Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек? (рефлексивті есеп)

 

Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?

(рефлексивті есеп)

«Көшбасшылық» ұғымы — қазіргі заманғы мектептерде күн өткен сайын маңызды бола түсуде. Мен  мектепке тәжірибеге келген кезден бастап-ақ өзімнің көшбасшылық  жұмысыма кіріскен болатынмын. Бірақ  менде тек көшбасшылық туралы теориялық түсініктер ғана болатын.

«Мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер етуі үшін, көшбасшылық қасиетін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады» (Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық . 65-бет)

Курста оқығанымнан түсінгенім  көшбасшы демократиялық стильді ұстана отырып өзін дамытумен ғана емес, өз ұжымына да ықпал ету керек.Ол сырт­қы ортаға да әсер етуді, жер­гілікті қоғамдастықтармен де қарым-қатынаста болып, қол ас­тындағыларды ашық болуға ша­қыруы керек. Топтың әрбір мүшесінің  өз та­қырыптары,  не проблемалар  бойынша зерттеген мәселелерін ортаға салуға, ұжымның талқылауына мүмкіндік береді және оларды әрі қарай үнемі жетелеп көмектесіп отырады.

Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, бірақ аса күрделі әлеуеттерінің бірі болып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, әрине, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім енгізу ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз.(МАН. 69-бет)

Мұғалімнің көшбасшылығы оқытуға байланысты, әрі кәсіби дамудың қуатты тәсілі болып табылады. Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер етеді. Сондай-ақ мұғалімдер мектепте кәсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда көшбасшылықтың бұл түрі мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алатындығы туралы тұжырым жасауға болады.

Мұғалімнің көшбасшылығы жеке дамуға ғана бағытталмаған. Оның негізгі міндеті әріптестеріне жаңа идеяларды сынақтан өткізуге және өздеріне басшы рөлдерін алуға ынталандыруға көмектесуге негізделеді. Ынтымақтастық мұғалім көшбасшылығының «жүрегі» болып табылады, өйткені көшбасшылық ұжым болып енгізілетін өзгерістерге негізделеді. Мұғалімнің көшбасшылығы иерархиялық бақылаудан өзара бақылауға көшіп, мектеп ішіндегі билікті қайта бөлуге негізделеді.Мұғалімнің көшбасшылығы анағұрлым тиімді болу үшін оның барысында өзара сенімділік пен қолдау көрсету орын алуға тиіс.

Бірінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. Бұл тәсіл білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылар тарапынан қолдау тауып отыр (МАН 64-бет).

Мұғалімнің құзыреттілігі оның көшбасшылығынан байқалады. Өзінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін белсенділігі, білімділігі, оқушыларын талапқа сай оқытуы оның кәсіби өсуі болып табылады. «Мен неге өзгеруім керек» деген сұрақты әрбір мұғалім қоғам талабы ретінде қарап, бағдарламаның тамаша идеяларын таратуға, үнемі өзін-өзі дамытып отыруға тиіс.

«Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы – оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады» (Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық.  4-бет).

Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады деген пікір кеңінен тараған. Шетел әдебиетінен алынған деректер тиімді көшбасшылар мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру  деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіндігін дәлелдейді.

Енді мен осы алған теорияны практикамен ұштастыратын, нақты көшбасшылықты өз бойымда сезінетін кезге де келіп жеттім. Мектебімнің бастапқы  жағдайын анықтап,оның проблемаларын тауып,нақты шешім қабылдаған соң, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында  мектептің  даму жоспарына  өзгеріс   енгізу керек деп шештім. Ендеше, өзгерісті неден, қалай бастау керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін көшбасшы мұғалімдер біріншіден, жұмыс стиліне өзгерістер мен жаңалықтар енгізуі керек.

Осы ойымды мектеп басшысымен бөлістім.Ол  кісіге менің келтірген дәлелдемелеріммен  келісуге тура келді, себебі жиналған дәйектер нақты мәліметтерден жасалған еді. Сондықтан да ол кісі  маған  бұл жұмыста қолдау білдіретінін  білдірді. Ендігі жұмыс мектептің даму жоспарын бірлесе жасайтын топ құру. Ол үшін  осы бағдарламаның  ІІІ деңгейі бойынша бітірген 4 мұғалімді, ІІ деңгейі бойынша  бітірген 1 мұғалімді  және ынталы топтан  6 мұғалімді топқа тарттым.Бұл жерде  маған мектеп директоры,оның орынбасарлары қол ұшын берді. Олар маған топты жинауға, топ мүшелерінің сабақтарын реттеуге, менің көшбасшылық жұмысыма қолайлы жағдай туғызды.

