Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

 

            Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек.

Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен,мұғалімнің дайындығы,ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.

Өз іс – тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
  • Оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізуге баулу;
  • Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;ъ
  • Оқушылардың шыңармашылық қызметін дамыту.

 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі

 

Шығармашылық жұмыстар.

 

  1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
  2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
  3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
  4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
  5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
  6. Шығармашылық белсенділік артады.

Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.

Жеке тұлға

Мен

Мен істеймін — өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.

Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.

Мен істей аламын — өз біліміне деген сенімділігі.

Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негізі

        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым – қатынасұа көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», — деп тұжырым жасады.

Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық  қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дегенді ғылыми тұрғыдан түсіндірудің негізгі қабілет ұғымының мәнін ашудан бастау алады.

«Қабілет – іс — әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» /Т.Тәжібаев/. «Қабілет – білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» , — дейді А.В.Петровский.

Мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне сай белгілі бір іс- әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді. Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс

 

 

 

 

 

 

— әрекетпен айналысуына – бет бұрысы, оған көңіліңнің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

Мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.

Оқушылардың шығармашылық қабілетінің құрамдас бөлігін анықтауға арналған ғылыми педагогикалық еңбектердің ішінде А.Н.Лук қабілетті үш топқа бөлінеді: шығару, іздену, ойлап табу.

  1. Оқушының кез – келген іс — әрекетте жақсы нәтижеге жету мен белгілі бір қабілет түрін дамытуы үшін алдымен оның сол іс — әрекетке деген қызығушылығы және ынтасы болу керек.
  2. Көңіл – күй – кез – келген іс — әрекетті орындаудың негізгі көрсеткіші.
  3. Кез – келген іс — әрекетті ақыл – ой қабілеттері негізінде жүзеге асырамыз.

 

Педагогика ғылымы ешнәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп есептейді. Сондықтан балалардың қабілетін дамытуға мақсатты түрде ықпал ететін – мектеп.

Қабілет адамды шығармашылық деңгейге көтереді.

Ал шығармашылық дегеніміз:

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық туралы  мынадай анықтама бар: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен ерекшеленеді».

Шығармашылық – алынған ақпаратты түрлендіріп, жиі тапқырлық таныту, бірегей ойларды қорыта білу, оралымды және көп нұсқалы ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі.

Шығармашылық бағыттағы іс — әрекеттің негізгісі – шығармашылық ойлау. Себебі оқушы «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатынын көзіне елестете алады.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеті үздіксіз дамиды. Сондықтан өз іс — әрекетіне қадам жасаған сайын оның шығармашылығы арта түседі.

Оқушының осындай шығармашылық  қабілетін дамыту үшін информатика пәнінде  мынадай жұмыстар жүргізіледі:

7 – сыныптарда «Paint графиктік редакторы» тақырыбында оқушылар өз ойларымен, өз шығармашылығымен суреттер салып, көрмелер, жарыстар ұйымдастырады.

8 – сыныптарда «Word мәтіндік редакторы» тақырыбында оқушылар компьютерге мәтін жазумен қатар, әр түрлі тақырыпта шығармалар жазып, өз ойларын түсіреді.

Ал 9-шы сыныптарда әртүрлі программалар құрып, әсіресе графиктік операторларға оқушылар қызығушылығы соншалық әртүрлі программалар құрып, нәтижесін экраннан шығарып отырады.

11 сыныптарда Excel, PowerPoint программаларымен әртүрлі шығармашылық жұмыстар жасайды. Мысалы: PowerPoint программасында «Дербес компьютер жетістіктері» тақырыбында жасаған презентациясында оқушылар компьютердің ең алғаш есепшот болғаны кезінен бастап, қазіргі кездегісіне дейінгі суреттерін кірістіріп, анимациялар жасаған.

Оқушының шығармашылық іс — әрекетінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:

  1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
  2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
  3. Уақытша мәселені қозғамау.
  4. Интуицияны ояту.
  5. Нәтижені жан – жақты тексеру.

Оқушының үшін ғылым А.Н.Лук ұсынған осы бес кезеңді басшылыққа аламын.

 

Осындай шығармашылық қабілеттің қалыптасу барысында мұғалім оқушы қажетті жағдайдың болуын, қорқыныш, жалқаулық, өзін — өзі бағалау сияқты психикалық кедергілердің болмауын қамтамасыз етуі, бақылауы керек.

Шығармашылық  әрекеттің еркіндігі.

  1. Пәнге үйретудің еркіндігі.
  2. Білім кеңістігінің әр бағыттарда – мазмұндылық, шығармашылық, жан – жақтылық болуы.
  3. Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары.

 

Информатика пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.

Ондай кедергілер:

  1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
  2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.
  3. Денсаулығының нашарлығы.

Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын – ала анықтау керек.

Қорыта келгенде, әр баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған жұмыстар оның ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне дейін жету керек. Күн өткен сайын ол деңгей биіктей береді де, жүйелі, жұмыс нәтижесінде оның дамуы жоғары дәрежеге жетеді.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дарынды, талапты оқушыны көбейтуге әсерін тигізеді.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін — өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюге, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін — өзі тануына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін — өзі шынайы болмысын абастайтын жол іздеу керек. Адам өзін — өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс.сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы білімді дамыту тұжырымдамасында: Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіне басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін информатика пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім.

Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс — әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.

Оқушының өз бетімен жұмысістеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда, оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді.

Сонымен қатар, сыныптарды топқа бөліп оқыту тәжірибесін  қолданамын. Өр топта 5-6 оқушыдан болады. Топқа бөліп оқыту тиімділігі – нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір – біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Тиімді жағы – күнделікті сабақта түгел оқушы бағаланады. Ол тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады.

Шығармашылық мақсаттағы жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі, бұл оқушының қызығушылығын арттырады. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің сабағында назардан тыс қалмауы тиіс. Мысалы, «Excel программасында диаграммалар тұрғызу» тақырыбын өткенде оқушылардың шығармашылығын дамытуға ұмтылдым. Мұғалім сабақ мақсатында Excel программасындағы  диаграммалар және графиктер құрып үйренуге  жүйеліктің арасында жетеді. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында шығармашылық жұмыстар ұсындым. Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөліп 1 – ші топ оқушылары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бағанға төрт тоқсанды енгізіп, жолдарға сол тоқсанның бағаларын, оқушының санын,сапасын анықтайтын кесте құру тапсырылады. 2-ші топқа Гистограмма программасын құру тапсырылады.

Screen 2

Print Gistogamma

Line (75,25) – (75, 190),1

Line (75,190) – (500,190),1

For a = 125 to 375 step 50

Read P

Line (a, 190) – (A+50, 190 — P),,B

Next

Data 50,60,64,72,120

N2 Y (x) = 1n (1+x) / (x^2+1) функциясын  кестесінде 0,2 қадам мәндері арқылы кесте түрінде беру программасын құру керек.

Rem

Input a,b,n

H = (b-a) / n

Paint string$ (38, « — »)

Paint « K », tab (6), « x », tab (22), « ! », tab (30), « y », tab (38), « ! »

Paint string$ (38, « — »)

For K= 0 to N

X= A+K*H

Y! =Iog (x^2+1)

Paint « K », tab (4), « ! », tab (22), « ! »,« y! », tab (38), « ! »

Next  K

Paint string ^ (38, « — »)

End

Сонымен қатар сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Информатика сабағында ойындарға ребустар, сөзжұмбақ құрастыру, анаграммалармен жұмыс жасау жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.

Осы мақсаттағы 7  сыныптағы сабағыма тоқтала кетейін.

 

Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік ректоры. Мәтіндік ректор терезесі. Мәтінді енгізу және редакциялау.

Сабақтың мақсаты: Word Pad ректорыменжұмыс істеуді үйрету. Тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету. Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Бұл сабақты блоктау арқылы, тірек схемаларын пайдаланып түсіндірдім. Word Pad мәтіндік терезесінің ашылуын, оның элементтерін таныстырдым. Терезеге мәтінді теріп жазу, мәтіндік ректордың Word Pad батырмаларының түрлері мен қызметі айтылды. Мәтінді теру мен редакциялау түсіндіріледі. Материал толық түсіндіріліп болған соң, оны бекітуді компьютермен жеке жұмыс жасауға үйрету мақсатында үлестірме бетшелер тапсырылады. Бетшедегі тапсырмаларға өлең шумақтарын алдық.

 

 

 

 

 

 

 

1 – тапсырма

Берілген өлең шумағын сауатты теріп жазу.

2 – тапсырма.

Оқушыларға тәрбиелік мәні бар мақалдарды өз ойларынан теріп жазуды тапсырдым.

3 – тапсырма.

Бір әріпті екі рет қолданбай «Программа» деген сөздің ең ұзын мағыналы сөз ойлауды ұсындым.

4 – тапсырма.

«Компьютер» немесе «Процессор» сөздерінің әріптерінің орнын ауыстыра отырып, осы әріптерден сөз құрастыру.

Өтілген тақырып бойынша мынадай сөзтізбекті шешуге ұсындым.

  1. Ақпараттық процестерді үйрететін ғылым.
  2. Графикалық немесе мәтіндік мәліметтерді тікелей оқитын құралы.
  3. Файлдар көлемін кішірейтіп сақтауға арналған программа.
  4. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны.
  5. Есеп шешудің алгоритмін компьютерге түсіру жолы.
  6. Ақпараттың өлшем бірлігі.
  7. Мәліметтерді сақтау үшін құжетті құрал.
  8. Ақпаратты шығару құрылғысы.

Осы сабақты бағалап, қорытынды баға қойылады. Бұл сабақтың артықшылығы мен тиімділігі мынадай:

  1. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытады, сөз байлығын жетілдіреді.
  2. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастырады.
  3. Оқушының пәнге деген қызығушылығын және шығармашылығын арттырады.

Тараудың соңында, қорытынды сабақта оқушы білімін тексеру үшін әртүрлі сыныптарға өтілген тақырыптары бойынша тест жұмысы жүргізіледі.