12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ.

50

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ.

 

Елміздегі  қазіргі білім саласын заман талабына сай дамыту керек екендігі күмән туғызбайды. 1997 жылы әлемдік білім кеңістігіне кіру туралы Лиссабон конвенциясына ТМД елдерінің ішінде Қазақстан да қол қойды. Бұл құжатты қабылдау жоғарғы ілім берудің сапасын онан әрі жақсарту мақсатында орта білім берудің мерземен ұзартуды талап етеді. Білім мен ғылым әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы прогреске апаратын жол десек 12 жылдық білім беру жүйесі – бүгінгі күн талабынан туындап отырған өзекті мәселе.

«Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесінде ерекше  көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.  Құзырлылықтың (латын тілінде «Competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алады дегенді білдіреді. Шетел әдебиеттерінде «Құзырлылық» — «Терең білім», «Тапсырманы талапқа сай орындау қабілеті», «Қызметті өзектерінде орындау қабілеті»  деген мағынада ашылады. Ресей ғалымдарының еңбектерінде құзырлылық мазмұны «әлеуметтік – психологиялық», «коммуникативтік», «кәсіби – педагогикалық» түсініктер арқылы ашылады. Оқушылардың білімі мен біліктіліктің бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA) негізінде жүргізілген зерттеулерге жасалған талдаулар түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдесіндегі берілетін тапсырмалардан бастаудың қажет екендігін көрсетеді. Оқушы  PISA тапсырмаларын орындау барысында ешқандай пәнге қатысы жоқ тапсырма шартын, сұрағын басқа ақпарат көздерінен алынған ақпарат пен байланыстыра отырып, берілген тапсырманың немесе ситуацияның шешілу жолдарының өзіндік вариантын жасай білуі қажет. Он бес жастағы оқушылардың құзырлылығы «Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы» негізіндегі  тестілер арқылы анықталатындығын оның қойып отырған мақсатынан аңғаруға болады. Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасының мақсаты әлемдік деңгейге  салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу саралау. Олай болса, PISA халықаралық дәрежедегі оқушылардың құзырлылық деңгейін бақылау үшін пайдаланылатын диагностикалық құрал болып табылады. Құзырлылық тақтадағы жауабын мәтіннен алып талқылап тұрған жауаппен емес жаңа өнімнің жасалуы   мен алынуымен  бағаланады. Сонда ғана оқулықтар  оқушының өз бетімен жұмыс жасау рөлін атқарады, оқулық оқушының танымдық, пәндік, практикалық, тұлғалық – тәжірибесінің күрделі пайымдамасы синетзі ретінде оқушы құзырлылығын арттыруға мүмкіндік жасай алады.

Мұндай оқулықтар біріншіден, тұлға қасиеттеріне болжам жасай отырып, тұлға қасиеттерін дамытудың диагностикалы мақсатын айқындауы қажет. Екіншіден шешімі өзіндік дәрежеде қабылданатын проблемалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметін ұйымдастыруы қажет. Үшінші оқулық оқушының өз-өзіне бақылау жасауына, түзетулер жасауына  жағдай туғызуы қажет.

Құзырлылықты нәтижеге бағдарланған  білім беру жүйесінің  сапалы критерийі ретінде зерттеу   бүгінгі күннің  талабы. Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы PISA арқылы өлшенетін  сапа қабілет – құзырлылық. Сондықтан да құзырлылықты адамның кездейсоқтықтан, стандартты емес ситуациялардан шығудағы нәтижелі әрекет жасау қабілеті, тұлғаның кріктірілген  қасиеті деп қарастыра отырып, жас түлектің өмірден  өз жолын  табудағы басты критерийі ретінде  қарастыруды ұсынамыз. Жалпы білім мен біліктілік, дағды,  тұлға қасиеті, қабілеті өзінің даралығы мен сипатталып, өз бетімен жетілдіріп отырған жағдайда ғана  құзырлылықтың негізгі бөлігі  бола алады. Білім сапасы  құзырлылық  критерийі арқылы  білім, біліктілік, дағды мен  қоса тұлға қасиеттерін, қабілеттерін қасти  отырып бағаланады. Олай болса 15 жастағы оқушының құзырлылығын анықтаудағы қолданысқа  еніп отырған оқушының  жалаң  жаттанды білімін ғана анықтау мен  шектелетін  бірыңғай  ұлттық тесттің мақсатын түбегейлі өзгерту қажет деп ойлаймыз.

 

 

Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті.  Бұл мынадай фактілерге байланысты:

  • Оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану;
  • Топтық жұмыс дағдыларын дамыту;
  • Әрекеттерге үйрету;
  • Нақты ситуациялар талдау;

Білім берудің, соның ішінде орта білімнің құндылық  мәні білім алушылардың қоғамдағы өз орнын табуға өзін әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге жағдай жасайтын базалық құдіреттер түрінде берілген ұлттық деңгейдегі базалық құжіреттер тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы білім берудің мәні мен орнын анықтайды және ұлттық деңгейдегі білім берудің жалпы мақсаттарының негізгі құраушысы болады. Базалық құзіреттер орта білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтауға бағдар береді және ұзақ мерзімді сипаттағы күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылады.

Білім берудің жалпы мақсаты:

  • мейірімді адам;
  • бауырмал отбасы мүшесі;
  • шығармашыл дара тұлға;
  • жауапкершілікті азамат;
  • салауатты және кемелденуші тұлға ролдерін қамтитын базалық құзіреттілікті мақсатты түрде дамыту арқылы білім алушылардың үйлесімді қалыптасып дамуына саналы түрде өз өмірін ізгілендіруге ықпал ету.

