«Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру»

 

Пікір

 

«Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау   жүйесі арқылы жетілдіру» тақырыбында жазылған баяндаманың қазіргі таңдағы білім сапасын критериалды бағалау тәсілдерін көрсете білген. Критериалды бағалау әдісі арқылы бастауыш сыныпоқушыларының білімге қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырудағы мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып оны жүзеге асыру жолдары қарастырылған.

Баяндамада жаңаша бағалау жүйесі арқылы оқушының білім сапасының жетілдіру әдіс – тәсілдері  ашып көрсетілген.

Критериалды бағалау бұл оқушылардың білім мазмұны мен  мақсаттарына сай оқу танымдық құзыреттілігін қалыптастыруды нақты анықтап көрсеткен және оқушылардың білім жетістіктерін  бағалауға негізделген үдеріске нақты мысалдар келтірілген.

Мұғалім аталған мақаладағы зерттеу жұмыстарының барлығын нақты беріп, жоғарғы деңгейде жазған.

 

Бастауыш сынып мұғалімі:                                              Н.Алимтаева

 

 

 

 

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта  білетін мұғалім.
Ахмет  Байтұрсынов

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына  жаңа талаптар қойылып отыр .  Қазақстан Республикасында  соңғы жылдары  білім беру саласындағы  жүргізіліп  жатқан  реформалар  еліміздегі  білім  беру  сапасының  әлемдік деңгейге  сәйкес келуін қамтамасыз ету,  сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере  алатын  мамандарды  даярлау  және  бәсекеге  қабілетті  білім   беру болып табылады.  Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы  жаңа көзқарасы олардың педагогикалық  өміріндегі қосымша  оң өзгерістер  енгізуге  мүмкіндік беруде.  Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз.

Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.

Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың  білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке — дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі — оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен  пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі — критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге  асыра  аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі мұғалім.Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп – жарғысыз нәрсе. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған  қалпы бар сала- бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана  үйрететін, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.

Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында оқытылатын пәндер ерекше орын алады. Мұнда пәннің алдына қоятын ең негізгі мақсат,  міндеттерінің бірі:

Бастауыш сыныптағы оқытылатын пәндердің негізгі ерекшеліктері
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілігін, азаматтық тәрбие беру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазушы туындысына бейнеленген дүниелерді эстетикалық тұрғыдан қабылдауға қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру;

 

Оқушының логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше.

Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік , іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.

Бұрын оқытуда  оқушылар  тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

 

 

 

 

Бұрынғы оқушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биылғы оқу жылынан бастап  педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде.

Кез-келген мұғалім  критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз  критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.

Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай,  оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі, білім жетістіктерін бағалауға негізделген үрдіс.

                         Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері
Танымдық қабілеттерін, сыни ойлауын, есте сақтауын, оқушылардың оқу- танымдық әрекеттерін орындауға икемдеу

 

 

 

Оқушылардың оқуға  ынталарын арттыру,бағалауға деген теріс,кері ұғымдардын жою,оқу барысында жауаптарды талдау, сараптаудағы белсенділігін арттыруОқушылардың  білімдерін жүйелеу,бекіту,тереңдету.

Есте сақтауды бекіте түсу,оқушыларды шыдамды болуға және өзін ұстай білуге үйрету.

Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы.

 

Оқушы білімінің жүйеленуі, тереңдеуі, есте ұстауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.Білм алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы.Оқушының білім алу үдерісін  қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпараттың алуы.Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бағалау, тренинг, үй жұмысы, шығармашылық т.б.)Оқушының білімін ағымдық және қорытынды бағалау, баға сапасын арттыру.

 

Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критерилерімен танысып, хабардар болады. Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:

  • Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
  • Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
  • Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы.Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
  • Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы.Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
  • Білім алу барысындағы қиындықты,қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
  • Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
  • Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
  • Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
  • Баға сапасын арттыру.

Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде  жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

Тәжірибелік маңыздылығы

 

 

 

 

 

 

— жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

—      оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

—      бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды,  сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

—      өзінің  оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды  жеткізу үшін  оқушыға нақты  бағалау алгоритмі белгілі.

