АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

        Қазіргі кезеңдегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілік рейтингісін анықтауға кірісіп, оның теориасы мен тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған.

Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық ұлттық экономиканың өсуі мен дамуы білім және ғылым жүйелерінің жаңаруымен тікелей байланыстылығынан байқаймыз. Бірақ, ескеретін ерекше жағдай: білім беру жүйесінің табиғаты демократиялық жүйе болғанымен, әлемдік қоғамдастықта жаһандану үрдісінің дендеп еніп келе жатқан кезеңнен де бұл салада бәсекелестіктің даму қарқыны күшейе түсуде.

Шынында, адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми- техникалық және әлеуметтік- мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан- жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан.

Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты- өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау.

Ал Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында “…….білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады ” деп атап өтілген.

Қазіргі таңда да егеменді  еліміз етек- жеңін жинап, оқу- ағарту жүйесіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық- техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беріп отыр.

Білім беру технологиясының әлемдік бірізділікке ыңғайлануы- табиғи құбылыс. Оны білім беру жүйесінің дүниежүзілік жаһандасуы деп те жүрміз. Оған қазіргі әлемнің ғылымы мен техникасының және жалпыадамзаттық  өркениеттің соңғы ғасырдың екінші жартысында таңғажайып қарқын мен дамып кетуі, түрлі мемлекеттердің арасында экономикалық қарым- қатынастың күшеюі және олардың бір-бірімен мәдени-рухани тығыз ықпалдасуға көшуі басты себеп болады. Қазір біз ондай бірізілдік пен ықпалдасудың өз еліміздің мемлекеттік құрылымының барлық жүйесінде болып жатқанын пайымдап қана қоймай, мойындауға да мәжбүрміз.

Сондай-ақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында нарықтық экономика саясатының талабына орай Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік жағдайын барынша жақсарта түсуге жәрдемі тиетін, елімізге аса қажетті білікті мамандарды шетелдерде оқытып, халықаралық стандарт деңгейіне сай етіп дайындау және бұрынғы мамандарды қайта даярлау мәселесіде пайда болды.

Заманауи әлемнің жаһандануы жағдайындағы оқу орындары іс-әрекеттерінің тиімділігі, болашақ  ұрпақты халықаралық ынтымақтастыққа және өмір сүру аясындағы барлық бәсекелестіктерге дайындау сапасымен анықталынады.

Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады » деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш- білімге тән. Мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту- бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды.

Инновациялық үрдістің негізгі- жаңалықтарды қалыптастыруы, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру оқу, тәрбие жүйесіндегі « инновациялық технологияларды» соның ішіндегі «ақпарат технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану» өз тәжірибемнің көкейтесті мәселесі ретінде туындауы үлкен жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын.

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық  ұжымдар ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкін аламыз. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны,  құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық  ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін  оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу өйткені оқыту-тәрбиенің негізі.

Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі-мектепте арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі-өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту-егіз ұғым десек, оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз.Оқыту тәрбиелеуге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу  барысы танымдық  іс-әрекеттер түрлерінің мазмұны, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді.Осы екі үрдістік өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

  • үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;
  • оқытумен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;
  • үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;
  • үйренушінің танымдық үрдісіне белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
  • көрнекі құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне,қабылдау эмоциясына әсер ету.

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өзбетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқытып мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Ол үшін жаңа жабдықталған сыныптар мен дәріс оқитын аудиториялар, біліктілігі жоғары мұғалімдер, сапасы жоғары дәстүрлі немесе электрондық және мультимедиалық оқулықтар мен оқу құралдары ауадай қажет. Қазір білім алу үшін шекарасы жоқ бүкіл жаһандық кеңістік пайда болып келеді. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар шекара дегенді білмейді. Дамыған мемлекеттердің мамандары күні-түні Интернетті ақпаратпен толтыруда.

