12 жылдық экспиремент сыныптарында информатика пәнін оқыту ерекшеліктері

5   12 жылдық экспиремент сыныптарында информатика  пәнін оқыту ерекшеліктері

 

Елбасымыздың “2007 жылғы Жаңа әлемдегі Қазақстан” атты халыққа жолдауында  айтып кеткендей “Біз бүкіл еліміз әлемдік стандарттар  деңгейінде  сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек”  Кез келген елдің болашағы  білім беру жүйесінің  және зиялылар қауымының  деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына  әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру  қажеттілігі күмән тудырмайды.

Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа мақсатты,формалы,сапалы білім беруге бағытталу қажет. Ойлап қарасақ, барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы “бүкіл өміріңнің “ принципінен  “өмір бойғы білімге”  ауысады. Бұл иделогияны және ішкі резервті  пайдалана отырып, жаңа нарықтық  жағдайларға жүйелі бейімделу  механизімін  орындау- біздің міндетіміз.

Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ, таңдауында шексіз мүмкіндік  туған заманда  өмір сүріп жатыр. Оқушыны  болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын,сондай-ақ өзінің өміріндегі  өзгерістер ағымына икемделе беретін, қабілетіне байланысты  өмір сүру тәртібі күтіп тұр.

Сондықтан бүгінгі күнгі  еліміздің білім жүйесінде  оқыту үрдісін тың идеаларға  енгізілген жаңа мазмұнға қамтамасыз ету  міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің  жалпы ұлттық  деңгейдегі  басты мақсаты- Қазақстан Республикасын  әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси  өміріне белсене араласуға дайын,  құзіретті тұлғаны  қалыптастыруға ықпал ету.

12 жылдық білім берудің өзіндік бір ерекшелігі ерте жастан информатика пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі. Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан – жақты болуына, шынайы әлем жағдайында тәрбиелеуіне көп септігін тигізіді.

Сонымен қатар осы өзгерістерді іске асыру жолында жалпы педагогтар қауымының психологиялық – педагогикалық жаңаруы көзделеді. Себебі, 12 жылдық мектеп жоғары мәдениеті, терең

 

 

адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі құндылықтарымен, сенімдерімен өз оқушыларының шығармашылық потенциалын дамытудағы инновациялық қызмет қабіліттілігін өздігінен жетілдіруге білікті маманды талап етеді.

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік салауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындап отыр. 12 жылдық эксперимент сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан- жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде.

Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек. Информатика пәні күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша 2 – 5 эксперимент сыныптарында әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағаттан жүргізіледі. Бұл сыныптарға арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Техникалық қауіпсіздік ережелерімен» танысады. Эксперимент сыныптарында жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып  алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.

Бастауыш сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым – қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді, шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындап, медиасауаттылық портфолиосында сақтайды.

12 жылдық эксперимент сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар – математика, қазак тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды. Демек информатика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық  байланысы жаксы сақталған.

Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің  мүмкіндіктерін пайдалану  арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндерді компьютерді пайдаланып оқытуда бастауыш сынып оқушылары мынадай тапсырмаларды жеңіл орындайды.

  • Математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды орындауға арналған есептер.
  • Ана тілі сабағындак мәтіндік редактор кеңінен қолданылады, тақырыптық шығарма, құттықтаулар жазуға болады. Бұл балалардың тіл байлығын, ойын тиянақты жеткізу алуын, шығармашылық қабілетін және салауаттылығын айқындайды.
  • Бейнелеу өнері, дүниетану сабақтарында графиктік редактордың алатын рөлі өте зор. «Тышқан манипуляторымен

жұмыс істеп үйренген оқушы қарындаш, ластик, бояу түстерін,      қылқаламды таңдап, әртүрлі геометриялық фигураларды, әртүрлі суреттерді сала алады, түрлі түске бояу дағдылары қалыптасады.

  • ән – күй сабақтарында әмбебап ойнауыш программасын тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл мұғалімнің магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңілдетеді, тақтаға ән мәтінін жазу уақытын үнемдейді. Оқушыларға әр түрлі өлеңдердің әнін тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған өлеңдерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді.
  • Орыс тілі пәндерінде мультимедиялық программалар арқылы әр түрлі ертегілерді тыңдауға, әрі эпизодтық бейнелерді көрсетуге болады. Мұндай сабақтар балалардың есінде ұзақ сақталады, тіпті балалардың пәнге деген, білімге деген құштарлығын арттыра түседі.

Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мұғалім рұқсат береді, әрбір оқушы өз тобына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-

 

 

 

дискілерді жүктеуді мұғалім жүргізеді. Сабақ жүргізу барысында қазіргі кездегі санитарлық талаптарға сәйкес балалардың жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға болады. Компьютер қолданылатын бөлмелер барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.

Компьютерлік сыныпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс шаршамас үшін бастауыш сынып оқушыларының компьютерде үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң, олардың көзге арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде демалдырып, көз жаттығуларын барынша үлкен етіп орындауға тырысу керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде орындалады.

Сөйтіп, жаңа компьютерлік технологияларды бастауыш мектептегі оқу-үрдісінде жүйелі түрде пайдалану мынадай артықшылықтарды аңғартады.

  • оқу-тәрбие үрдісінің қарқынын жоғарылату;
  • оқытудың сапасын арттыру;
  • оқушылардың дүниетанымын, кеңейту;
  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын және білімге құштарлығын арттыру;

Эксперимент сыныптарда қарастырылатын материалдар көбінесе суреттемелер арқылы келтіріледі. Нәтижесінде: бастауыш сынып оқушыларына эксперимент тәжірибелер жүргізу барысында оқушылар берілген материалдарды үлкен қызығушылықпен, жылдам қабылдап алу мүмкіндіктеріне ие болатындығының куәсі болдық.

Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл,  дарынды шәкірттің шығары анық.

Сөзімді өз заманымның ғұламасы Летурно сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Егер сен тәнді шынықтыру, ерік жігерді шыңдау, жүректі ізгілендіру, ақыл-ойды жетілдіру және сана сезімді теңестіру әдістерін білетін  болсаң- онда сен нағыз ұстазсың».