«Қабуснама» — 1082-1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды.

«Қабуснама» — 1082-1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды.

Х-ХII ғасырда феодализм қоғамы едәуiр өркендеп, оқу мен бiлiмi, мәдениетi мен әдебиетi кемелдене түскен Орта Азия мен Иран өлкесi саяси-экономикалық, мәдени жағынан күштi дамиды. Бұл қауым Иран мәдениетiн арабтың және араб арқылы келген грек, Рим мәдениетiн, ipreлес үндi мәдениетiн бойына сiңiредi. Сонымен қатар саяси, таптық, ұлттық мәдени-әдеби тiл қайшылықтары шиеленicкeн орталық болады. Мiнe, осы жағдайда бүкiл адамзаттың мәдениетi мен әдебиетiн байытқан алып тұлғалар дүниеге келдi.

Абдулхасан Рудаки, Әбiлқасым Фердоуси, Омар Хайям, Насир Хисрау, әл-Фараби, Абу-али-Ибн Сина, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Баласағундық Жүсiп, Абурайхан әл-Бируни, Мұхамед Хорезми, Ахмед Югенеки, Низамул Мүлiк, Насыр Хисрау сияқтылардың ғылыми еңбектерi түрлi, әдеби шығармалары сияқты «Қабуснама» да -ХI ғасырдың жемiсi.

«Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021-1022 жылдарда) дуниеге келедi.

Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып-терген ең қымбат асыл затта рым — саған арнап жазған осы үгiт-насихат кiтабым», -дейдi.

Орыс және батыс педагог-ғалымдары бала тәрбиесiне, оның мiнез-құлық, этика мәселелерiне қаншалықты көңiл белсе, шығыс ғалымдары да бала тәрбиесiне соншалықы үлкен мән берiп отырған.

Шамсал Маолий Қабус қатал, зұлым болғанымен өз заманындағы феодал үстемдiгiне қажеттi барлық iлiмдердi үйрендi. Ол әpi әдебиетшi, әpi ақпа ақын едi. Фарсы, араб тiлiнде өлеңдер жазатын. Классикалық араб тiлiнде жазылған «Намалардың» авторы болды. Сонымен қатар ол өз қол астына белгiлi ғылым, әдебиет, мәдениет қайраткерлерiн топтастырды және Жүржаниидi ipi мәдениет орталығына айналдырды.

Қабустың нeмepeci Кайқаус та өз заманының көп жағдайынан хабары бар зиялылардан едi, өз дәуiрiнiң iлiмдiлерiнiң қатарында болып, музыка және табиғаттану iлiмiне зор құштарлықпен көңiл аударды. Оның көптеген ғылымдардан хабары болғаны автордың «Қабуснама» шығармасынан жарқырап көрiнiп тұрады.

Кайқаус «Қабуснаманы» жазар алдында өзiнен бұрын өткен ғалымдар мен зиялылардың шығармаларымен кеңiнен танысады. Өткен дәуiрде жазылған педагогикалық шығармаларды оқып шығады, өз дәуiрiндегi мәдени орталығы бар мемлекеттермен танысады. Бұхар, Самарқанд, Хорезм өлкесiнде болып және ол жердегi ғалымдармен сұхбаттасып, олардң ғылыми-тәрбиелiк пiкiрлерiнiң жиынтық айнасындай «Саһодатнама» және «Рушнойнама» шығармаларына назарын ерекше аударады.

Сондықтан да «Қабуснама» тәлiм-тәрбиелiк мәнi жағынан ХI ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихында аса құнды шығармалар қатарынан орын алды.

 

Жазушы Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы мамыр айының 4 жұлдызында Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған.
Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен , өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. 1958-1976 жылдары Қазақ филармониясында, «Ара – Шмель» журналында қызмет істеді. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан.
 
«Жасыратын не бар?», «Сыйлық», «Ұзын сөздің қысқасы», «Өзіміз білеміз» атты сықақ әңгімелері мен өлеңдер жинақтары жарық көрген. Әубәкіров қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына елеулі үлес қосқан. Өзіндік қолтаңбасымен әдебиет тарихында қалған қаламгер. Оның жиі әшкерелегені – тоғышарлық, даңғойлық, жөнсіз сылқымдық, өсекшілдік, жемқорлық, күншілдік, пәпуасыздық, жағымпаздық, көзбояушылық, тұрпайылық, арақкештік, тілемсектік. Әубәкіров сықақ өлеңмен де, қара сөзбен де төгілте, күлдіре жазды. Шығармаларын әсерлі, ұйқасымды ету үшін жылтырауық сөздер мен ерекше бір теңеулерді іздеп жатпайды. Отбасы, ошақ қасындағы, екеуара әңгіме үстінде қолданылатын, көпке ортақ сөздермен-ақ ойын жатық жеткізіп, әсерлі образдар жасады.
Әубәкіров «Чемпион Қожанасыр», «Бөтен адам», «Милау сиыр» комедияларын жазды.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.