—      оқушының оқуға  және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

 

Критериалды бағалау

Мұғалімдерге:

 

 

 

 

 

  1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
  2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
  3. Білім беру сапасын арттыруға;
  4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
  5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
  6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
  7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

 

Оқушыларға:

 

 

 

 

  1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
  2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
  3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
  4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

 

 

 

       

Ата- аналарға:

 

 

 

 

 

  1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
  2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
  3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
  4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
  5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға  деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын  қалыптастыру , оқуға деген қызығушылығын оятып,  ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы  жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз . Мұнда біздің оқушыларды бағалау үшін критерийлердің жеңіл түрлерін ала аламыз. Оларға өздері түсінетіндей, өзін — өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай  талдай алатындай   дескрипторларды құрамыз.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.

Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет. Мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, бағалау А,В,С,Д  критерийлері арқылы жүргізіледі. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер  арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер құрылады.  Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын  бағалай алады.  Бастауыш сыныптарды бұлардың ішінде айтылған А,В,С критерилерімен бағалауға болады. Мұндай бағалау бастауыш сынып оқушыларының  өз деңгейлеріне сай келеді.

 

КритерийТүсінігіМазмұныҚолданатын әдіс тәсілдер
АТүсінуТақырыпты түсінуге арналған критерийСұрақ  — жауап, ой қозғау, мағынаны тану,
ВҚолдануТүсінгенін сабақта қолдану критерйіБілу, талдау, тапсырмалар орындау
СІзденуӨз бетінше жұмыс жүргізуге арналған критерийӨзіндік жұмыстар, шығармашылық  ізденіс жұмыстары

 

Бастауыш сынып оқушылары  өз беттерінше А,В,С критерийлері арқылы өз кемшіліктерін таба алады,  дұрыстығына назар аудара отырып, жан -жақты ой сарасынан өткізеді.   Бастауыш сынып оқушыларының білімін мұндай бағалау бастапқы кезде аздап қиындық туғызады. Бірақ келе-келе баланы  қалыптастыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларын критериалды бағалау жүйесінің жеңіл түрі алынады.  Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия  сияқты  бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, аз да болса нақты екі үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әрбір жаңа  сабақты оқытуда   тек бір «A» критериін алуға да болады. Өткен сабақтарды қайталауда «B» критериін алуға  болады.  Тарауды қорытындылағанда  «C» критериімен бағалау тиімді. Мысалы 4 сыныптың ана тілінің  сабағында бұл әдісті былай қолдануға болады.  Мұқағали Мақатаевтың  «Қазақстан» өлеңін  оқытуда оқушыларды топқа бөле отырып, олардың әрқайсысына  тапсырма беріледі, сол тапсырманың орындалу барысына қарай мынай дескриптор құрылады

  1. топ. Қырандар

Қазақстан қандай?

 

 

 

 

 

КритерийБаллДескриптор
                    «В»

Топпен жұмыс

«Қырандар»

Қазақстан қандай ? сызбасын толтыру

 

0

  Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.
 

3

Тапсырманы орындады,топтың  кейбір  мүшелері толық қатыспады. Мәлімет аз.
 

5

Тапсырманы  жақсы орындаған.  Топтың барлық мүшелері ойларын толық жеткізген. Мәлімет жеткілікті.

 

  • топ «Бұлбұлдар»

Отан, туған жер туралы мақал — мәтелдер жазу

КритерийБаллДескриптор
 

«В»

 Топпен жұмыс

«Бұлбұлдар»

Отан, туған жер туралы мақал —  мәтелдер жазу

0  Тапсырманы орындамады. Топтың барлық мүшелері жұмыс істемеді.
 

3

 

Тапсырманы толық  орындамады, топтың барлық мүшелері толық қатыспады.

(5 мақал)

 

5

Тапсырманы  жақсы орындаған.  Отан, туған жер туралы мақалдарды біледі. Топтың барлық мүшелері қатысты.

(10  мақалдан асатын болса)

 

 

 

  • топ «Сұңқарлар»

Қазақстан тақырыбына эссе жазу

КритерийБаллДескриптор
 «В»

Топпен жұмыс

«Сұңқарлар»

«Қазақстан» тақырыбына эссе жазу

 

 

 

0

  Тапсырманы орындамады.  Топ бірге жұмыс істемеді.
 

