Мультимедиялық және интерактивті технологиялар

 

Мультимедиялық және интерактивті технологиялар

Мәтіндік ақпаратпен, графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедия ортасы деп аталады.

Мультимедия (multimedia – көп орталы) – бұл әр түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар ауданы.

Мультимедия құралдары – бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі.

Мультимедия жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедия технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Сонымен, мультимедиялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді.

Интерактивті – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) мағынасын білдіреді. Білім берудегі интерактивті технология – сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Солардың бірі – ACTIVboard (Promethean компаниясы), ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы  компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Осы техникалық оқыту кешеніне кіретін интерактивті құралдарға тоқтала кетсек.

ACTIVstudio-ның       көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.

ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Активті қалам мен «тышқан» құрылғысының арасында өзара байланыстар бар, яғни активті қалам «тышқан» құрылғысының қызметін атқара алады.

ACTIVwand. Электронды ACTIVwand нұсқауышының ұзындығы 54 см, тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVwand нұсқауышы web-бетте жұмыс жасағанда «rollover» және «hover» функцияларын атқаруға өте қолайлы. ACTIVboard интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол», сонымен бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.

 

ACTIVpanelpro. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanelpro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate. Радиопортты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet. ACTIVtablet планшеті қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегінсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік беретін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote. ACTIVote2 тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен  жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпаратты ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote2 қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote2 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып, «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақтайды. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.

 

 

 


ACTIVstudio программалық жабдығы

Интерактивтік тақта ХХІ ғасырдың сыныптарындағы жұмысты жеңілдетіп, сабақтар, тұсаукесерлер, конференциялар, көрмелер жəне т.б. құру үшін арнайы құралдарды игеруге мүмкіндік береді. Интерактивтік оқыту – ақпаратпен алмасуды, оқытуды ұйымдастыруды, əр сабақта оқыту сапасын бағалауды ұйымдастыруға көмектеседі.

Интерактивтік тақтаны құрастырушы ағылшын «PROMETHEAN» компаниясы.

“Activ studio Professional Edition” оқытушыларға “Activ” – тақтаны пайдаланып, тамаша интерактивтік сабақтарды құруға көмек үшін қолайлы аспап ретінде шығарылған болатын. Егер мониторда өзіңіз көріп тұрғаныңызбен жəне осы басшылықтағы бейнелер арасында кішкене айырмашылықтар болса, мазаланбаңыз, осында сипатталған негізгі ерекшеліктер, өзгеріссіз қалады.

Интерактивті тақтамен жұмысқа кіріспес бұрын, ең алдымен мыналарға көз жеткізу керек:

  • компьютеріңіздің қосылып тұрғанына;
  • жұмыс панелінде иконканы көрінгеніне, егер ол пайдаланылса, онда интерактивті тақта калибрленген.

ACTIVboard интерактивті тақтасын пайдаланып, ACTIVstudio бағдарламасымен қамтамасыз етуді іс жүзінде қолдану бойынша əдістемелік ұсыныстар 2007 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министрлігімен бекітілген «Кəсіптік білімде интерактивтік технологияларды пайдалану» оқыту курсының бағдарламасына сəйкес құрастырылған.

ACTIVstudio бағдарламасымен қамтамасыз ету – презентацияларды өткізу үшін жəне оқу барысында пайдалану үшін арнайы шығарылған. Ол ACTIVboard жүйесін жəне “ACTIVpen” қаламын пайдалану үшін жасалды.

ACTIVstudio көптеген функциялардан тұрады, олар презентацияларды құруға жəне өткізуге мүмкіндік береді, мəліметтерге арнайы тиімділіктерді қосуға, негізгі сəттерді көрсетуге, қосымша ақпараттарды кіргізетін немесе дəрісханаға берілетін түсініктемелерді, белгілер мен сілтемелерді қосуға, сонымен қатар басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Əрі қарай осы мүмкіндіктер толық сипатталған.

«ACTIVboard»-ты іске қосу:

  1. Проекторды қосу үшін компьютерді желіге қосып, пультті алып проекторға дəлдеңіз, содан соң сол жақ жоғарғы бұрыштағы батырманы екі рет басыңыз, F4 батырмасын басыңыз. Пайдаланушының атын теріңіз, мысалы: “BOARD” жəне пароль мысалы 111111.
  2. Қаламмен екі рет интерактивтік тақтаның жұмыс панелінде орналасқан AV-белгісін () басыңыз. Экранда екі хабарлама шығуы мүмкін, ОК басыңыз. Жұмыс үстелінде келесі құралдар панелі пайда болады.

