ойдамын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

2.Үлестірмелі дидактикалық материалдар

3.«Тағылым» республикалық ғылыми –әдістемелік журнал. №4. 2012ж

4.Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру. Алматы: Ғылым, 2003.