Графикалық редакторда перспективалық көрініс заңдылықтарын пайдалану тұрғысындағы тиімді әдіс-тәсілдер.

52

 

 

Тақырыбы: Графикалық редакторда   перспективалық               көрініс заңдылықтарын пайдалану тұрғысындағы тиімді әдіс-тәсілдер.

 

 

 

 

 

Орындаған: информатика пәнінің мұғалімі

Қожабеков Алмас Бақытұлы

 

                            

 

 

                                              Кіріспе

Заман талабына  сай оқушылардың талап биігінен көрініп, білім алуда үздіксіз ізденуге қалыптастыру үшін,  осы тұрғыда әр мұғалім тиімді оқыту жүйесін табу маңызды шаруа болмақ.  Оқыту,  оқушыларды сабаққа қызықтыру,  шығармашылық іске баулу туралы ой толғаныс пен іс-әрекетте жүру,  оның нәтижесін  практика жүзінде  дәлелдеу, оны тәжірибе жүзінде тарату, заман талабын түсіне білу тұрғысынан қарағанда,  қымбат қазына екені даусыз.

Қазіргі ХХІ-ғасырдың басты талабы қандай ғылым саласында да, ақпараттық технологияны меңгеру, оған бейімделу, оны күнделікті өмірде пайдалану екендігі айқын.

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар түрлі салаларға дендеп еніп барады. Барлық қоғамдағы саларалық қатынастар осы жолмен дамып бара жатыр десек қателеспейміз. Сол тұрғыда сабақты басқа пәндермен немесе өмірмен тікелей байланыстыра жүргізу мұғалім үшін де, оқушы үшін де қызықты әрі тартымды болмақ.

Мектеп программасына сәйкес Paint графикалық редакторы 5-ші, 6-шы, 7- ші сыныптарда өтіледі. Осыған орай графикалық редактордың мүмкіндігін пайдалану, әрі жүйелі жұмыс жасау қажет болатыны айқын.

Мысалы: Графикалық редактормен, оның негізгі құрылымымен, ондағы құралдармен таныстыру 5-сыныпта өтілсе, 6-сыныпта бір жазықтықта суреттер салуды үйренуді бала меңгерсе, 7- шы сыныпта оны қайталамай-ақ, әрмен баланың дамуы әрі қызығушылығы арту үшін «Бейнелеу өнері» пәнімен байланыстырып, перспективалық көріністі Paint графикалық редакторында пайдалану тиімді шаруа екендігі анық.

Сол тұрғыда практикалық тұрғыда осы әдісті пайдаланып көру арқылы тиімділігіне көз жеткізе отырып, осы баяндаманы дайындап ұсындық.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:                             Графикалық редакторда     перспективалық  көрініс заңдылықтарын пайдалану тұрғысындағы тиімді әдіс-тәсілдер.

Сабақтың мақсаты:                                                

Білімділігі:                                     Оқушыларға графикалық редакторда перспективалық заңдылықтарды қолдану жолдарын ұғындыру. Олардың элементтерін пайдалану жолдарын көрсету.

      Дамытушылығы:                           Оқушылардың информатикалық сауаттарын арттыру. Графикалық редактордың ерекшеліктерін, олармен жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық ізденіске баулу. Компьютерге бейімдеу.

       Тәрбиелілігі:                                  Оқушыларды заман ағымын түсіне білуге, әсемдікке, табиғатты сүюге, оны қорғауға  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:                          Компьютер.  Плакаттар. Интерактивті тақта.

Бағдарламалық

дидактикалық

қамсыздандыру:                       АЖ.  Windows XP, оқулық, жұмыс дәптер.

                                                  Paint графикалық редакторы

 

Пән аралық байланыс:           Сурет, сызу, табиғат тану.

Сабақтың түрі:                       Аралас сабақ.

Өтілу әдісі:                               Баяндау, көрсету, сұрақ-жауап.

Білім-білікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс

                                               -Перспективалық заңдылықтың не екенін;

-Көрініс заңдылығымен сурет салғанда қандай құралдар керек екенін;

-Көрініс заңдылығын графикалық редакторда қалай пайдалану керек екенін;

 

 

Оқушылар үйренуі тиіс:

-Көрініс заңдылығын ой елегінен өткізуді;

-Көкжиек сызығын түсіре білуді;

-перспективалық заңдылықпен сурет салғанда керекті құралдар мен түстерді пайдалануды. Оларды үстей білуді.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлігі.

А)Оқушылармен сәлемдесу

Ә)Оқушыларды түгендеу

Б)Оқу құралдарын парта үстіне қоюын қадағалау.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақ.