Қазақстан Республикасында жүріп жатқан ғаламдану, әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты шетел тілін білуге, өз бетінше үйренуге деген құлшынысты арттырып, оның ролін күшейтіп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде (шетел тілін ) оқыту интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті біліктілігі жоғары дәрежеде маманданған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрменкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесінің бөлінбес бөлігі болып табылады.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану, адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі. Отандық және шетелдік оқу үрдісіндегі компьютерлендіру туралы көптеген басылымдарда кез-келген пәнді оқытудың маңызды жақтары қарастырылған.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз- оқыту мен тәрбиелеудің психо-педагогикалық мақсатын дамытуға бағытталған жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан қамтамасыздандыру. Басқаша айтқанда ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу және оның әдістемесін меңгеру.

Білім беруді ақпараттандыру:

  • әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
  • білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
  • оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
  • электронды білім беру ресурстарын пайдалану арқылы даралап оқытуға т.б. ашады.

Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру, қоғамды ақпараттандыру-экономиканың ғылымның мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.

Қоғамда білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

  • білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру, қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
  • оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту;
  • қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;

Жаңа ақпараттық  технологиялар білім беруде ең алдымен мектептерде тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан-жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Қазіргі кезде кез- келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін Интернетті пайдалануда өте бай тәжірибелерге қол жеткізілуде.

Білім беру мақсатындағы ақпаратты ресурстардың шартты белгілері мыналар:

  • Электронды (мультимедиялық ) оқулық, қашықтан оқыту курсы;
  • Анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
  • Электронды кітапханалар (мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттар);
  • Виртуалды мұражат, көрмелер т.б. көрнекі материалдар.

Жоғарыда атап айтқандай өз көкейтесті мәселем «Ақпараттық-коммуникациялық технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану ерекшеліктері». Осы мәселе бойынша электронды оқулықтарды, мультимедиалық оқулықтарды өз сабақтарымда пайдалана келе, дәстүрлі қағаз бетіндегі оқулыққа қарағанда артықшылығы басым болатындығына көз жеткіздім:

  1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация, графикалық қойылым, бейне клиптер, слайд-шоу және т.б.
  2. жүйенің басқару құрылымы- оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегінде материалдың ұсынылуын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады және анықтамалық жүйе ретінде қолдана алады.
  3. жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.

Жаңа технологиялар негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде, тек білім беру тәсілдерін (электронды оқулықтар, бейне сабақтар, тестілеуші бағдарламалар т.б.) ғана емес, білім беру саласын басқаруды автоматтандыру болады. Білім беру ұйымдарындағы статистикалық есептеулер мен автоматтандырылған сараптама жұмыстары ұстаздардың уақытын тиімді пайдалануына, дәл және нақты ендірілген ақпараттар енгізуінде тиісті сараптама жасауына мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Өз сабақтарымда мынадай мәселелерге көңіл бөле отырып жеткен жтістіктерім атап кетуімді жөн көріп отырмын:

  1. кроссворд, кесте және сызбаларды құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу ;
  2. досына ағылшынша хат жазу мен дұрыс безендіруді үйрену т.б.
  3. ағылшын кабинеті үшін ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты безендіру мен көркемдеуді білу;
  4. дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және топтық жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.
  5. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электронды пошта арқылы хат-хабар алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу, білім қорына ену, сөздіктер мен энциклопедияларды пайдалана алады. т.б.

Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану, оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдысының қалыптасуына әкеледі. Ағылшын тілі сабағында электрондық оқулықтарды қолдану арқылы оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды. Жұмыстың бұл түрі оқушылар арасында ағылшын тілінде диалог орнатуда, грамматикалық білімдерін бекітуде пайдаланады. 9-11 сынып оқушыларына көбінесе белгілі бір тақырыпқа жобалық жұмыстар жазуға тапсырмалар беремін.

