Ұ. Әбілдаұлы. Әке нұсқаған жолменен

119
4 сынып пәні Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы Ұ. Әбілдаұлы.  Әке нұсқаған жолменен.
Жалпы мақсаты Мәтіннің негізгі идеясын түсіну арқылы, әкенің адам өміріндегі маңызын білу.
Оқу нәтижесі
  • Мәтінді оқып, талдай отырып, негізгі ойды түсінеді.
  • Абай туралы мәлімет алады.
  • Абайдың балалық шағы туралы біледі.
  • Әке туралы жақсы ой қалыптасады.
Сілтеме «Әдебиеттік оқу» оқулығы 2 бөлім 2012 жыл Алматыкітап.

«Google» интернет желісі.

Тапсырма көздері Жеке жұмыс

2.Үй тапсырмасы

4.Мәтінді оқу

6. Шығармашылық жұмыс

8. Бағалау

9. БҮҮ кестесін толтыру.

9.Рефлексия

Топтық жұмыс

1.Тренинг жүргізу

3.Сахналық қойылым

5. Сергіту сәті

7. Ой толғаныс

Оқуға арналған тапсырмалар «Абай» журналы, көркем әдебиет.
Сабақ жүрісі

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға «Атом, молекула» ойынын ойнатып, сол арқылы молекула 6 дегенде олар алты – алтыдан тұрады. Сол бойынша топтарға отырғызу.

Үй тапсырмасы.

Оқушылардың өткен сабақ туралы білімдерін тексеруге оларға сахналық қойылым түрінде көрсетуге бағыттау..

Әр топ өздерінің құрамынан бірнеше оқушы шығып көрсетіп береді.

Қызығушылығын ояту.

Әр топқа мақал-мәтелдер үлестіріліп,  оның мәнін түсіндіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.

«Әке – асқар тау», «Әкенің жақындығы жездедей-ақ», «Әке – биік шың». Сабақтың тақырыбы:

Ұ. Әбілдаұлы. Әке нұсқаған жолменен.

Мағынаны тану.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, — деген өлең жолдары кімнің өлең шумақтары?

-Абай Құнанбаевтың тағы қандай шығармаларыменбіз таныспыз. Жалпы біз осы Абай туралы не білеміз?

Ақын                                                                    аудармашы

 

композитор                                                                  шешен

 

А) Интерактивті тақтадан Абай туралы слайд көрсету.

Ә) БҮҮ стратегиясы бойынша кестенің бірінші және екінші бөлігін толтыру.

Ә)Мәтінді түсініп оқу. Топтарға сұрақтар қою арқылы пысықтау.

1 топ  Әкесі Абайға не деп үміт артты?

2 топ  Ол кезде Абай қандай еді?

3 топ Абайға әкесі қандай тапсырмаларды орындатшы еді?

4 топ  Кәкітай Абай жайлы не деген?

БҮҮ кестесінің үшінші «не білдім?» бөлігін толтыру.

Сергіту сәті:

Күндей болып күлейік

Гүлдей болып  өсейік.

Құстай болып ұшайық

Көбелектей  қонайық.

Ой толғаныс:

1 топ Абай атамыздың бір өлеңінен үзінді оқып, бере аласың ба?

2 топ «Әке — балаға сыншы» дегенді қалай түсінесің?

3 топ  «Әке – асқар тау» деген тақырыпта эссе жазу.

4 топ  «Әке» деген тақырыпта бес жолды өлең құрастыр.

Бағалау. Формативті бағалау.

Үй тапсырмасын беру.

Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келу.

Рефлексия.

Смайликтер арқылы бүгінгі сабақтың қалай өткендігін  көрсету.

 

 

Тамаша!                  Жақсы                                  Ұнамады

 

 

 

Сабақ кезеңдерінен көріністер