 

А)  Біздер 5-сыныптан бері және 6-сыныпта бірнеше сағат Paint графикалық редакторымен тнысып, онымен жұмыстар жасап келеміз.

7- сыныптан бастап графикалық редакторда бейнелеу өнеріндегі перспективалық (көрініс заңдылығы) заңдылық элементтермен және перспективалық тұтстай көру шартымен жұмыс жасап үйренуге тиістіміз. Жалпы сурет салу көп сатылы болып келеді. Бізді қоршаған ортаға  көз салсақ, тамылжыған табиғат, ондағы объектілердің заңды көрінісін байқаймыз. Ауыл балалары далада өскеннен соң, көбінесе бейнелеу өнеріне құмар болып келеді. Енді мұны тікелей сабақпен байланыстыру, ұтымды болмақ. Сурет салу үшін  «тұтас көру»  деген не, соны біліп алайық. Тұтас көру дегеніміз-бейнелейтін заттың оның қайдан болсын бір жағынан қарай отырып, көрінбейтін жағын да көз алдыңа келтіру.
Затты тек бір нүктеден отырып салу барысында  оны әр нүктеден(әр жағынан) көріп-тексеріп сызып үйрену қажет. Сонда сурет салушы зат пішіні мен құрылысын, оның заңдылығы мен логикасын саналы түрде қабылдай алады.

Paint      графикалық редакторында     құралдармен жұмыс жасауды бұрыннан білеміз. Бұрнағы уақыттарда тек бірыңғай жалпы табиғаттағы дара көрсетілімдегі фигуралар мен объектілерді бір жазықтық бойынша салып келсек, енді сол графикалық суреттерге, олар нақты шығу үшін көрініс заңдылығын қолдану арқылы кескіндейміз.

Көрініс заңдылығы графикада міндетті түрде қамтылады. Көрініс заңдылығы арқылы сурет нақты, әрі табиғи түрінде шығады.

Көрініс заңдылығын пайдалана білу үшін оның арнайы заңдылықтарын еске түсіріп өтейік. Бейнелеу өнері сабағы бойынша перспектива латынның «тасадан көру» деген сөзінен шыққан. Қазақша ұғымы көрініс деген сөзіне келеді. Жалпы көріністе көрініс заңдылығы бойынша алыстағы нәрсе кішкене болып, жақындағы нәрсе үлкен болып көрінеді.

Бояу жағына келсек, алыстағы нәрсенің түсі ашықтау бұлыңғыр болса, жақындағы дүниелердің бояуы қанық әрі  анық болар еді.

Суретті салғанда затты тексеріп, жан-жағына қарап,  кеңістік заңдылығын пайдалану керек.

Ә)Енді сурет салғанда, көкжиек сызығына көп тоқталу керек болады. Осы сызықтың көмегі арқылы заттың немесе кескіндейтін суретіміздің  перспективалық кескінін дұрыс көрсете аламыз. Көкжиек сызығы  әрқашанда адамның көзінің көру бағытымен сәйкес келеді.

 

1-сурет                                                            2-сурет

Біздегі мақсаттың бірі көрініс заңдылығын компьютерде қалай пайдаланған жөн. Қағазға салғанда қарындашпен сызғыш арқылы кескіндесек, компьютерде графикалық редакторда тік сызық құралын пайдаланамыз. Біз сызатын фигураның сызықтары қара түспен алынса, біз байланыс сызықтарын қара көк немесе соған ұқсас түспен аламыз.

 

Алдымыздағы 1-суретте оқушы ең қарапайым әдіспен кубтың кескінін келтірген. Бір қарағанда дұрыс сияқты көрінгенімен, анықтап қарасақ, көрініс заңдылығына сәйкес келмейді. Ал 2-суретте оқушы затты жан-жақты зерттеп, кеңістік заңын пайдаланып барып салғаны көрініп тұр. Тұтас көруді меңгерген оқушы кеңістікті жақсы меңгереді.

Біз осы заңдылықты пайдалану барысында әдеттегідей қарапайым заттардан бастап кірісеміз. Тік сызықтан тұратын геометриялық заттардан бастау ұғынықты болмақ.

Егер біз биік жерде тұрсақ немесе төбеде тұрсақ бізбен бірге көкжиек сызығы да жоғары көтеріліп төмен тұран заттар немес үйдің сыртқы көрінісі анық көрінеді.

 

Компьютермен жұмыс.

1.1.Тапсырма. Жәшіктің суретін салу.

Кубтың жалпы кескінін жоғарыда келтірдік. Сол әдіспен тік сызық құралын пайдаланып, жәшіктің кескінін келтіру.