Ағылшын тіліндегі оқулықтарда жоқ материалдар іздейді. Тапсырма бойынша оқушы газетттерден, кітаптардан, интернеттен керекті мәліметтерді іздеп, тауып жазып әкеледі, қысқаша мазмұнын ағылшын тілінде айтып береді. Оқушыларға мұндай жұмыстар ұнайды. Бұл мен үшін пайдалы материал болса, олар үшін шығармашылық жұмыс. Мен үнемі өз сабақтарымда өтілген әр түрлі тақырыптарды меңгерту, пысықтау, саралау бағытында тәжірибемде міндетті әдіске айналған саралау- салыстыру, құрастыру жұмысын жүйелі жүргізіп отырамын. Екі елдің басты ерекшеліктері мен кейбір  ұқсастықтарын тауып, салыстыру жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың қосымша материалдармен жұмыстануға, ізденуге мүмкіндіктер бере отырып, өз білімдерін көрсете білулеріне қол жеткезе алдым.

Сабақтарыма қысқаша тоқталып өтсем: Сабақтың тақырыбы «Greаt Britain»Сабақтың мақсаты:1.Оқытудың компьютерлік технологиясы – арқылы   оқушыларды өз бетімен әрекеттендіре отырып, Ұлыбритания туралы жаңа мәліметтермен таныстыру.

  1. Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту 3. Өзге ұлтты құрметтеуге, өз Отанын сүюге және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедеялық проектор, компьютерлер,  электрон оқулық, сызбалар, карта «Ұлыбритания», тақырыптық суреттер, Ұлыбритания, Астананың көрікті жерлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

Presentation.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. How many parts does the United Kingdom consist of?
  2. What’s the national language of Scotland?
  3. What’s the national language of Northern Ireland?
  4. What’s the national language of Wales?
  5. Who is the head of these countries? Etc.

 

What can you say about this scheme? Etc.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келесі тоқталатын сабағым «Traveling» тақырыбы бойынша өткізілген ашық сабақтан үзінді.

The aim of the lesson: — to enrich pupils’ vocabulary on the theme “Traveling” to improve listening and reading habits.

  • Developing the speech habits on the theme and habits on pronunciation. To develop students’ logical thinking, imagination .To develop students’ interest in learning English.

Bringing up: — to bring patriots of our Motherland.

 — to educate the feelings of international friendship and love our Motherland K a z a k h s t a n..

Practical: — to be to talk about the traveling.

Type of the lesson: the presentation of a new material. Etc.

Imagine that we’re traveling all over the world. «Media show». (оқушыларға суреттер бойынша Астанадан бастап, әр елдердің астаналарының әлемге әйгілі визиттік карточкасы болып саналатын жерлерімен салыстырылып, әр елдің әуендері әр суреттерге жіберілді және жаңа мәліметтер беріледі.)

 

 

 

 

 

 

 

      

 

                                                 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

Etc.

 

            

Бұл сабақтар балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды. Мәліметтерді салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалар бірте- бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан- жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастады.

     Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» стратегиясын жедел іске асыру қажеттілігі атап өтілді.

«Тілдердің үштұғырлығы» жобасы Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына  енгізілген. Жобаның басты мақсаты- қазіргі өркениет дәуірінде қазақ қоғамының бәсекеге қабілеттігін арттырып, тұғыры берік ұлт қалыптастыру. Бұл арада қоғамда мемлекеттік тілдің дамуын шектейді деген қобалжуға негіз жоқ. Елбасының өзі бұл жөнінде «Қазақ тілін оқыту әрдайым басымдықта бола береді,-деп, атап айтты. Ағылшын тілінің қажеттігі- бұл әлемдік бағыт және сондай ақ, көзге көрініп тұрған қажеттілік. Ал орыс тілін жақсы білу- біздің байлығымыз, одан айрылу ойланбастық болар еді.

Егер біз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерсек, біз үшін бұл аса зор артықшылық болады».

Қазіргі талап- оқушыларды ойландыру, сезіндіру, ақпаратты құралдар арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы тиянақты болады.

Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға мүмкіндік туды.