ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖӘНЕ ІЗДЕНІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖӘНЕ ІЗДЕНІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бүгінгі күнде байкап отырғанымыздай,дайын программалық жабдықтардың молшылығы кезінде компьютерлік сауаттылық негіздерін меңгерумен шектеліп,алгоритм мен программалауға көңіл болмеу-бұл компьютерлік технологиядағы  ең ауқымды шығармашылық потенциалдың программалауда жатқанын ескермеу деп ойлаймын. Сондықтан да оқушыларды таныс алгоритмдік тілдің көмегі арқылы программалаудың әдістерімен таныстырған жөн.

Есеп шығарудың алгоритмдік тәсілін күшейту және оны компьютерде шешуге бағдарлау, яғни дұрыс программа құру дәлме-дәл пайымдай білуді, дәлелінің мүлтіксіз болуын, оқыту процесінің ғылыми деңгейін арттыруды талап етеді. Программа құруда және компьютерде жұмыс істеуді үйрену кезінде бұл талаптар сырттай, мұғалім тарапынан емес, іштей оқушының есепті ұғына білуінен туындайтынын атап өту қажет.

Оқушы жасаған программа, оның авторы-оқушы ұйғарған күйде емес, ол программа қалай жазылған болса, дәл сол қалпында қабылдайтын әрі оны орындайтын машинаның

«темір» логикасын  сынала алатынын да маңызды.

Олай болса  осы аталған проблемалардың  тұтастай жүзеге асуының негізгі  кілті – оқушы  ізденісі мен шығармашылығы. Ал оқушы ізденісі  мен шығармашылығы қай кезде туындайды? Ол әрине, әр пәнге деген  оқушы қызығушылығы  болған жағдайда  ғана туындайтыны белгілі. Қызығушылықтын өзі оқушы оқу материалын толық меңгергенден пайда болады.

Ал мұғалімнің басты міндеті – оқушының әрбір ұғымы, терминді, заңдылықтарды  жаттанды қабылдамай терең ұғынып, теориялық білмдерін  есеп шығаруда, практикада қолдана білуге,  дәлелдеуге, талдау жасауға үйрету. Бұл мақсат мұғалімнің үнемі ерінбей –талмай ізденуді ,дидактикалық әдістемелік жағынан өз деңгейін жетілдіруді , сабақ өткізудің тиімді жолдары мен әдістерін қарастыруды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда өз сабақтарымда оқыту мен тәрбиелеудің  әр түрлі формаларын  іздестіре қолданып, сол арқылы оқушылардың танымдық

 

 

 

 

 

белсенділігін арттырып , шығармашылық ізденісіне жол ашуға  баса назар  аударамын. Сондықтан әр сабақты  жоспарлағанда мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1.Сабақтың мазмұны

2.Оны өткізу әдістері мен тәсілдерін таңдау

3.Сабақтың нәтижелігі

М ұғалімнің  шығармашылық  жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады. Сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының қабілеттері мен ерекшеліктерін, оқушының жеке психологиясын ескере отырып, сабақ өткізудің тиімді жолы қарастырылады.

Оқушы ізденісі ең алдымен өз бетімен жұмыс істеуін әр түрлі деңгейде ұйымдастыру, жеке тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеттерін таным белсенділігін арттыру негізінде жүзеге асады. Өз бетімен жұмыстарды мақсатына қарай оқыту, жаттықтыру, дамыту, қайталау, іздену, бағалау, бекіту деп бөлемін.

Информатика пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдардың аздығы, оқушы үшін дидактикалық матерериалдардың және жұмыс дәптерлерінің жоқтығы, оқулықтың жетіспеуіне байланысты сабақты лекция және практикалық түрде өткізген тиімді.

Практикалық сабақты өткізудің маңызы өте зор. Олар төмендегідей ерекшеліктермен айрықшаланады:

  • не істеу керек екенін мұғалім айтып тұрады, ал оқушы бұл тапсырманы дереу орындайды;
  • мұғалім оқушылардан сұрақ қойып алған білімін сұрай алады, ал оқушы оған жауап береді;
  • мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексере алады;
  • оқушының компьютермен жұмысы барысында пайда боған қиындықтарды сол кезде шешуге блады;
  • кейбір амалдарды оқушылар өз бетімен орындайды.