Командамен бірлесе отырып  мектептің бастапқы ахуалын анықтау үшін алынған сауалнамалар  нәтижелерін, мұғалімдермен өткізілген дөңгелек үстелдегі мұғалімдер пікірлерінен шығатын қорытындыны, оқушылармен, ата-аналармен жүргізілген сұхбат нәтижелерінің қорытындыларын талдадық.

Талдау нәтижиелеріне сүйене отырып,  мектептің даму жоспарын жасадық. Мектептің даму жоспарының құрылымы  қандай болу керек?- дегенде ,   «Мектептің даму жоспары, бірінші кезекте мектепте қолданылатын іс-құжат. Ол өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үдерістер мен болашақ факторлар мектептерге  қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды» (Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық.  73-бет) деген теориялық негіздемеге сүйендік.

Жоспарда негізгі басымдық ретінде  «Формативті бағалауды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» мәселесін алдық. Себебі, мектептің бастапқы ахуалын анықтау мақсатында жүргізген зерттеу жұмысымда мектептің негізгі осал тұстарын байқауға, білім көрсеткіші мен білім сапасы арасының, жақсы оқитын  оқушы  мен нашар оқитын оқушы  арасындағы айырманың  алшақтығы негіз болып отыр.

Мысалы:

Оқу жылы

 

2011-20122012-2013
Үлгірім көрсеткіші

 

100%100%
Білім сапасы

 

47,8%48,6%

Оқушылардан  алынған  сауалнама  нәтижесі төмендегідей:

Қатысқаны:40

Шешім қабылдай алатын оқушы28%Өз ойын айтуға мүмкіндік береді 45%
Шешім қабылдай алмайтын оқушы72%Өз ойын айтуға мүмкіндік бермейді55%

Ата-аналардан алынған сауалнама қорытындысы төмендегідей:

Қатысқаны:20

Мұғалімдердің сабақ беруіне көңілдері толады65%Баласының алған білімі келешекте пайдасына жарайды49%
Мұғалімдердің сабақ беруіне көңілдері толмайды35%Баласының алған білімі келешекте пайдасына жарамайды51%

 

Мұғалімдерден алынған сауалнама қорытындысы төмендегідей:

 

Мұғалімдер өз сабақ тарына зерттеу жүргізеді43%Көшбасшылық функция атқаруға мүмкіндік беріледі34%
Мұғалімдер өз сабақ тарына зерттеу жүргізбейді57%Көшбасшылық функция атқаруға мүмкіндік берілмейді66%

 

 

 

«Үдеріс басталмас бұрын мектеп өзінің құндылықтарын, мақсаттарын,

даму тұжырымдамасын қайта қарастырып, ұжым қандай жетістіктерге жеткісі келетінін шешіп алу керек» (Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық.  74-бет).

Біз  жоспарымызды:

  • мақсаттар мен құндылықтардың үйлесетіндігін көрсете ме?
  • даму тұжырымдамасы мен болашақта күтетін нәтижелерімізді айқын көрсете ме?
  • біздің алған басымдықтарымызды және оларға жету әдістерімізді анықтай ма?
  • берілетін білімнің сапалы және стандарттарға сай болуын көздей ме?
  • мектеп оқушыларының барлық қажеттіліктерін өтей ме?
  • өзгерістерді енгізу барысын бағалауға мүмкіндік бере ме?
  • мұғалімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға көмектесе ме?

Осы сұрақтарға жауап беретіндей  негізде  жасауға талпындық.

 

Мектептің даму жоспары

Тақырыбы: Оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалауды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Мақсаты: Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілдерін қолдануды меңгереді.

Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалауға үйренеді.

«Lesson study» арқылы оқушылардың формативті бағалауды пайдаланудағы белсенділігін зерделеу

Оқушылар сабаққа ынталанып, кері байланыс жасауды үйренеді

Күтілетін нәтиже: Мектептегі оқыту мен оқу үдерісі формативті бағалау тәсілдері арқылы жүргізіледі.

