СЫНИ ОЙЛАУ-ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ

252

СЫНИ ОЙЛАУ-ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ

 

 «Халық  пен  халықты,  адам   мен  адамды  теңестіретін  нәрсе   білім» деп  ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен еліміздің өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.

Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық дамуы бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңінен толғай отырып «мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар-біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз- баға жетпес биік тұлға.

Қазақ тілін оқыту барысында туған тілілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орнын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ тілі-оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін,  жұмысында, күнделікті өмірде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттың салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Келешек ұрпаққа екі байлық қалады: біреуі- кең байтақ жері, екіншісі- көлдария тілі» десе,  жас жеткіншектерді ата- бабаларымыздан қалған асыл мұра- ана тіліміздің тарихынан білімдерін жетілдіру, тіл өнерін шешендікпен тапқырлықты, ұлттық мәдениетті қадірлеуге баулу.

Ал қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданып келеді. Технология-грек сөзі, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Мақсатты білім беру- технологияның басты белгілері. Ахмет атамыз «Оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі керек»-деп айтқандай, қазіргі ең басты мәселе-өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру,  яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жуықтау. Бұл дегеніміз-білім беру саласындағы жаңа идеяларды және оқыту технологияларын толық пайдалану, мектептің оқыту үрдісінде енгізіліп жүрген теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек. Әдіс дегеніміз- мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі. Ал технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті және қалай қолдану керектігін алдын-ала жоспарлап отыруы керек.

Біз өз іс – тәжірбиемізде педогогика  ғылымының докторы, профессор  Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту жүйесіне», Н. Оразқынованың сатылай кешенді талдау, Инперактивтік- модульдік оқыту технологияларын   Зенковтың «оқыту технологияларын» «Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту технологиясына сүйеніп сабақ  өткіземіз. Олардың әрқайсысының мақсаты, ерекшелігі, талаптары, тәрбиелік мәні ашып көрсетілген.

Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде жүзеге асырылып жүрген әлемінің он сегіз елінде сынақтан өткен «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы  Қазақстанда бұл технология 1997 жылдан бастап етек  жая бастады.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

  • Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
  • Күрделі мәселелерді  шешуге,  аса маңызды,  жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
  • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің  сеніміне негізделген  құрылым.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының ерекшелігі:

  • Кез келген ақпараттың жан – жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
  • “Өзгенің ақыл” ойымен шыңдалмаған  білім – білім емес” дегендей жеке емес топтық,  не ұжымдық талқылаулар  түрінде игерілгендігі.

«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының  стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже;

  • Оқушының оқуға қызығуы артады
  • Іскерлік дағдысы
  • Ойлау белсенділігі
  • Тапқырлығы
  • Өзіне деген сенімі қалыптасады.

 

 

Осы кезендердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтиже береді:

  • Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;
  • Басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;
  • Өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі;
  • Өз бетінше ізденуге үйретеді;
  • Ең бастысы сабаққа қызығуы артып, балалардың белсенділікте жоғары болады.

Қызығыушылықты ояту.

Үйрену үрдісі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.

Сабақ қарастырғалы  тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтау. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету.  Екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Осы кезенде топтау, түртіп алу, ой шақыру әдістері бар.

Мағынаны тану (түсіне білу) Бұл кезенде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.  Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетуіне жағдай жасалады. Стротегиялар бойынша жұмыс жүргізіледі.

V  Білемін.

—   Білмеймін.

+  Мен үшін жаңалық.

?  Мені толғандырады.

Ой  толғаныс

Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру. Білім арқылы тәрбиелікке, даналыққа бастау алады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Ой-толғаныс сабақты қортындылау кезеңі. Үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренеді.

Бес жолды өлең

Венн диаграмма

Еркін жазу

Сол сияқты стратегиялар ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай қолданылады.

