«Денсаулық-салауатты өмір кепілі»

306

 

 

Жобаның тақырыбы:  «Денсаулық-салауатты өмір кепілі»

 

Мақсаты:

  • Балалардың барлық демалысын және мүмкіншілігін тиімді пайдалануын ұйымдастыру
  • Жазғы демалыс лагерінде балаларды жеткіншектік кездегі зянды жағдайлардан,денсаулыққа нұсқан келтіретін қылықтардан аулақ ұстап,денсаулықтарын нығайтуға және шынықтыра білуге үйрету
  • Табиғаттан күш алып,оны қорғауға, денсаулыққа пайдалы жағдайда қолдана алуға тәрбиелеу
  • Денсаулық-салауатты өмір кепілі. Қазіргі таңда  күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-эканомикалық маңызы зор мәселелердің бірі- салауатты өмір салтын қалыптастыру

 

Міндеттері:

  • Салауатты өмір салтын ата-аналар,әріптестер, оқушылар арасында насихаттау
  • Лагерь тәрбиеленушілерінің өздерін дамытуына,өзін-өзі тани алуына және болашаққа өз беттерінше сенімді жоспарлар құра алуына жағдай жасау
  • Жазғы сауықтыру лагерлерінде оқушылардың денсаулығын  шынықтыратындай жағдай жасау,ұлттық ойындар,спорттық сайыстар,эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыу

 

Күтілетін нәтижелер:

  • Денемізді түрлі спорттық ойындар арқылы шынықтыру арқылы түрлі аурулардың алдын алу
  • Ұлттық ойындарды ойнатта отырып епті,шапшаң,зейінді ұрпақ дайындау
  • Бүлдіршіндердің жазғы демалыс лагерьіне деген құлшыныстарын арттыру
  • Деніміздің сау болуы үшін қажетті жаттығу түрлерін үйреніп,әдетке айналдыру
  • Елдің ертеңі білімді,жігерлі,өнерлі талантты ұрпақ тәрбиелеу
  • Дені сау, рухы таза шыныққан азамат болуға баулу
  • Отанға,бауырға деген шынайы сүйіспеншілікке жаттықтыру
  • Қазіргі заман талабына  сай жетілген,бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан жеке тұлғаны дамыту

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

Спорт біздің өмірімізде аса маңызды орын алады. “Спорт — денсаулық кепілі” деп бекерге айтылмаған. Ол денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар мінезді тәрбиелеп, ерік-жігерді шынықтырып, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жыл сайын елімізде салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде спортшылар мерекесі аталып өтеді. Елбасымыздың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында спорттың дамуы тың серпіліс алғанын атаған жөн.

Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті -дене тәрбисі

Біздің мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары жыл сайын жазғы  демалысын мектептегі сауықтыру алаңында өткізеді.Оқушылар лагерге қабылданар алдында арнайы  дәрігерлік тексерістен өтеді.Ата-аналардың өтініштері бойынша  оқушылар жазға сауықтыру алаңына демалуға қабылданады.Мектепішілік іс-шараларда, әрбір отбасында спорттың алатын орны ерекше. Сонымен қатар жазғы демалыс лагерлерінде де барлық іс-шаралар спортпен тығыз байланыста өтеді.   Иә, әрбір ұлттың болашағы оның білімді, іскер, талантты да мәдениетті, дені сау, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі жастарының қолында екені анық. Ал, жастарының денсаулығы нашар, зиянды әдеттерге әуес мемлекет — қашанда әлсіз, қорғансыз болмақ.Олай болса, мемлекет халықтан,ұлыстан тұрады. Ал ұлыс әрбір адамзат баласынан құралады емес пе. Мектеп табалдырығындағы әрбір бүлдіршіннің денінің саулығын қадағалар болсақ, білім мен ғылмының шырқау шегіне кедергісіз жететін боламыз.

Лагерь тәрбиеленушілерінің денесін шынықтыру-қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл жобаның негізгі мазмұны бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі,ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің болашағын дамытатын дені сау,рухы таза азамат тәрбиелеу.

Әйгілі ғалым Н.Амосов «Дене сау болу үшін қозғалу керек. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы ғана қол жеткізуге болады»-деген екен. Сол айтқандай жазғы  сауықтыру лагерлерінде оқушылардың денсаулығын  шынықтыратындай жағдай жасау,ұлттық ойындар,спорттық сайыстар,эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыу жұмыстың басты мақсаты болып табылады.

Біздің Жақсы №1 орта мектебінде жылда «Балдәурен» лагері жұмыс істейді. Онда 1-4  сынып оқушылары демалады.