Нәтиже және табыс критериийлері:

  • Оқушының сабаққа деген қызығушылықтары артады
  • Оқушылар сабаққа ынталанады
  • Сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады
  • Өзін-өзі бағалайды
  • Бірін-бірі сыйлайды
  • Кері байланыс жасауды үйренеді

 

 

 

 

 

Мектептің даму жоспары бойынша  «Оқыту мен оқу үдерісіне оқытудың жаңа тәсілдерін қалай енгізуге болады?» тақырыбында мектеп әкімшілігі мен III, II деңгей мұғалімдерімен бірлесе отырып коучинг өткіземін. Коучингте қазіргі білім реформасына енгізіліп жатқан жаңалықтарды талдай отырып, осы бағытта жұмыс жасауға шақырамын. Бірінші (ілгері), екінші, үшінші деңгей бағдарламасының мақсаттарын түсіндіре келіп, коучинг, тәлімгерлік үдерісі жайында мәлімет беріп, мектепке аз да болса өзгеріс қажет екендігін айтамын. Бағдарламаның 7 модуліне байланысты таныстырылымдар, топпен жұмыс, тренингтер жүргіземін, алынған сауалнама нәтижесімен таныстырамын. Мұғалімдерге оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану деңгейін анықтау мақсатында коучинг, тәлімгерлік жүргіземін. Нәтижесінде мұғалімдердің оқытудың жаңа тәсілдерін не үшін және қалай қолданатындығын анықтаймын.

Топ мүшелерімен бірлесе отырып, мұғалімдердің «Оқушылардың белсенділіктерін арттыру үшін  қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?» тақырыбында 2-коучинг жүргіземін. Коучингте «бағалау» жайында түсінік беремін. Коучингте мұғалімдер сабақта формативті бағалау әдісін қолдануды үйренеді. Формативті бағалаудың түрлерін үйренеді.

Білім жүйесіндегі дәстүрлі бағалау жүйесі қазіргі таң сұраныстарына сәйкес емес деген көптеген ойлар айтылуда. Ол туралы Л.М.Фридман қазіргі кездегі бағалау жүйесі сонау заманнан бері өзгермей келе  жатыр, сондықтан оны қайта қарап ауыстыру керектігін айтып өткен.

Оқу үрдісін тиімді басқару көбіне бағалауды дұрыс ұйымдастыруға байланысты.Оқушылардың білімін бағалаудың қай түрі болмасын оқу үдерісінің қажетті бөлігі екендігін В.М.Полонский өз еңбектерінде атап көрсеткендей, бағалау оқытудағы ең маңызды үдеріс болып табылады.

Бағалау туралы әр түрлі педагогтар әр түрлі қорытындыға келген. Атап айтсақ, Ш.А.Амонашвили айтуынша, баға бір жағынан оқудың басты уәжін жанама уәжбен алмастырса, екінші жағынан – оқыту үдерісіне қорқыныш, мұғалімге деген жағымсыз қатынасты тудырады. Оның айтуынша, бағалау арқылы оқушыны оқуға күштеуге болады, ал оқушының танымдық қызығушылығын күштеп арттыруға болмайды. Оқу үдерісі бағамен басқарылған кезде, оқушыда танымдық үдеріске белсене араласудан алатын қуанышын жоғалтып аламыз деген.

А.И.Липкиннің зерттеулеріне сүйенсек, оның айтуынша, кез келген адам өз еңбегінің бағаланғанын қалайды. Әсіресе, оңды бағаға зәру. Теріс баға кері әсер етеді. Егер оның жұмысын ешқандай елемесе, ол мүлдем жұмысқа деген ынтасын жояды. Мен де осы ойға қосыламын, сондықтан оқытуда әрбір оқушының еңбегіне қандай да болсын баға беруге тырысамын. Әсіресе, баға беруде алдымен жақсы жағынан бастап айтып, кейін кемшілігін ұсыныс түрінде айту сапалы оқытуда, баланың өз қабілетінде дамуына, белсенділігін арттыруда оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Ал енді курс идеясына келетін болсақ, бағалау екі түрлі болатыны айтылған: оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Менің ойымша, оқушының, сапалы білім алуына оқыту үшін бағалаудың маңызы зор. Себебі, оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті бағалау немесе оқыту үшін бағалау.