3

Тапсырманы орындады,  топ  бірге жұмыс істемеді, эсседегі ой қорытындыланбаған.
 

5

Тапсырманы  жақсы орындаған.  Топтың барлық мүшелері белсене қатысты. Ойларын толық жеткізе алған.

 

  • топ «Қарлығаштар»

Қазақстан сөзінен жаңа сөздер құра

КритерийБаллДескриптор
                 «В»

Топпен жұмыс

«Қарлығаштар»

«Қазақстан» сөзінен жаңа сөздер құра

 

0  Тапсырманы орындамады.
 

3

Тапсырманы орындады, кейбір сөздердің мағынасы жоқ. Топтың мүшелері толық қатыспады
5Тапсырманы  жақсы орындаған.  Топ мүшелері толық қатысты. 10 сөз таба алды

 

  1. Болмасаң да  ұқсап бақ

Тапсырма : Өз ойларынан туған ел, Отан, Қазақстан туралы  өлең шығару

КритерийБаллДескриптор
 

 

«С»

Туған ел, Отан, Қазақстан туралы

өз ойыңнан  өлең шығар

 0

 

2-3

 

 

4-5

 

 

6

  Тапсырманы орындай алмады

 

Тапсырманы орындады, бірақ өлеңді ұйқастыра алмады. Сөздерде қате бар.

 

Тапсырманы толық  орындады. Ұйқастыра білген. 1-2 қате бар.

 

Тапсырманы  жақсы орындаған.  Өлеңді ұйқастырған. Қатесі жоқ.

 

Сабақтың соңында  ББҮ кестесін толтырайық. (INSERT) картасы беріледі

БілемінНені білдім?Білгім келеді

 

Топтарды  сабақтың барысына қарай   мынадай  бағалау парағы арқылы қорытынды баға қоя аламыз

                Тапсырмалар

 

Топтардың аты

Сұрақ — жауап  жүргізу

 

Өлеңді оқыту, талдатуВенн диограммасыТоппен жұмысБолмасаң да ұқсап бақЖалпы балыҚорытынды
Қырандар
Бұлбұлдар
Сұңқарлар
Қарлығаштар

 

Әр сабақта рефлексия ретінде  «Мәуе ағашына» стикерлерге  өздерінің  тілектері немесе ой толғаныстарын жазып іле алады.

2  сыныпта берілген  «Етістік» тақырыбында  Блум әдісі арқылы белгілі критерийлермен бағалауымызға болады. Мұндағы әрбір тапсырманы критериалды бағалау арқылы бағалай аламыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Ұйымдастыру кезеңінде сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Тақтада сабақты бағалау критерийлері ілінеді. Жоғары  —  схемадағы әр тапсырмадан соң бағалау жүргізіліп отырады. Сабақ жоспарымен таныстырылып өтіледі. Негізгі бөлімінде екеуара жұмыста  бір – бірін үйге берілген тапсырманы тексереді. Әрбір орындалған жұмысқа ұпай сандары қойылып отырады . Зерттеу жұмысында жаңа сабақ  «Блум»  таксономиясы бойынша білу кезеңі. Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Блум таксономиясы арқылы жұмыс жүргізіледі.

  1. Оқулықпен жұмыс. Блум таксономиясы ы бойынша — Түсіну кезеңі.
  2. Дәптермен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Қолдану кезеңі.
  3. Топпен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Анализ кезеңі.
  4. Шығармашылық жұмыс. Блум таксономиясы бойынша — Синтез кезеңі
  5. Өзін –өзі бағалау. Блум таксономиясы бойынша – Бағалау  кезеңі.