Флипчартты құру (таза бетті білдіреді):

  1. Басты аспаптар панелінде орналасқан AV- белгісін қаламмен 1

рет басыңыз.

  1. 1-ші бетпен жұмыс аяқталған соң, қаламмен менюді басыңыз,

содан соң «Сақтау» батырмасын басыңыз .

  1. Келесі бетке өту үшін интерактивтік тақтаның функционалды панелдегі оң жағындағы жуан көрсеткішті басыңыз.

Интерактивтік тақтаның басты панелімен жұмыс істеу:

  1. «Қалам» – бұл құралды белсенді ету үшін қалам белгісін басыңыз. Ол басты панелдің оң жағында орналасқан.
  2. Басты панелдегі таңдалған түске қаламды апарамыз, мысалы: көк. Қаламды тақтадан алмай сөзді жазыңыз.

Қалам  – құрал, ол жазу мен суреттерді салу кезіндегі белгілерді көрсету үшін қолданылады. Қалам оң жəне сол жақ батырмалардан тұрады. Сол жақ батырма мəліметтерді жазу үшін арналған. Оң жақ батырма қызғылт түске ие, оны басқан кезде көмек алуға болады. Онымен жұмыс жасаған кезде қаламды тақтадан 1 мм қашықтықта ұстау керек.

“ACTIVstudio” белгілер қосуға, нысаналар құруға, арнайы тиімділіктерді қолдануға жəне презентацияда интерактивтік элементтерді пайдалануға мүмкіндік беретін бір қатар аспаптардан тұрады. Бұл аспаптарға рұқсат аспаптар панелінің көмегі арқылы жүзеге асырылады.

ACTIVboard немесе “proACTIVboard”-ты қолдану кезінде, егер экран немесе проектор қандай да бір себептермен орын ауыстырса, мүмкін, калибровканы қайта орындау керек болады. Осы жағдайда ACTIVpen қаламының ұшы экрандағы курсормен қосылады.

Калибровканың сəйкес процедурасы жайында қосымша мəліметтер алу үшін, тез жұмыс бастау бойынша басшылықты қарау керек, ол белгілі экранның жиынтығына кіреді.

Жүйенің калибровкасын орындағаннан кейін экрандағы курсордың жағдайымен, “ACTIVpen” қаламының ұшы сай келетініне көзіңізді жеткізіңіз.

«Басқару панельдерін» пайдалану:

Көмек – бағдарламаның кез-келген элементіне тақаған кезде, қаламды тақтадан 1 мм қашықтықта қаламның сары нүктесіне басып ұстаңыз, сонда жылжымалы көмек шығады.

Флипчартбасты жұмыс аумағы, оны AV белгісі көмегімен құрады.

«Меню» (мəзір) —  батырмасы “ACTIV Studio” қызметіне рұқсат алу үшін қызмет етеді.

Бағыттауыш  – еркімен таңдау құралы. Нысананы таңдауға, онымен манипуляциялауға, орын ауыстыруға, өлшемін өзгертуге жəне тағы басқа қызметтерді орындауға мүмкіндік береді.

Қалам – белгілерді, жазу мен суреттерді салу үшін қолданылады.

Маркер – мəтіннің, бейненің үстінен сурет салуға арналған.

Өшіргіш – парақ бетіндегі қателерді немесе керек емес нысаналарды өшіру үшін қызмет етеді.

Болдырмауалдындағы кездейсоқ əрекеттерді болдырмау үшін қызмет етеді.

Қалпына келтіру – абайсызда өшірілген əрекетті қайтару үшін қызмет етеді.

Енінің селекторы – пернетақтадан, қаламның көлемінен жəне т.б. енгізілген мəтіннің өлшемін өзгертуге арналған.

 

 

 

 

 

 


Нысана және кітапхана

Нысаналарды ерекшелеу әрекеті:

  1. Келесі бетке көшу үшін интерактивтік тақтаның функционалдық панелінің оң жағында орналасқан жуан бағыттауышын басу керек.
  2. Қалам құралына басып, мында «кітап» сөзін жазыңыз.
  3. Құралды белсенді ету үшін бағыттауышы жоғары батырманы басыңыз. Кейін таңдаған сөзді белгілеу үшін мысалы, «кітап», интерактивтік тақтаның сол жақ жоғары бұрышындағы бос аумақты қаламмен шерту керек.

Қаламды тақтадан алыңыз – бұл «Кітап» өзінің ерекшеленгенін көрсетеді. Нысана “ауыстыру бағыттаушылары” деп аталатын төртбұрыштармен қоршалады.

Ерекшелеу рамкасының көмегімен нысана қасиеттерін өзгерту амалдарын баяндайық. Нысананы жылжытуды бастаңыз.

