Электрондық оқулықтарды инфарматика сабағында пайдаланудың тиімділігі

Электрондық  оқулықтарды  инфарматика   сабағында  пайдаланудың  тиімділігі

 

Қазіргі   мектептің  даму  болашағы  қоғамның  даму үрдісіне  үнемі  өсіп  ақпарат  көлемінің   әртүрлі тегімен  анықталады .  Оқушыларға  білім беруде  жаңа  оқыту   технологияларын  қолдану   инновациялық  бағытта   жұмыс жасау  заман  талабына сай   етілуде.  Оқу процесінде  компьютерді  тиімді  пайдалану   және  қолдану  кейінгі жылдары   айтарлықтай оң тәжірибе   беріп  отыр.

Атап айтсақ, мектеп оқушыларының  өз бетімен ізденісі ,  пәнге деген қызығушылығын    арттырып, шығармашылығын  дамытуға ,  оқу қызметінің  мәдениетін  қалыптастыруға,  дербес жұмыстарын  ұйымдастыруға   ерекше  қолайлы  жағдай туғызып отыр .

Сонымен  қатар  электрондық   оқулықтарды    сабақта пайдалану  кезінде  оқушылар  бұрын алған білімдерін   кеңейтіп,  өз бетімен шығармашылық  тапсырмалар орындайды.  Әрбір оқушы   таңдалған  тақырып  бойынша  тапсырмалар орындап, тестілер  шешіп,  карталар  және схемалар  мен  жұмыс жасауға  дағдыланады.

Электрондық  оқулық арқылы  түрлі суреттер,  видеокөріністер , дыбыс және  музыка  тыңдатып  көрсетуге  болады .  Бұл , әрине  мұғалімнің   тақтаға жазып   түсіндіргенінен  әлдеқайда тиімді , әрі  әсерлі. Меңгерілуі қиын  сабақтарды  компьютердің  көмегімен  оқушыларға   ұғындырса,  жаңа тақырыпқа  деген  баланың   құштарлығы  оянады  деп ойлаймын .

Төменде электрондық   оқулықтарды пайдалана   отырып  өткен   сабағымның  жоспарын  ұсынып  отырмын .

Сабақтын  тақырыбы: Microsoft  Word   бағдарламасында кестемен  жұмыс

Сабақтын  мақсаты: Microsoft  Word     бағдарламасында  кестемен   жұмыс жасауға  үйрету  .  Оқушыларды   Ақпараттық  мәдениеттілікке  тәрбиелеу, өзін — өзі бағалауға,  уақытты тиімді   пайдалана білуге   үйрету.  Оқушылардың  Microsoft  Word    бағдарламасында  және  электродық  оқулықтармен  жұмыс  жасауда  қабілетін  дамыту .

  1. Ұйымдастыру кезеңі .

Әр оқушының  өзіне  бекітілген  компьютермен  жұмыс  жасауға   дайындығын  тексеріп,  сабаққа назарын аудару .

  1. Үй тапсырмасын  тексеру.

Үйге  берілген  тапсырманы  тексеру  мақсатында  оқушылардан

электрондық  оқулық  арқылы  тест  алдым.Әр оқушы  өзіне  бекітілген  компьютерде  отырып  «Компьютерлік  сауаттылық»  атты  электрондық  оқулығын  ашып  тест тапсырмасын  орындады.Тапсырма  орындалған  соң  компьютерде  қанша  дұрыс  жауап  болғанын  көрсетіп, оқушыға  әділ  бағасын  берді  бұл  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады.

       3-кезең.Жаңа  сабақ  түсіндіру.

Microsoft  Word  бағдарламасында  кесте  құрып  және  қалай  жұмыс  жасау  керек  екенін  түсіндіру  мықсатында  электрондық  оқулықты  пайдалану  өте  тиімді.Оқулықты  кестемен  қалай  жасау  керек  екенін  толығымен  қамтылған. Электрондық  оқулықты  жазылған  мәліметтерді  сабақта  пайдалану  өте тиімді, оқушының  өз бетімен  жұмыс жасауына   көмектесіп  қана  қоймай,  ойлау  қабілетін  дамытады.

       4.Сабақты  бекіту. Кесте  тақырыбына  тапсырма

1.Төмендегі  кестені  сызып,  мәліметті  енгіземіз

2.Кестедегі  фамилияларды  сол  жақ  шетке;

3.Туған  күндерімен  сыныбын  ортаға  турала;

4.Бағаларын  оң  жақ  шетке  турала;

5.Мұғалімге  жұмысыңызды  көрсетіңіз.Алған  білімдерін  тексеру  мақсатында  алдын ала  кесте  тақырыбына  дайындалған  тапсырма  жазылған  парақша  проектор  арқылы  көрсетіліп  , оқушыларды  тапсырманы  орындап  мұғалімге  жұмысын  көрсетеді.

       5.Сабақты  қорытындылау.Жаңа  материалды  пысықтау  оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау, бағалау.

6.Үй тапсырма.Электрондық  оқулықтар  мен  компьютерлік  оқу  әдістемелік  құралдарды  өз  дәрежесінде  қолдануды  үйренген  оқушылар  зерттеуге  құштар  өзі  белсенді  жеке  жұмыс  істей  алады. Мұғалімнің  жұмысын  жеңілдетіп,  оқушыны  пассивтіктен  құтқарады.