Тапсырма қарапайым заттардың перспективалық заңдылықтармен кескіндей білуге арналған.

Б) Үйдің суретін салу. Үй жалпы қай жерін алсақ та, геометриялық фигуралардан тұрады. Мысалы: Тіктөртбұрыш, үшбұрыш, ромб, т.б. Үйдің негізгі қабырғаларын куб салған кездегі әдіспен жасап шығамыз. Суретімізді көкжиек сызығын сызудан бастаймыз. Парақтың екі жақ шетінен екі нүкте алып, ортаға үйдің өзімізге ең жақын қабырғасын сызып соның асты мен үстіңгі шетін шеткі нүктемен көкжиек сызығын жасап қосамыз..

 

                                        3-сурет

 

Көкжиек сызығын біз әдетте сурет сабағында қарындашпен салсақ, біз графикалық редакторда тік сызық құралын пайдаланамыз.  Тік сызық құралының ең жіңішке түрін таңдауымыз дұрыс болады. Бояу таңдаған кезде көкжиек сызығына күңгірттеу қаракөк түсті таңдау ләзім. Өйткені негізгі сызықтарды одан ажырату оңайырақ болады.

Көкжиек сызығы арқылы үйдің қабырғаларын кескіндеп болған соң, қабырғаларды одан бөліп алу үшін қара түспен тек көкжиек сызығының қабыралармен бітетін жағына дейінгі аралықты кескіндейміз. Нәтижесінде қабырғалардың түсі көкжиек сызығынан бөлек болып көрініп тұруы тиіс. Үйдің шатырын салу үшін арнайы көкжиек сызығын сызамыз. Сол сызық арқылы үйдің шатырының сыртқы формасын кескіндейміз. Үйдің терезелері мен есігін де осы көмекші сызықтар арқылы көрсетеміз.

 

 

4-сурет

Г)Перспективалық заңдылықты қолдану кезінде біз жолдың, жол бойындағы ағаштар мен электр бағаналарының көрінісін сипаттап көрелік.  Яғни біз перспективалық көріністі  нақты түсіндіруге ыңғайлы да, түсінікті сурет деталдарын пайдаланамыз. Перспективалық көріністі бұл тұрғыда түсіну оңайырақ болады.

Көкжиек сызығын қағаздың орта тұсына жоғарғы бір нүктеге тіреп, оны төмен қарай сызып, барлық көкжиек сызығын осы нүкте арқылы таратамыз. Біздің қарап тұрған тұсымыздағы сызықтар биіктігіне қарай жоғары немесе төмен қарай сызылады. Әуелі жолдың негізгі сызықтарын кескіндеп болан соң асфальтқа тән жол сызықтарын белгілейміз. Жолдың оң жағына электр бағаналарын кескіндеу жолды кескіндеуге қарағанда, өзгешелеу. Өйткені бағаналардың бойын көкжиек сызығымен салсақ олардың тік тұрған суретін тік сызық құралының көмегімен алыс жақындығына қарай (жақын тұрғаны жуандау, ары қарай жіңішкеріп кете береді) бейнелейміз. Жолдың сол жақ бөлігіндегі ағаштарды да осы әдіспен кескіндейміз.

 

 

5-сурет

3-суретте кескінделгендей жол жиегіндегі ағаштар мен асфальт жолды оның белгі сызықтарын осы көкжиек сызығының көмегімен кескіндейміз.

Компьютермен жұмыс.

1.2.Тапсырма. Сынып шіндегі парталардың кескінін сомдау.

Бөлме ішінде көкжиек сызығын пайдаланып, парталар мен орындықтарға шейін көрініс заңдылықтарын пайдалану.

Тапсырма заттардың әрбірін кескіндегенде перспективалық заңдылықтарды пайдалана білуге арналған.

Перспективалық заңдылықты пайдаланып, көкжиек сызығының көмегімен үйдің кескінін келтіреміз.

4.Сабақты бекіту.

-Көрініс заңдылығын қалай түсінесің?

-Көкжиек сызығы деген не?

-Көкжиек сызығын қай құралмен салған тиімді?

-Негізгі сызықтан көкжиек сызықтарын қалай ажыратамыз?

-Графикалық редактордағы көкжиек сызықтары қандай жолдармен жасалады?

5.Қорыту, бағалау.

Үй жұмысы бойынша, жаңа сабақты қабылдауы, компьютерде жұмыс істеу мәнері (отыру мәдениеті, енгізу құрылғыларымен жұмыс жасау) бойынша қорытып, бағалау.

6.Үйге тапсырма: Жеке параққа көрініс заңдылығы бойынша суреттер салып келу. Анықтамаларды, командаларды жаттау.