  1. Нысаналардың орнын ауыстыру үшін «ауыстыру бағыттаушыларын» пайдалану қажет, оларға қаламды орнатып, интерактивті тақтадан босатпай, қаламның орнын ауыстырыңыз.
  2. Парақ бетін сақтауды ұмытпаңыз.

«Кітапхананың» ашылуы. «Кітапхананы» ашу үшін функционалдық панелдегі аспаптық терезедегі «Кітапхана» (кітаптар бейнеленген) белгісіне қаламды əкеліп, шерту керек.

«Кітапхана» аспаптардың қызметтік панелінде бейнелердің көп қоры бар, оларды өз флипчартын құру үшін пайдалануға болады.

«Кітапхананы» ашқаннан кейін «Қорлар ағашы» пайда болады, оның жоғары жағында келесі бөлімдер орналасқан:

  1. «Жалпы кітапхана» (Екі бас бейнеленген).
  2. «Жеке кітапхана» (Бір бас бейнеленген).
  3. «Қорларды іздеу» (Лупа бейнеленген).
  4. «Қорлардың басқа папкасы» (сары папка бейнеленген)

«Жалпы кітапханада» келесі қорлар бар:

  • фондық бейнелер;
  • дыбыстар;
  • тор;
  • тақырыптары бойынша берілген бейнелер;
  • мəтін;
  • фигуралар;
  • телеграфтық ленталар.

«Жеке кітапханаға» əртүрлі дерек көздерінен алынған қажетті мəліметтерді кіргізуге болады.

«Əдемі беттерді құру» амалдарын қарастырайық. Бірінші қадам – флипчарт құру. Ол үшін басты панелде орналасқан AV-белгісін қаламмен 1 рет басыңыз.

Екінші қадам – «Кітапхананы» ашыңыз, ол үшін батырмасын басыңыз, «Қорлардың ағашын көрсету».

Үшінші қадам – «Қорлар ағашынан» керекті тақырыпты таңдаңыз, мысалы, «Жануарлар» тақырыбы. Егер суретті көшіріп алғыңыз келсе, таңдаған суретті қаламмен басыңыз, қаламды суреттен алмай флипчарттың бос аумағына көшіріңіз. Суретті флипчарттың бос орнына қойғаннан кейін, оның өлшемін өзгертіңіз (үлкейту, кішірейту). Егер сіз суреттің қозғалмайтындығын қаласаңыз, онда нысананы блоктап тастау керек. Ол үшін қаламды суретке тақап, қаламды тақтаға тигізбей қызғылт батырманы басыңыз, пайда болған менюден «Өзгерту» содан соң «Блоктауды» таңдаңыз.

 

 

Интерактивті тақтада графиктермен жəне мəтінмен жұмыс

Графиктің суретін салу

«Кітапхананы» ашып  торға басыңыз, эскиздер панелінен  торды таңдап оны флипчарттың басты бетіне апарыңыз. Кітапхананы жабыңыз. Қаламды басты менюдегі «Қалам» құралына апарыңыз, ACTIVpen бұрышында қызғылт батырма бар. Осы батырманы «Қалам» сөзіне тигізбей басыңыз. Бұл аспаптардың жаңа кешені ашылуына əкеледі.

Қызыл түс пен сызудың негізгі енін таңдаңыз. Модификатор тізімінен – көлденең сызықты  құралын таңдаңыз. Бұл құралдың көмегімен сіз біздің графиктің абциссасының осін сыза аласыз:

  1. Сіздің сызығыңыз басталатын жерді басыңыз.
  2. Қаламды тақта үстінде ұстай отырып, сіздің сызығыңыз бітетін жерге апарыңыз.
  3. Аяқтау үшін қаламды жіберіңіз.
  4. Енді “Тік сызық” құралына басыңыз жəне сіздің графигіңіздің ординатының осін сызыңыз.
  5. «Тікбұрыш» құралын басыңыз. Осы құралды пайдаланып бағандық диаграмма салуға болады.
  6. Көлденең жəне тігінен қиылысатын нүктені басыңыз.
  7. Диаграмманың бағанын салу үшін қаламды тақтада ұстай отырып, оны жоғары көтеріңіз. Көшіру кезінде бағанды көруге болады. Сіз қалаған баған болмайынша қаламды жібермеңіз.
  8. Сіз кез-келген уақытта ұнамаған əрекеттеріңізді болдыртпауыңызға болады, ол үшін мына — құралды қолданады.
  9. Жоғарыда көрсетілгендей, өзіңіздің диаграммаңызға тағы үш баған қосыңыз.
  10. Барлық əрекеттерден кейін қаламның модификаторлар терімін жабыңыз.