Орта білім берудің мақсаты пәндік  және түйінді құзіреттердің дамуы арқылы білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету. Түйінді құзіреттер адамның адамгершілік құндылықтары мен ынталарын қалыптастыруға, әлеуметтік және  мінез — құлықтық  әрекеттерінің дамуына, алғы шарт болады. Әрбір білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға қызмет етеді.

Түйінді құзіреттерге:

  • ақпаратты құзірет;
  • коммуникативтік құзірет;
  • проблемалардың шешімін тау құзіреттері жатады. Ал пәндік құзіреттер білім алушылардың кең ауқымды әрекеттерін қамти келе олардыңмынадай қабілеттерін сипаттайды:
  • қоғам қажеттілігіне сай ана тілінде және басқа тілдерде қарым-қатынас жасауға ынталы болуы;
  • кең ауқымды мағынада математикалық сауаттылыққа ие болу, сонымен қатар жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білуі;
  • адамның табиғаттағы ролі мен орны тұрғысынан әлемнің ғылыми сипатын түсінуі;
  • өз халқының өткен тарихын білу отбасында, қоғамдастықта, басқа адамдар мен қарым-қатынаста жалпы адамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;
  • қазақ халқының мәдениетін, Қазақстан халықтарының және әлемнің мәдени көп түрлілігін түсінуі және бағалауы;
  • өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;
  • өзінің дене күш қуатын, ақыл-ой қабілетін жалпы өмірлік әрекетін жоғарғы деңгейде ұстап тұру үшін салауатты өмір салтын сақтауы жатады.

Пәндік құзіреттер білім беру салаларынің мәні мен орнын анықтайтын мақсат болып табылады және күтілетін нәтижелерді анықтауда бағдар береді. Білім берудің күтілетін нәтижелері  бұл біріншіден, оқыту циклдары бойынша тағайындалған қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі, екіншіден оқытудың нақты кезеңдеріндегі жоспарланған соңғы өнім  болып табылады.

Оқытудың соңында оқушылар төмендегідей күтілетін нәтижелерге жетуі тиіс:

 

 

  • табиғат бірлігі және олардың өзара байлынысы туралы ұғымдарды дамыту үшін биологиялық терминдерді және ұғымдарды заңдар мен заңдылықтарды біледі.
  • Табиғатты танып білу, Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау, тірі организмдердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін түсінеді.
  • Ғылыми ақпараттарды өз бетінше іздеу үшін ғылыми және көпшіліккке белгілі әдебиеттермен, оқулықтармен жұмыс істеу кезінде пәндік  көрсеткіштерді қолдана алады.
  • Практикалық іс-әрекеттерді іске асыру үшін, тірі табиғатқа деген өзінің іс-әрекетінің әсерін бағалай біледі.
  • Жалпы және бірлескен жұмыстарды орындау үшін мектепте және мектептен тыс биологиялық шараларды, ғылыми, үйірмелік жұмыстарды экологиялық шараларды өткізуге қатысады.
  • Қауіпсіздік ережелерді жүзеге асыру үшін тірі органиизмдердің сыртқы және ішкі құрылыстарын оқу кезінде зертханалық және ұлғайтқыш құралдар мен жұмыс істеу ережелерін сақтай алады.
  • Оларды күнделікті өмірде қолдану үшін тірі органиизмдер туралы білімдерін қолдану негізінде жауапты шешімдер қабылдай алады.
  • әртүрлі жағдаяттарды түсіндіру үшін эволюция үдерісінің күрделенуі туралы мысал келтіреді, организмдердің клеткалық құрылыстарын және органикалық дүниенің туыстығы мен бірлігін түсіндіра алады. Оларды әр түрлі тұрғыда пайдалану үшін суреттер мен қарапайым тәжірибелердің көмегімен өздігінен биологиялық ұғымдарға анықтама береді.
  • Логикалық ойларын дамыту үшін тірі организмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасайды, нысандар мен құбылыстарды салыстыра алады, белгілерін ажырата алады.
  • өз түсінігін кеңейту үшін өсімдіктердің іріктемелерін және жануарлардың қол тұқымдарын және микроскоптарды ашқан тарихи тұлғаларға қызығуын танытады.
  • Биотехнология, табиғатты ұтымдыпайдалану, табиғатты қорғау, ауылшаруашылық саласындағы еңбек іс-әрекеттеріне болашақта қатысу үшін биологиялық білімдерін практикада қолдана алады, білімдерін жаратылыстану пәндері мен кіріктіре алады.
  • Шешім қабылдау және жағдаяттарды бағалау үшін жергілікті жердің өсімдіктері мен жануарларын танып білудің маңыздылығын түсінеді.
  • Қоршаған шынайлылықпен бірге өзара әрекеттестікте туындаған мәселелерді шешу үшін, өсімдіктер мен жануарлар және олардың құрылысы туралы биологиялық блімдерін жаңа техникалармен ғылымдарға пайдалана алады.

Оқушылардың базалық және түйінді, пәндік құзіреттері ең әуелі мектепте оқыту үдерісі кезінде қалыптасады.  12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің кәсіи құзіреттілігі оқушыға таным – бағыттық білім берудегі ең басты міндеті. Мұғалімнің білім деген теңіздегі кеменің бас «капитаны» болғандықтан, сол кемедегі «матрос» — оқушылардың қабілеті мен жеке қасиеттерінің көзін ашуға көмектесетін нағыз маманы болуы тиісті.