Бұл оқыту үшін бағалау дербес тұжырымдама болып 1999 ж зерттеулердің нәтижесінде жарияланған болатын. Оны бағалау парағы, геометриялық фигуралар арқылы бағалауға болады. Осы бағалардың жиынтығы ретінде жиынтық баға қойылады.

Біз осы кезге дейін жиынтық бағалауды қолданып келдік. Ал ағылшындарда бағалаудың «формативті» түрі басым қолданылады екен. Бұл бағалау «Оқыту үшін Бағалау» немесе «ОүБ» деп аталады. Бұл бағалауда оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру арқылы ары қарай оқытуға жетелеу. Яғни бірден жиынтық баға қоймай, материалдың игерілмей, қамтылмай қалған тұстарын нақты көрсетіп, толықтырып қайта оқуға бағыттау. Біздің мұғалімдердің арасында осы кезге дейін «Саған «+4» немесе «саған – 5» деп айтылатын ауызша бағалау жиі кездеседі. Формативті бағалау осындай «+4» беске және «– 5»-ті де толық беске жеткенше жетелеу, яғни бала білімін одан ары жетілдіре түсу болып табылады.

Қазіргі  таңда  «бағалау» деген  сөзді  естіген  мұғалім  қауымының  құлағы  селт  етпей  кетпесі  анық. Олай  дейтінім, бүгінгі   кезеңдегі инновациялық бағыттағы яғни  білім беру  ісін тереңдету мақсатында  жүргізіліп  жатқан  біршама   жаңарудан  кейін, әр  мұғалім   өзіндік  оқушыларды бағалау тәжірибесінде  әр  қилы  өзіндік  жаңалықтар енгізуде.

15 жылдық еңбек  өтілімде  тек  қана  дәстүрлі  бағалаумен  шектеліп қана  келе жатсам, осы деңгейлік курстан кейін  бағалауға  байланысты   көптеген тың   дүниелермен  қанықтым. Мен  үшін бағалау  тек  білім  нәтижесін   анықтау мақсатында  алынатын  дүние  болып  келсе,  енді  мен  оны  кең мағынада  танып  білдім.

       Александердің  2001жылы шыққан еңбегінде  «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп  айтылған. Бұл жердегі айтылған  тұжырымдамада  бағалаудың  тек  қана    оқушының  игеріп  алған   білімдерін  саралау  ғана  емес, оның  қалай  дамып  келе  жатқанын, өзінің  оқу  сатысының  қай  баспалдағында тұрғанын  анықтау  мақсатында  екені   айтылған  деп  білемін.

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Білім жетілдіру  курсында жеті   модуль бойынша   берілген  білімнің бір  модулі  «Оқыту үшін  бағалау және оқудағы бағалауға» (формативті және суммативті) арналған болатын. «Мектептегі тәжірибе» кезінде өз тәжірибемде болған оқыту ісінде  ерекше алға басушылық қадамдарға  барған формативті бағалау   туралы айта кетсем…Сонымен оқыту үшін бағалау дегеніміз не? Ол маған қандай жаңалықтар әкелді?

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Сондықтан мұғалімдер формативті бағалауды пайдаланып отырса,  оқушылардың белсенділігі артады. Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілдерін қолдануды меңгереді. Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалауға үйренеді. «Lesson study» арқылы оқушылардың формативті бағалауды пайдаланудағы белсенділігін зерделейді,  оқушылар сабаққа ынталанып, кері байланыс жасауды үйренеді. Мектептегі оқушылардың білім сапасы артады, психологиялық ахуал қалыптасады.

Нәтижесінде  мектептегі оқыту мен оқу үдерісі формативті бағалау тәсілдері арқылы жүргізіледі. Нәтиже мен табыс критериийлері төмендегідей: Оқушының сабаққа деген қызығушылықтары артады, оқушылар сабаққа ынталанады, сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады, өзін-өзі бағалайды, бірін-бірі сыйлайды, кері байланыс жасауды үйренеді.

