Ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың ісмерлігін қалыптастыру

130

Тақырып:  Ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың   ісмерлігін қалыптастыру

 

Жаңа технология үрдісінде оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушының оқуға ынтасын, қоршаған ортаға  қызығушылығын арттыру болып табылады. Қолөнер оқушының жеке тұлғасын дамытуға арналған өнер болғандықтан қызығушылық аясын кеңейтіп, шығармашылығын қалыптастыруда өзін өзі танып, жауапкершілікті сезіну үшін жоспар бойынша белгіленген тақырыптық жобалар ұсынылып отырады.

Қазіргі қыздар жан-жақты үйлесімді  дамып, рухани ішкі дүниесі бай, тұрмыс мәдениеті жетілген болуы қажет. Сондықтан егеменді ел болғалы атадан балаға жалғасып келе жатқан, өткен ғасырда жоғалтып ала жаздаған ұлттық қолөнерімізді өз мәдениетімізді, дәстүрімізді қайта жандандыру үшін игеруіміз керек. Қолөнер ел арасына, білім ордасынабірте бірте тамаша үлгісімен еніп келеді.

Қолөнері халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Қазақ халқының қолөнері салт дәстүріміздің, тұрмыс тіршілігіміздің қажетін өтейтін көп салалы мәдени мұра. Сол мәдени мұраны оқушыларға жаңаша үлгіде жасата отырып, қолымен істетіп, іс-тәжірибе барысында ақпараттар беріп, ұлттық мәдениетін көтеруіміз керек.

Технология пәні мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын кеңейтетін, ұлттық дәстүрге үйрететін бірден бір пән.

«Технология » ұғымы грек тілінде «өнер, шеберлік, іскерлік» деген мағынаны береді. Осы технология сабағында және қосымша үйірме барысында оқушыларды өнерге баулып, шеберліктерін, іскерліктерін шыңдауға бүгінгі күні мол мүмкіндік бар.

Оқушыларымыздың іскерлігін, икемділігін қалыптастыру мақсатында сәндік қолданбалы өнер «Алтын оймақ» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме  мүшелерінің қолынан шыққан бұйымдарды мектеп  мерекелерінде болатын көрмелерге шығарамыз.  Бұл көрменің ерекшелігі көрмеге қойылатын қолөнер бұйымдары бүгінгі күнделікті тұрмысымызда да қажеттілігін жоймағандығымен құнды. Қажеттіліктерін түсіндіру арқылы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыруға болады.

Көрмеге  қойылатын әрбір бұйымды жасау үшін, ең алдымен, қосымша әдебиеттерден ақпараттар жиналады, содан кейін технологиялық картасы сызылады. Әр бұйымның  ерекшелігі ескеріліп, оған салынатын ою-өрнек түрлері таңдалуда үлкен мән беріледі.

Еліміздің ернеңгі азаматтарын  елін, жерін сүйетін, өнерін құрметтеп, сыйлайтын, білімді де талғампаз, озық ойлы етіп тәрбиелеу бүгінгі әр мұғалімнің алдына қойылған зор мақсат.  Осы мақсатта кез келген жаңа тақырыптың идеясын, көркемдік мазұнын, оның эстетикалық тәрбие берудегі ролін анықтап алған дұрыс. Оқушылардың іскерлігін қалыптастырудағы еңбек тәрбиесіндегі мақсаты:

  • еңбекке қызықтыру, үйрету, дағдыландыру;
  • еңбегінің нәтижесін көру, өнімді еңбек ету, оның нәтижесіне қуану, шығармашылық қуанышқа жету;
  • қабілетіне қарай белгілі бір мамандыққа икемделу;
  • еңбек арқылы адамгершілік қасиеттерін дамыту;

Технология сабағында оқушылар өзге пәндерден жинаған білімдерін іске асырып, өз қолдарымен еңбек етеді. Осы еңбектенуді шығармашылықпен байланыстырсақ, белгілі бір тақырыпты зерттеп, бұйымды жасап шығару барысында оқушы ізденуді, жтнаған ақпараттары мен білімін қорытындылауды, талдауды, сараптауды үйренеді.