«ИНСЕРТ»,  «Түртіп алу жүйесі» стратегиясы оқушының өзіндік білім деңгейін тексеруге қолайлы әдістердің бірі.  Сонымен қатар оқушы білімін тереңдетуге мұғалімге көмекші әдіс ретінде табылған.

«Екі жақты күнделік» стартегиясы арқылы оқушының қоршаған  ортаға өз көзқарасын білдіруге, ойын ашық айта алуға талпындыратын әдістің бірі болып табылалы.

Ал «Семантикалық карта» стратегиясы  оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жетік меңгеруін көздейді.(жаңа сабақ кезеңінде)

«Концептуалдық кесте»  стратегиясы кейіпкер жанын түсінуге, өмірлік ұстанымын тануға, оның іс-әрекетіне адамгершілік тұрғыдан баға беруге үйретеді.

«Ой толғаныс» кезеңінде оқушылардың сабақ үрдісінде алған білімдері тексеріледі.

«Венн диаграммасы» бойынша оқиға кейіпкерлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығы ажыратылады. (сабақты бекіту)

Тақырыпты жан-жақты  талдауды қолдайды «Кубизм» әдісінде кубиктің 6 қырына сай жасалған тапсырмалар (яғни зерттеңіз, суреттеңіз, салыстырыңыз, қолданыңыз, бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестеді? Талда, қорған, қарсы шық) арқылы оқушыға жаңа білім мазмұнын  игертуге болады.

«Синку-эй» немесе « 5-жолды өлең» деп аталатын бұл  стратегияда берілген сөзге тиісті сын есім, іс-әрекетті білдірер етістік табу шеберлігі анықталады.

Оқушылардың өз ойын айтуға, еркін сөйлесуге талпындыратын әдістердің бірі – «Еркін жауап» стратегиясында оқушыларға ерік беріліп, олардың қалаған жұмысын орындауға құқылы.

«Егер де мен…» әдісі оқушыны қиял әлеміне самғатып, шығарма соңын өз еркінше аяқтауға мүмкіндік туғызатын әдіс.

«Түсініктеме күнделігі» стратегиясында оқушылардың сөздіктермен жұмыс жасауын талап етеді, сөз мағынасын жете түсінуге талпындырады.

Бүгінгі таңда сабақ үрдісінде оқушы білімін тексеретін әдістердің мазмұн мен түрі жағынан әрі тиімді, әрі жиі қолданылатын тест түрлерін оқушы қызығушылығын арттыру үшін түрліше пайдаланамын.

Жоғарыда көрсетілген сабақ барысында қолданылған стратегияларын мұғалім мен оқушы іс-әрекеттері айқын байқалады. Өз сабақтарымда көз жеткені, оқушыларға:

  • Еркін ойлауға мүмкіндік береді;
  • Жан – жақты ізденеді;
  • Тіл байлығы жетіледі;
  • Ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді;
  • Шығармашылық белсенділігі  артады;
  • Ақыл ойын дамытады.

Нәтиже:

Озат ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі  шығармашылықты тұлға болып дамиды.

— «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды» дамуға негізделген сабақ оқушының ой — өрісін дамытып, жан-жақты терең білім алуына жағдай жасайды,

— Әрбір технология жаңа әдіс -тәсілдермен ерекшелінеді. Осы әдіс -тәсілдерді мұғалім іздену арқылы іріктеп қолданады.

— « Оқу мен сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірбие жинайды.

«Орташа мұғалім- айтып береді,

Жақсы мұғалім -түсіндіреді,

Үздік мұғалім- көрсетеді,

Ұлы мұғалім- қанағаттандырады, шабыттандырады»- деп А.Уорт айтқандай оқушының  құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибиемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды. Қорыта келгенде М. Жұмабаев айтқандай жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің:

  • Ақыл көріністері:
  • Ішкі сезім немесе көңіл көрністерінің:
  • Қайрат көріністерінің дамытуы – сын тұрғысынан ойлауымен  байланысты.

Сөзімнің соңын Абылай ханның мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.

Білекке  сенген заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген   заманда  қапы  қалып  жүрмелік!