Сабақ берудің мұндай түрі:

  • сынып оқушыларынан толықтай сұраққа жауап алуға;
  • компьютерде практикалық жұмыс істеуге үйренуге;
  • алған білімді практикада бекітуге;
  • мүмкін қиыншылықтарды жеңуге және оқушы біліміндегі кемшіл тұстарды анықтауға;
  • білімі төмен оқушылармен жеке жұмыс істеуге;
  • білімі басқаларға қарағанда едәуір жоғары оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді.

Осы орайда информатика пәнінен 8 сыныпта өткізілген практикалық сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Word редакторында құжат әзірлеу

Мақсаты: оқушыларға мәтіндік редакторларда графикалық объектілермен жұмыс істеу бойынша базалық білім беру

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың отілу жоспары:

  1. Ұйымдастыру

Әр оқушының өзіне бекітілген компьтермен жұмыс жасауға дайындығын тексеріп, назарын сабаққа аудару

  1. Қайталау жұмыстары

Информатика терминдерімен жұмыс.

Оқушылар алдын-ала үлестірілген беттерге номер бойынша төмендегідей 10 сұрақтың тек қана жауабын жазады.

Белгіленген уақыт мөлшері біткенде жинап алып, кодоскоп арқылы жауап көрсетіледі.

Информатикалық диктант сұрақтары:

  1. Ақпаратты енгізу құрылғысы (Пернетақта)
  2. Информацияны сақтауға арналған құрылғы (жады)
  3. Информацияның ең кіші өлшем бірлігі (бит)
  4. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
  5. ақпаратты өңдеу құрылғысы (процессор)
  6. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
  7. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)
  8. Дыбыс жазу құрылғысы(микрафон)
  9. Желіге қосылу үшін қажетті құрылғы(модем)
  10. Дүние жүзілік компьютерлік желі(интернет)
  1. Құжат әзірлеу. Туған жер- тұғырың

Әр бағанаға жазылатын тапсырма плакатқа жазылып тақтаға ілінеді.

1-бағанаға

Елбасы Н. Назарбаевтің халыққа жолдауы, ауыл жылы және оған қосар өз үлесің жайлы қысқаша жазу

 

 

2-бағанаға

Жазылған мәтіннің мазмұнын ашатын сурет кірістіру

3-бағанаға

Ауыл тарихы және оның келешегі жайлы жазу

Тапсырма беріліп түсіндірілгеннен кейін оқушылар  орындауға кіріспес бұрын биылғы Елбасының жолдауы, ауыл жылы және туған ауыл тарихы, жайлы сұрау. Егер оқушы  жауабы толық болмаған жағдайда толықтырып әңгімелеу.

  1. Бағалау. Оқушылардың орындаған практикалық жұмысына 2 баға қойылады.
  1. Мәтінді бетке дұрыс орналастырып форматтағанына;
  2. Мәтінді тақырып мазмұнын толық ашатындай терең әрі ұғынықты құрастырғанына және сауатты тергеніне.

Сабақ соңында ең әдемі және дұрыс құрастырылған құжатты баспадан шығарып көрсету. Сабақты қорытындылап, жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды атап өту және оларға қосымша файлды  дискетке енгізуге тапсырма беріледі. Осы сабақ бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады. Оқушыларға тапсырма жалпы берілмегенімен, оны толық орындау деңгейімен жүргізіледі.

  • деңгей: Оқушы көрсетілген бағана мен жолдан тұратын кесте құра білуді және кесте ұяшықтарымен жұмыс істеуді қандай дәрежеде меңгеретіндіктері көрінеді.
  • деңгей: Тіл байлығын, сауаттылығын және тарих тағылымдарын заман ағымын түсіне білетіндігін мәтін құру арқылы көрсете білуі керек.
  • деңгей. Мәтін мазмұнына байланысты графикалық кескін кірістіру тақырыбын қаншалықты меңгергендігін және дискетпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсете білуі.

Әрине, материалды толық меңгерген, белгілі бір дағды мен іскерлік қалыптасқан оқушы тапсырманы толық орындап шығатыны түсінікті.