«Мұғалімнің сабақта формативті  бағалау  тәсілін қолдану дағдысын қалай  дамытуға болады?» тақырыбында 3-коучинг өткіземін.  Мұғалімдер  сабақта өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды   үйренеді. Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінеді, өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолданады. Мұғалімнің кәсіби деңгейін жетілдіруде тәлім алушымен өзара сенімділік қарым-қатынас орнату, қажеттіліктерін анықтау мақсатында сабақтарына бақылау жасау, формативті бағалау тәсілін сабақта пайдалану деңгейін бақылау және анықтау мақсатында Л, А есімді әріптестерімнің сабақтарына ынталы топпен қатысамын. «Оқыту мен оқу үдерісінде сынып оқушыларына сыныптастарының көмегін қалай пайдалануға болады? тақырыбында тәлім алушының сабағына қатысамын. Нәтижесінде мұғалімдердің формативті бағалау тәсілін тиімді қолдану деңгейін анықтаймын. Мұғалімнің сабақта оқушының формативті бағалау тәсілін қолдануын зерттеуші топ құрамын, зерттеу сыныбы ретінде 7 «А» сыныбын таңдап аламын, себебі осы сынып оқушыларынан алынған сауалнама нәтижесінде мұғалімдердің қойған бағасына 68 пайызы  «қанағаттанбайтындықтарын» және сабақта бағалаудың басқа да түрлерін қалайтындықтарын білдірді. Сыныпта бақыланатын оқушыларды анықтаймын. «Lesson study» арқылы сыныпты зерттеу VII сынып оқушыларының мүмкіндіктерін сабақта қалай пайдалануға болады? тақырыбында жүргіземін, нәтижесінде алдын-ала жоспарланған болжамдарды салыстырамын, бақылаудағы оқушылардың қабылдау айырмашылықтарының себебін белгілеймін, зерттеу сабағының барысы мен оқыту үдерісін талқылаймын.  Келесі Lesson study-ді жоспарлаймын, мұғалімдерге сабақты бақылауды үйретемін, оқушылардың ілгері нәтижеге қол жеткізуіне бағыттаймын.   Оқыту мен оқу үдерісінде оқушылардың формативті бағалауды пайдаланудағы белсенділігін бақылау, жетілдіру, дамыту мақсатында оқушылардың белсенділігін арттырамын, мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана алады, тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асырамын. «Оқыту мен оқу үдерісінде оқушылардың белсенділігін арттыру оқушылардың үлгеріміне қаншалықты әсер етті?» тақырыбында жұмыс жүргізу барысында алынған деректерді талдау және іс-әрекетті зерттеу нәтижелері туралы мектептің даму жоспарына оқыту және оқу үдерісіне формативті бағалау тәсілдерін енгізу барысында жүргізілген жұмыстарды қорытындылау жұмыстарын жүргіземін.

Күтілетін нәтижеге байланысты өзін-өзі бағалауда, өзара бағалауда,

кері байланыс жасауда оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сабаққа ынталанады, белсенділігі артады оқыту мен оқу үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейін қорытындылау мақсатында мектеп мұғалімдерінен, оқушылардан, ата-аналардан сауалнама  аламын, кері байланыс жүргіземін. Оқушылардың формативті бағалауды пайдаланудағы белсенділігін зерделеу және келесі қадамдарды жоспарлаймын.  Мұғалімдерді даму жоспарының тиімді жұмыс істейтіндігіне, оның шын мәнінде ықпалы бар екендігіне, маңызды салаларды дамытуға болатындығына көз жеткіземін.

Мектепке өзгеріс енгізу үшін мектептегі мектеп әкімшілігі мен Деңгейлік Бағдарлама  бойынша оқып келген III , II деңгей мұғалімдерін, бірлестік жетекшілерін және мұғалімдерден құрылған ынталы топты  жұмыс жасауға тартамын.

Мектепте жоғарыда аталған мектеп әкімшілігі мен Деңгейлік Бағдарлама  бойынша оқып келген III , II деңгей мұғалімдеріне, бірлестік жетекшілеріне және мұғалімдерден құрылған ынталы топқа және ата-аналарға мектепке өзгеріс енгізу үшін сүйене аламын.

Жоғарыда жүргізілетін жұмыстардан мұғалімдер қауымының бізді қолдайтындығына, барынша көмек беретіндіктеріне және оқыту мен оқу үдерісінде жаңа тәсілдерді ынталы тобымнан құралған мұғалімдер өз сабақтарында қолданады және басқаларға да үйретеді деп сенемін. Ал мен осы жұмыстардың барлығына көшбасшылық жасаймын.

 

 

 

Пайдаланылатын әдебиеттер:

 

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2002ж
  2. Дәріс материалдары