Басқа сабақтарда мынадай бағалау парақтарын қолдануға болады

Өзін — өзі бағалау парағы

Оқушының аты-жөні _____________________

Пәні     ____________________________

Күні Үй тапсырмасыСұрақ жауапТапсырмалар Жұпта  жұмысТоппен жұмыс Тәртіп сақтадымТәртіп сақтамадымЖалпы баллБаға

 

Балды бағаға айналдыру шкаласы

 

                 «5»                «4»               «3»               «2»
    22- 24  балл       1821   балл      11- 17 балл      0-10 балл

 

Немесе

   1Өзіңді тексер!1 
   2 5 тапсырманы орындадым2 
   3Логикалық тапсырманы орындай алдым1 
  4 Деңгейлік тапсырманы орындай алдым1 
  5  Белсенділік таныттым1 
  6Тәртіп сақтадым1 
   7Жалпы балы  
   8Бағасы  

                                   

        Рефлексия

       Қандай қиындықтар кездесті?

       ____________________________________________________

       ____________________________________________________

     Көңіл күйіңді сурет арқылы көрсет: 

 

 

4 сыныптың  математикасында  «Қарама-қарсы қозғалыс»  тақырыбы бойынша сыныпты топқа бөлуде оларға өздерінің ұнайтын түстері арқылы  отырғызуға болады.  Спикелерді сайлату   «Психологиялық тренинг» өткізу арқылы түстердің сырын ашуға  сөз беру, планеталармен  байланыстыру.

Қызыл түсМарс планетасы
Негізгі геральдистік  түс. Психологтар  көкірегі ашық, жүрегін қуаныш кернеп отырған белсенділердің түсі дейді.

Көк түсВенера планетасы

Геральдистердің айтуы бойынша көк түс — аспанның, мәңгіліктің түсі. Психологтар шыншыл, сенімділігі мол, байсалдылардың түсі дейді.

Сары түсМеркурий планетасы
Геральдистердің айтуы бойынша- алтын күннің, зиялы қауымның түсі. Психологтар  белсенділігі  зор, қасындағыларға шуағын себетін, үміт беретін, ашық  мінезділердің түсі дейді.

Жасыл түсСатурн планетасы

Геральдистердің айтуы бойынша- жасыл өркен, өсімдіктер, жапырақтың түсі. Психологтар  сенімділігі  зор, қасындағыларға  сенімді дос әрі қорғаушы болып  үміт беретін,  салмақтылардың түсі дейді.

Топ болып  жұмыс істеуге сәттілік тілеу.

Модераторларды сайлау /уақыт сақшылары/

Осы  тақырып бойынша  бірлесе отырып, жұмыстар жүргізу

Тапсырмалар легін  топпен орындау. Талқылау жұмыстары. Ауызша түсіндіру негізінде  жазба жауаптарын дұрыс орындауға талпындыру.

Есептерге мән беріп,  формуласын бірлесіп шығару, есепті өз беттерінше орындап, өз жауабын жазып, тиісті бағасын алады. Дұрыс жауап жасыл түспен, қате жауап қызыл түспен боялады. Өзектілігін арттыруға арналған тапсырмалар Өз беттерінше  А,В,С,Д критерийлері арқылы табуды үйренеді. Сынып алдында топ болып қорғау. А,В,С критерийлері  бойынша әр топтың жұмысына бірлесіп баға қояды.

    Топтық жұмыстың «Алтын заңын» сақтауды талап ету. Заң сақталмаған жағдайда бір ұпайдан жоғалтатынын құлағдар ету.

Дұрыстығына назар аудара отырып, жан -жақты ой сарасынан өткізу. Жазба жұмыстарын жиып алып,  дұрыс жауабы қандай сан екенін анықтайды. Берілген  тапсырмалар легін орындау. Өз бетінше жұмыстарын  жандандыру.

Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:

  • балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін

анықтауға мүмкіндік береді.

  • көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;
  • оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;
  • ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетуге болады;
  • білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;
  • оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
  • ата-ана мектеп      оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.

Қазіргі жаңашыл ұстаз  жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие  ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез — құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.

Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Бүгінгі заман талабы — жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері  қалыптасуы қажет.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан  көз жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер

 

  1. Мектеп №05. 2008
  2. Бастауыш мектеп 2009. 01. №1
  3. Педагогикалық шеберлік орталығы NIS
  4. Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері
  5. К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»
  6. У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование

в современной школе» — Алматы; 2009 г.

  1. А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева

«ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық

әдістемелік дайджест. Алматы, 2009 ж.

  1. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.