«Флипчарт» себетін пайдалану

Ості алып тастаудың жақсы тəсілі, флипчарт себетін пайдалану.

  1. Басты панелде орналасқан белгілеу құралын басыңыз.
  2. Оны белгілеу үшін тігінен сызықты екі рет басыңыз.
  3. Сызыққа қайта басыңыз, “ACTIVpen” — ді тақтада ұстай отырып, флипчарт себетіне апарыңыз. Сіз оған курсормен себетке жеткен кезде, флипчарт себеті ашылады.
  4. “ACTIVpen” — ді жіберген кезде сурет парақ бетінен жоғалады.

«Құю» құралын пайдалану

Таңдалған фигураны белгілі бір түспен бояу үшін құю құралы пайдаланылады.

  1. «Құю» батырмасын басыңыз. Қызғылт түсті таңдаңыз, бірінші бағанның ішінде басыңыз. Ол қызғылт түске боялады.
  2. Басқа түстерді таңдап, қалған түстерді бояңыз.

«Power tools» терімін таныстыру

Басты панелдегі «Power tools»  батырмасын басыңыз. Көптеген жаңа құрылғылар кешені шығады. Əзірше, біз экрандық пернетақта құрылғысын қолданамыз , оның көмегімен мəтінді терудің басқа тəсілін көрсету үшін.

«Мəтін» құралы

  1. «Мəтін (текст)» құрылғысын таңдаңыз, парақ бетінің сол жақ бос аумағын 1 рет шертіңіз. Флипчартта жаңа мəтін редакторы пайда болады, олардың көмегімен сіз өзіңізге керекті стильді таңдай аласыз. Мəтін редакторының бірінші жолы шрифт атынан тұрады, сіз оны осы уақытта қолданасыз.
  2. Шрифт атауының қасында «төмен» бағыттауышын басыңыз. Түсуші меню (мəзір) пайда болады.
  3. Барлық шрифтерді көру үшін айналу бағыттауышын қолданыңыз. Arial – ды (немесе басқа шрифт), ACTIVpen көмегімен басып таңдаңыз.
  4. Сол əдісті қолдана отырып шрифт өлшемін 20-ға дейін өзгертіңіз.
  5. Енді егер қасыңызда пернетақта болса, 1 санын теріңіз. Оны қайда қоямын деп, əзірше уайымдамаңыз.

Егер қасыңызда компьютерге қосылған пернетақта болмаса, мазаланбаңыз, келесі тарауларда сипатталған тəсілді пайдаланып, санды басып шығарыңыз.

  1. Мəтін (Текст) редактілеу терімін жабу үшін батырмасын басыңыз.

Экранды пернетақта

Басты панелде орналасқан «Текст»  белгісін басыңыз, содан кейін сіз мəтінді орналастыруыңыз келген флипчарт бетін ашыңыз.

Мəтінді редактілеу терімі тағы пайда болады. «2» санын экранды пернетақтада басу үшін “ACTIVpen” қолдаңыңыз. Бұны аяқтаған соң басқа парақты ашып, оған «3» санын теріңіз. Егер қаласаңыз, қосымша сандарды қосқан сайын, əртүрлі беттерге басыңыз. Олардың қайда орналасатынына мазаланбаңыз, кейін біз оны керекті жерге орналастырамыз.

Экранды пернетақтаны, мəтінді редактілеу терімін жəне «Power Tools» терімін жабыңыз.

Парақ бетіне орналастыру

  1. Белгілеу құралына басыңыз. Сандарды графиктің керекті жерлеріне орналастырыңыз.
  2. Басты панелдің ең жоғарғы батырмасы «Басты меню»-ді басыңыз, меню пайда болады. «Флипчарт» сөзін басыңыз, содан кейін басқа меню пайда болады. Одан «Сақтау», содан кейін «Менің флипчарттым» менюін таңдаңыз. Барлық флипчарттарды бір жерде сақтау, бұл жақсы ой, оларды кейін тез тауып алуға көмектеседі.
  3. «Флипчартты сақтау» терезесі шығады. Файлдың атын теріңіз де «Сақтау» батырмасын басыңыз.
  4. Осы басшылықтың көмегімен сіздің шығарған беттеріңізді көру үшін «Алдыңғы бет» батырмасын басыңыз.
  5. “ACTIV studio” жабу үшін: басты меню — шығуды таңдаңыз.

Ескерту: Егер сіз флипчартты қайта ашқыңыз келсе, ACTIVstudio-ны іске қосыңыз, содан кейін “Меню – Флипчарт – Ашу – Менің флипчарттарым” жолын таңдаңыз. Жаңа терезе пайда болады. Сіздің атыңызбен сақталған флипчартты таңдап, «Ашу» батырмасын басыңыз.