Қалыптық және әдістемелік жұмстарды таңдау  алдында  1-ші кезекте  сауықтыру болуы  керек, 2-ші білімділік  қызметі, бала дамуына беталыс (сапалы тамақ,дәрігерлік күтім, таза ауада жүру,дене шынықтыру, сауықтыру мерекелерін өткізу,ойындар ойнату, демалыс, экскурсия ұйымдастыру)

 

 

1.«Балдәурен» лагерінің ашылу салтанаты


  1. Денсаулық салауатты өмір кепілі

  2. Бақыт деген-денсаулық. Мерекелік іс-шара

  3. Әуелгі байлық-денсаулық. Ойын


5.Жерден-нәр, ауадан –дауа,судан-күш.  Табиғатқа саяхат


6.Салауатты өмір-салтымыз.  Көңілді эстафета


  1. Менің денсаулығым-менің байлығым. Спортқа арналған

суретшілер байқауы


8.Шынықсаң шымыр боларсың. Спорттық  сайыс


  1. Қазақтың ұлттық ойындары күні

  2. Спорт-денсаулық кепілі. Шығармашылық күні

  3. Көңіл жақсы болғаны-өмір жақсы болғаны. Психологиялық тренинг

  4. Салауатты өмір салтымыз. Концерттік бағдарлама

  5. Дені сау адам-дәулетті адам. Топпен  сайыс

  6. «Балдәурен » лагерінің жабылу салтанаты

 

 

 

 

 

Жақсы №1 орта мектебінің

«Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде

өткізілетін іс-шаралардың жалпы сипаты

 

 

Тақырыбы Жұмыстың жалпы мақсаты
1 «Балдәурен» лагерінің ашылу салтанаты        Оқушылардың өздері салауатты өмір салтын қадағалап, өзіндік жеке өмір сүру тәжірибесін меңгерту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
2 Денсаулық   салауатты өмір кепілі      Баланың оқыл ойын,дене қуатын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік,мықты  тұлға ретінде тәрбиелеу.
3 Бақыт деген-денсаулық.

Мерекелік іс-шара

       Оқушылардың өздері салауатты өмір салтын қадағалап, өзіндік жеке өмір сүру тәжірибесін меңгерту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
4 Әуелгі байлық-денсаулық.   Ойын     Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Ұйымшылдыққа,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.Білім,білік дағдыларын кеңейту;

5 Жерден-нәр, ауадан –дауа,судан-күш.  Табиғатқа саяхат        Оқушылардың өздері салауатты өмір салтын қадағалап, өзіндік жеке өмір сүру тәжірибесін меңгерту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
6 Салауатты өмір-салтымыз.  Көңілді эстафета

 

     Бүлдіршіндерді ұлтжандылыққа патриотизмге тәрбиелеу,баланы шапшаңдыққа,төзімділікке баулу.
7 Менің денсаулығым-менің байлығым.  Спортқа арналған

суретшілер байқауы

 

           Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту. Ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.
8 Шынықсаң шымыр боларсың. Спорттық  сайыс     Оқушыларды салауатты  өмір сүруге  және жас ұрпақты  зиянды заттардан аулақ болуға үйрету. Денсаулық адам баласының қазынасы асқан байлығы,өмірінің тірегі  екендігін түсіндіру.
9 Қазақтың ұлттық ойындары күні      Ұлттық ойындар арқылы   оқушыларды белсенділікке,тапқырлыққа,дәлдікке,көрегендікке және күштілікке тәрбиелеу
10 Спорт-денсаулық кепілі. Шығармашылық күні    Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту. Ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Өз ойларын қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
11 Көңіл жақсы болғаны-өмір жақсы болғаны.    Психологиялық тренинг

 

          «Көңіл жақсы болғаны-өмір жақсы болғаны» мақалын негізге ала отырып, оқушы бойында азаматтық жауапкершілік қалыптастыру, адамгершілікке , инабаттылыққа, ел жандылыққа баули отырып Отансүйгіш қоғамымыздың нағыз азаматын тәрбиелеу.
12 Салауатты өмір салтымыз.    Концерттік бағдарлама Адамзатты  салауатты өмір салтына насихаттау.Адамгершілікке, ізгілікке, тәрбиелеу.
13 Дені сау  адам-дәулетті адам.   Топпен  сайыс

 

      Жарыста орындалатын жаттығулар негізінде  жылдамдылық,ептілік қасиеттері арқылы оқушыларды  салауатты өмір салтына тәрбелеу
14 «Балдәурен » лагерінің жабылу салтанаты        Оқушылардың өздері салауатты өмір салтын қадағалап, өзіндік жеке өмір сүру тәжірибесін меңгерту. Салауатты өмір салтын насихаттау.